
- •Актиномициттер морфологиясы
- •Ашытқы саңырауқұлақтардың морфологиясы
- •Бактериялардың морфологиясы
- •Вирустар жайлы жалпы түсінік, олардың көбею жолдары
- •Залалсыздандыру дегеніміз не және оның түрлері
- •Инфекция туралы түсінік.
- •Қоректік орталар(дайындау, сұйық және тығыз қ.О)
- •Микробиологияның Қазақстанда дамуы
- •Микроорганизмдердің қоректенуі
- •Микробиология және вирусология пәніне кіріспе
- •Микробиол-қ лабор-да жұмыс істеу ережесі
- •Микробиологиялық зертханада қолданылатын нег.Дезинфекциялайтын заттар
- •Микробтарды боялған күйінде зерттеу
- •Микробтарды Грам әдісімен бояу
- •Микрооргназимдер систематикасы
- •Микроорганизмдер ферменттері
- •Микрооргназимдер физиологиясы
- •Микроорганизмге абиотикалық факторлардың әсері
- •Микроорг-ге биологиялық фактордың әсері
- •Микроорг-ге сытрқы орта факторларының әсері
- •Микроорг-ге физикалық фактор әсері
- •Микроорг-ге хим-қ факто-ң әсеі
- •Микроорг-ң тыныс алуы
- •Микроорг-ді сандық әдіспен санау. Ашытқылардан препарат дайындау
- •Микроорг-ді тірі күйінде зерттеу
- •Микроорг-дің көбеюі мен өсуі
- •Микроорг-дің таза дақылдарын бөлңп алу
- •Микроорг-дің тыныс алуы және қоректенуі туралы түсінік
- •Микроскоп және микроскоптау техникасы
- •Микроскопиялық саңырауқұлақтар классифкациясы
- •Микроскопиялық саңырауқұлақтардың клетка құрылысын зерттеу
- •Микроскопиялық саңырауқұлақтардың морфологиясы және классификациясы
- •.Микроскоптың құрылысы және оны күту ережелері
- •Прокариотты және эукариотты микробтар, олардың негізгі айырмашылығы
- •Риккетсиялардың морфологиясы
- •38.Судың микробиотасын зерттеу
- •1 Мл судағы микроо-ң жалпы санын анықтау.
- •Спирттік ашу процесі
- •Сыртқы орта факторлардың әсері
- •Тағам өнімдеріне микробиоллогиялық бақылау жүргізу
- •Тағамдық улану
- •Топырақ микробиотасын зерттеу
- •Ттура микроскоптау жолымен тағам өнімдерінің микрофлорасын зерттеу
Микробиологияның Қазақстанда дамуы
Микробиология, оқу пәні ретінде, биология факультетінің құрылған кезінен бастап ҚазМУ-де, яғни 1934 жылдан, ең алдымен ботаника кафедрасында, ал 1938 жылдан оның құрамынан бөлініп шыққан өсімдіктер физиологиясы кафедрасында оқытыла бастады. Дәрістік және практикалық сабақтарды өткізу үшін П.И.Грамоковский, тамаша ғалым, Қазақстандағы микробиология ғылымының негізін салушылардың бірі, «Жалпы микробиология» курсын оқыған профессор Давид Лазаревич Шамис, сонымен бірге М.В. Ломоносов атындағы ММУ биология факультетінің түлегі – доцент А.М. Бабусенко («Топырақ микробиологиясы», «Антибиотиктер» курстары) және ассистент Е.М. Попова (үлкен және кіші практикум сабақтары) шақырылды. Арнайы курстарды оқу үшін көрнекті ғалымдар –профессор Х.Ж. Жуматов («Вирусология») және П.А. Буланов («Медициналық микробиология») шақырылды.
Университетте микробиология саласындағы алғашқы ғылыми зерттеулер Д.Л. Шамистің жетекшілігімен және өсімдіктер физиологтарымен бірге жүргізілді және өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігін кешенді зерттеу нәтижесінде құрылды. Сол уақытта профессор Д.Л. Шамистің жетекшілігімен ашыту өндірістерінде қолданылатын микроорганизмдердің өзгергіштігі, микробтардың әр түрлі топтары арасындағы қарым-қатынасы және микроорганизмдердің қасиеттеріне ортаның әр түрлі факторларының әсерлері зерттелді.
1965 жылы өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы кафедрасына микробиология бойынша маманданған Д.Л. Шамистің шәкірттері – М.В. Ломоносов атындағы ММУ биофизика кафедрасының биофизика мектебін бітірген б.ғ.к. Э.М. Карабаев және В.Л. Цзю келді. Республикада алғашқы микроорганизмдерге жүргізілген радиобиологиялық зерттеулерді Э.М. Карабаев және В.Л. Цзю бастаған болатын.
1971 жылы 167 микробиолог мамандар дайындалды. Сол кезеңдегі түлектердің көпшілігі алдыңғы қатарлы ғалым-микробиологтар, ғылым докторлары атанып, ҚР академиялық институттарында әртүрлі зертханаларды басқарды. Олардың арасынан ҚР ҰҒА К.А. Тулемисова, б.ғ.д., профессор Е.Т. Никитина, М.Г.Саубенова, Р.М. Алиева, Н.Н. Гаврилова, Ш.З. Мамилов, Г.С. Махмудоваларды атауға болады.
Микробиологтарды дайындаудағы жетістіктер, республикада осындай мамандардың қажеттілігі биология факультетінің деканы, қазіргі ҚР ҰҒА, б.ғ.д., профессор И.О. Байтулин және университет ректоры болған, ҚР ҰҒА академигі У.А. Жолдасбековтың биология факультетінде микробиология кафедрасын ашу туралы ҚазКСР жоғары және арнайы орта білім министрлігінде ұсыныс жасауына негіз болды.
1971 жыл 8 қазанда ҚазКСР жоғары және орта білім министрлігінің 1971 жыл 4 қазан №980 бұйрығын орындау кезінде Қазақ мемлекеттік еңбек туымен С.М. Киров атындағы мемлекеттік университет үшін №650 «Физиология және биохимия кафедрасын екі жеке кафедраға: өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы және микробиологияға бөлу туралы» бұйрық жарық көрді. №650 бұйрық қосымшасына сәйкес кафедраның профессор-оқытушылары құрамына: профессор И.А. Буланов, А.М.Бабусенко, Э.М. Карабаев және ассистент В.Л. Цзю, лаборанттар – Т.К. Купгапнская және Л.В. Кашникова енді. Кафедра меңгерушісінің қызметі ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, профессор И.А. Булановқа жүктелді. Ғалым И.А. Булановтың атымен Республикадағы жаңа бағыт – антибиотиктер продуценттерін іздеу және зерттеу жұмыстары бастау алды, ол микробиология бойынша алғашқы отандық оқулықтарының авторы болып табылады. 1971 жылы желтоқсанның аяғында кафедра меңгерушісі қызметіне ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, б.ғ.д. Майя Хажетдинқызы Шығаева сайланды. 1972 жылы алғаш рет күндізгі бөлім бойынша 11, кешкі бөлім бойынша 9 биолог-микробиолог түлектері білім алып шықты.
Микробиология кафедрасының ашылуы мамандарды дайындау деңгейінің жоғарылауына ықпал етті, яғни жаңа арнайы курстардың енуіне, практика негізін және елдегі жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелермен байланысты кеңейтуге, кафедрада студенттердің ғылыми жұмыс жасауы үшін жағдай жасауға, ғылыми мекемелерден алдыңғы қатарлы ғалымдар мен мамандарды оқу процесіне шақыруға мүмкіндік берді. Кафедрада дәрістерді республиканың алдыңғы қатарлы ғалымдары: ҚР ҰҒА президенті, академик М.А. Айтхожин, ҚР ҰҒА микробиология және вирусология институтының директоры б.ғ.д., профессор В.Э. Березин, су микробиологиясы мен инфекциялық аурулар маманы б.ғ.д. Е.К. Шуратов, топырақ микробиологиясының маманы Ш.З. Мамилов және т.б. оқыды. ҚазКСР ғылым Академиясының ғылыми зерттеу институттарымен, ауылшаруашылық академиясымен, КСРО МҒА тамақтану институтының Қазақ филиалымен, Мәскеу, Ленинград, Новосибирск университеттерімен, өнеркәсіптік микроорганизмдер генетикасы институтымен (Мәскеу), антибиотиктер институтымен (Мәскеу), Украинаның ғылыми мекемелерімен ғылыми байланыстар орнатылды. Осы байланыстар нәтижесінде студенттер, кафедра оқытушылары мен қызметкерлері КСРО ҒА академиктері Н.П. Дубинин мен Е.Н. Мишустин, КСРО ҒА корреспондент мүшелері И.А. Рапопорт, Г.А. Заварзин, б.ғ.д. Е.Н. Кондратьев, б.ғ.д. Д.Г. Звягинцев, б.ғ.д. В.Т. Емцев секілді атақты ғалымдардың дәрістерін тыңдауға мүмкіндік алды. Осы уақытта кафедрада Республика кәсіпорындарымен шаруашылық келісімдер бойынша зерттеулер жүргізілді.