
- •Инвестиция ұғымы және оның экономикалық мәні
- •Инвестициялық жіктелінуі және түрлері
- •3.Капитал жұмсалымы және оның инвестиция жүйесіндегі орны.
- •4.Инвестициялық қызмет түсінігі
- •5 .Қазақстанның инвестициялық қызметінің заңнамалық қамтамасыз етілуі.
- •Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат және оның факторлары
- •Мемлекеттің инвестициялық саясаты және оның мақсаты мен міндеттері
- •Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
- •Инвестициялық қызметті қаржыландыру жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері
- •Инвестициялық жобаның өмірлік циклы және кезеңдері
- •12.Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
- •13.Инвестициялық жобаның технико-экономикалық қамтамасыз етілуі
- •15 Жобалық талдаудың түрлері
- •16 Жобалық талдаудың қағидалары
- •17 Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары
- •18. Инвестициялық жобалаудың негізгі ережелері
- •Инвестициялық жоба тәуекелдері ұғымы және мәні
- •Қаржылық инвестициялар ұғымы
- •21.Қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуы
- •22.Инвестициялық жобаларды әлеуметтік талдау.
- •23Тікелей шетел инвестициялары, олардың ролі және тарту мақсаттары
- •25. Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау.
- •26. Жобаларды қаржыландыру сызбасы.
- •27.Тікелей инвестицияның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •28.Бизнес-планды жасау және оны құрастырудың кезектігі.
- •29.Инвестиция тартудың заңдық базасы.
- •30. Инвестицияны қаржыландыру көздері
- •31.Инвестицияның экономикалық мазмұны және рөлін сипаттаңыз
- •32.Инвестицияның субъектілері мен объектілерін анықтаңыз
- •1.Масштабы бойынша:
- •34. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің мәнің ашыңыз.
- •35. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін өзін-өзі қаржыландыру әдісін сипаттаңыз.
- •36. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бюджеттік әдісін сипаттаңыз
- •37. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін несиелеу әдісін сипаттаңыз
- •38.Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін акционерлеу әдісін сипаттаңыз.
- •39. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін шетелдік әдісін сипаттаңыз.
- •40. Қазақстан Даму Банкінің қызметі және инвестициялық жобаларды несиелеу ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •41. Инвестициялық жоба тәуекелдерін бағалаудың сандық және сапалық талдау ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •42. Халықаралық инвестициялаудың ерекшелігін сипаттаңыз
- •45. Инвестициялық жоба тәуекелдерін сактандыруды бағалау
- •46. Қазақстан Республикасының даму институттарына сипаттама
- •47.Әлемдік тәжірибеде инвестициялық жоба тиімділігінің көрсеткіштерін cипаттаңыз
- •48.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі таза ағымдық құнға сипаттама беріңіз
- •49.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі ішкі пайда нормасына сипаттама беріңіз
- •50.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі инвестицияның табыстылық индексіне сипаттама беріңіз
- •51.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі инвестициялау мерзіміне сипаттама беріңіз
- •52. Инвестициялық портфельдің табыстылығы мен тәуекелдігі
- •53. Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялық қызметі және қағидаларын сипаттаңыз
- •54.Қазақстанның инновациялық қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз
- •55.Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз.
- •56.Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясының қызметі
- •57. Едб халық пен шаруашылық субъектілерін, инвест жобаларды несиелеуін сипаттаңыз
- •58. Инвестициялық жобаларды институционалдық талдаудың мәнін анықтаңыз
- •59. Инвест жобаларды әлеуметтік талдаудың мәнін анықтаңыз
- •60.Инвестициялық жобаларды қаржылық талдаудың мәнін анықта
- •61.Инвестициялық жобалардың бюджеттік тиімділігі мәнін анықтаңыз
- •62.Инвестициялық жобалардың коммерциялық(қаржылық) тиімділіг мәнін анықтаңыз.
- •64. Инвестициялық жобаларды экологиялық талдаудың мәнін ашыңыз.
- •65. Инвестициялық жобаларды экономикалық талдаудың мәнін ашыңыз.
- •Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметінің қазіргі таңдағы ерекшеліктері
- •Инвестициялық пай қорының инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары
- •68.Жобалық несиелеуді ұйымдастыру және несие алушының несие қабылеттілігі
- •69.Инвестициялық жобалау кезеңінде ақша ағынын модельдеудің мәні
- •71.Инвестицияның макроэкономикадағы рөлі мен маңызы
- •74. Инновациялық даму үрдісінде бағалы қағаздар нарығының мәселелері.
- •75. Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
- •76. Қазақстанның инновациялық даму үрдісіндегі инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары
- •Инновациялық кәсіпорынның бағалы қағаздар портфелінің қалыптасуы.
- •Портфельдік инвестициялау инвестициялық қаржыландырудың ерекше әдісі ретіндегі мәселелері
- •Халықаралық инвестициялауды дамытудағы халықаралық қаржы институттарының рөлі
- •Қазақстан ипотекалық компаниясы және оның даму перспективалары
- •Қр да мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасына сәйкес инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
- •86. Бағалы қағаздар нарығындағы Қазақстанның зейнетақы қорының инвестициялық қызметі: мәселелері және даму болашағы
- •87. Бағалы қағаздар нарығындағы жеке инвестициялау: дамытудың қазіргі жағдайы және болашағы
- •88. Қазақстан экономикасының нақты секторына шетел инвестицияларын тарту мәселелері
- •90. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудағы ақшалай қаражаттарды дисконттау ерекшеліктері
56.Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясының қызметі
2003 жылдан бастап және одан кейінгі жылдар бойы Корпорация экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша көрсететін қызметтерінің көлемін және түрлерін ұлғайтып келеді. Бұл еліміздің экспорттық әлеуетінің өсуін көрсетіп және экономикамызды әртараптандыру бойынша үрдістердің белгіленуін растап отыр деп нық сенеміз. 2007 жыл шетелдерге қазақстандық инвестициялар салынған жыл деп айтуға болады. Өткен жылдың ішінде Корпорация көрсеткен қызметтердің жалпы көлемінде инвестицияларды саяси тәуекелдерден сақтандырудың көлемі елеулі артты. Біздің клиенттеріміз дайын өнімді экспорттаумен шектелмей, сондай-ақ өздерінің капиталын шет елдердің аумағындағы келешегі бар өндірістерді дамытуға салады. Қазақстанның көптеген елдермен экономикалық қатынастары дамып және нығайып келеді, әрі біз Корпорация бұл үдерісті қолдап, ықпалдасып отыр деп айта аламыз. Даму институттарының дара акционер «Казына» тұрақты даму қоры» АҚ-ның қол астына бірігуі қазақстандық өнімдер мен инвестицияларға қолдау жасау кезінде кешенді көзқарастың іске асырылуына септесті. Корпорацияның қызметін оңтайландыру бойынша акционердің жүргізген жұмысы оның қаржылық көрсеткіштеріне оң әсер берді. 2007 жылы Moody`s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі қуаттаған «Baa1» деңгейіндегі қаржылық сенімділік рейтингі активтерді орналастыру кезінде қаржы құралдарын пайдалану жөніндегі жүргізіліп отырған инвестициялық саясаттың дұрыс екені, олардың шетелдік агенттердің осыған ұқсас шетелдік экспорт-несие агенттіктерінің халықаралық стандарттарына сай келетіні туралы айтуымызға мүмкіндік береді.
«Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мем‑
лекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ (одан әрі – Корпорация) Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырдағы № 442 қаулысына
сәйкес, шикізаттық емес экспортқа және шетелге салынатын инвестицияларға сақтандыру арқылы қолдау көрсету жолымен Қазақстан Республикасының 2003–2015 жылдарға арналған Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға ықпалдасу мақсатымен құрылған.
Шикізаттық емес секторды дамыту және ел экономикасын әртараптандыру проблемаларын неғұрлым тиімді шешу үшін ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысымен Корпорацияның мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы «Қазына» Тұрақты даму қоры» АҚ-ға берілді.
01.01.08 ж. жағдайы бойынша Корпорацияның меншік капиталы 8,7 млрд
теңгені құрайды.
Өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде Корпорация Қазақстан Республикасы‑
ның Конституциясын, «Сақтандыру қызметі туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Корпорацияның сақтандыру қызметі 2006 жылғы 04 қазандағы лицензияның – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген № 35-2/1 ДОС лицензиясының негізінде жәнебекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
Экспорттық несиелерді сақтандыру – әлемдік тәжірибеде сақтандыру қызметінің ең жас бағыттарының бірі. Дербес қызмет түрі ретінде ол ХХ ғасырда өнеркәсібі дамыған елдерде: Ұлыбританияда – Бірінші дүниежүзілік
соғыстан кейін, АҚШ пен Швецияда – Ұлы депрессия жылдарында, Германия, Франция, Жапонияда Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Қазіргі уақытта экспорттық несиелерді сақтандыру бұл елдердің сыртқы экономикалық қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, бұл экспорт көлемінің ұлғаюына және экономиканың өсуін қалыпта ұстап тұруға септеседі. XX ғасырдың бірінші жартысының оқиғалары дүниенің саяси құрылысын және халықаралық қатынастардың дамуын ондаған жылдарға алдын ала белгілеп қойды, сондай-ақ саяси тәуекелдерді сақтандыру саласының дамуына әсерін тигізді. Әлемдік кеңістіктің бір-біріне қарсы блоктарға бөлінуіне алып келген Ресейдегі Қазан революциясы, әлемді екіге жарған Екінші дүниежүзілік соғыс мемлекеттік құрылыс тұрғысынан алғанда көптеген елдердің сыртқы экономикалық саясатына әсер етті, қазірдің өзінде де оның салдары ішінара сақталып отыр. Бірақ бір анығы, бір-біріне жау блоктарға кіретін елдермен сауда қатынастарын толығымен тоқтату объективті экономикалық қатынастарға қайшы келеді. Экспорттық несиелерді сақтандыру арқылы толтырылатын тәуекелдерді шартты түрде: саяси және коммерциялық тәуекелдер деп екі топқа бөлеміз.
Халықаралық сауданың дамуы және тәуекелдер ауқымының ұлғаюы, бір
жағынан, сондай-ақ экспорттаушыларды сақтандыру арқылы қорғаудың
қажеттігі – екінші жағынан, мемлекеттік, сондай-ақ жеке негізде экспорттық
сақтандырудың ұйымдастырылуына септігін тигізді.
Әр жеке елдің нарығында экспорттық несиелерді сақтандырумен айналысатын алуан түрлі ұйымдардың болу қажеттігі мынаған байланысты: неғұрлым икемді жеке нарықтан айырмашылығы, мемлекеттік қолдау тек қана алдын ала белгіленген шектерде көрсетілуі мүмкін. Сонымен бірге мемлекеттік агенттіктер тәуекелі жоғары, бірақ экономиканың дамуы үшін басымдықты мемлекеттік жобаларды сақтандыра алады. Оған экспорттық келісім-шарттар мен инвестициялар көлемінің артуы деп есептейді. 2007 жылы Корпорация Қырғызстан мен Тәжікстанға ұн мен өсімдік майының, Қырғызстанға сыра экспортын, Беларусь пен Тәжікстанға ауылшаруашылық өнімдерінің, Ресей мен Өзбекстанға соя шротының экспортын, сондай-ақ Қырғызстан мен Тәжікстанға тікелей инвестицияларды сақтандырды. Қайта сақтандыру экономикалық қатынастар жүйесі болып табылады, олардың барысында сақтандырушы үлкендігі әр түрлі тәуекелдерді сақтандыруға қабылдай отырып, өзінің қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес,олар бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін өзінің сақтандыруларының
теңгерімді портфелін жасау және осылайша сақтандыру операцияларының
қаржылық тұрақтылығы мен өзін-өзі ақтауын қамтамасыз ету мақсатымен
айқындалып, келісілген жағдайлармен басқа сақтандырушыларға табыстайды. Қайта сақтандыру институты сақтандыруға қабылданған тәуекелдердің сақтандыру сомаларын теңдестіруге арналған, сол арқылы сақтандыру портфелінің теңгерімділігі, сақтандыру компаниясының әлеуетті жаупкершілігі оның қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкестендірілуі қамтамасыз етіледі, мұның өзі сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерінің мейлінше төмендеуіне септеседі. Қайта сақтандыру алғашқы сақтандырушының сақтандыру тәуекелдерін іске асырудың жағымсыз салдарын қысқартуына, қайта сақтандыру компанияларының ресурстарын тартудың есебінен өз бизнесінің ауқымын кеңейтуіне мүмкіндік береді.
Корпорацияның жергілікті сақтандыру нарығында қайта сақтандыру қызметін табыспен жүзеге асыруы үшін Корпорацияның жоғары капиталдануының, «Moody`s Investors Service» халықаралық рейтинг агенттігі берген «Ваa1» қаржылық сенімділік рейтингінің, қайта сақтанушылармен, қайта сақтандырушылармен және сақтандыру брокерлерімен жолға қойылған тығыз байланыстарының, сондай-ақ жоғары білікті кәсіпқойлар командасының зор маңызы бар.