- •Мазмұны
- •Нормалық сілтемелер
- •1. Ғылыми - зерттеу бөлімі
- •1.1 Құрылыста қоспалы бетондарды қолданудың бүгінгі жағдайы мен келешегі
- •1.2 Шикізаттық материалдар олардың негізгі сипаттамалары және үлгілерді сынау әдістемелері
- •1.3 Қоспалардың бетонның негізгі сипаттамаларына әсерін зерттеу
- •1.3.1 Қоспалар негізіндегі ауыр бетонның құрамын таңдау және оңтайландыру
- •1.1 Сурет – Қоспаның цементтің негізгі қасиеттеріне әсері
- •1.4 Сурет – rheobuild 181к қоспасы мөлшерінің бетонның беріктік жинау динамикасына әсері
- •1.5 Сурет – rheobuild 181к қоспасы мөлшерінің бетонның беріктігіне әсері
- •1.3.2 Қоспаларың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу
- •1.3 Сурет – rheobuild 561 қоспасы мөлшерінің бетонның беріктігіне әсері
- •8. Қоршаған ортаны қорғау
- •Тб жасалатын қабырғалық бұйымдар өндірудің технологиялық нобайы.
- •9. Сәулет құрылыс бөлімі.
- •9.1. Өндірістік құрылысқа арналған қырлы жабын плиталарын өндіретін зауыт. Өндірістік қуаттылығы 40000 м3/жыл.
- •9.2. Технологиялық процестерді суреттеу.
- •9.3 Көлемдік жобалық шешімдер.
- •9.4. Конструкциялық шешімдер.
- •10. Экономикалық бөлім.
- •10.1. Жобалаған мекеменің сметалық құндылығын есептеу.
- •10.2 Бір орташа тізімдегі жұмысшының жұмыс уақытының балансын есептеу.
- •10.3 Жобаланған кәсіпорынның экономикалық тиімділігі.
- •11. Қорытынды
- •12. Пайдаланылған әдебиеттер
1.2 Шикізаттық материалдар олардың негізгі сипаттамалары және үлгілерді сынау әдістемелері
Шикізаттық материалдар және қоспасыз және қоспалы бетондар сәйкес МемТ талаптарына сәйкес сыналды.
Цементтің негізгі сипаттамалары (тығыздығы, қалыпты қоюлығы, белсенділігі т.б.) МеСТ 10178 талаптарына сәйкес анықталды.
Құм мен ірі толтырғыштардың дәндік құрамы, нағыз, орташа және үйме тығыздықтары, ірілік модулі МеСТ 102–68–80 және МеСТ 8735-88 талаптарына сәйкес анықталды.
Қоспалы және қоспасыз бетондардың құрамы МеСТ 27006 – 86 талаптарына сәйкес есептеліп, лабораториялық зерттеулер нәтижесінде реттелді.
Құрамы таңдалған бетон араласпалары негізінде МеСТ 7473 «Бетон араласпасы» талаптарына сәйкес бақылау және зерттеу үлгілері қалыптанды.
Қоспалардың бетон араласпалары мен бетонның негізгі қасиеттеріне әсерін зерттеу және оларды қолданудың тиімділігін анықтау мақсатында, қоспалардың бетон араласпасының жылжымалылығына, бетонның орташа тығыздығына, беріктік жинау динамикасына, ылғалдылығына, сусіңіргіштігіне және жібу коэффициентіне әсері зерттелді. Зерттеулер қоспаларды әр түрлі шығыны жағдайында жүргізіліп, қоспа мөлшерінің әсері зерттелді.
Дайындалған үлгілердің орташа тығыздығы МеСТ 12730.3-78 «Бетоны. Методы определение плотности», беріктігі МеСТ 10180 «Бетоны. Методы определение прочности по контрольным образцам», сорбциялық ылғалдылығы МеСТ 17177.6 сәйкес, сусіңіргіштігі МеСТ 24452 талаптарына сәйкес анықталды.
Тұтқыр зат ретінде Шымкент цемент зауытының М400 маркалы порт-ландцементі қолданылды. Цементтің химиялық құрамы 1.2.1-кестеде көрсетілген. Меншікті бетінің ауданы 3000-3500см2/г. Ұстасу мерзімінің басталуы – 2сағ. 18 мин, аяқталуы – 3 сағат 39 мин. Қалыпты қоюлығы 29%, 28 тәуліктегі белсенділігі 350 кгс/см2. Бұл цемент барлық көрсеткіштері бойынша цемент МеСТ 10178 талаптарын қанағаттандырады.
1.3-кесте
Тұтқыр заттың негізгі сипаттамалары
Материалдың аталуы |
қ.к.ж. |
SiO2 |
Al2O3 |
Fe2O3 |
CaO |
MgO |
SO3 |
K2O |
Na2O |
å |
Портланд-цемент |
2,45 |
22,3 |
4,65 |
5,21 |
61,24 |
1,61 |
1,8 |
0,20 |
0,35 |
100 |
Ірі және майда толтырғыш ретінде Келес және Бадам кен орындарының қиыр тасы мен құмы қолданылды. 1.4 кестеде қиыр тастың физика-механикалық қасиеттері ал 1.5 кестеде түйіршіктік құрамы көрсетілген.
1.4-кесте
Келес қиыр тасының физика-механикалық қасиеттері
№
|
Көрсеткіштің аталуы |
МемСТ талабы |
Нақты нәтиже |
1 |
Нағыз тығыздық, г/см3 |
|
2,61 |
2 |
Үйме тығыздығы, кг/м3 |
|
1442,3 |
3 |
Қуыстылық , % |
|
43,45 |
4 |
Түйіршіктің сынуы, % |
80 |
82,32 |
5 |
Шаң және сазды қосымшалардың үлесі, % |
1 |
1,23 |
6 |
Пластинкалы және ине тәрізді дәндер, % |
15 |
- |
7 |
Түйіршікті саздың үлесі, % |
0,25 |
0,3 |
8 |
Сынуы , % |
10 |
8,52 |
9 |
Сусіңіргіштігі , % |
|
2,1 |
1.5- кесте
Келес қиыр тасының дәндік құрамы
Кен орнының аталуы |
Қалдықтың аталуы |
Көрсетілген өлшемдердегі електерде қалған қалдықтар % |
||||
20 |
10 |
5 |
2,5 |
1,25 |
||
Келес өзені |
жеке
толық |
10,92
10,92 |
86,24
97,16 |
2,37
99,53 |
0,41
100 |
- |
Майда толтырғыш ретінде Келес кен орнының құмы қолданылды. 1.6 кестеде құмның,тастың физика-механикалық қасиеттері ал 1.7 кестеде түйіршіктік құрамы көрсетілген.
1.6-кесте
Келес құмының физика-механикалық қасиеттері
№ |
Көрсеткіштің аталуы |
МемСТ талабы |
Нақты нәтиже |
1 |
Ірілік модулі |
|
2,7 |
2 |
Нағыз тығыздығы, г/см3 |
|
2,71 |
3 |
Үйме тығыздығы, кг/м3 |
|
1513 |
4 |
Қуыстылық, % |
|
38,97 |
5 |
Шаң және сазды қосымшалардың үлесі , % |
|
2,3 |
7 |
Түйіршікті саздың үлесі , % |
|
0 |
1.7- кесте
Келес құмының түйіршіктік құрамы
Кен орнының аталуы |
Қалдықтың аталуы |
Көрсетілген өлшемдердегі електерде қалған қалдықтар % |
0,16 електен өтуі, г |
Ірілік модулі |
||||
2,5 |
1,25 |
0,63 |
0,315 |
0,16 |
||||
Келес өзені |
жеке
толық |
23,4
23,4 |
6,85
30,25 |
24,12
54,37 |
18,36
73,73 |
0,39
80,7 |
248,6 |
2,7 |
1.8-кестеде Бадам қиыр тасының физика-механикалық қасиеттері ал
1.9-кестеде түйіршіктік құрамы көрсетілген.
1.8-кесте
Бадам қиыр тасының физика-механикалық қасиеттері
№
|
Көрсеткіштің аталуы |
МемСТ талабы |
Нақты нәтиже |
1 |
Нағыз тығыздық, г/см3 |
|
2,60 |
2 |
Үйме тығыздығы, кг/м3 |
|
1311 |
3 |
Қуыстылық , % |
|
49,58 |
4 |
Түйіршіктің сынуы, % |
80 |
– |
5 |
Шаң және сазды қосымшалардың үлесі, % |
1 |
0,51 |
6 |
Пластинкалы және ине тәрізді дәндер, % |
15 |
– |
7 |
Түйіршікті саздың үлесі, % |
0,25 |
0 |
8 |
Сынуы , % |
10 |
12,58 |
9 |
Сусіңіргіштігі , % |
|
– |
1.9-кесте
Бадам қиыр тасының дәндік құрамы
Кен орнының аталуы |
Қалдықтың аталуы |
Көрсетілген өлшемдердегі електерде қалған қалдықтар % |
||||
20 |
10 |
5 |
2,5 |
1,25 |
||
Бадам өзені |
жеке
толық |
–
– |
69,4
69,4 |
29,41
98,81 |
–
– |
–
– |
Майда толтырғыш ретінде Бадам кен орнының құмы қолданылды. 1.10- кестеде құмның тастың физика-механикалық қасиеттері ал 1.11-кестеде түйіршіктік құрамы көрсетілген.
1.10-кесте
Бадам құмының физика-механикалық қасиеттері
№ |
Көрсеткіштің аталуы |
МемСТ талабы |
Нақты нәтиже |
1 |
Ірілік модулі |
|
2,64 |
2 |
Нағыз тығыздығы, г/см3 |
|
4,16 |
3 |
Үйме тығыздығы, кг/м3 |
|
1532 |
4 |
Қуыстылық, % |
|
42,84 |
5 |
Шаң және сазды қосымшалардың үлесі , % |
|
2,680 |
7 |
Түйіршікті саздың үлесі , % |
|
3 |
1.11- кесте
Бадам құмының түйіршіктік құрамы
Кен орнының аталуы |
Қалдықтың аталуы |
Көрсетілген өлшемдердегі електерде қалған қалдықтар % |
0,16 електен өтуі, г |
Ірілік модулі |
||||||
2,5 |
1,25 |
0,63 |
0,315 |
0,16 |
|
|
||||
Бадам өзені |
жеке
толық |
17,37
17,37 |
13,65
31,02 |
18,6
49,62 |
22,87
72,49 |
21,32
93,81 |
5,57
|
2, 64 |
||
Сынған дәндердің мөлшері бойынша Келес қиыр тасы Бадам қиыр тасымен салыстырғанда жоғары сапалы бетондарды алу үшін тиімді болып саналады. Оның құрамындағы сынған түйіршіктердің мөлшері 82% құрайды.
Түйіршіктердің пішіні бойынша Келес қиыр тасы бірінші топқа ал Бадам қиыр тасы екінші топқа жатады. Екі қиыр таста да ол 35% шамасында.
Ұсақталу дәрежесі бойынша Бадам қиыр тасы 800 маркадағы шағалдан ал Келес қиыр тасы 1000 маркалы шағалдан алынған және В30, В40 кластағы бетондарды алу үшін қолдануға болады.
Құрамындағы шаң және сазды қосымшалардың үлесі бойынша Келес қиыр тасының көрсеткіштері жоғары.
Екі қиыр тастың негізгі сипаттамаларын салыстыру арқылы Келес қиыр тасы нормативті талаптарға толық жауап беретіндігі анықталды.
Қолданылған құмдардың негізгі сипаттамаларын МеСТ 8736-93 талаптарына сәйкес талдау, ірілік модулі бойынша Келес және Бадам құмдарын ірі құмдар қатарына жатқызуға болатындығын көрсетті (ірілік модульдері сәйкесінше 2,7 және 2,65).
Құрамындағы шаң және сазды қосымшалардың үлесі бойынша қолданылған құмдар екінші кластағы құмдар қатарына жатады, себебі 1 кластағы құмдар үшін шаң мен сазды қосымшалардың үлесі 2 % аспауы тиіс.
Құмдардың негізгі сипаттамаларын талдау қырлы плиталарды өндіру үшін Келес және Бадам құмдарын да қолдануға болатындығын көрсетті.
Пластификациялаушы қоспа ретінде BASF компаниясының RHEOBUILD 561 және RHEOBUILD 181К қоспалары қолданылды.
RHEOBUILD 561 қоспасы бұл синтетикалық полимер негізіндегі бетон араласпасына аса аққыштық және бетонға реопластикалық қасиет беретін, бетонның шөгу деформацияларын төмендететін суперпластификатор.
RHEOBUILD 181К қоспасы құрамында хлор иондары жоқ, бетонға реопластикалық қасиет беретін қоспа. Қоспалардың негізгі сипаттамалары 1.12- кестеде көрсетілген.
1.12-кесте
Пластификациялаушы қоспалардың негізгі сипаттамалары
р/с |
Қоспаның аталуы |
Жұмысшы ерітіндінің концентрациясы,% |
Ерітіндінің тығыздығы, г/см3 |
Қоспаның цемент массасына байланысты шығыны, % |
1 |
RHEOBUILD 561 |
25 |
1,16 |
0,8-1,4 |
2 |
RHEOBUILD 181К |
30 |
1,15-1,21 |
0,8-1,4 |
