Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ANR otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
91.68 Кб
Скачать

11.Ақша агрегаттары туралы түсінік, олардың түрлері.

Белгілі-бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады.

М1 ақша агрегаты айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес заңды тұлғалардың және халықтың теңгедегі аударылатын депозиттерінің жиынтығы ретінде есептеледі.

М2 ақша агрегаты М1 ақша агрегаты және теңгедегі басқа депозиттер, банктік емес заңды тұлғалардың және халықтың шетел валютасындағы аударылатын депозиттеріне тең.

М3 ақша агрегаты Ұлттық Банктің және банктер баланстарының шоттарын шоғырландыру негізінде айқындалады. Ол айналыстағы қолма-қол ақшадан және заңды тұлға-резиденттер мен жеке тұлға-резиденттердің ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа депозиттерінен тұрады.

Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінің алдындағы барлық элементтерін өзіне біріктіріп ақша масассын құрайды. Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болды, ол ақша жиынының ЖІӨ-ге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлар деңгейі жоғарылайды.

12.Ақша несиелік реттеу әдістерінің түсінігі және оларды классификациялау.

АНР саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныспен ұсыныс арасындағы тепе теңдікті инфляцияны мақсатты макро экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін деңгейде ұстап тұру болады. АНС-ын жүргізуде эко-ны ретттеудің тікелей және жанама әдістері қолданылады. Тікелей әдіс дегеніміз- Орт Банктің өзінің іс-әрекеттерін әкімшілік-құқықтық өкілеттігімен орындау. Ал жанама әдіс д/з-ақша нарығының жағдайына ақшаның эмитенті ретінде әсер етуі болып табылады. Тікелей әдістер тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнатуда көрінсе, ал жанама әдіс нарық арқылы сәраныс пен ұсынысқа әсер етуі. Жанама әдістерді қолдану ақша қаражаттарынның қаржа-несие институтарынан қарыз капиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орт.банк жанама әдістерді қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады. сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып, банктердің өтімді қаражаттарына ықпал етеді. ҚҰралдары: Рестрикциялық (қымбат) ақша саясаты – ком-лық банктердің несиелік операциялардың көлемін шектеуге және шарттарын қатаңдатуға пайыздық қойылым деңгейін жоғарлатыуға бағытталған. Оны жүргізу әдетте салықтарды ұлғайтуға мем-тік шығындарды қысқартуға, сондай-ақ инф-ны төмендетуге бағыталған іс-шаралар жиынтығы. Рестрикциялық ақша несие саясаты инф-мен күресу мақсатында емес, іскерлік белсенділіктің циклдық өзгерісіне әсер ету үшін қолданады. Ал экспанциялық ақша несие саясаты – несие көлемін ұлғайтуға айналымдағы ақша массасының өсімін бақылауды жеңілдетуге, несиеге қойылатын пайыздық қойылымдарды төмендетуге бағытталады, немес бұл әдіс арзан ақаша саясаты депте аталады.

13.Ақша-несиелік реттеудің объектілері мен субъектілері.

А.н-к реттеудің субъектілері болып келесілер жатады:1.ҚР ҰБ; 2.2-ші деңгейлі банктер;3.қаржы министрлігі; 4.қазынашылық; 5.арнайы ұйымдастырған қаржы сигменнтері мен ақша нарықтары. А.н-к реттудің объектілеріның құрамына кіретіндер:1.ақша айналымы 2.ақша массасы 3.ақша базасы. Макроэкономикалық реттеуші институционалдық құрылымдар(ҰБ,қаржы министрлігі, заң органдары,және т.б.).Белгілі бір индикаторлар арқылы(қайта қаржыландыру ставкасы,қайта есептеу ставкасы,валюталық интервенция,міндетті резервтер нормасы және базалық пайыздық ставка).Реттелінуші объектілерге (ақша массасы,ақша агрегаттары,2-ші деңгейлі банктердің өтімділігі,ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс,ақша базасы,алтын валюта резерві) ықпал жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]