
- •39. Әлемнің Бейстационарлық моделіне сипаттама
- •27. Әлемнің біртектілік принціпі мен инерция принціпінің арасындағы байланысты талдау.
- •23. Бейстационарлық космологиялық концепциялар.
- •35. Биологияның негізгі концепцияларын конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •26. Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен әлемнің астрономиалық бейнесіне сипаттама беріңіз.
- •41. Генетикалық информациясының биохимиялық мәнін талдау.
- •6 Ғылым мен техниканың динамикалық мәселесін талдау
- •2 Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •1 Ғылыми тәсіл ұғымын және жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының жалпылама тәсілдеріне сипаттама беріңіз
- •Қазіргі жаратылыстану принциптері
- •Теориялық әдістер(байқау, эксперимент, сипаттау, өлшеу)
- •31. Детерменизмнің тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз
- •5 Дүниенің ғылыми суреті мен Ғылыми революция және олардың тарихи түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын бүкілжалпылық әдістер
- •4 Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдерін талдау
- •3 . Жаратылыстану ғылымдарының философиялық негіздерін талдау.
- •30. Кеңістік пен уақыттың теорияларына сипаттама беріңіз.
- •36. Кибернетиканың негізгі концепцияларын талдау
- •8 Классикалық механика мен термодинамиканың негізгі концепцияларына сипаттама беріңіз.
- •9 Классикалық электродинамиканың негізгі концепцияларының физикалық мәнін айқындаңыз
- •38. Корпускулды-толқындық дуализмнің физикалық мәнін анықтаңыз.
- •47. Космологиядағы антроптық принтциптің мәні
- •48. Космологиядағы құрдым мәселесін талдау
- •43. Материяның құрлымының атомистік концепциясы
- •44. Материяның өрістік формасының заңдылықтарын сипаттаңыз.
- •34. Менделеев таблицасының кванттік механикалық мәнін көрсетіңіз.
- •12 Симметрия принциптері мен сақталу заңдарының арасындағы сәйкестікті негіздеңіз (э.Нётер теоремасы).
- •37. Синергетиканың негізгі ұғымдарының мәні
- •13. Термодинаканың үш заңы мен энтропия ұғымының физикалық мәндерін талдаңыз.
- •Энтропия туралы ұғым
- •28. Толқындық қозғалыстың табиғаты мен заңдылықтарының ерекшелілігін көрсетіңіз.
- •51. Толқындық функцияның физикалық мағынасы
- •Шредингер теңдеуі
- •40. Тіршіліктін генезисі мен эволюциясы мәселесін мәселесін талдау
- •11. Физика заңдарының классификациясын беріңіЗ
- •24. Философия мен ғылымарасындағы байланыс
- •7 Физиканың мақсаты .Физикалық заңдылықтардың ерекшеліктерін талдау.
- •25. Физикалық өзара әрекеттердің түрлері
- •50. Физикалық өзара-әрекеттердің түрлері және олардың кванттық табиғаты
- •Гравитациялық өзара әрекеттесу Бүл барлық әрекеттесулердің ішіндегі ең әлсізі. Өзара әсерлеуші денелердің массалары неғурлым үлкен болса, соғұрлым гравитациялық әсер жоғары болады.
- •22. Физикалық өзара-әрекеттерді “Ұлы біріктіру” мәселесін талдау.
- •42. Хаос пен реттіліктің арасындағы байланыс
- •14. Электродинамикадағы эфир мәселесіне көзқарас.
- •15. Электромагниттік өрістің дуалистік табиғаты мен жарық кванты ұғымын талдау.
- •21. Энтропияның статистикалық мағынасы
- •29. Энтропия заңы мен даму процессінің қарама-қайшылығын талдау.
- •32. Эволюцияның модельдерін конструктивті сыни тұрғыда талдау.
- •46. Хх ғасырдағы вакуум концепцияларын талдаңыз
30. Кеңістік пен уақыттың теорияларына сипаттама беріңіз.
Уақыт ұғымы адамның оқиғалардың ауысуын сезінуінің нәтижесінде, заттардың жағдайының біртіндеп өзгеруі арқылы жүзеге асырылады.Күнделікті адам санасында кеңістік пен уақыт үғымы қалыпты тұрмыстық жағдай ретінде есептелінеді, материя уақыт пен кеңістіктің аумағында қарастырылып, материя жоғалған күйде де, олар сақталып қала береді деп есептеледі.Мундай көзқарас кеңістік пен уақытқа абсолютті мән береді, және бүл жайлы И.Ньютонның «Табиғат философиясының математикалық бастамалары» атты еңбегінде нақты анықтама берілді. Бұл жерде абсолютті кеңістік пен уақыт жаратылыстың материалдық процестерден тәуелсіз өзін-өзі басқаратын элементтері ретінде қарастырылады. Бұл концепция «қара жәшік концепциясы» деп аталады.Бірақ оларда субстанцияның ең маңызды қасиеті- әр түрлі денелерді тудыру қабілеті жоқ. Сонымен қатар басқа концепциялар да бар (Беркли, Мах, Авенариус тағы басқа) олар кеңістік пен уақытты адам санасына тәуелді етіп көрсетеді. Кеңістік пен уақыт мәселелері жақыннан әсер ету және алыстан әсер ету концепцияларымен тығыз байланысты. Алыстан әсер ету гравитациялық және электр күштерінің бір сәтте абсолюттік кеңістік арқылы таралуы, ең соңында өзінің көздеген мақсатына құдайдың буйрығымен жетеді. Ал жақыннан әсер ету концепциясы (Декарт, Гюйгенс, Френель, Фарадей) кеңістікті зат пен эфирдің жалғасы ретінде қарастырады.Өзара әрекеттесу мен кеңістікті түсіну классикалық физиканың шеңберінде дами отырып, XX ғасырда одан әрі дамыды.Кеңістік пен уақыт қайтадан материя атрибуты ретінде оны анықтайтын байланыстары және өзара байланыстары арқылы түсіндірледі.Уақыт пен кеңістіктің қазіргі кездегі түсінігі А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы арқылы түсіндіріледі.Бұл теорияның ең алғашқы бастамасы салыстырмалылық принципі болып табылады.Салыстырмалылық теориясы кеңістіктің ауырлық күшінің әсерінен майысатындығын және уақыт барысының күшті гравитациялық өрістерде баяулайтыкын анықтады.Салыстырмалылық теориясы уақыт пен кеңістіктің бірлігін көрсетті, кеңістік-уақыттық төртөлшемдік контимуум туралы түсінік қалыптасты.Салыстырмалылық теориясы масса мен энергияны Е-МС қатынасымен байланыстырды, мұнда С — жарық жылдамдығы.Салыстырмалылық теориясында екі заң — зат массасының және энергиясының сақталуы заңдары бірігіп, энергия және зат массасының сақталуы деген бір заңға айналды.
36. Кибернетиканың негізгі концепцияларын талдау
Кибернетика (грекше кyбернетіке – басқару өнері, ағылшынша цyбернетіцс) – басқару жүйелеріндегі ақпаратты алу, сақтау және өңдеу ісінің жалпы заңдылықтары жайлы ғылым. Кибернетикадағы зерттелетін негізгі нысандар – кибернетикалық жүйелер дерексіз (абстракт) түрде, яғни олардың табиғаты физика мазмұнына байланыссыз зерттеледі. Мұндағы басқару жүйелері ұғымына техника қана емес, кез келген биологиялық, әкімшілік және әлеуметтік жүйелер де жатқызылады.Кибернетикалық жүйе ақпаратты қабылдау, өңдеу, түрлендіру, сақтау және алмастыру қабілеті бар бір-бірімен байланысты нысандардан – жүйе элементтерінен тұрады. Кибернетикалық жүйелерге әр түрлі автоматты техника реттеуіштер, электрондық есептеу машинасы (компьютер), тірі организмдердің жүйке жүйелері, адамның миы, адамзат қоғамы, т.б. мысал бола алады. Кибернетика ғылым ретінде техникадағы кері байланыс ашылған уақыттан қалыптасты. Адамның ойлау қабілеті де кері байланыс принципіне негізделгендіктен, осы ұқсастық кейбір биологиялық процестердің электроника терминдері арқылы сипатталуына себеп болды.Кибернетика - 1) табиғат пен қоғамдағы басқару мен байланыстың жалпы заңдары туралы ғылым; практикалық мағынада — күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс туралы ілім; 2) ақпарат жинау, жеткізу, түрлендіру, басқару жайындағы ғылым. Кибернетикалық жүйелерге мысал ретінде автоматтық реттеуіштерді, компьютерлерді, адамзат қоғамын және т.б. Келтіруге болады. Кибернетиканың теориялық өзегіне ақпарат, алгоритмдер, автоматтар теориясы, операцияларды зерттеу, оңтайлы басқару теориясы, бейнелерді айыру-тану теориясы кіреді. Электрондық есептеу машиналары кибернетика мөселедерін шешудің негізгі техникалық құралы болып саналады. Н.винердің еңбектерінде келтірілген күрделі жүйелер мен организмдердегі кері байланыс жайындағы ілім; 3) техникалық, биологиялық, өлеуметтік және т.б. Жүйелердегі басқарудың жалпы принциптері туралы ғылым.Қазіргі кезде кибернетиканың бірнеше бөлімдері бар. Теориялық кибернетикада дискреттік математика негізінде жасалған басқару теориясы мен ақпарат теориясының ғылыми тәсілдері зерттеледі. Техникалық кибернетика автоматтандыру мен компьютерлер негізінде технология процестерді автоматтандыруды зерттейді. Экономи- калық процестердің математика модельдерін жасап, компьютерлерді экономикалық есеп-қисап істеріне пайдалануды экономикалық кибернетика зерттейді. Теориялық кибернетика идеяларын медицина мен биологияда пайдаланумен айналысатын бөлім биологиялық кибернетика, ал адамзат қоғамының даму процестерін зерттеп, оны басқарудың математикалық моделін жасайтын бөлігі әлеуметтік кибернетика деп аталады. Кибернетика- ның жетістіктерін жеке ғылымдар саласында кеңінен қолдану нәтижесінде жаңа ғылыми бағыттар пайда болды.«Кибернетика» терминін ежелгі гректерден кейін 1834 жылы француз ғалымы А.Ампер қолданып, ол ғылымдарды топтарға бөліп жіктеу кезінде қоғамды басқару ісін осылай атады. Мұнан кейін бұл терминді америкалық ғалым Н.Винер қолданды. Ол өзінің 1948 жылы шыққан еңбегін осылай атады. Осы жыл кибернетика ғылымының дүниеге келген жылы болып саналады. Винер кибернетиканы «жануарлар мен машиналардағы байланыс және оны басқару жайлы ғылым» деп тұжырымдады.