Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инв шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.52 Mб
Скачать

39. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін шетелдік әдісін сипаттаңыз.

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудың бірнеше әдістері бар:өзін-өзі қаржыландыдыру әдісі,акционерлеу әдісі,шетелдік әдіс,бюджеттік және несиелік әдістер. Инвестицияны қаржыландырудың шетелдік әдісі.Меншікті қаржыландыру ресуртарының шектеулі болуы шетел капиталын пайдалану қажеттілігін туғызады.Қазақстандағы саяси және экономикалық жағыдайларды бағалау негізінде өндірістік инвестициялық қызметті әлі де болса белсендіру қажет себебі экономиканың көптеген салалары шетел капиталынсыз өздерінің қызметін толыққанды жүргізе алмайды.Сондықтан шетелдік қаржыландырудың негізінен инвестициялық ресурстарының тапшылығын жабу үшін және отандық экономиканы жандандыру үшін шетелдік инвестцияны тарту қажет етіледі.Шетел капиталының отандық экономикағы келуінің 3 түрі бар:

1.экспорттық

2.мем дамытуға бер-н ресми көмек;

3.шетел капиталының ағын

Экспорттық несие дегеніміз-бұл экспорттық мем-ке тауарды немесе қызметтерді сатып алу шартымен берілген несие.Мем-ті дамытуға берілген ресми көмек дегеніміз-екі үкімет арасындағы болып табылатын,яғни несие беруші ретінде шетелдік үкімет,қаржы несиелік инвестор алушы отандық үкімет.Бұл екіге бөлінеді:технологиялық және қаржылық.Шетел капиталының ағыны дегеніміз –тікелей инвестициялық және несиелеу арқылы келуі мүмкін.Оларға кәсіпорындарды,фирмаларды құру,шетел кәсіпорындарының жарғылық капиаталын сатып алу және осы кәсіпорындарға несие ұсыну жатқызылады.ҚР-да шетел капиталын тарту 2 формада жүзеге асырылады:1.біріккен кәсіпорындар н/е толығымен шетелдік кәсіпорындар арқылы;2.портфельдік инвестициялар арқылы.

40. Қазақстан Даму Банкінің қызметі және инвестициялық жобаларды несиелеу ерекшеліктерін анықтаңыз.

Қазақстан даму банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты.2001жылдың мамыр айында ҚР-сы Презизентінің жарлығы мен “Қазақстан даму банкі туралы” заң шығады.Осы заңға сәйкес ерекшк құқықтық мәртебесі бар Қазақстан Даму Банкі құрылды.Қазақстанның Даму Банкі ҚР-сы Әділет Министрлігінің тіркеу комитетінде 2001жылы ЖАҚ формасында тіркеліп,2003жылы заңдағы өзгерістерге сәйкес АҚ формасында тіркелді.2006жылдан бері банктің бір ғана акционері Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры болып табылады. Қазақстан Даму Банкі қызметінің мақсаты – мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға жәрдемдесу. Банктің міндеттері: инвестициялық жобаларды орта мерзімге (5 жылға және одан көпке), ұзақ мерзімге (10 жылға және одан көпке – 20 жылға дейін) несиелендіру; Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін өнім экспортын ынталандыру мақсатымен Қазақстан Республикасы резиденттерінің экспорттық операцияларын несиелендіру; басқа несие институттары беретін қарыздар мен несиелер бойынша кепілдік міндеттемелер беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру мақсатымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторының несиелендірілуін ынталандыру; Қазақстан Республикасы Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру.  Даму Банкі өз қызметін 2001жылдың 1сәуірінен бастаған және экономиканың жіктелуіне сәйкес келесідей инвестициялық салаларды несиелеу болып табылады:

1.ауыл шаруашылығы;

2.тігін өндірісі;

3.химиялық өнеркәсіптер;

4.құралдарды өңдеу және жасау

5.көлік және байланыс;

6.электр энергиясын тарту және өңдеу болып табылады.Қазақстан Даму Банкі бүгінгі таңда мем-к инвестициялық саясаттың ең басты жолсеріктерінің бірі болып табылады.Өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті өндірісті қаржыландыра отырып елдің инфрақұрылымын дамыта отырып банк Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына тікелей ықпал етеді.Банкке жоба бойынша сәйкесінше құжаттарды тапсырған соң ол туралы шешім қабылданады.банктің несиелік комитеті мен басқару 50млн Ақш долларына дейінгі жобаларды қарастырады,ал Банктің Директорлар кеңесі одан да жоғары сомалы жобаларды қарастырады.