Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инв шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
20.02.2020
Размер:
7.52 Mб
Скачать

3.Капитал жұмсалымы және оның инвестиция жүйесіндегі орны.

Әр1 кәсіпорын өзінің өндірістік қызметін атқару үшін өз иелігіндеде негізгі қорлары болуы тиіс.Ал осындай қорларды құру ,сонымен қатар жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды ұстап тұру үшін капитал жұмсалымы қажет.Капитал жұмсалымы инвестиция түсінігінің құрамына жатады.Қазіргі уақытта инвестицияның жартысынан көп бөлігі капитал жұмсалымына тиесілі,сондықтан да капитал жұмсалымы дегеніміз-жаңа қорларды құру ж/е істеп тұрған негізгі қор/ы кеңейту,реконструкциялау,о/ы техникалық жағынан қайта жабдықтауға жұмсалатын шығындар б.т.

Эко/қ тұрғыдан алғанда капитал жұмсалымы ұдайы өндірісті кеңейтудің басты көзі б.т.Сонымен қатар,күрделі капитал жұмсалымына құрал-жабдықтарды монтаждауға б-сты шығындар,монтаждауды талап ететін ж/е талап етпейтін құрылыстың сметасына қосылған құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалынған шығындар,құрылыстың сметасына жататын өндірістік құралдар мен шаруашылық заттарын алуға жұмсалынған шығындар, құрылыс сметасында көрсетілмеген машиналар мен басқа да құрал-жабдықтарды алуға жұмсалған шығыстар;жобалау-зерттеу жұмыстарына кететін шығыстар жатады.

Капитал жұмсалымының объектілеріне: жеке, мемлекеттік, муниципалдық немесе басқа да меншік нысандарының қарамағындағы жаңадан құрылатын және қайта жаңғыртылатын негізгі қорлар мен құрал-жабдықтар жатады.

Капитал жұмсалымының тиімділігі, оның негізгі жұмсалу бағыттарына, құрылымына, кезеңдеріне және құрылыс жұмыстарын жүргізу мерз тік байл

Капитал жұмсалымын жұмсалу бағытына қарай екі үлкен топқа бөледі:

1. Өндірістік багыттагы капитал жұмсалымы, яғни материалдық өндіріс және қызмет көрсету аясына бағытталған жұмсалымдар. Нақтырақ айтсақ оларға мыналар жатады: ауыл шаруашылығы кешеніне, яғни ауыл шарушылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтауға; өнеркәсіп тауарларын, соның ішінде халық тұтынатын тауарларды, дәрі-дәрмек және медициналық техника құралдарын өндіруге;ғылыми-техникалық және өзге де өнімдерді дамытуға;көлік, байланыс, құрылыс саласын дамытуға;өндірістік, коммуналдық және тұрмыс қажетіне жарайтын қызметтерді көрсетуге тиіс қызметтерді дамытуға.Яғни кәсіпкерлікті дамыту ж/е қолдау тур.бағдарламаға сәйкес ж.а.

2. Өндірістік емес багыттагы капитал жұмсалымы, яғни материалдық емес өндіріс пен қызмет көрсету аясына жұмсалымдар. Оларға мыналар кіреді: денсаулық сақтау; білім беру;қорғаныс; мәдениет және өнер;қорғаныс және т.б..

Капитал жұмсалымының құрылымы деп оның түрлері бойынша құрамын, пайдалану бағыттарын, жалпы инвестициядағы үлесін түсінуге болады.

4.Инвестициялық қызмет түсінігі

ҚР заңына сәйкес инвестициялық қызмет — инвестициялауды жүзеге асыру процессімен байланысты кәсіпкерлік қызметті сипаттайды.Кей1 эко/лық әдебиеттерде инвестициялық қызмет — пайда табу немесе қандай да бір тиімділікке қол жеткізу мақсатында инвестиция жұмсау және іс-тәжірибелік әрекеттер ретінде түсіндіріледі.

Жалпы инвқ қызметті 2 жақты түсінуге болады. Кең мағынада инвестициялық қызмет — инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға қаражат немесе капитал жұмсау, сондай-ақ инвестициялық бағадарламалар мен жобаларды іске асыруға байланысты іс-тәжірибелік әрекеттердің жиынтығын, ал тар мағынада инвестициялық қызмет — инвестициялық процессті білдіреді.

Инвестциялық қызметке ықпал етуші факторларды төмендегідей екі топқа бөліп қарастыруға болады:

1 -топ. Макродеңгейдегі немесе барлық сыртқы факторлар:

салық жүйесінің жетілдірілу дөрежесі;

инвестициялық қызметтің нормативтік-құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі;инвестициялық қызметтке мемлекеттің қатысу дәрежесі;инфляция деңгейі;бюджет тапшылығы;экономиканың даму жағдайы;қаржы-несие саясатын жетілдіру дәрежесі;мемлекеттің экономикалық, соның ішінде инвестициялық саясаты;қоғамдағы әлеуметтік және саяси жағдайлар;нарықтық қатынастардың жетілдірілу дәрежесі;еркін экономикалық аймақтардың болуы;шетел капиталын тарту үшін қолайлы жағдай жасау;инвестиция жұмсаудың тәуекелділік дәрежесі;мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті қолдау. Осылардың ішінен инвестициялық қызметке кейбірінің ықпал ету тетігін қарастырайық. Бұл факторлардың барлығы бір бірімен өзара байланысты деген түйінге келсек, онда олардың барлығы бірдей тек қана иневестициялық қызметке ғана емес, сондай-ақ елдегі жалпы экономикаға да ықпал етеді.

Ел экономикасының жағдайы мен оның даму үрдісі — бұл инвестициялық қызметті жүзеге асырушы мемлекеттің және барлық шаруашылық субъектілерінің қаржылық мүмкіндігін анықтайтын негізгі фактор.

Елдегі экономика жағдайы ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, мемлекеттік бюджет шамасы мен оның тапшылық байланысты екені де белгілі. Әрине бұл жерде экономика қарқының өсуі инвестициялық жұмсалымға қарағанда ілгері болуына тырысу қажет.Инфляция бұл инвестициялық қызметке ықпал етуші негізгі фактор ретіндс экономканың жағдайына тікелей байланысты, яғни тұрақты экономика немесе экономикалық өсу тұсында оның деңгейі төмендейді немесе керісінше. Бұл жерде инфляция процессі мен банктік несие мөлшерлемесінің арасында тығыз байланыс бар екенін айта кету қажет.

2-топ.Микродеңгейдегі н/се ішкі факторлар:Кәсіпорынның ауқымы н/се мөлшері,кәсіп/ң қаржылық жағдайы,амортизациялық аударымының есептелу тәсілдері,кәсіп/ң ғылыми-техникалық саясаты,кәсіп/ң инвестициялық саясаты,шаруашылықтың ұйымдастырылу құқықтық нысаны.