Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kontseptsia_shpooooooooooor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
375.1 Кб
Скачать

38. Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.

Интерференция, дифракция және диперсия тәрiздi құбылыстар жарықтың толқындық қасиетiн дәлелдесе, екiншi жағынан шымқай қара дененiң сәуле шығаруы, фотоэффект тәрiздi құбылыстар жарықтың фотондар деп аталатын бөлшектерден (корпускулалардан) тұратынына нұсқайды. Жарық қасиетiнен осылай әрi толқындық, әрi корпускулалық қаситеттердiң байқалуы корпускулалы толқындық дуализм деп аталады. Корпускулалы толқындық дуализм жарық қасиетiнiң әдеттегi классикалық физикадағыдай көрнектiлiкке ие емес екендiгiн көрсетедi. Физиканың одан әрi даму барысында мұндай екi жақты қасиет тек жарық табиғатына ғана тән емес екенi байқалды. Осымен байланысты француз ғалымы Луи де-Бройль мынадай болжам ұсынды. Корпускулалы-толқындық дуализм тек жарыққа ғана тән емес, ол материяның iргелi қасиетi. Өз кезегiнде керiсiнше элементар бөлшектердiң де толқындық қасиетi болады.

Бұл аса батыл болжам болатын. Бiрақ көп уақыт өтпей-ақ бұл болжамның рас екендiгi тәжiрибе жүзiнде дәлелдендi. Электрондардың никельдiң кристалдарынан шашырауын зерттеу барысында Девиссон және Джермер шашыраған электрондардың рентген сәулелерi тәрiздi дифракциялық заңдылықпен таралатынын анықтады (6.4 - сурет). Мына жерде Дж. Томсонның тәжiрибесiндегi жұқа алтын қабырғадан электрондар өткенде дифракция байқалатыны көрсетiлген.

Корпускулалы-толқындық дуализм физикалық нысандардың бiр-бiрiне ұқсамайтын қасиеттерiнiң диалектикалық бiрлiгi болып табылады. Қарастырып отырған нысан бiреу болғандықтан бұл бiр ғана нысанның әртүрлi қасиеттердi сипаттайтын физикалық шамалар бiр-бiрiмен қандай да бiр байланыста болуы тиiс. Шындығында да солай. Жарықты толқын, әрi бөлшек ретiнде сипаттайтын физикалық шамаларды байланыстыратын бұл өрнектердi алғаш рет француз ғалымы де Бройль алған. Осымен байланысты де Бройль қатынастары деп аталатын бұл өрнектер мынадай:

(6.7)

Мұндағы Дж·с, ω – циклдiк жиiлiк, - толқынның таралу бағытымен бағытталған, модулi 2π/λ-ға тең толқындық вектор. Бұл (6.7) қатынастарында физикалық нысандардың толқындық қасиетiн сипаттайтын ω және шамаларының корпускулалық қасиеттi сипаттайтын ε және шамаларымен Планк тұрақтысы арқылы байланысып тұруының терең физикалық мағанасы бар. Бұл Планк тұрақтысының физикада iргелi роль атқаратынының белгiсi.

47. Космологиядағы антроптық принтциптің мәні

Бүгінгі космологиядағы антроптық принцип, Жердегі өмір мен адамзат Мегагалактикадағы, яғни біз білетін әлемдегі түрлі жағдайлардың тоқайласуынан пайда болды, деп хабарлайды. Бұл шынымен де солай: басқа жағдайда біздің өміріміз пайда болмауы мумкін еді, мысалы, ол шынымен жаралған астрономиялық заманда. Бірақ бұл Мегагалактикадағы өмірге қолайлы жағдайлар тек Жерге топталды деген сөз емес.XIX ғасырда өркениеттің жер жүзінде таралғаны туралы жорамалдар қалыптасты, тіпті Күн жүйесінде өмір мен ақылдың ең көп үш ғаламшарда, Шолпан, Жер және Марста болғаны ептелді. Сонда да табиғаттың бейберекеттілік жағдайы көрініс тапты, себебі Күн жүйесінде өмірден айырылған тағы бес ғаламшар қалған еді (ол кезде алтыншы және тоғызыншы ғаламшарлар, яғни Плутон мен Нептун әлі ашылмаған еді). Сонда өмір мен ақылдың тек Жерде болуы үшін, бүкіл дүниенің табиғаты қандай айтқысыз бейберекет болуы керек еді! Жер мен адамзаттың бірегейлік концепциясы, Рассел айтқан «жалғыздық қорқынышын» тек арттырады. Осы концепция мен «қорқынышқа» қарама-қарсы енді ғылыми тұрғыдан емес, адамзат санасында басқа планеталықтар туралы, олардың біздің ғаламшарымызға келетіні туралы ойлар жиі көрініс табады.«Бұл тірі ағзада екі көзі, екі құлағы, бір аузы болды. Бірақ... мұрны болған жоқ. Терісі әжім-әжім жене бұдырлы. Ол өзінің бұдырлы терісіндегі ұсақ тесіктер арқылы тыныс алғандай болды». Бұл - бір кавказдықтың осы «ұшатын тәрелкенің» мүшесі туралы баяндамасы болды. Осыған ұқсас мыңдаған әңгімелер бар. Олар адамның тұңғыш рет ғарышқа ұшқаннан бастап шыға бастады. Бірақ оларға ешқандай дәлелдер табылмады.

Осындай дерексіз «байқауларды» келесідей тәжірибеден талдауға болады. АҚШ-та ондаған осындай «беймәлім ұшатын объектілерді» көрген куәгерлерді сұрастырған кезде, басқа планеталықтардың жалпы портреті жасалды. Анализ бойынша ол арық денелі, үлкен және тақыр басты, өткір құлағы мен көзқарасы бар, жер ғарышкерінің костюміне киінген адам болып шықты. Бұл жерде болашақ адамның биологиялық эволюиясының ғылыми емес көріністері, яғни дәстүрлі сайтанның бейнесі, комикстердегі «суперменнің» стереотипі және жердегі ғарыш кемелері мүшелерінің киім-ікешегі, араласты. Жаңа мәлімет жоқ, тек қияли мәлім ақпарат. Қиял әрқашан дәл осы қасиеттерімен ерекшеленді.

Бізге, ХХ-XXI ғасырдың ұрпақтарына, мифтік шығармашылық бұрынғы заманда қалғаны елестетіледі. Бірақ ол біздің заманда да жалғасып келеді. Этнограф Валерий Санаров басқа планеталықтармен кездесулер туралы әңгімелер, адамның дүниенің арғы беттегі мыстандармен, сайтандармен, аруақтармен кездесулер туралы көне жырлардың дәстүрін жалғастырады. Санаров, «объектінің» кенеттен пайда болу мен жоғалу, түнгі қараңғылық, аулақ орын, субъектінің қорқынышы, тас болып қатып қалу сияқты ортақ белгілерді аңғарады. Адам санасы мен психологиясы мифтік шығармашылық бүгінгі күнде де өмір сүре алатынын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]