Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrobiologia_shpor_taza_emes.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
111.54 Кб
Скачать

Микроорг-ге физикалық фактор әсері

Температураға қарап микроорганизмдер 3 топқа

1 психофильдер (төмен)

2 мезофильдер (орта)

3 термофильдер (жоғары

1 Психофильдер төменгі темп-қа бейімделген салқын жерде тіршілік етеді.Мұздатқыш камерада,салқын жерде,тағамда дамып оны бүлдіреді.Көбінесе теңізде тірш ететін бакт жатады.Мин-ды 10*С-тан 0*С-қа шейін.

Опт 10-15*С

Макс 30*С-та тіршілігін жоя бастайды.

2 Мезофильдер ең көп тараған топ.Топырақта,суда тірш етеді.Тірі оргн-нің ауру қоздырғыштары және сапрофиттерде кездеседі.Бұларға ашытқылар,саңырауқұлақтар,ішек және сүт қышқ бакт жатады.

Мин 0*С

Опт 28-30*С

Макс 42*С

3 Термофильдер жоғарға темптта тірш ететін табта кең таралған.Көбінесе шөлді шөлейтті жердің топырақтарында және жануарлармен адамның ішек қарнында кездеседі.Көбісі спора түзетін бактериялар және термогенез үрдісіне қатысатын бакт

Мин 35*С

Опт 50-70*С

Макс 75-85*С

Микроорг төменгі темп-қа қарағанда жоғ темп-ға төзімсіз.Мыс ылғалды субстратта спора түзбейтін бакт-лар 60-70*С 15мин арал тірш жояды.Ал 80-100*С 0,5-3,5 мин ішінде қырылады.Спора түз-дер төзімдірек келеді.Ылғы орты 20-30мин аралығында ал құрғ орт 160-170*С та 1-2сағ қырылады.

Температураның микрооргнаизмге кһрсетілетін осы қасиетін түрлі тағам өндіруде оларды құрту мақсатымен пай-ды(қуыру, қайнату, пастерлеу, стерильдеу)

Пастерлеу - деген спора түзбейтін және вегетативті клеткаларды 50-60С тем-да 15-30мин, 70-80С тем-да 5-10мин, 90-100С тем-да 1-2с жою.

Стерильдеу-деген микробтардағы ортаны түгелдей жою. Жоғары тем-да клетканың белогы линатурацияға ұшырайды. Төменгі тем-да микробтар қырылмайды, тек анабиоз күінде қалады. Ылғалдылықтың қатыстығына қарай микро-дер осындаға бөлінеді:

1)гидрофидтер-ылғалды қажет етеді;

2) мезофидтер-ылғал ортада

3) ксеррофидтер-құрғаққа төзімді, яғни ылғалдың аз мөлшерін қажет етеді.

Көбінесе бак-р үшін қолайлы ылғал 30%, ал микроскопиялық саңырауқұлақтар үшін 15%. Микробтар тіршілік ету үшін осмос қысымының әсері маңызды фактор. Егерде микробтар жоғары концентрациялық ортаға түссе плазмолиз процесі басталады.

Жоғары осмос қысымында тіршілік ететіндер осмофильдер деп аталады. Ал тұздың жоғары концентрациясында тіршілік ететіндер гагофильдер деп аталады. Атмосфералық қысым микробтардың сезімталдығын нашарлатады. Топырақтың терең қабатында теңіз, мұхит түбінде бак-р тіршілік етеді. Бұларды барофильдер деп атайды. 500 атмосфералық қысымға төзімді, ал кейбіреулері 3000 атмос-лық қысымға төзімді, ал вирустар 5000 атмос-лық қысымға төзімді.

Түрлі сәулелер ультракүлгін сәуле микробтарға бакеридцидтік әсерін тигізеді. Микробтар ядролық сәулелерге төзімділеу.

Микроорг-ге хим-қ факто-ң әсеі

Хим-қ заттардың зиянды әсерін дезинфекция мақсатында пай-ды, антисептик ретінде хим-қ заттар микробтар тобына бірдей әсер етпейді. Мысалы туберкулез таяқшасы хим-қ заттарға төзімді, өйткені олардың клетка қабықшасында май тектес заттар болады. олар хим-қ заттардың клетка ішіне енуін баяулатды. ортаның сілтілік, қышқылдық реакциясы микро-дер үшін әртүрлі болады. олар 3 топқа бөлінеді:

1) нейтрофильдер-ортаның бетарап жағдайында өседі, минималды рН - 4, оптималды рН-6,8-7,3, максималды рН-9 одан төмен. бқл топқа көбінесе бак-р жатады.

2) Адцидофильдер-қышқылдық ортада өседі, оптималды рН-4 немесе одан төмен. Бұларға сірке қышқылы бак-лар жатады.

3) Алкалофильдер-сіотілік ортаны қажет етеді. оптималды рН-9 немесе одан да жоғары. бұларға ішек таяқша бак-р тобынан және тырысқақ ауруының вибрионы жатады.

Жалпы бак-р үшін оптималды рН 6,8-7,3 -ке дейін. ал көбінесе зең саңырауқұлақтар мен ашытқылар үшін әлсіз қышқ.оптималды рН 5-6 дейін.

Микроорганизмдер клеткасы сыртқы ортадағызаттардың құрамы мен оның концентрациясына тым сезімтал келеді. Химиялық заттар аз болсада микробтарға әсер етеді, ал көбірек мөлшерде оларды қырып жібереді. Әсер ету сипатына қарай химиялық заттарды бірнеше топтарға ажыратады.  Беттік белсенді заттар – микроорганизмдердің сыртқы қабығын бұзып, цитоплазмалық мембрананың жұмыс қызметін бұзады. Бұларға детергенттер, сабындар, майлы қышқылдар жатады.  Акрилдер – ( дибензопирин типтес заттар ) нуклейн қышқылдарына әсер етіп, клетканың бөліну қабілеттілігін білдіреді.  Бояулар – бактериядардың өсуін тоқтатуы немесе өлтіріп жіберуі мүмкін. Оларға бриллиантты жасыл, этакридин лактат, флавакридин т.б. жатады.  Фенол мен оның туындылары – бактериялардың қабығын бұзып, белоктарды зақымдап, ферменттердің жұмысына нуқсан келтіреді. Ауыр металдар тұздары – (қоғасын, мыс, күміс, сынап, мырыш) бактериялық құрамындағыбелоктарды коагуляцияға ұшыратады. Тотықтырғыштар – (хлор, хлорлы әк, хлорамин, йод, калий перманганаты, сутегі тотығы, әр түрлі қышқылдар) белсенді белоктардың сульфигидрильді тобына әсер етеді. Түзегіштер, соның ішінде формальдегид оның 40% ерітіндісі - формалин) микроорганизмдегі белоктардың амин тобына қосылып оның бұзылуына душар етеді.  Химиялық заттардың микроорганизмдерге зиянды болатын қасиетің дезинфекциялау жұмысында антисептик ретінде қолданады. Дезинфекциялрудағы басты мақсат, ауру қоздырғыш микроорганизмдерге зиянды әрекет жасайтын түрлі қышқылдарды, сілтілерді, ауыр металдардың тұздарын, түрлі тотықтырғыш заттарды пайдалану болып табылады. Химиялық заттар микробтардың барлық тобына бірдей жойқын жойқын әсер ете алмайды. Мысалы, химиялық заттарға өкпе ауруы таяқшасы төзімді болады. Олай болатын себебі, бұл микробтың қабығында май тектес заттар болады. Олар химиялық заттардың клетка ішінде енуін боялатады. Кейбір тағамдарды консервілеу үшін бор, салицил, бензол қышқылдарын қолданады. Ал ауыз суды зарарсыздандыру үшін хлорды және хлорлы әкті пайдаланады. Микроорганизм жеке топтарының өсіп-өнуі үшін, ортаның қышқылдық және сілтілік дәрежесі әр түрлі болады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]