Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инв шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.02.2020
Размер:
7.52 Mб
Скачать

69.Инвестициялық жобалау кезеңінде ақша ағынын модельдеудің мәні

Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік  циклі бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз» шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.

Ақша ағынын модельдеу  дегеніміз – жоба бойынша әр түрлі уақыттағы табыс пен шығынды өзара салыстыру. Сонымен қатар, инвестициялық жобаны жүзге асыру мерзімінде кәсіпорынынң өндірістік, инвестициялық, қаржылық қызметтері бойынша ақшаның түсуі мен кетуін сипаттайды. Сондай-ақ, инвестициялық жобаны іске асыру ақша ағынын қарастырумен байланысты.

Ақша ағынын модельдеу  есеп беру кезеңіндегі ақша ағынынның  барлық түсімдері мен шығындарын есепке ала отырып, модельді құрастыру  негізінде жүзеге асырылады.

Ақша ағындарының көрсеткіштері  бойынша инвестициялар тиімділігін бағалау әдістері жобаның бүкіл өмірлік циклін ечепке алады. Инвестициялық жобаның ақша ағыны – бұл барлық есеп айырысу кезеңі үшін анықталатын жобаны жүзеге асырудағы түсімдер мен төлемдердің уақытына тәуелділік болып табылады. Ақша ағындарының мәні әр қадамда келесідей сипатталады:

  • осы қадамда ақша түсімдерінің бірдей өлшемде ағылып келуі (немесе баға көрінісіндегі нәтижелер);

  • осы қадамда бірдей төлемдердің қайтуы;

  • қаржының ағып келуі мен қайтуы арасындағы бірдей айырманың сальдосы (белсенді баланс, әсер). Инвестициялық базада қаржының ағылып келуі мен қайтуы И, ал пайдалануы – Д деп белгіленеді.

Уақыт факторын ескеру жобаның  парметрлер қозғалысын және оның экономикалық ортасын көрсетеді. Сондай-ақ, өндіріс  өндіруі және ресурстардың келуі  олардың төлем арасындағы мерзім айырмашылығын ескереді. Қорытындысында, олардың уақытысының әр түрлі және бірдей еместігі ескеріледі.

Жобаны талдаудың екі  қағидасын біріктіріп қарастырайық. Инфляцияның және тәуекелдің әсерін есепке алу, сондай-ақ жобаны сатуда бірнеше валютаны қолдану инфляцияны болжауда ескеріледі:

  • ішкі нарықтағы теңгенің жалпы индексі;

  • теңгенің валюталық курсын болжау;

  • сыртқы инфляцияны болжау;

  • ресурсқа және өнімге (энергия ресурстары, сатериалдар, құрал-жабдықтар, транспорттық тасымалдар, құрылысмонтаж жұмыстары және т.б.);

  • салық мөлшерлемесін, кедендік баж жиынын, орталық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін болжау.

«Жобамен» және «жобасыз»  салыстыру. Инвестициялық жобаның  тиімділік бағасы «жобаға дейінгі» және «жобадан кейінгі» «жобамен» және «жобасыз» эағдайларда салыстыру жолымен жүзеге асырылуы керек. Бұл кәсіпорын қызметіндегі маңызды микроэкономикалық көрсеткіштерге жобаның қалай әсер еткеніне талдау жасауды көрсетеді (сату көлемі, табысы, актив және меншікті капиталдың рентабельділігі және т.б.).

              Инновациялық жобалардың тиімділігін салыстыру

 

Қызмет түрі

Ақша түсімі

Ақша қаражаттарының түсімі

  • Өндірістік

  • Тауарды сатудан түскен табыс

  • Ғимараттардың амортизациясы

  • Құрал-жабдықтардың амортизация

  • Шикізат материалдарын сатып алу шығындары

  • Еңбекақы

  • Салық

  • Инвестициялық

  • Кәсіпорындардың акцияларын сатудан түскен табыс

  • Несиелік орларды сатып алу шығындары

  • Айналым қорларымен байланысты шығындар

  • Қаржылық

  • Несиені алу

  • Акцияларды сатудан түскен табыс

  • Облигацияларды сатудан түскен табыс

  • Облигация немесе несие бойынша пайыздарды төлеу

  • Облигация немесе несие бойынша пайыздарды өтеу

  • Акция бойынша дивиденд төлеу

70. ҚР-да инновациялық даму үрдісінде инвестициялық жобаларды экономикалық талдау ерекшеліктері

 Индустриалдық-инновациялық дамыған елдерде экономиканы мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Қазақстанның индустриялық–инновациялық бағдарламасы негізінен жалпы экономикалық өсуге бейімделген. Аталмыш бағдарлама мемлекеттің белсенді көмек көрсетуі арқылы жоғарғы қосымша құнды өнім өндіру және шетелге шығару, бәсекелестік қабілеті бар бейтараптандырылған өнеркәсіп құру және ұзақ мерзімдік жағдайда сервистік-технологиялық экономикаға көшудің алғы шарттарын дайындау арқылы тұрақты экономикалық дамуды қалыптастыруды көздейді. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық жедел даму бағдарламасы 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 7 триллион теңгеге дейін жеткізуді көздейді. Экономиканың басты салаларының барлығының тең дамуын қамтамасыз етуге тиіс. Бағдарламаның міндеттері ретінде мыналар қарастырылады: мемлекет пен бизнестің күшін тек экономикалық өрлеулер үшін шоғырландыру, елдегі ресурстардың барлығын басым бағыттарды дамытуға тиімді жұмсау, аса қолайлы инвестициялық және макроэкономикалық орта қалыптастыру, ұлттық экономиканың өнімділігі мен тиімділігін арттыру. ҚР-да инновациялық даму үрдісінде инвестициялық жобаларды қаржылық экономикалық талдау бірқатар ерекшеліктерге ие, соларға тоқталайық. Қаржылық экономикалық талдау кәсіпорынның шаруашылықтағы қызметін талдаудың негізгі бөлігі б.т. қаржылық экономикалық талдауды жүргізк ауқымы келесідей мәселелерді шешуге болады:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы анықталады

  2. Жобаны жүзеге асыру кезінде кәсіпорынның инвестициялық қажеттілігі анықталады

  3. Жобаны жүзеге асыру үшін шешім қабылданады.

Қаржылық экономикалық талдау қаржылық есеп берулер негізінде жүзеге асырылады. Оларды былай көрсетуге болады:

  1. Пайда мен шығындар туралы есеп беру 2.Кәсіпорын балансы

Пайда мен шығын туралы есеп беру бұл құжат инвестиция жұмсауда қаражаттарды бағалауға және ақша түсімдерімен шығындарын баұылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ағымдағы шотқа түсетін ақша қаражаттары есебінен болашақта несие бойынша міндеттемелерді уақытында өтеу қабілетін анықтауға болады. Ал кәсіпорын балансы бұл құжат потенциалды инвесторлар мен кредиторларға маңызды құжат болып табылады. Себебі баланс активтер өсімінің қарқынын және бұл активтердің қайсысы баланс есебінен өскенін анықтауға болады. Сондай-ақ баланс арқылы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын болжауға болады.

Қаржылық-экономикалық талдау әдістері:

  1. Көлденеңінен

  2. Тігінен

  3. Мультипликативті факторлық модельдер әдісі

  4. Факторлық жүйенің ұлғаю әдісі

  5. Салыстыру әдісі

  6. Индекстік әдіс

Көлденеңінен талдау әдісі – динамикалық коэф-тер әдісі деп аталады. Яғни бұл әдіс негізінде кәсіпорын қызметінің экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің һзгеруі процестерін анықтауға болады.

Тігінен талдау процесінде құрылымдық коэф-термен агрегаттық көрсеткіштердің құрылымы анықталады. Агрегаттық көрсеткіштерге жеке көрсеткіштердіңүлесі сипатталады.

Мультипликативті факторлық модельдер әдісі б.ша қарастырылатын көрсеткішті басқа көрсеткіштерге көбейту және бөлу арқылы сондай-ақ одан әрі жаңа көрсеткіштерді алу арқылы құрылуы.

Факторлық жүйенің ұлғаю әдісі – бұл факторлық модельдерді құру әдісі деп те аталады. Бұл әдіс белгілі бір көрсеткішті басқа көрсеткіштер жиынтығы ретінде көрсетеді және 3 кезеңнен тұрады:

  1. Алғашқы көрсеткішті 2 көрсеткіштің қатынасы ретінде көрсету

  2. Ағымдық көрсеткішті бірнеше құрылымдық көрсеткіштердің қосындысы негізінде есептеу

  3. Алынған жеке көрсеткіштердің әрқайсысын басқа көрсеткіштерге бөлу арқылы көрсету

Салыстыру әдісі – кәсіпорынның салада алатын орнын анықтау сондай-ақ нақты кәсіпорындардың ресурстарды қолдану тиімділігін көрсету үшін кәсіпорынның келесідей көрсеткіштерін салыстыру керек:

  1. Сапа бойыншаортақ көрсеткішін

  2. Ең жақын көрсеткішін

  3. Нормативтік көрсеткішін