
- •Ақша-несиелік реттеудің түсінігі мен әдістерінің жіктелуі.
- •Ақша массасының түсінігі және құрылымы.
- •3.Ақша базасының құрамы және компоненттері.
- •4.Ақша базасы мен акша массасын реттеу.
- •5. Ақша мультипликаторының мағынасы мен маңызы.
- •6. Ақша базасын сегменттеудің негіздері.
- •7.Ақша-несиелік реттеу - мемлекеттің ақша-несие саясатының бір элементі ретінде.
- •8.Ақша агрегаттарының сипаттамасы.
- •Ақша-несиелік реттеудің пәні, мақсаты мен міндеті.
- •10. Ақша базасына ықпал ететін факторлар
- •11.Ақша агрегаттары туралы түсінік, олардың түрлері.
- •12.Ақша несиелік реттеу әдістерінің түсінігі және оларды классификациялау.
- •13.Ақша-несиелік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •14.Артық резервтік ақшалар және оған сипаттама
- •15. Ақша массасының құрамы және құрылымы, оған ықпал ететін факторлар.
- •16. Инфляциялық таргеттеу тәжірибесі.
- •19. Қр ақша массасының құрылымының және құрамының ерекшеліктері.
- •20.Ақша массасын бағалау әдістері
- •21. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің ерекшеліктері.
- •22. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •23.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық валюта-қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы.
- •25.Артық резервтер және оның қалыптасу ерекшеліктері.
- •26.Міндетті резервтік ақша және оны қалыптастыру тәртібі.
- •27. Ақша-несиелік саясатты болжау.
- •29 Мемлекет тарапынан ақшаны ұсынудың жолдары.
- •30 Ақша айн-мын реттеу әдіс-гі касса айналымын болжау.
- •31 Банкноттар эмиссиясына сипаттама
- •36.Минималды резервтік талаптар және оларды ақша-несиелік реттеу құралы ретінде қолдану.
- •37.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі заң және нормативтік актілерінің ақша-несиелік реттеу жүйесіндегі ролі
- •38.Елдегі инфляциялық таргеттеу тәжірибесі
- •39. Ақша-несие саясаты және оның негізгі бағыттары.
- •41. Ақша-несиелік реттеудегі Орталық банктің ролі.
- •42. Қазақстан банктерінің минималды резервтік талаптарды орындауын талдау
- •46.Қазақстан Республикасының 2013 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары көрсету
- •47.Инфляцияның әлеуметтік салдарын анықтау
- •48.Қазақстан Республикасындағы эмиссиялық операцияларды ұйымдастыру принциптеріне сипаттама беру
- •50. Қазақстандағы ақша агрегаттарының ерекшеліктері талдау
- •51. Дамыған елдердегі ақша-несиелік реттеудің негізгі әдістері мен құралдарына сипаттама беру
- •52. Мемлекет экономикасын ақша-несиелік реттеудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын анықтау
- •53. Дамыған елдердің ақша-несиелік реттеу тәжірибесіне сипаттама беру
- •54. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бөлімшелеріндегі резервтік қорды ұйымдастыру тәртібін көрсету
- •55. Банктердің операциялық кассаларына қолма-қол ақшалардың түсуін ұйымдастыруға сипаттама беру
- •57.Мемлекеттің орталық банкі және оның экономиканы ақша-несиелік реттеудегі ролін анықтау
- •Инфляция әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде
- •59. Артық резервтер ақшаның комммерциялық банктер үшін маңызын анықтау
- •60. Ақша базасының құрамын депозит арқылы түрлендірудің маңызын талдау
46.Қазақстан Республикасының 2013 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары көрсету
Қазақстан Республикасының 2013 жылы негізгі бағыты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастыратын болады, бұл Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының қарастырылып отырған кез келген сценарийін жүзеге асыраған кезде жылдық инфляцияны 6,0-8,0% дәлізінде ұстап тұруды болжайды. Тиісінше, өтімділікті реттеу құралдарын таңдап алу әр сценарийге байланысты: бірінші сценарий шеңберінде ұсыну бойынша, сол сияқты алу бойынша, екінші сценарий шеңберінде басым түрде өтімділікті беру бойынша және үшінші сценарий шеңберінде басым түрде алу бойынша.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін шеше отырып ақша-кредит саясаты бір уақытта қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Осы міндетті іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйелік сипаты бар тәуекелдерді талдау мен азайту, сондай-ақ төрелік соттың туындау мүмкіндігін төмендету мақсатында ақша және валюта нарығының әртүрлі сегменттерінде банктер жүргізетін операцияларды тұрақты негізде талдайтын болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының қандай да бір шараларын қолдануды бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеу шеңберінде болатын интеграциялық процесстерді ескере отырып жүзеге асыратын болады.
Әлемдегі нарықта байқалатын құбылмалылық және әлемдік экономиканың ірі орталықтарының дамуындағы экономикалық үрдістер аясында Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау мәселесі аса маңызды болып табылады. Осы міндеттерді шешуде БЭК және ЕурАЗЭҚ шеңберінде интеграциялық процестердің дамуы және күшеюі белгілі бір оң рөлді атқаратын болады. 2013 жылы өңірлік мемлекеттердің макроэкономикалық, ақша-кредит және валюта саясатын үйлестіру жөнінде жұмыс жалғастыратын болады.
Сыртқы нарықтардағы ахуалдың даму тұрақсыздығының сақталуына қарай, сондай-ақ жүргізілетін ақша-кредит саясатының қысқа мерзімді сипатын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын 2013 жылға ғана әзірлеу туралы шешім қабылданды.
47.Инфляцияның әлеуметтік салдарын анықтау
Инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұраныстың артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі. Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауына тырысады. Ақшаның құнсыздануы халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге әкеп соқтырады. Инфляциядан өндірісте зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көретілуіне байланысты еңбекке деген ынтада бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі. Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта мехинизмі бүлінеді, елде әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Инфляция халықаралық қатынастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, экономикалық қылмыстар мен астыртын экономиканын дамуын жеделдетеді.Инфляцияның әлеуметтік зардаптары:
Елдің ұлттық табысы мен байлығы қоғамның әр түрлі топтарының арасында қайта бөліске түседі.
Инфляцияның жоғары қорқынмен өсуі ұзақ мерзімге жоспар жасауды қиын жолға қояды, кәсіпкерлердің тәуекелін өсіреді.
Қоғамның саяси тұрақтылығы бұзылады, әлеуметтік шиеленісті күшейте түседі.
Ұлттық тауарлардың бәсеке қабілеттілігі төмендейді, экспорт азаяды, жұмыссыздық өседі.
Шетелдің тұрақты валютасына сұраныс өседі, ол капиталдың шет елге ауысуына әкеледі.