Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инв шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.52 Mб
Скачать

55.Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз.

Шағын және қызметінің негізгі бағыттары және бюджеттік несиелендіруге жататын инвестициялық жобалар: өңдеуші өнеркәсіп; ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және өңдеу; ауыл шаруашылық өнімдерін және бірінші қажеттіліктегі өнімдерді сақтау және сату; қызмет көрсету саласы; туризм; медициналық қызмет; дәрілік құралдар өндіру; медициналық қызметке арналған аспаптар, құралдар және жабдықтар өндіру; бұдан бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыру, бұл жағдайда қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі алынған қаражат көлемінен 50 пайыздан аспауы керек. Бұл жағдайда бюджеттік несиелендіруге жататын шағын кәсіпкерлік жобаларының тізбесі толық болып табылмайды және облыс әкімдігімен құрылған комиссияның мақұлдауына жатады; “Қазына” – Қазақстанның тұрақты даму қоры. ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекелесу қабілетін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы” 2006 ж. 16 наурыздағы Жарлығын іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 2006 ж. 15 сәуірдегі қаулысымен құрылған. Қор қызметінің негізгі мақсаты – ұлттық экономиканың әртараптандыру, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыру, оның аймақтық және әлемдік экономикаға ойдағыдай бірігуін қамтамасыз ету міндеттерін іске асыру шеңберінде еншілес ұйымдарды тиімді корпоративтік басқару арқылы инвестициялық және инновациялық белсенділікке ынталандыру. Осы мақсатта үкімет ұлттық даму институттарын құрды. Олар ұзақ мерзімді келешекте Қазақстан экономикасы құрылымының шикізаттық бағдарлануын бәсеңдетуге, содан соң айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік беретін жобаларды іске асыруда тәуекелді инвесторлармен бөлісуге тиіс. Даму институттарының стратегиялық мәні бар ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысуы кешенді сипатта болады. “Қазына” қоры – “Қазақстан даму банкі”, “Қазақстан инвестициялық банкі”, “Ұлттық инновациялық қоры”, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Маркетингілік-талдамалы зерттеулер орталығы” акционерлік қоғамдарының, “Қазақстанның инвестицияларға жәрдемдесу орталығы” ЖШС-нің, “Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы”, “Kazyna Capіtal Management”, “Әлеуметтік инновациялық технологиялар” акционерлік қоғамдарының бірден-бір акционері. “Қазына” қоры даму институттары қызметінің барлық бағыттарында бастапқы диагностика жүргізе отырып, корпоративтік рәсімдеріне талдау жасады және оларда қаржы тәртібін күшейту мақсатымен бюджеттік жоспарлаудың бірыңғай үдерісін енгізді, қызметіне мониторин жасады. ИСО 9001:2000 халықаралық сапа стандарттары енгізіле бастады Шағын кәсіпкерлікті дамыту ол – кез келген ел эко­но­микасының негізі. Дамыған ел­дердің тәжірибелері көрсетіп отыр­ғандай, шағын кәсіпкерлік бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо­миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт­қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту мемле­кеттік саясаттың басым бағытта­рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан  айындағы  «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын кәсіпкерлік бизнеске қолдау көр­сетудің жүйелі іс-қимылдары баян­дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген.  Шағын кәсіпкерлік орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін  екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр. Әрине,қазіргі уақытта қатаң нарықтық экономика аясында өзін-өзі сақтандыру, өзін-өзі көрсете білу, бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер тарапынан біраз жұмыстар жасалуы қажет. Ал, коммерциялық банктердің шағын бизнесті несиелеу механизімі мәселелеріне әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларды ендіру керек. Ал коммерциялық банктер экономиканың нақты секторын несиелеуі ұлттық экономиканың өсуіне қосқан үлесі болмақ. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттіктерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді де пайдалы. Мемлекетке елдегі шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді ше­шуге тура келеді. Жоспарлы түрде, заң жүзіндегі бастамалар арқылы және қазірде күшінде тұрған мем­лекеттік бағдарламалар шеңберін­де шағын және тің ІЖӨ құрылымын­дағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемле­кеттің эконо­микалық және саяси тұрақтылығы­ның берік іргетасы – орта тапты нығайту қажет.   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  2012 жылғы жолдауында кәсіпкерлікті –ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау үщін келесідей алғы шарттарын айқындап берді. Шағын бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек.Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:

  • Шағын кәсіпкерлік бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.

  • Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң  реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.

  • Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – мемлекеттің  қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады: Шағын бизнесті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдауды қамтамасыз ету мамандандырылған институттарды дамыту мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы несие беру шарттары мен рәсімдерін белгілей отырып, олардың мақсатты топтарын қаржы-несиелік қамтамасыз етудің деңгейлі схемасын енгізуді көздейді. «БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі Стресті активтер қоры бизнесті дамытуға несиелер ұсынады. «ДАМУ» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын кәсіпкерлік бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарламасын іске асыруда.