Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANR otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91.68 Кб
Скачать

19. Қр ақша массасының құрылымының және құрамының ерекшеліктері.

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ,, ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы – ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады.

Ақша массасының құрамы сол елдегі несие – ақша жүйесімен анықталады.Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекттің өзіне тән ақша - несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швецария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда- бес, Францияда - екі ақша агрегаттары қолданылады.Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаттары кіреді:

  • М0 - айналыстағы қолма- қол ақша; М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді; М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекіттік займ облигацияларын біріктіреді;

20.Ақша массасын бағалау әдістері

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ,, ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы – ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады. Бұл агрегаттардағыақша массасының мөлшерін бағалау ақша кредит айналымының әртүрлі параметрлерін толығырақ сипаттауға , ақша айналысының даму тендентциясын және олардың экономикаға сәйкесуін бағалауға мүмкіндік береді.

21. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы. Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]