Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SHpor Fiz-mat Neskadan))).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

59.Магний және оның құймалары

Магний (лат. Magnesіum) Mg, элементтердің периодтық жүйесіндегі ІІ топтың элементі, атам нөмері 12, атам м. 24,312. Табиғатта үш изотопы бар: 24Mg, 25Mg, 26Mg. 1808 ж. ағылшын ғалымы Г.Дэви (1778 — 1829) ашқан. Жер қыртысындағы масса бойынша мөлш. 2,1%. Ол барлық қосылыстарында екі валентті. Магний күмістей ақ, өте жеңіл, берік металл; тығыздығы 1,74 г/см3, балқу t 650ӘС, қайнау t 1107ӘС. Ол қорғағыш оксид пленкамен қапталғандықтан, құрғақ ауада 350ӘС-қа дейінгі температурада тотықпайды, бірақ 600 — 650ӘС-та өздігінен тұтанып, жарқырай жанып, Магний оксидін (MgO) және аздап нитридін (Mg3N2) түзеді. Құрамында бос оттек (О2) жоқ суық сумен әрекеттеспейді; қайнап жатқан судан Н2-ні ығыстырады. Сұйытылған қышқылдарда жеңіл ериді [концентрленген күкірт қышқылының (H2SO4) және HF ерітінділерінде пассивтеледі]; сілтілердің суық ерітінділерінде ерімейді. Қыздырғанда сутегімен, галогендермен S, N2, C-пен әрекеттеседі. Магнийді құрамында MgCl2 бар балқымаларды электролиздеу арқылы, күйдірілген магнезит немесе доломитті металлотерм. (ферросилициймен) тотықсыздандыру және MgO-ін көміртерм. тотықсыздандыру арқылы алады.

Негізгі минералдары: Магнезит, доломит . карналлит, бишофит, оливин

каинит. Магний құймаларының өнеркәсібінде, құймаларды легирлеуде, қиын тотықсызданатын және сирек металдарды металлотерм. жолмен алу үшін (мыс., Tі, Zr, Hf, U, т.б.), магнийорганик. қосылыстар синтезінде қолданылады

60.Композиттік материалдар.

Композиционды материалдар(композиттер)-екі немесе одан да көп, жеке құрамы сақталған компоненттерден алынатын гетерофазалық жүйе. Композиттің құрылымында толырғыш(армирленген компонент) және байланыстырғыш(матрица) айта кетейік. Композит қасиетіне матрица арқылы байланысқан ең басты әсер- толтырғыш көрсетеді. Матрица композицияны байланыстыру(үзіліссіздік қамтамасыз етеді) арқылы керекті инженерлік конструкцияны жасауға мүмкіндік беріп, сыртқы жүктемелерді қаттылайтын комонентке береді. Толтырғыш- қатайтатын немесе армирлейтін рольді атқаратын бөлек компонент болып табылады. Композиционды материалдарға жай мысалдар: бор немесе көміртек типтері арқылы қатайтылған аллюминий қортпалары; болат сыммен армирленген бетон; әйнек жіпшелер арқылы және нейлон смоласы арқылы қатайтылған пластмасса. Табиғи композиционды материалға целлюлоза жіпшелері арқылы қатайтылған кәдімгі ағашты жатқызсақ болады. Композиционды конструкциялық материалға келесі сипаттамалар сәйкес келеді: Материал компоненттерінің құрамы мен пішіні алдын-ала белгілі; Компоненттер материалдың керекті қасиетін қамтамасыз етуге қажет көлемде ғана болады; Материал макромасштабта біртекті, ал микромасштабта біртекті емес болады(компоненттер қасиеті бойынша ажыратылады және олардың арасында айқын шекаралары болады); Алынған композиционды материал жеке компоненттерде жоқ қасиеттерге ие болады.

61.Ұнтақты металлургиянын материалдары.

Ұнтақты материал деп металдық ұнтақтарды керек пішінге престеу арқылы және вакуумда немесе қорғалған атмосферада 0.75-0.8 Т температурада пісірілген материал. Ұнтақты материал көпіршікті және компактты болып ажыратылады.

Көпіршікті деп соңғы тазалаудан кейін 10-30% көпіршік қалатын материалды айтамыз.Бұл қоспаларнегізінен антифрикциялық детальдармен фильтрлерді жасауда қолданылады. Антифрикциондық ұнтақты қоспалар аз үйкеліс коэффициентіне ие және тозуға шыдамды болып келеді. Ұнтақты қортпалардан жасалған подшипниктер қосымша майлаусыз, өз порларынан шыққан май есебінен жұмыс істей алады. Подшипниктер темір мен 1-7% графит және қолаграфиттен, оның 8-10% қалайы және 2-4% графит болатын қортпалардан жасайды. Ұнтақты материалдарды фильтрлеуші бұйымдарда кеңінен пайдаланады.

Көпіршіктілігі 45-50% болатын никель, темір, титан, алюминий, коррозияға төзімді болат, қалайы ұнтақтарынан жасалған пластина, құбыр тәріздес фильтрлерді сұйықтар мен газдарды қатты қоспалардан тазарту үшін қолданады.

Электротехника мен радиотехникада темір-никель-алюминий негізді қортпадан жасалған ұнтақты магниттер қолданылады. Ұнтақты магниттердің қасиеттері құйма магнит қасиеттерінен жоғары болады.

Көбіне ұнтақты металлургия арнайы қортпалар жасауда қолданылады:никель негізді, ыстыққа төзімді, дисперсиялық қатайтылған никель алюминий титан мыс негізді материалдар.

Құю және қысыммен өңдеуде керекті қортпа алынбаған жағдайда пісірілген алюминьді қортпа қолданылады.

Қазігі кезде легирленген болат, қалайы, латунь, алюминий қортпаларынан жасалған компактты материалдар кең қолданыла бастады. Олардан әртүрлі шестерен кулачоктар крандар подшипниктердің корпустарын және тағы басқа машина детальдарын жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]