Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инв шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.52 Mб
Скачать

76. Қазақстанның инновациялық даму үрдісіндегі инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары

ҚР президентінің жарлығымен бекітілген ҚР-нің индустриалды – инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының маңызды міндеттернің бірі мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды іске асыру, инвест белсенділікті реттеу мен ынталадыру б.т. бұл индустриалды-инновациялық дамудың қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарауды және белгілі бір дәрежеде қайта құруды қажет етеді. Стратегияда қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін олардың шеңберінде стратегияны одан әрі жүзеге асыруды күтілетін жаңа экономикалық шарттарды ескере отырып, оны іске асыру тетіктерін сапалық жағынан жаңадан толықтыру және экономиканың одан әрі жаңғырту эәономиканың барлық салалары мен капиталды қарқынды дамыту бойынша мемлекеттің кешенді күшін айқындау талап етіледі. Сонымен қатар, мемлекеттік даму институттары атап айтқанда Қазақстан Даму Банкі, ҚИҚ, Ұлттық инновациялық қор, шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы және т.б.АҚ қазметін нығайту қажет. Қазақстанның инвестициялық саясатына негізделген бұл бағдарлама ҚР-да инновацияны дамытудың алғышарты б.т.ҚР инвест саясаты – инвест қызметті жандандыру, экономиканы көтеру, өндірістің тиімділігн көтеру, әлеум мәселені шешу, басқа да әр түрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы. Біздің мемлекетіміздегі инвестициялық саясаттың бағыттары келесідей:

  • Халық қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірісті оңтайландыру

  • Қоршаған ортаға зиян келтірмеу жағдайында табиғи ресурстарды аз мөлшерде пайдалану

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеті 30 елдің қатарын ену үшін жаңа инвест толқынның берері мол. Қазіргі уақытта Қазақстан шетел инвестициясының адам басына шаққандағы түсімі бойынша ТМД елдері арасында алдыңғы орынды иемденіп отыр. Экономикалық үрдістерді басқарудың принциптерінің жаңа жүйесі Қазақстанның инвест саясатының үлкен басымдылықтарға ие екенін көрсетеді.

  1. Инновациялық кәсіпорынның бағалы қағаздар портфелінің қалыптасуы.

Бағалы қағаздар нарығы қаржылық жүйенің ажырамас бөлігі. акционерлік капиталды және борыштық БҚ қолаулы аумаққа қайта орналастыруды жүргізеді, инвестиция өтімділігін және бәсекелестік қабілетін көтереді, капиталды тиімді орналастыру білімді инвесторды қажет етеді. Ол есеп айыратын аумақта табыстың түсу және түспеу тәуекелін баланстайды. Бір жағынан меншәік иесі дәл уақытында қажетті шешім қабылдау үшін әрқашан өз кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасап отыруы керек. К/о акцияларын шығару және сату, сонымен бірге БҚ нарығының басқа да қаржылық құралдарын сатыпа алу жолымен жүзеге асырылатын қаржылық инвестиция, инвестициялаудың ерекше формасы б.т.бірінші реттегі шағарылған акциялардан алынған қаражаттар жарғылық капиталдың қалыптасуына бағытталады, қосымша шығарылған акциялармен артықшылықты акцияларды сатудан алынған қаражаттар меншікті капиталды арттыру мен қызметті кеңейтуге бағытталады. Корпоративті облигацияларды сатудан алынған қаражаттар өндірістік қызметті қаржыландыру мен басқа эмитенттердің жоғары табасты БҚ сатып алуға бағытталады. Қосымша табыс көзі мемлекеттік бағалы қағаз б.т. инвестициялық белсенділікті жоғары деңгейге көтеру БҚН даму деңгейіне тәуелді. Дамыған мемлекеттерде БҚН халық жинағын нығайтады және қаржылық секторды тартады. Біздің экономикаға инвестициялаудың ішкі көздерінің әлуеті жеткілікті дәрежеде. Инвест үдерістің бұл кезеңі БҚ портфелін қалыптастыру кезеңі б.т. соған байл инвесторлар іріктеу проблемаларымен қақтығысады, бұл іріктеме микроболжамдар д.а. инвст портфель – инвестициялық объектілерге анықталған инвест стратегияға сай мақсатты құрылған салымдар жиынтығы. Протфельдің инвест мәні бөлек алынған объектінің ұстанымдарының қол жетімсіздігі, ал олардың үйлесуі кезінде ғана мүмкін болатын инвест қасиеттері, инвестициялау объектілерінің жиынтығын құру арқылы инвестициялау мүмкіндіктерінің жақсаруында б.т. осыған шаққанда инвест портфельдің құрылуының негізгі мақсаты аса тиімді және сенімді инвест салымдарды іріктеу жолымен жасалған инвест саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету ретінде құрылуы мүмкін. Инвест портфельдің құрылуының берілген мақсаттары маңызды дәрежеде баламалы б.т. осылау капиталдың нарықтық құнының өсімі инвест портфельдің ағымды табысының белгілі бір төмендеуімен байл. Капиталдың құнының өсімі және табыстың жоғарлауы инвест тәуекелдердің жоғарлауына алып келеді. Қажетті өтімділікке жету міндеті инвест портфельге капитал құнының өсуін және жоғары табысты қамт ететін, бірақ төмен өтімділікпен сипатталатын объектілерді қосуға бөгет жасауы мүмкін. Инвестор инвест портфельді құрған кезде олардың басымдылықтарын анықтайды немесе жасалған инвест саясаттың бағытталуынан шыққанды бөлек мақсаттардың тең болғанын көздейді.

  1. ҚР- да ЕДБ -дің инвестициялық жобаларды несиелеу ерекшеліктері

ҚР ЕДБ қаржы нарығындағы қаржылық ресурстар ең көп шоғырланған институттар б.т. Сондықтан да ЕДБ инвест жобаны несиелеуге қаржыландыруға жиі қатысатын институт. ҚР ЕДБ банктік несие ресурстарын шоғырландырудың негізі. Ол үшін ЕДБ арнайы жобалық несие беріледі. Жобалық несие – инвест жобаның бизнес жоспары және сенімді кепілдемесі негізінде инвест жобаларды жүзеге асыру мақсатында берілетін несие. Инвест жобаларды несиелеуді ұйымдасытру отандық банктік тәжірибеде белгеле бір кезеңдермен анықталады: 1. Жобалық несиеге деген өтінішті қарастыру және талдау – жобаны несиелеуге байл несие берушіге берген жобаны іске асырушы құрылтайшы фирмалардың ком өтініші талданады. Бұл құжатты несиені алушы несиенің көлемі, мөлшері, пайдалану мерзімі, жұмсалу мақсаты және қамтамасыз ету сипатын көрсетеді. Жобалық несиелеуді жүзеге асыру тарапынан несиелік өтінішпен бірге құрылтайшылық құжаттар, сондай ақ бұл кезеңде қарыз алушы туралы ақпараттар, оның ішінде несие таризы туралы ақпарат және бұрынғы алған несиелерді пайдалану жағдайы және банктің алдында ссудалық қарызы туралы ақпарат, кепілге беретін мүікті куәландыратын құжаттар және несиені қайтаруға байл қарыз алушының мерзімдік міндеттемесі жинақталады. 2. Қарыз алушының несиелі қабілетін бағалау – жоблық несиелеуді ұйымдастыруда шешуші кезеңді сипаттайды. Себеі бұл кезеңде инвестицияны пайдаланушының ком несиелік қабілеті анықталады. Несиелік қабілетті анықтауды келесі факторлар ескерілу тиіс: қарыз алушының сипаты, қаражатты қарыз алу қабілеті, ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қаражат таба білу қабілеті не қаржылық мүмкіндігі, қарыз алушының меншік капиталының болуы, несиені қамтамасыз ету деңгейі. 3. Жобалық несиелеудің қатысушылары арасында келісімшарт жасау – бұл кезеңде несиелік қабілетті бағалаған соң қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын анықтау барысында қарыз алушы мен қарыз беруші арасында арнайы келісімшарт жасалады. Бұл келісімшарт несиелік келісімшарт д.а. бұл құжатта келісімшартқа қатысушының міндеттемелері және жауапкершілігі, сонымен қатар несиелеу мақсаты, объектілері, мөлшері, мерзімі, қайтару шарттары, қамтамасыз ету формалары, несие үшін төленетін процент мөлшері, несие қозғалысының және қарыз алушының қаржылық жағдайын бақылау үшін пайдаланылатын құжаттар тізімі көрсетіледі. 4. Жобаны несиелеу – бұл кезең несие беру кезеңін сипаттайды бұл кезеңде ссудалық шот формасында ссуда беруді рәсімдец тәртібі, ссуда тәсілдерін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және оның техникалық шарттары не несиелеу тетігі анықталады. 5. Жобалық несиелеуге бақылау жасау – несиені қайтарау және оған процент төлеу барысында бақылау жасау кезеңі. Мұнда несие беруші банкте жасалған қайтару кестесі бойынша несиенің өз уақытында қайтарылып отыруына сондай ақ оның көзделген мақсатықа пайдалануына бақылау жасалады. Бақылау барысында несиелеу шарты бұзылған фактілер анықталған жағдайда әрі қарай несиелеу үдерісі тоөтатылып, банк тарапынан тиісті шаралар қолданылады.

  1. ҚР-да ипотекалық несиелеу инвестицияның ұзақ мерзімді несиелеу әдісі ретіндегі мәселелері

Ипотекалық кредит беру - тұрғын үй саласына инвестициялар тартудың ең тиiмдi тәсiлдерiнiң бiрi. Дәл осы ипотека халықтың - тұрғын үй жағдайларын жақсарту, банктердiң - тиiмдi және пайдалы жұмыс iстеу, құрылыс кешенiнiң - өндiрiстi ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа ипотекалық кредит берудi кең қолдануға жәрдемдесетiн экономикалық өсуге ынталы мемлекеттiң мүдделерiн үйлестiруге мүмкiндiк бередi.

Азаматтарға ипотекалық кредиттер берудi екiншi деңгейдегi банктер 1998 жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық кредиттер бойынша сыйақының бастапқы ставкасы жылына 20%, бастапқы жарна мөлшерi 40-50%-ке жуықты құрады, кредит 5-10 жылдан аспайтын мерзiмге берiлдi.

Елдегi ипотекалық кредит берудiң дамуымен ипотекалық кредит берудiң негiзгi өлшемдерi азаю жағына қарай өзгерiстерге ұшырады. Мәселен, 2003 жылдан бастап екiншi деңгейдегi банктердегi сыйақы ставкалары жылына шамамен 12-15%-тi құрайды, бастапқы жарна мөлшерi жылына 15-20%-ке дейiн төмендедi, кредит беру мерзiмi орта есеппен 10-15 жылды құрады.

Алайда, ипотекалық кредит беру жүйесiнiң осындай дамуы кезiнiң өзiнде қызметтер көрсетудiң бұл түрi Қазақстан Республикасы азаматтарының аз санатына ғана қолжетiмдi болды. Негiзгi себептердiң бiрi халықта сыйақы төлеу мен бастапқы жарна үшiн жеткiлiктi қаражаттың жоқтығы болып табылады. Осыған байланысты "Қазақстандық ипотекалық компания" ЖАҚ (бұдан әрi - ҚИК) құрылды. Қазiргi кезде ҚИК-тiң жарғылық капиталы 2,5 млрд. теңгенi құрайды.

Екiншi деңгейдегi банктердiң ипотекалық кредиттер беру көлемiн ұлғайту үшiн ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алу жолымен екiншi деңгейдегi банктердi қайта қаржыландыру ҚИК қызметiнiң мақсаты болып табылады.

ҚИК инфляцияның, инвесторлар маржаларының, ҚИК маржаларының, сақтандыру резервтерi мен эмиссияға жұмсалатын шығыстардың деңгейiне байланысты болатын котталған ставка бойынша талап ету құқығын сатып алады. Қызметтiң барлық кезеңiнде ҚИК-тiң котталған ставкасы азаю жағына қарай өзгерiске ұшырады. Мәселен, 2002 жылы котталған ставка 14%-тi құраса, қазiргi кезде ол 9,6%-тi құрайды.

ҚИК-тiң қатысуымен ипотекалық кредит беру жүйесiнде 8 банк және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын 2 ұйым жұмыс iстейдi. ҚИК-тiң бағдарламасы бойынша ипотекалық кредиттер беру жөнiндегi өз қызметiн жүзеге асыратын "Каспий", "Астана-Қаржы" банкi, "ЦентрКредит" банкi, "АСҚ", "БТА-Ипотека" банкi, Нұрбанк, Қазақстанның Наурыз Банкi, ТехакаБанк, Альянс Банкi, Цеснабанк сияқты екiншi деңгейдегi банктер мен қаржы ұйымдары ҚИК-тiң серiктестерi болып табылады. Бұдан басқа, екiншi деңгейдегi банктердiң бiрқатары тұрғын үй құрылысына ипотекалық кредит берудi дербес жүзеге асырады.

2001 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ҚИК екiншi деңгейдегi банктерден 10 млрд. теңгеден астам сомаға ипотекалық кредиттер бойынша талап ету құқықтарын сатып алды.

Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi айтарлықтай рөл атқаратынын атап өткен жөн. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық кредиттердi сақтандырушы ұйымдар арасындағы кредит бойынша кредиттiк тәуекелдердi бөлу жолымен ипотекалық кредиттерге қолжетiмдiлiктi арттыру үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Осыған байланысты Қазақстанда 2003 жылы Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры (бұдан әрi - ҚИКБҚ құрылды. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру жүйесiн құру Қазақстанға ипотекалық кредиттер рыногын оңтайландыруға және кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесi бүкiл кредиттiң мерзiмi iшiнде кредиттiк тәуекелдердiң 50%-iн ҚИКБҚ-тың жабуын көздейдi. Қазiргi кезде қордың жарғылық капиталы 500 млн. теңгенi құрайды.

  1. ҚР –да лизингтік несиелеу-инвестицяны орта мерзімді несиелеу әдісі ретіндегі мәселелері

Лизинг – біздің еліміз үшін инвестицияны қаржыландыру түрі болып табылады. Ол ұйымдарға өндірісті қайта құруға көмектеседі. Банк несиелік портфельдің жоғары өтімділік деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Лизингтік қызмет нарығы лизинг формаларының көп түрілілігінен лизингтік келісімшарттар мен лизингтік операцияларды реттейтін заң формаларының модельдерімен сипатталады. Лизингтік операция қызметтің экономикалық формасы ретінде өзіне несиенің, жалға берудің және инвестицияның элементтерін жатқызады. Лизингтің кеңінен таралуына басты себебі – басқа қаржыландыру формаларына қарағанда бірқатар артықшылықтарының болуымен сипатталады:

  • Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ к/о несиедеуге болады

  • Лизинг 100 процентке дейін несиелеуді ұсынады, яғни к/о-ға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай ақ жаңа құрал жабыдқты пайдалана отырып өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді

  • к/о-ға мүлікті несиеге алғаннан көрі лизинг бойынша алған қолайлы, себебі ол мүлік кепіл ретінде болады

  • құрал-жабдықтар лизинг берушінің меншігінде болғандықтан өнімнің өзіндік құынна лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді, лизинг алушы салық жеңілдігін алады

Кемшіліктері:

  • несие берушіің көз қарасымен қарағанда, лизингтік несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай қадағалау болмайды.

  • Жалға алушы құрал жабдықтың ұалдық құнының жоғарлауынмн ештеңе ұтпайды

  • Лизингтік мәміленің ұйымдастырудың күрделілігі

  • Лизинг құнының несиеге қарағанда жоғарлығы

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктерін жай ғана атап шығу оның тиімді инвестициялық форма екендеге дәлелдейді.