Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kontseptsia_shpooooooooooor_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
375.1 Кб
Скачать
  1. Жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын бүкілжалпылық әдістер

Жаратылыстанудың даму кезеңдері. Жаратылыстануды уақыт дамуына қарай қазіргі жаратылыстану жүйесіне табиғат туралы және ғылымдар мен қатар ежелгі грек натурфилософиясы классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салалары да кіреді. Біз өмір сүріп отырған дүние үлкенді-кішілі ашық системалардан табылды және заңдылықтарға бағынады. қазіргі заманғы дүниенің даму тарихы болған оқиғалардың хронологиясын былай сипаттаған:

  1. Бірнеше 100 мың жылдан соң жеңіл элементтердің атомдары

  2. 15 млярд жыл бұрын жұлдыздардың бірінші ұрпағы пайда болды ауыр элементтердің атомдарды түзілді.

  3. 5 млярд жыл бұрын-Күн пайда болды.

  4. 3,8 млярд жыл бұрын-Өсімдіктер пайда болды.

  5. 450 млн жыл бұрын-Өсімдіктер пайда болды.

  6. 150 млн жыл бұрын-Сүтқоректілер пайда болады.

Қазіргі (уақытқа) ғылымға тек уақыт мерзімдері ғана емес, сондай-ақ әлемнің үлкен қопарылыстың эволюциясының механизмін жатқызады. Қазіргі заманғы ғылыми білімді құрайтын бірнеше басты принциптері бар. а) Жүйелік дегеніміз біз күн сайын көріп жүрген әлемінің құрылысы мен орналасуы. Мысал: биосфера-жер планетасы күн системасы галоктика-метаголоктика  ә)Глобольды Эволюционизм әлемнің үлкенді кішілі элементтер жүйесінің дамусыз, эволюциясыз өмір сүре алмайтынындайындау. б) Өздігінше ұйымдасу материясының өздігінше дамып, күрделенуінің қортындылар жасау қабілеті. 

4 Жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуының негізгі тәсілдерін талдау

Жаратылыстану ғылымдары — табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі. Еуропада қайта өрлеу кезеңінде (15 ғ-дың 2-жартысы) табиғатты жете зерттеуге байланысты қалыптасты. Кейін,18ғда Жаратылыстану ғылымдары бірыңғай жүйеге келтірілді.Жаратылыс- тану ауқымы түрлі табиғат нысандарын (ғарыштық жүйеден бастапмикродүниеге дейін), дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, сондай-ақ, Жерді қамтиды. Жаратылыстану ғылымдары біріншіден, ғылыми дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді.

Жаратылыстануға енетін ғылымдар былайша топтастырылады: 1) физикахимия;2) биологияботаниказоология;3) анатомияфизиологиягенетика;4) геологияминералогияпалеонтологияметеорологиягеография (физикалық);5) астрономия (астрофизика және астрохимия). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы Жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ, осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады. Жаратылыстану ғылымдарын зерттелу әдісіне қарай нағыз деректер мен байланыстарды зерттей отырып, ережелер мен заңдарды қорытып шығаратын сипаттаушы және дерекпен байланысты математикалық формалармен толықтырып отыратын дәл ғылымдар деп ажыратады. Табиғат туралы нақты ғылым зерттеулермен шектелсе, қолданбалы ғылым (медицина, ауыл шарушылығы, орман шаруашылығы және техника ғылымдарын жалпы алғанда) ғылыми зерттеулерді және табиғатты өзгертуге пайдаланылады.

Жаңа дәуір философиясы XVII-XVIII ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл -философиядан бөілініп шыққан жаратылыстану ғылымдарының қалыптасу және даму кезеңі. Физика, химия, астрономия, математика, механика дербес ғылымдарға айналды. Сондықтан танымның жалпы әдісін анықтау, жаратылыстану ғылымдарының мәліметтері мен табыстарын түсіндіру және жалпылау мәселесі туындайды. Мұның өзі жаңа дәуір философиясына жаңа міндеттер жүктейді. Жаңа дәуір философиясыныңі негізгі мәселесі – таным теориясы, барлық ғылымдарға қажетті ғылыми таным әдістерін жасау. Егер жеке нақты ғылымдар табиғат заңдарын ашса, ал философия барлық ғылымдарға ортақ ойлаудың заңдылықтарын анықтауы тиіс. Осы мәселемен Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Г.В.Лейбниц айналысқан. Олар мүмкіндігі жоғары ойлау заңдылықтарын іздестірген. Бірақ адам ақылы нақты өмірде кейбір қате идеялармен, ұғымдармен тұманданған, көмескіленген. Осы тұманнан идолдан (Ф.Бэкон) босаған, тазартылған таза ақыл ғана құбылыстың мәнін аша алады. Яғни, таза ақылды табу керек. Сонымен қатар, ыңғайлы, пәрменді таным әдістерін ойластыру да өте қажет. Ғылым ерекше әлеуметтік институт және танымдық қызметтің ерекше формасы ретіңде XV—XVI ғасырларда пайда болды. Яғни, ол қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заманның мұқтаждығынан туған әлеуметтік құбылыс. Ендеше, ғылым,-жаратылыстану ғылымы ең алдымен капиталистік өндіріс тәсілінің нәтижесі. Оның қалыптасуына - үлкен үлес қосқан атақты ғалымдар Коперник, Галилей, Кеплер және басқалар болды. Осы жерде Галилей мен Ньютон жасаған классикалық механиканы айта кету керек. Өйткені, ол қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болғай ең алғашқы ғылыми теория.  Ғылыми таным мен ғылымның пайда болуына әлеуметтік және логикалық факторлар әсер етті. Әлеуметтікке практикалық қызметтің, қоғамдық қатынастардың, қоғамдық еңбектің бөлінуінің өндіріс, техника талаптары, ал лоғикалыққа ғылыми таным дамуының ішкі логиқасының мұқтаждығы жатады. Ғылымның әлеуметтік мәнін, негізгі ерекшеліктері мен заңдылықтарын ашуда әлеуметтік және логикалық факторлардың бірлігі қажет. Ғылым дегеніміз ылғи дамуға байланысты қоғамдық-тарихи практика дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын айрықша әлеуметтік институт, адамның танымдық қызметінің ерекше формасы, адамзат мәдениетінің бір саласы.  Ғылымның негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық. Табиғат пен қоғамның объективтік, адам санасынан тәуелсіз заңдарын ашу ғылымның негізгі қызметі Ғылым тарихи заттың дүниенің объективтік заңдарын ашу және олардың негізінде қарастырылып отырған құбылыстарды түсіндіру және жаңа процестерді болжай білу тарихы. Осыған мысалдар келтірейік.  Химия ғылымындағы тамаша мысал 1869 жылы ұлы орыс ғалымы Д. И. -Менделеев ашқан периодтық заң. Ф. Энгельс бұл заңның ашылуын ұлы ғылыми ерлік деп бағалады. 1860 жылға дейін химиктерге тек 63 элемент қана белгілі еді. Сол кезде белгілі және белгісіз химиялық элементтердің қатал ғылыми-жүйесін, кестесін ашу өте үлкен іс болатын. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]