
- •Мазмұны
- •Нормалық сілтемелер
- •1. Ғылыми - зерттеу бөлімі
- •1.1 Құрылыста қоспалы бетондарды қолданудың бүгінгі жағдайы мен келешегі
- •1.2 Шикізаттық материалдар олардың негізгі сипаттамалары және үлгілерді сынау әдістемелері
- •1.3 Қоспалардың бетонның негізгі сипаттамаларына әсерін зерттеу
- •1.3.1 Қоспалар негізіндегі ауыр бетонның құрамын таңдау және оңтайландыру
- •1.1 Сурет – Қоспаның цементтің негізгі қасиеттеріне әсері
- •1.3 Сурет – rheobuild 561 қоспасы мөлшерінің бетонның беріктігіне әсері
- •1.4 Сурет – rheobuild 181к қоспасы мөлшерінің бетонның беріктік жинау динамикасына әсері
- •1.5 Сурет – rheobuild 181к қоспасы мөлшерінің бетонның беріктігіне әсері
- •1.3.2 Қоспаларың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу
- •8. Қоршаған ортаны қорғау
- •Тб жасалатын қабырғалық бұйымдар өндірудің технологиялық нобайы.
- •9. Сәулет құрылыс бөлімі.
- •9.1. Өндірістік құрылысқа арналған қырлы жабын плиталарын өндіретін зауыт. Өндірістік қуаттылығы 40000 м3/жыл.
- •9.2. Технологиялық процестерді суреттеу.
- •9.3 Көлемдік жобалық шешімдер.
- •9.4. Конструкциялық шешімдер.
- •10. Экономикалық бөлім.
- •10.1. Жобалаған мекеменің сметалық құндылығын есептеу.
- •10.2 Бір орташа тізімдегі жұмысшының жұмыс уақытының балансын есептеу.
- •10.3 Жобаланған кәсіпорынның экономикалық тиімділігі.
- •11. Қорытынды
- •12. Пайдаланылған әдебиеттер
Нормалық сілтемелер
Дипломдық жұмыста келесі МеСТ-ға сілтемелер келтірілген:
МеСТ 10178
МеСТ 9179-77 МеСТ 23732- МеСТ 8735-88 МеСТ 9179-77 МеСТ 10180-90
МеСТ 12730.1-78 МеСТ 12730.2-78 МеСТ 24211-2003 МеСТ 30459-2
|
Портландцемент и шлакопортландцемент. Технические условия Известь строительная. Технические условия. Вода для бетонов и растворов. Песок для строительных работ. Методы испытания. Известь строительная. Технические условия. Бетоны. Методы определение прочности по контрольным образцам. Бетоны. Методы определение плотности. Бетоны. Методы определение влажности. Добавки для бетонов. Общие технические требования. Добавки для бетонов. Методы определения эффективности. |
МеСТ 7473 Бетон араласпасы
МеСТ 102–68–80 Ірі толтырғыштар
МеСТ 8267 – 82 Қиыршық тас
МеСТ 10260 – 82 Шағалдан алынған қиыршық тас
МеСТ 27006 – 86 Бетон құрамын таңдау ережесі
Анықтамалар
Химиялық қоспалар - бетон араласпасының құрамына аз мөлшерде ендірілетін, соған қарамастан араласпаның реологиялық қасиеттері мен дайын бетонның структурасын қалыптастыруға және негізгі қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік беретін заттар.
Бетон дегеніміз – тиімді мөлшерде өлшеніп алынған тас, құм, тұтқыр зат және суды мұқият араласпаның нәтижесінде алынған бетон араласпасының физика – химиялық процестердің арқасында қатуынан пайда болған жасанды тас материалды айтады.
Су сіңіргіштік – материалдың өз бойына су сіңіру, ұстау қасиеті.
Суға төзімділік – материалдың өз қасиеттерін суда сақтау.
Беріктік – материалдың сыртқы күштердің әсерінен күйрету немесе қарсыласу қасиеті.
Қаттылық – материалдың өз бойына өзінен қатты заттың енуіне қарсыласуы.
Қалыпты қоюлық – Цементпен жұмыс істеуге икемді қамыр алу үшін қажет су мөлшері.
Темірбетон – бетон мен болат арматура біріктірілген құрылыс материалы, арматура конструкцияның созылып жатқан аймағында орналасқан әрі созылмалы кернеуді қабылдайды, қысым кернеуі бетонға беріледі.
Арматура – дегеніміз болат стерженьдерді және әртүрлі сымдарды (шеңберлі, профилі периодтық), арқандарды, торларды, каркастарды (жалпақ және көлемдік), темірбетонды конструктивті элементтерінің құрамындағы болатын негізгі бөлікті айтады.
Жұмысшы арматура – ең басты элемент; темірбетон конструкциядағы сыртқы жүк әсерлерден және ішкі кернеулерден пайда болған созу немесе қысу жігерін қабылдаушы арматура.
Белгілеулер мен қысқартулар
СНиП – құрылыс нормасы және ережелері;
мм – миллиметр.
В/Ц – су - цементтік қатынасы.
С% – жұмысшы ерітіндінің концентрациясы;
м – метр;
м3/сағ – метр куб сағатына;
В, L, Н – ені, ұзындық, биіктік;
МеСТ – мемлекеттік Стандарт;
квт – киловат;
кг – киллограм.
МПа – мега паскаль.
т – тонна.
F – аязға төзімділік.
Мкр – ірілік модуль.
кг/м3 – тығыздық өлшемі.
Кіріспе.
Зерттелетін мәселенің өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясының қарқынды дамуы, құрылысқа қажетті негізгі қасиеттері жетілдірілген және техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын кеңінен өндіруді қажет етеді. Тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндірудің негізігі жолдарының бірі, оларды дайындауда жергілікті шикізаттық материалдарды кеңінен қолдану болып табылады. Құрамалы темірбетоннан жасалынған бұйымдар мен конструкциялар негізінен тұрғын үй, азаматтық және өнеркәсіптік құрылыстарда кеңінен қолданылады. Бұл бұйымдар құрылыс өндірісін индустрияландыру бағытындағы ең қолайлы материалдар. Құрама темірбетонды кең көлемде қолдану бір типті өнімдер мен конструкциялар шығарумен қатар өндірісті жартылай автоматтандыруға, механизациялауға мүмкіншілік тудырады.
Құрылысты одан әрі индустрияландыру жергілікті шикізаттық материалдарды қолдана отырып, техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін зауыттарды салуды көздейді.
Еліміздің 2030 жылдарға дейінгі жобаланған әлеуметтік, экономикалық дамудың негізгі бағыттарында көрсетілген, атап айтқанда құрылыстың көлемін төмендетіп, сапасын арттырып, мейлінше аз шикізат жұмсайтын, олардың жалпы салмағын азайту арқылы барлық қасиеттерін жақсартып, құрылыс алаңына көбінше дайындығы жоғары сапалы бұйымдар мен конструкцияларды дайындау қазіргі уақыттың басты міндеті болып отыр.
Құрылыс бұйымдарының негізгі сипаттамалары мен қоршаған ортаның түрлі агрессивті факторларына төзімділігін арттыру, құрылыстың тиімділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі. Белгілі болғандай бетон араласпаларының жылжымалылығын арттыру үшін негізінен қатаю суы қолданылады. Бірақ араласпадағы судың мөлшерінің артуы дайын бетонның механикалық қасиеттерін төмендетіп жібереді. Осы қарама-қайшылықты шешу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Бұл қарама-қайшылықты шешу мақсатында арнайы пластификациялаушы қоспалар қолданылады. Бұл қоспалар бетон араласпасының сусұранысын төмендете отырып, су-цемент қатынасын төмендетуге және бетонның механикалық қасиеттерін арттыруға және өткізгіштік қабілетін төмендетуге мүмкіндік береді.
Зерттеудің мақсаты – жергілікті шикізаттар негізіндегі ауыр бетонның реологиялық және физика-механикалық қасиеттеріне пластификациялаушы қоспалардың әсерін зерттеу және қоспалы бетонның оңтайлы құрамын таңдау.
Зерттеудің негізгі міндеттері:
пластификаторлардың бетон араласпасының жылжымалылығына әсерін зерттеу;
қоспалы бетонның оңтайлы құрамын таңдау;
қоспалардың бетонның физика-механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу;
қоспалардың цементтің физика – механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу.
Бұл дипломдық жұмыста жергілікті шикізаттық материалдар негізіндегі ауыр бетондардың негізгі сипаттамаларына пластификациялаушы қоспалардың әсері зерттеліп, қоспалы бетонның оңтайлы құрамы және өндірістің тиімді технологиялары ұсынылады.
Зауыт азаматтық көп қабатты қырлы жабын плиталарын шығарады. Жылдық өндірістік қуаттылығы 40 000 м3/жылына.