Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kontseptsia_shpooooooooooor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
375.1 Кб
Скачать

44. Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.

Материя (лат. materіa — зат) — әлемдегі алуан түрлі нысандар мен олардың жүйелерін, дүниедегі сан алуан құбылыстар мен оқиғалардың, қандай да болсын қатынастар мен байланыстардың, қасиеттер мен формалардың негізін, ішкі мәнін, себебін білдіретін философиялық ұғым. Айналадағы бүкіл дүние — мәңгі қозғалыстағы М-ның алуан түрге түсіп, құбылып өзгеруінің, шексіз байланыстары мен қатынастарының көрінісі. Өріс – еркіндік дәрежесі шексіз көп физикалық жүйе, материяның негізгі түрі. Электрлік, гравитациялық, ядролық және әлсіз әсерлесуге қатысатын нысандардың өз өрістерітері болады. Өріс – осы нысандардың әсерлесуін тасымалдайтын орта. Бір бөлшектің күш әсері екінші бөлшекке өріс арқылы біртіндеп шекті уақытта беріледі. Әсерлесу кезінде өріс бірінші бөлшектің энергиясы мен импульсының бір бөлігін екінші бөлшекке қарай тасымалдайды. Сондықтан өріс материяның негізгі түрі болып табылады. Өріс ұғымын тұтас ортаның қасиеттерін зерттеуге де қолданады. Бұл жерде ортаның әр нүктесінің күйін анықтайтын физикалық шамалар жиынтығы (қысым, температура, тартылыс күші, т.б.) өріс болып табылады. Ал кванттық механикада әр бөлшекке оның физикалық қасиетінің кеңістікте таралуын сипаттайтын толқындық функциялар өрісі сәйкес келеді. Яғни, элементар бөлшектерді және олардың әсерлесуін сипаттауда өріс басты ұғым. Өрістерді сипаттайтын теңдеулерден бөлшектердің барлық қасиеттерін анықтауға болады. Қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген өріс теңдеулері сызықты, локалды және нормаланған болып келеді. Өрістердің бейсызық, локалды емес теңдеулері соңғы кездерде қарастырылып жүр. Ол сызықты теорияның негізгі принциптерін өзгертіп, қайта қарастыруды қажет етеді.

Физикалық өріс – шексіз еркіндік дәрежесінің санына ие және физикалық шаманың кеңістікте үздіксіз таралуымен сипатталатын жүйе түріндегі материяның ерекше түрі.

Гравитациялық өріс, тартылыс өрісі – кез келген физикалық объектінің айналасында болатын физикалық өріс. Денелер гравитациялық өріс арқылы өзара әсерлеседі.

Гравитациялық өріс - гравитациялық өзара әсерлесуді жүзеге асыруға керекті күш өрісі.

Электр өрісін электр заряды бар денелер туғызады. Бойымен электр зарядтары өтетін өткізгіштің төңірегінде магнит өрісі пайда болады. Қозғалмайтын зарядтың электр өрісі барлық уақытта да өзгеріссіз қалады. Бірқалыпты қозғалатын зарядтардың, яғни тұрақты электр тоқтарының төңірегінде пайда болатын магнит өрісі де өзгермейді.

Ал егер электр заряды бар бөлшектер тыныштық немесе бірқалыпты қозғалыс калпынан шығып, айнымалы қозғалыс жасаса, онда қандай өріс пайда болар еді? Бұл сұрақтың жауабын ағылшынның ұлы ғалымы Максвелл тапты.

Электр зарядтары айнымалы қозғалғанда, яғни кез келген айнымалы тоқта электр өрісі де, магнит өрісі де уақыт өтуіне қарай өзгеріп отырады. Сонымен қатар бұл өрістер, Максвеллдің 1865 жылғы теориялық пайымдауынша, өздерін біртұтас электро-магниттік өріс түрінде керсетеді.

Максвелл сегіз жыл бойы тынбай жүргізген физика-математикалық талдауларын 1873 жылы қорытындылады. Ол біртұтас электромагниттік өрістің теориясын жасады және оның бос кеңістікте де толқын түрінде тарай алатынын дәлелдеді. Максвеллдің электромагниттік өріс теориясының түйіні мынаған саяды.

1. Өзгеріп отыратын магнит өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын электр өрісін тудырады.

2. Өзгеріп отыратын электр өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын магнит өрісін тудырады.

Осылайша өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады, сондықтан олардың ажырамас бірлігін электромагниттік өріс дейді. Электромагниттік өрісті көрнекі түрде бейнелеу үшін оны, бір жағынан, электр ерісінің Е кернеулік векторы арқылы, екінші жағынан, магнит өрісінін В индукция векторы арқылы сипаттап кескіндейді.

Электромагниттік өріс — ақиқат нәрсе. Ол материя формасының бір түрі болып табылады. Материя формасының екінші түрі зат.

Электр зарядтары айнымалы қозғалыс (мысалы, тербеліс) жасағанда, олардың туғызатын айнымалы электромагнитгік өрісі кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне тарайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]