
- •Ақша-несиелік реттеудің түсінігі мен әдістерінің жіктелуі.
- •Ақша массасының түсінігі және құрылымы.
- •3.Ақша базасының құрамы және компоненттері.
- •4.Ақша базасы мен акша массасын реттеу.
- •5. Ақша мультипликаторының мағынасы мен маңызы.
- •6. Ақша базасын сегменттеудің негіздері.
- •7.Ақша-несиелік реттеу - мемлекеттің ақша-несие саясатының бір элементі ретінде.
- •8.Ақша агрегаттарының сипаттамасы.
- •Ақша-несиелік реттеудің пәні, мақсаты мен міндеті.
- •10. Ақша базасына ықпал ететін факторлар
- •11.Ақша агрегаттары туралы түсінік, олардың түрлері.
- •12.Ақша несиелік реттеу әдістерінің түсінігі және оларды классификациялау.
- •13.Ақша-несиелік реттеудің объектілері мен субъектілері.
- •14.Артық резервтік ақшалар және оған сипаттама
- •15. Ақша массасының құрамы және құрылымы, оған ықпал ететін факторлар.
- •16. Инфляциялық таргеттеу тәжірибесі.
- •19. Қр ақша массасының құрылымының және құрамының ерекшеліктері.
- •20.Ақша массасын бағалау әдістері
- •21. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің ерекшеліктері.
- •22. Экономиканы ақша-несиелік реттеудің әдістері мен құралдары.
- •23.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің халықаралық валюта-қаржылық ұйымдармен ынтымақтастығы.
- •25.Артық резервтер және оның қалыптасу ерекшеліктері.
- •26.Міндетті резервтік ақша және оны қалыптастыру тәртібі.
- •27. Ақша-несиелік саясатты болжау.
- •29 Мемлекет тарапынан ақшаны ұсынудың жолдары.
- •30 Ақша айн-мын реттеу әдіс-гі касса айналымын болжау.
- •31 Банкноттар эмиссиясына сипаттама
- •36.Минималды резервтік талаптар және оларды ақша-несиелік реттеу құралы ретінде қолдану.
- •37.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі заң және нормативтік актілерінің ақша-несиелік реттеу жүйесіндегі ролі
- •38.Елдегі инфляциялық таргеттеу тәжірибесі
- •39. Ақша-несие саясаты және оның негізгі бағыттары.
- •41. Ақша-несиелік реттеудегі Орталық банктің ролі.
- •42. Қазақстан банктерінің минималды резервтік талаптарды орындауын талдау
- •46.Қазақстан Республикасының 2013 жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары көрсету
- •47.Инфляцияның әлеуметтік салдарын анықтау
- •48.Қазақстан Республикасындағы эмиссиялық операцияларды ұйымдастыру принциптеріне сипаттама беру
- •50. Қазақстандағы ақша агрегаттарының ерекшеліктері талдау
- •51. Дамыған елдердегі ақша-несиелік реттеудің негізгі әдістері мен құралдарына сипаттама беру
- •52. Мемлекет экономикасын ақша-несиелік реттеудің негізгі міндеттері мен мақсаттарын анықтау
- •53. Дамыған елдердің ақша-несиелік реттеу тәжірибесіне сипаттама беру
- •54. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бөлімшелеріндегі резервтік қорды ұйымдастыру тәртібін көрсету
- •55. Банктердің операциялық кассаларына қолма-қол ақшалардың түсуін ұйымдастыруға сипаттама беру
- •57.Мемлекеттің орталық банкі және оның экономиканы ақша-несиелік реттеудегі ролін анықтау
- •Инфляция әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде
- •59. Артық резервтер ақшаның комммерциялық банктер үшін маңызын анықтау
- •60. Ақша базасының құрамын депозит арқылы түрлендірудің маңызын талдау
36.Минималды резервтік талаптар және оларды ақша-несиелік реттеу құралы ретінде қолдану.
Ұлттық Банктің ақша несиелік реттеу құралдарының негізгілері,инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін қысқа мерзімді ноталар шығару, банктердің депозиттерін тарту, ашық рынок операцияларын жүргізу, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізеді. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау максатында Ұлттың банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады. Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi. Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын, ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi. Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк мерзiмде қайтарады. Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар – бұл барлық несие мекемелерінде болуы қажет өте ликвидті активтер болып табылады, әрине міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде, немесе орталық банкіде депозит түрінде, немесе орталық банкі белгілейтін жоғары ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік талаптардың нормативі өз алдына заңдық ретте минималды резервтер сомасының пассивті (депозиттердің) немесе активті (несиелік салымдардың) операциялардың абсолютті (көлемді) немесе салыстырмалы (өсімше) көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын көрсетеді. Нормативтерді қолдану тоталды (барлық міндеттемелер мен ссудалардың сомасына белгілеу) және селективті (олардың белгілі бір бөлігіне) ықпал ету сипаттамалары бар. Минималды резервтер екі негізгі қызметті орындайды.
Біріншіден, олар ликвидті резервтер ретінде коммерциялық банкілер клиенттерінің депозиттері бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етеді. Орталық банк резервтік талаптар нормасының мерзімді өзгеруімен коммерциялық банкілердің ликвидті дәрежесін экономикалық жағдайға байланысты минималды мүмкін деңгейде сақтайды.Екіншіден, минималды резервтер орталық банкінің елдегі ақша массасының көлемін реттеу үшін қолданатын құралы болып табылады. Орталық банк резервтік қаражаттар нормативінің өзгеруі арқылы коммерциялық банкілердің активті операциялар мөлшерін (негізінен олардың беретін несие көлемін) ретейді, сол арқылы олардың депозиттік эмиссиясының жасалуын да реттейді. Несиелік институттар орталық банкіде өздерінің резервтік талаптары белгіленген нормативтен асатын болса ссудалық операцияларды кеңейте алады. Айналыстағы ақша массасы (қолма-қол және қолма-қолсыз) қажетті тұтынуды асып кететін болса, орталық банк ақша аудару нормативін көбейту жолымен несиелік рестрикция саясатын жүргізеді, яғни орталық банкіде қаражаттарды резервтеу пайызын көбейту. Сөйтіп ол банктердің активті операцияларының көлемін азайтуға мәжбүрлейді.
Резервтік талаптар нормасының өзгеруі несиелік мекемелердің рентабельділігіне әсер етеді. Өйткені, резервтік талаптардың өсуі пайданы толық ала алмауға әкеп соқтырады. Сондықтан, көптеген батыс экономисттернің пікірі бойынша бұл әдіс өте тиімді антиинфляциялық құралғы болып табылады. Ақша резервтерінің нормасының төмендеуі ақша мультипликаторының өсуіне әкеледі, демек ақша массасының өсуіне де әкеледі. Егер орталық банк резервтік талаптар нормасын өсірсе, онда бұл банкілердің артық резервтерінің азайюына және ақша ұсынысының мультипликациялық азайюына әкеледі.