Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SHpor Fiz-mat Neskadan))).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

33.Қыздырған және суытқан кезде болаттын құрылымында пайда болатын ауысылар.

Әрбір термиялық өндеу төрт негізгі комбинациялық өзгеристерден тұрады, осының негізінде жүйенің минималды бос энергияға ұмтылысы жатыр.

1.Перлиттің аустенитке айналуы (П→А), А1 критикалық нүктесінен жоғары қыздырғанда болады,аустенит минимальды бос энергиядан тұрады.

Feα(C)+Fe3C→Feγ(C)

2.Аустениттің перлитке айналуы (А→П), А1 нүктесін төмен температурада салқындату жүргізіледі,минималды бос энергия перлитте болады.

Feγ(C)→FeαC+Fe3(C)

3.Аустениттің мартенситке айналуы жүреді (А→М), тұрақсыз тепе-тендік температурадан төмен тез салқындату кезінде жүреді.

Feγ(C)→Feα(C)

4.Мартенситтің перлитке айналуы (М→П), әр бір температурада жүре береді, себебі мартенситтің бос энергиясы, перлиттің бос энергиясына қарағанда көп болады.

Feα(C) → Feα(C) + Fe3C

34.Нормалдау, босаңдату, суару және жұмсарту процесстердін технологиялық мүмкіншіліктері.

Технология өндіргенде міндетті қондыру керек:

● детальды қыздыру режимі (температура және қыздыру уақыты)

●орта сипаттамасы, қыздыру өткізілетін және оның болат материалға әсер етуі

● салқындату шарты.

Термиялық өңдеудің режимін диаграмманың күйіне және диаграмманың изотермиялық ыдырауының сәйкестігіне белгілейді. Қыздыру пешінде, отындық немесе электрлік, тұзды ваннада немесе балқыған металы бар ваннада және индукционды қыздыру нәтижесінде қыздыру жүзеге асырылады. Қыздыру жылдамдығы жоғары болса, болаттын лигерленуіде төмен, құрылымы біртекті болса, конфигурациясыда қарапайым болады. Қыздыру жылдамдығы 0,8.....1 мин аралығында 1мм қимаға қолданады. Қыздыру уақытын 20% ұстау уақыты болып табылады. Қыздыру ортасы қыздырғанда пештегі газды ортамен құрамдастар болатқа әр түрлі әсер тигізуі мүмкін:

● тотықтандырғыш ( О , СО , СH )

●тотықсыздандырғыш ( СО, CH )

●күкірттендіргіш ( СО, CH )

●күкіртсіздендіргіш ( О , H )

●нейтральды( N инертті газдар )

35.Босаңдату және нормалдау. Тағайындау және режим.

Жасыту- қаттылықты төмендетіп және пластикалығын, тұтқырлығын жоғарлата отырып тепе-тең ұсақ дәнді құрылым алады, және мүмкіндік береді:

●дайындамалардын қысыммен және кесумен өнімділігін арттыру

●дәнекер тігіннің құрылымын түзейту, қысыммен өңдегенде және болатты құйғанда

●құрылымды келесі термиялық өңдеуге дайындау.

1.Диффузиялық жасыту. Ликвацияны залалсыздандыруға, қорытпаның химиялық құрамын түзетуге қолданады. Оның негізі- диффузия негіздік және лигерленген болаттар үшін қолданылады.Қыздыру температурасы балқу температурасына байланысты.Тн=0,8Тпл. Ұстау уақыт ұзақтығы τ=8....20 сағат.

2.Қайыра кристалдану(рекристализация) жасытуды салқын деформациядан кейіп кедергіні азайту үшін қолданады. Қыздыру температурасы балқу температурасына байланысты Тн=0,4 Тпл

3.Ыстық өңдеуден кейін кедергіні жою үшін жасыту қолданылады(

құйма,дәнекерлеу,кесумен өңдеу,егерде жоғары дәлдік талап етілсе).Қыздыру температурасы үлкен диапазонда болады: Тн=-160…700°С.Бұйымның ұзақтылығы көлеміне байланысты.

Жасытудың екінші типі фазалық құрамын өзгеруіне негізделген.Қыздыру температурасы және ұстау уақыты керекті құрылымды өгеруді қамтамасыз етеді. Салқындату жылдамдығы осындай бояу болу керек, кері диффузионды фазалық өзгерулер үлгеру үшін қажет.Дайындық операциясына құю, прокат жатады. Күйдіру қаттылығымен беріктігін төмендетеді орташа және жоғарғы коміртекті кесуін жақсартады. Дәнді ұсақтатып,ішкі кернеуін төмендетіп біртексіз құрылымын азайтып пластикалығы мен тұтқырлығын

арттырады. Қыздыру температурасына байланысты жасытуды бірнеше түрге бөледі:

1.Толық, қыздыру температурасы 30...50°С критикалық температурасынан жоғары А3

Тн= А3+ ( 30...50 ) °С Осындай қыздыру температурада аустенит ұсақ дәнді, және суытқаннан кейін болат ұзақ дәнді құрылым түзеді.

2.Толық емес, қыздыру температурасы 30..50°С, критикалық температурасы жоғары Аì

Тн= Аì+ ( 30...50)°С Осындай қыздыру кезінде құрылымда екінші реттік цементит сақталады, жасыту

нәтижесінде цементит сфералық форма құрайды. Кейде толық емес жасыту эвтектоидқа дейінгі болаттар үшін қолданылады, егер құрылымның өзгеруін талап етілмесе (болат ұсақ дәнді ) кескіштігін жоғарлату үшін қаттылығын төмендету қажет.

3.Циклдік және маятниктік жасытуды қолданады, егер толық емес жасытуды өткізген соң цементит майысқақ болса. Бұл жағдайда қыздыру температурасынан жоғары Аì кейін 680°С дейін суыту керек және тағы (750...760 °С) қыздырып тағы салқындатамыз. Нәтижесінде дәнді цементит алынады.

4.Изотермиялық жасыту- қажетті температураға дейін қыздырып , бұйымды тез суытады 50...100°С температураға дейн салқындатады қыздыру температурасының төмен (А1) , толық аустенит пен перлит түзілгенше ұстайды, кейін қалыпты ауада салқындатады. Нәтижесінде, біртекті құрылым алынады, себебі өзгеріс бірдей дәрежеде болғандықтан. Оңтайлы процестен уақыты азаяды. Лигерленген болаттар үшін қолданылады.

5.Нормальдану-жасытудың түрлері. Термиялық өңдеуде, бұйымды аустениттік күйге дейін қыздырып , 30...50°С А3 және Аст нуктелеринен жоғары келесі ауадағы салқындатумен

Тн=А3+ ( 30...50 ) °С және Тн=Аст + ( 30...50 )°С

Нормальдаудың нәтижесінде өте жұқа эвтектоидтың құрылымды қабат алынады (жұқа перлит және сорбит) ішкі кедергісі азаяды, сол сияқты т.б. өңдеулер өткізіледі. Жасытудан қарағанда қаттылығы мен берікті бірнеше жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]