
- •Мазмұны
- •Нормалық сілтемелер
- •1. Ғылыми - зерттеу бөлімі
- •1.1 Құрылыста қоспалы бетондарды қолданудың бүгінгі жағдайы мен келешегі
- •1.2 Шикізаттық материалдар олардың негізгі сипаттамалары және үлгілерді сынау әдістемелері
- •1.3 Қоспалардың бетонның негізгі сипаттамаларына әсерін зерттеу
- •1.3.1 Қоспалар негізіндегі ауыр бетонның құрамын таңдау және оңтайландыру
- •1.1 Сурет – Қоспаның цементтің негізгі қасиеттеріне әсері
- •1.3 Сурет – rheobuild 561 қоспасы мөлшерінің бетонның беріктігіне әсері
- •1.4 Сурет – rheobuild 181к қоспасы мөлшерінің бетонның беріктік жинау динамикасына әсері
- •1.5 Сурет – rheobuild 181к қоспасы мөлшерінің бетонның беріктігіне әсері
- •1.3.2 Қоспаларың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу
- •8. Қоршаған ортаны қорғау
- •Тб жасалатын қабырғалық бұйымдар өндірудің технологиялық нобайы.
- •9. Сәулет құрылыс бөлімі.
- •9.1. Өндірістік құрылысқа арналған қырлы жабын плиталарын өндіретін зауыт. Өндірістік қуаттылығы 40000 м3/жыл.
- •9.2. Технологиялық процестерді суреттеу.
- •9.3 Көлемдік жобалық шешімдер.
- •9.4. Конструкциялық шешімдер.
- •10. Экономикалық бөлім.
- •10.1. Жобалаған мекеменің сметалық құндылығын есептеу.
- •10.2 Бір орташа тізімдегі жұмысшының жұмыс уақытының балансын есептеу.
- •10.3 Жобаланған кәсіпорынның экономикалық тиімділігі.
- •11. Қорытынды
- •12. Пайдаланылған әдебиеттер
8. Қоршаған ортаны қорғау
Құрылыстың кең түрде дамуы, құрылыс саласындағы заводтар мен цехтардың көптеп салынуын қажет етеді. Өндіріс, яғни өнеркәсіп орны көбейген сайын атмосфераны, су көздерін және топырақтың өндіріс қалдықтарымен ластануы, бүлінуі көбейе түседі. Құрастырмалы темірбетон заводтары қоршаған ортаны ластаушы көздердің бірі. Зауыттар мен өндірістік мекемелерден шыққан шаңды және улы заттар, шаң тозаңдар атмосфераны улап экологиялық жағдайды күрт нашарлатып жатыр. Қазіргі құрылыс саласындағы өзекті мәселенің бірі қоршаған ортаны қорғау, оны ластанудан сақтау болып отыр.
Құрылыс дамыған сайын құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына деген сұраныс та өседі. Соның ішінде, ірі толтырғышы жоқ, ұсақ түйіршікті бетондардан жасалған өнеркәсіп қабырғалық бұйымдары да бар. Қабырғалық бұйымдарды өндіру барысында қоршаған ортаны қорғауға көп көңіл бөлу керек.
Темір бетоннан жасалған қабырғалық бұйымдар өндіру үшін жергілікті шикізат материалдары, тұтқыр зат ретінде (портландцемент) ұсақ толтырғыш (құм), химиялық қоспалар және су қолданылады. Қабырғалық бұйымдар өндірісінде цемент шаңы, құм шаңы болады, шаңдар цементті массаи дайындау цехындағы бункерге артқанда және шикізат материалдарын мөлшерлеу орнына тасымалдағанда пайда болады.
Жобаланатын өнеркәсіпте физикалық ластанудың келесі түрлері болады:
Жылулық (термалды), ортаның температурасын жоғарылату нәтижесінде пайда болатын, басты негізде қыздырылған ауаның, газ және судың қалдықтарымен байланысты өнеркәсіптік қалдықтар.
Шу, шудың интенсивтілігінен және қайталануының нәтижесінен пайда болатын табиғи деңгейінен жоғары болатын.
Қоршаған ортаның шаң (цемент) қалдықтарымен ластануы.Жобаланатын өнеркәсіптің зиянды қалдықтарынан қоршаған ортаны қорғау мақсатында өнеркәсіптік қабырғалық бұйымдар бұйымдарын өндіруде қалдықтарды және зиянды заттардың концентрациясын төмендетуде іс-шаралар қарастырылады (цемент шаңы және тағы басқа).
Қалаларды және елді мекендерді жобалау, құрылыс, қайта жабдықтауда,олар адам өміріне, еңбекке және демалысқа ең қолайлы жағдайлар туғызуы керек, сонымен бірге экологиялық, санитарлы-эпидемиологиялық талаптарды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек.
Жобаланатын темірбетон зауытында технологиялық процестер жүргізілген кезде материалды өңдеудің барлық стадияларында қауіпті және зиянды өндірістік факторлар пайда болуы мүмкін.
Темірбетон конструкцияларын дайындау қиыршық тас, құм және цемент материалдарын өңдеумен байланысты болады.
Цемент қоймаларында инертті және бетон араластыру цехтарында рұқсат етілетін шаң концентрациясы жұмыс зонасындағы ауа құрамындағы бос кремнезем санына байланысты регламенттеледі.
Құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негізде қоршаған ортаны қорғау үшін Қазақстан Республикасының 1997жылдың 15 шілдеде “Қоршаған ортаны қорғау” заңы қабылданған.
Цехты жобалауда қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде тапсырмалар мен мақсаттар.
Бұл цехты жобалау барысында қалдықсыз технологияны қамтамасыз ететін тапсырма тұр. Қазірдің өзінде құрылыс материалдары өнеркәсіптерінде түрлі басқа шаруашылық қалдықтары көптеп қолданылады, сонымен қатар зиянды қалдықтарды шығару минимумға келтірілген.
Мақсатымыз жаңа энерго және ресурсқорғаушы және экологиялық таза құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіретін технологиямен айналысатын кәсіпорындар салу және де сондай материалдар өндіру.
Негізгі бөлім
Темірбетон бұйымдары өндіріс зауыты негізгі – қалыптау цехынан және қосалқы цехтар, арматура және бетон араластыру, цемент және толтырғыштар қоймасынан тұрады.
Қоршаған ортаның ластаудың негізгі көзі болып цемент қоймасы және бетон араластырғыш болып табылады.
Цемент қоймасы және БАЦ жоғары шаң бөлетін бөлмелерге жатады. Бетон араластырғыш цехы келесі бөлімдерден тұрады. бункерлі мөлшерлегіш және бетонараластырғыш.
Бетон араласпасын дайындау келесі операцияардан тұрады:
- шикізат бункер үсті бөлімше тасымалдау және бункерлерге бөліп жайғастырады.
- салмақты өлшеу.
- материалды араластыру.
- бетон араласпасын жіберу.
Транспортерлер көмегімен шикізат материалдарын тасымалдағанда жұмыс аймағының ауасы едәуір шаңдалады. Сондықтан нормальді жұмыс жағдайын қамтамасыз ету үшін жұмыс орнын дыбыс – қорғаныс, вибрация, жергілікті сору және вентиляция қондырғыларының жұмысының және монтажының сапасын тексеру басты маңызы болу керек.
Бетон араласпасы қалыптау цехына келгеннен кейін сонда дірілді алаңда бұйым қалыптанады, қалыптау барысында гуілдер пайда болады. Қалыпталған бұйымды көпірлі кранмен көтеріп шұңқырлы булау камерасына салады. Онда бұйымның қату процесі жүреді, яғни бұйым онда 3,5 сағат қыздыру процесінде, 6,5 сағат изотермиялық ұстап тұру процесі және 2 сағат суыту процесінде болады. Шұңқырлы камерадағы температура 80-85 0С құрайды