
- •Инвестиция ұғымы және оның экономикалық мәні
- •Инвестициялық жіктелінуі және түрлері
- •3.Капитал жұмсалымы және оның инвестиция жүйесіндегі орны.
- •4.Инвестициялық қызмет түсінігі
- •5 .Қазақстанның инвестициялық қызметінің заңнамалық қамтамасыз етілуі.
- •Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат және оның факторлары
- •Мемлекеттің инвестициялық саясаты және оның мақсаты мен міндеттері
- •Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
- •Инвестициялық қызметті қаржыландыру жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері
- •Инвестициялық жобаның өмірлік циклы және кезеңдері
- •12.Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
- •13.Инвестициялық жобаның технико-экономикалық қамтамасыз етілуі
- •15 Жобалық талдаудың түрлері
- •16 Жобалық талдаудың қағидалары
- •17 Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары
- •18. Инвестициялық жобалаудың негізгі ережелері
- •Инвестициялық жоба тәуекелдері ұғымы және мәні
- •Қаржылық инвестициялар ұғымы
- •21.Қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуы
- •22.Инвестициялық жобаларды әлеуметтік талдау.
- •23Тікелей шетел инвестициялары, олардың ролі және тарту мақсаттары
- •25. Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау.
- •26. Жобаларды қаржыландыру сызбасы.
- •27.Тікелей инвестицияның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •28.Бизнес-планды жасау және оны құрастырудың кезектігі.
- •29.Инвестиция тартудың заңдық базасы.
- •30. Инвестицияны қаржыландыру көздері
- •31.Инвестицияның экономикалық мазмұны және рөлін сипаттаңыз
- •32.Инвестицияның субъектілері мен объектілерін анықтаңыз
- •1.Масштабы бойынша:
- •34. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің мәнің ашыңыз.
- •35. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін өзін-өзі қаржыландыру әдісін сипаттаңыз.
- •36. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бюджеттік әдісін сипаттаңыз
- •37. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін несиелеу әдісін сипаттаңыз
- •38.Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін акционерлеу әдісін сипаттаңыз.
- •39. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін шетелдік әдісін сипаттаңыз.
- •40. Қазақстан Даму Банкінің қызметі және инвестициялық жобаларды несиелеу ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •41. Инвестициялық жоба тәуекелдерін бағалаудың сандық және сапалық талдау ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •42. Халықаралық инвестициялаудың ерекшелігін сипаттаңыз
- •45. Инвестициялық жоба тәуекелдерін сактандыруды бағалау
- •46. Қазақстан Республикасының даму институттарына сипаттама
- •47.Әлемдік тәжірибеде инвестициялық жоба тиімділігінің көрсеткіштерін cипаттаңыз
- •48.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі таза ағымдық құнға сипаттама беріңіз
- •49.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі ішкі пайда нормасына сипаттама беріңіз
- •50.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі инвестицияның табыстылық индексіне сипаттама беріңіз
- •51.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі инвестициялау мерзіміне сипаттама беріңіз
- •52. Инвестициялық портфельдің табыстылығы мен тәуекелдігі
- •53. Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялық қызметі және қағидаларын сипаттаңыз
- •54.Қазақстанның инновациялық қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз
- •55.Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз.
- •56.Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясының қызметі
- •57. Едб халық пен шаруашылық субъектілерін, инвест жобаларды несиелеуін сипаттаңыз
- •58. Инвестициялық жобаларды институционалдық талдаудың мәнін анықтаңыз
- •59. Инвест жобаларды әлеуметтік талдаудың мәнін анықтаңыз
- •60.Инвестициялық жобаларды қаржылық талдаудың мәнін анықта
- •61.Инвестициялық жобалардың бюджеттік тиімділігі мәнін анықтаңыз
- •62.Инвестициялық жобалардың коммерциялық(қаржылық) тиімділіг мәнін анықтаңыз.
- •64. Инвестициялық жобаларды экологиялық талдаудың мәнін ашыңыз.
- •65. Инвестициялық жобаларды экономикалық талдаудың мәнін ашыңыз.
- •Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметінің қазіргі таңдағы ерекшеліктері
- •Инвестициялық пай қорының инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары
- •68.Жобалық несиелеуді ұйымдастыру және несие алушының несие қабылеттілігі
- •69.Инвестициялық жобалау кезеңінде ақша ағынын модельдеудің мәні
- •71.Инвестицияның макроэкономикадағы рөлі мен маңызы
- •74. Инновациялық даму үрдісінде бағалы қағаздар нарығының мәселелері.
- •75. Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
- •76. Қазақстанның инновациялық даму үрдісіндегі инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары
- •Инновациялық кәсіпорынның бағалы қағаздар портфелінің қалыптасуы.
- •Портфельдік инвестициялау инвестициялық қаржыландырудың ерекше әдісі ретіндегі мәселелері
- •Халықаралық инвестициялауды дамытудағы халықаралық қаржы институттарының рөлі
- •Қазақстан ипотекалық компаниясы және оның даму перспективалары
- •Қр да мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасына сәйкес инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
- •86. Бағалы қағаздар нарығындағы Қазақстанның зейнетақы қорының инвестициялық қызметі: мәселелері және даму болашағы
- •87. Бағалы қағаздар нарығындағы жеке инвестициялау: дамытудың қазіргі жағдайы және болашағы
- •88. Қазақстан экономикасының нақты секторына шетел инвестицияларын тарту мәселелері
- •90. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудағы ақшалай қаражаттарды дисконттау ерекшеліктері
Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметінің қазіргі таңдағы ерекшеліктері
«Ұлттық инновациялық қор» АҚ нақты зерттеуді қажет ету мақсатында құрылған. Қор өз жұмысын 2003 жылдың мамыр айында бастаған.
Инновациялық қор қызметінің мақсаты инновациялық белсенділіктің өсіміне, ҚР-нда жоғары техникалық және ғылымды қажет ететін өндірістің дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Осы мақстақа жету үшін инновациялық қордың қызметтері:
Отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп, венчурлік қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктерін және инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
Коммерциялық тиімділік көзқарасы бойынша әлеуетті перспективалық болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді қаржыландыру;
Инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына бақылаусыз үлестік қатысу жолымен инновацияны енгізуді қаржыландыру;
Инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін құруға қатысу (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар);
«инновациялық технологияларды ауыстыру, қарызға алу және өсіру», оларды коммерцияландыру мен енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Инновациялық жобаларды қаржыландыруға арналған өтініштерді қабылдау шарттары қордың белгіленген рәсімдеріне сәйкес инновациялық жобаларды қарауға ұсынған ҚР-ның заңды тұлғалары, резиденттері мен резидент емес ұйымдары өтініш беруші, ҚР-ның резидент заңды тұлғалары жобаны орындаушы бола алады.
Таратылу үдерісінде тұрған, банкрот болып танылған, мүлкі тұтқынға алынған және экономикалық қызметі тоқтатылған заңды тұлғалар өтініш беруші бола алмайды.
Тәуелсіз сыртқы сараптаманы қаржыландыру бойынша шығыстарды жобаның өтініш берушісі көтереді. Жобаның өтініш берушісі мен инновациялық қор арасындағы тәуелсіз сыртқы сараптама жүргізу бойынша өзара қатынастары инвестициялық комитет сараптама жүргізу туралы шешім қабылдағаннан кейін 7 күн ішінде жасалатын комиссия шартымен реттеледі. Сараптама төлемін өтініш беруші шартқа қол қойылған күннен бастап 5 күн ішінде жүргізіледі.
Өтініш беруші өтініште көрсетілген талап етілетін қаржыландыру сомасынан 0,5%, бірақ 1 645 000 теңгеден аспайтын көлемде сараптама жүргізу бойынша шығыстардың төлемін жүргізеді.
Сараптама төлемі өтініш берушімен тиісті шартта көрсетілген инновациялық қордың төлем деректері бойынша жүргізіледі.
Сараптама төлемі үшін қаражат түскенше дейін инновациялық қор өтінішті тәуелсіз сарапшыларға сараптамаға жібермейді. Жобаны қаржыландыру туралы шешімге қарамастан, сараптама жүргізгені үшін төленген инновациялық қор жобасын қаржыландырудың азайтылған сомасы қайтарылмайды.
Инвестициялық пай қорының инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары
Пайлық инвестициялық қорлар - салымшылар басқарушы компаниядан пай сатып алу жолымен ПИҚ-қа капитал инвестициялайтын ұжымдық инвестициялаудың бір формасы. Басқарушы компаниялар бұл активтерді олардың құнының өсуі және табыс алу мақсатында бағалы қағаздарға инвестициялайды. Инвестор, ПИҚ және басқарушы компания негізінде сенімді басқару келісімі жатыр. Пай - ұстаушының инвестициялық қордағы үлесін куәлендіретін және оған ПИҚ қызметін тоқтатқаннан кейін иелік ету құқын беретін құжатсыз формадағы атаулы, эмиссиялық бағалы қағаз. Қаржылық, құқықтық және басқару формасына сәйкес инвестициялық қорлар бірнеше түрлерге бөлінеді. Құқықтық формасы бойынша корпорация және траст түрінде болады. Корпорацияның кейбір түрлері қорды басқару функциясын өздері атқарса, екінші бір түрлерінде қордың инвестициялық портфелін басқару компаниялары басқарады. Траст - инвестициялық қорлардың ерекше формасы. Экономикалық мағынасы жағынан траст пен корпорацияның екінші нұсқасының арасында ешқандай айырмашылық жоқ. Траст - (ағылшын тілінде-сенім) өткен ғасырдың басында Шотландияда пайда болып, құқықтың басқару және меншік болып бөлінуін білдірді. Бұл әдіс англосаксондық заңнамада кең тараған. Акционерлік формаға қарағанда траст заңмен қатаң реттеледі. АҚШ-та инвестициялық қорлардың трасттық (англосаксондық) моделі жиі кездеседі. Ал құрлықтық Еуропа мен Жапонияда корпоративтік (континентальды) модель. Шетелдерде инвестициялық қорларды өтімділік формасы бойынша да бөлу қалыптасқан. Бір-біріне қарама-қарсы 2 инвестициялық қор формасы қызмет етеді: жабық (closed-end ) және ашық (open-end). Инвестициялық қорлардың типтері мен оны басқару түрінің арасында кейбір байланыстар бар: жабық түрдегі қорлар әдетте корпорациялар түрінде болады да, ашық корпорациялар және трасттар түрінде болады. Жабық типтегі инвестициялық қорлар Ұлыбританияда «бағалы қағаздарға инвестициялау бойынша қоғамдар» деген атпен танымал болса, Францияда оларды «Капиталы тұрақты инвестициялық компаниялар» деп атайды. Мұндай қорлар тек корпорациялар түрінде құрылады. Бағалы қағаздар портфелі бір рет қана қалыптасады, соған сәйкес белгілі бір көлемде акциялар шығарылады. Мұндай инвестициялық қорлардың құрылтайшылары қордың акцияларын сатып алуға міндетті емес. Акциялардың алғашқы шығарылымы, барлық корпорациялардағы сияқты, тек құрылтайшылар арасында бөлінеді. Жаңа акционерлер үшін қосымша акциялар эмиссиясы жүргізіледі, бірақ бұл алдыңғы шығарылымдағы акциялар толық орналасқаннан кейін барып қана жүзеге асады. Эмиссиялар арасындағы акциялар саны тұрақты, бірақ акционерлер құрамы өзгеріп отыруы мүмкін. Мұндай инвестициялық қорлардың акцияларының қарапайым корпорациялардың акцияларынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Жабық инвестициялық қорлардың акцияларын алғашқы орналастыру брокерлік фирмалар арқылы жүзеге асады. Акциялардың өтімділігі олардың биржалық, сондай ақ биржадан тыс айналымдағы инвесторлардың сату-сатып алу мүмкіндігіне байланысты. Акциялар бағамы сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде анықталады. Ашық типтегі инвестициялық қорлар бертін келе пайда болды бірақ аса қарқынды дамыды. АҚШ-та олар «қарыз корлары», Ұлыбританияда «сенімді пайлық қорлар», Испанияда «бағалы қағаздарға инвестициялау қорлары» деген атауға ие. Ал Францияда оларды «капиталы ауыспалы инвестициялық компаниялар» деп атайды. Жабық қорлардың да, ашық қорлардың да француздық атауы олардың мағынасын толық ашады. Ашық инвестициялық қорлар акциялар эмиссиясын жүзеге асырып тұрады. Бірақ олардың акциялары биржалық айналымға түспейді, тек қордың өзіне ғана сатылады Салымшылардың, яғни пай иелерінің табысы қор активтерінің таза құнының (АТҚ) өсуімен анықталады. Мысалы, «А» инвестициялық қоры жыл басында бір данасы 10 мың теңге болатын 1000 дана бағалы қағаз (пай) шығарды делік. Тиісінше кор активтерінің таза құны 10 млн теңге болды. Жинақталған қаражатты басқару компаниясы мемлекеттік, корпоративтік облигацияларға, акцияларға және тағы да басқа бағалы қағаздарға инвестициялау нәтижесінде алты айдан кейін қордың АТҚ-сы 12 млн теңгені құрады. Сонда қордың табыстылық деңгейі: 12 млн -10 млн/10 млн *100 = 20% Осы кезде пай иесі қолындағы үлесін басқарушы компанияға қайта сатқысы келсе немесе тағы да қосымша пай сатып алғысы келсе, бұл жағдайда пайдың бір данасының құны 12 мың теңгеге бағаланады. Қазақстан жағдайында ашық және жабық ПИҚ пен қоса интервалды ПИҚ-тар қызмет етеді. Берілген қор түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы - олардың пайды сату немесе сатып алу мүмкіндіктерінің жиілігінде екені белгілі. Ашық қорлардың пайларын кез келген жұмыс күні сатып алуға немесе өткізуге болатын болса, интервалды ПИҚ-тарда ол тек белгіленген кезеңдерде ғана мүмкін болады. Ал жабық қорлардың пайлары тек сенімді басқару келісімінің мерзімі аяқталған кезде ғана басқарушы компанияға өткізіледі. Сонымен, ПИҚ - жинақтау құралы емес, белгілі бір мөлшерде тәуекелі бар инвестициялау құралы.
Ұжымдық инвестицияға қазір инвесторлар тарапынан қызығушылық өте төмен. Оны басқарушы компаниялардың әрекетінен де байқауға болады. Қазіргі таңда еліміздегі бірқатар инвестициялық қорлар өз қызметін тоқтатты. Олар нарықтағы әлеуетті ойыншылар болатын. Бұл ғаламдық дағдарыс салдарына байланысты. Таяу 5 жылдың ішінде пайлық инвестициялық қорлар санының қысқаруы бұдан ары жалғасады. Бұл үрдіс сапаны көтеріп, басқару мен қор құрылымын жақсартады.
Басқарушы компаниялар қазір өз қызметін негізгі 3 құрамға бағыттауда. Олар - пайлық инвестициялық қорлардың басқару сапасы мен кіріс деңгейін көтеру, халықтық қаржылық сауатын арттыру және ұжымдық инвестициялау саласындағы заңнаманы жетілдіру. Халықтық ІРО бағдарламасы бөлшек қорларға деген қызығушылықты арттырады. Халықтық ІРО бағдарламасы аясында жаңа мүмкіндіктер ашылады. «Асыл-Инвест» АҚ- жетекшілері пайлық инвестиуциялық қорларға депозитке балама ретінде емес, қосымша толықтырушы жинақтау құралы ретінде қарайды. Мәселен басқарушы компаниялар дағдарыс кезінде мол тәжірибе жинады.
Дағдарыс кезінде агрессивті инвестициялаған қорлардың жоғалтқаны көп болды. Консервативті саясат ұстанғандарда бұл азырақ болды. Соның нәтижесінде 2008 жылы бірде-бір пайлық инвестициялық қор 4 пунктен жоғары кіріс таба алмады. Тек нарық тұрақтала бастаған кезде басқарушы компанияның қолданған құрылымына қарай кіріс қайта өсті.