
- •Ақша-несиелік реттеудің түсінігі мен әдістерінің жіктелуі.
- •Ақша массасының түсінігі және құрылымы.
- •3.Ақша базасының құрамы және компоненттері.
- •4.Ақша базасы мен акша массасын реттеу.
- •5. Ақша мультипликаторының мағынасы мен маңызы.
- •6. Ақша базасын сегменттеудің негіздері.
- •7.Ақша-несиелік реттеу - мемлекеттің ақша-несие саясатының бір элементі ретінде.
- •8.Ақша агрегаттарының сипаттамасы.
- •Ақша-несиелік реттеудің пәні, мақсаты мен міндеті.
- •10. Ақша базасына ықпал ететін факторлар
- •11.Ақша агрегаттары туралы түсінік, олардың түрлері.
- •12.Ақша несиелік реттеу әдістерінің түсінігі және оларды классификациялау.
- •13.Ақша-несиелік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •14.Артық резервтік ақшалар және оған сипаттама
- •15. Ақша массасының құрамы және құрылымы, оған ықпал ететін факторлар.
- •16. Инфляциялық таргеттеу тәжірибесі.
- •19. Қр ақша массасының құрылымының және құрамының ерекшеліктері.
- •20.Ақша массасын бағалау әдістері
- •21. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің ерекшеліктері.
- •22. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •23.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық валюта-қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы.
- •25.Артық резервтер және оның қалыптасу ерекшеліктері.
- •26.Міндетті резервтік ақша және оны қалыптастыру тәртібі.
- •27. Ақша-несиелік саясатты болжау.
- •29 Мемлекет тарапынан ақшаны ұсынудың жолдары.
- •30 Ақша айн-мын реттеу әдіс-гі касса айналымын болжау.
- •31 Банкноттар эмиссиясына сипаттама
- •36.Минималды резервтік талаптар және оларды ақша-несиелік реттеу құралы ретінде қолдану.
- •37.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі заң және нормативтік актілерінің ақша-несиелік реттеу жүйесіндегі ролі
- •38.Елдегі инфляциялық таргеттеу тәжірибесі
- •39. Ақша-несие саясаты және оның негізгі бағыттары.
- •41. Ақша-несиелік реттеудегі Орталық банктің ролі.
- •42. Қазақстан банктерінің минималды резервтік талаптарды орындауын талдау
- •46.Қазақстан Республикасының 2013 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары көрсету
- •47.Инфляцияның әлеуметтік салдарын анықтау
- •48.Қазақстан Республикасындағы эмиссиялық операцияларды ұйымдастыру принциптеріне сипаттама беру
- •50. Қазақстандағы ақша агрегаттарының ерекшеліктері талдау
- •51. Дамыған елдердегі ақша-несиелік реттеудің негізгі әдістері мен құралдарына сипаттама беру
- •52. Мемлекет экономикасын ақша-несиелік реттеудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын анықтау
- •53. Дамыған елдердің ақша-несиелік реттеу тәжірибесіне сипаттама беру
- •54. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бөлімшелеріндегі резервтік қорды ұйымдастыру тәртібін көрсету
- •55. Банктердің операциялық кассаларына қолма-қол ақшалардың түсуін ұйымдастыруға сипаттама беру
- •57.Мемлекеттің орталық банкі және оның экономиканы ақша-несиелік реттеудегі ролін анықтау
- •Инфляция әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде
- •59. Артық резервтер ақшаның комммерциялық банктер үшін маңызын анықтау
- •60. Ақша базасының құрамын депозит арқылы түрлендірудің маңызын талдау
14.Артық резервтік ақшалар және оған сипаттама
Артық резервтер дегеніміз банктердің Ұлттық банкіндегі корреспонденток шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденток шоттардағы қаражаттарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденток шоттардағы қаражаттарының көлемін, яғни банктердің өнімділігін реттеу арқылы реттейді.Oл ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді. Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады. Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері аен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады. Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады. Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген “ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы ” нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын.Қазіргі уақытта ол төменлеп,10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы,яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге,яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
15. Ақша массасының құрамы және құрылымы, оған ықпал ететін факторлар.
Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ,, ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу – есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасының құрамы елдегі экономикалық инфрақұрылымдарының даму дәрежесімен және банктер жүйесінің сонымен бірге банктік емес несиелік мекемелерінің түрлерінің қалыптасу заңдылықтарымен анықталады.
Ақша массасының құрылымына келесі ақша агрегаттары кіреді:
• М0 - айналыстағы қолма- қол ақша;
• М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
• М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
• М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекіттік займ облигацияларын біріктіреді;
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта бола бермейді. Оларға бірден – бір әсер етуші фактор - ақша нарығы құралдары дамуының өзгеруі.
Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінің алдындағы барлық элементтерін өзіне біріктіріп ақша масассын құрайды. Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болды, ол ақша жиынының ЖІӨ-ге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлар деңгейі жоғарылайды.Қазақстан Респуликасында ақша массасы Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамының айналыстағы қолма-қол ақша және резидент заңды тұлғалар мен үй шаруашылығы депозиттері жатады.