
- •Инвестиция ұғымы және оның экономикалық мәні
- •Инвестициялық жіктелінуі және түрлері
- •3.Капитал жұмсалымы және оның инвестиция жүйесіндегі орны.
- •4.Инвестициялық қызмет түсінігі
- •5 .Қазақстанның инвестициялық қызметінің заңнамалық қамтамасыз етілуі.
- •Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат және оның факторлары
- •Мемлекеттің инвестициялық саясаты және оның мақсаты мен міндеттері
- •Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
- •Инвестициялық қызметті қаржыландыру жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері
- •Инвестициялық жобаның өмірлік циклы және кезеңдері
- •12.Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
- •13.Инвестициялық жобаның технико-экономикалық қамтамасыз етілуі
- •15 Жобалық талдаудың түрлері
- •16 Жобалық талдаудың қағидалары
- •17 Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары
- •18. Инвестициялық жобалаудың негізгі ережелері
- •Инвестициялық жоба тәуекелдері ұғымы және мәні
- •Қаржылық инвестициялар ұғымы
- •21.Қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуы
- •22.Инвестициялық жобаларды әлеуметтік талдау.
- •23Тікелей шетел инвестициялары, олардың ролі және тарту мақсаттары
- •25. Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау.
- •26. Жобаларды қаржыландыру сызбасы.
- •27.Тікелей инвестицияның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •28.Бизнес-планды жасау және оны құрастырудың кезектігі.
- •29.Инвестиция тартудың заңдық базасы.
- •30. Инвестицияны қаржыландыру көздері
- •31.Инвестицияның экономикалық мазмұны және рөлін сипаттаңыз
- •32.Инвестицияның субъектілері мен объектілерін анықтаңыз
- •1.Масштабы бойынша:
- •34. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің мәнің ашыңыз.
- •35. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін өзін-өзі қаржыландыру әдісін сипаттаңыз.
- •36. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бюджеттік әдісін сипаттаңыз
- •37. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін несиелеу әдісін сипаттаңыз
- •38.Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін акционерлеу әдісін сипаттаңыз.
- •39. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін шетелдік әдісін сипаттаңыз.
- •40. Қазақстан Даму Банкінің қызметі және инвестициялық жобаларды несиелеу ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •41. Инвестициялық жоба тәуекелдерін бағалаудың сандық және сапалық талдау ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •42. Халықаралық инвестициялаудың ерекшелігін сипаттаңыз
- •45. Инвестициялық жоба тәуекелдерін сактандыруды бағалау
- •46. Қазақстан Республикасының даму институттарына сипаттама
- •47.Әлемдік тәжірибеде инвестициялық жоба тиімділігінің көрсеткіштерін cипаттаңыз
- •48.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі таза ағымдық құнға сипаттама беріңіз
- •49.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі ішкі пайда нормасына сипаттама беріңіз
- •50.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі инвестицияның табыстылық индексіне сипаттама беріңіз
- •51.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі инвестициялау мерзіміне сипаттама беріңіз
- •52. Инвестициялық портфельдің табыстылығы мен тәуекелдігі
- •53. Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялық қызметі және қағидаларын сипаттаңыз
- •54.Қазақстанның инновациялық қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз
- •55.Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз.
- •56.Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясының қызметі
- •57. Едб халық пен шаруашылық субъектілерін, инвест жобаларды несиелеуін сипаттаңыз
- •58. Инвестициялық жобаларды институционалдық талдаудың мәнін анықтаңыз
- •59. Инвест жобаларды әлеуметтік талдаудың мәнін анықтаңыз
- •60.Инвестициялық жобаларды қаржылық талдаудың мәнін анықта
- •61.Инвестициялық жобалардың бюджеттік тиімділігі мәнін анықтаңыз
- •62.Инвестициялық жобалардың коммерциялық(қаржылық) тиімділіг мәнін анықтаңыз.
- •64. Инвестициялық жобаларды экологиялық талдаудың мәнін ашыңыз.
- •65. Инвестициялық жобаларды экономикалық талдаудың мәнін ашыңыз.
- •Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметінің қазіргі таңдағы ерекшеліктері
- •Инвестициялық пай қорының инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары
- •68.Жобалық несиелеуді ұйымдастыру және несие алушының несие қабылеттілігі
- •69.Инвестициялық жобалау кезеңінде ақша ағынын модельдеудің мәні
- •71.Инвестицияның макроэкономикадағы рөлі мен маңызы
- •74. Инновациялық даму үрдісінде бағалы қағаздар нарығының мәселелері.
- •75. Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
- •76. Қазақстанның инновациялық даму үрдісіндегі инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары
- •Инновациялық кәсіпорынның бағалы қағаздар портфелінің қалыптасуы.
- •Портфельдік инвестициялау инвестициялық қаржыландырудың ерекше әдісі ретіндегі мәселелері
- •Халықаралық инвестициялауды дамытудағы халықаралық қаржы институттарының рөлі
- •Қазақстан ипотекалық компаниясы және оның даму перспективалары
- •Қр да мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасына сәйкес инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
- •86. Бағалы қағаздар нарығындағы Қазақстанның зейнетақы қорының инвестициялық қызметі: мәселелері және даму болашағы
- •87. Бағалы қағаздар нарығындағы жеке инвестициялау: дамытудың қазіргі жағдайы және болашағы
- •88. Қазақстан экономикасының нақты секторына шетел инвестицияларын тарту мәселелері
- •90. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудағы ақшалай қаражаттарды дисконттау ерекшеліктері
37. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін несиелеу әдісін сипаттаңыз
Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері мен әдістері әр түрлі болып келеді. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландырудың келесідей әдістері бар:
Өзін өзі қаржыландыру әдісі
Акционерлеу әдісі
Бюджеттік қаржыландыру әдісі
Несиелеу әдісі
Инвес-қ қаржыландырудың шетелдік әдісі
Несиелеу әдісі басқа әдістерге қарағанда кеңінен қолданылады. Банктің несиелері- қаржы нарығындағы шығарылған ресурстардың кең тараған түрі.
Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасындағы ұлттық заң шығарудың дамуы банктік, көбінесе несиелік операцияларды одан әрі жетілдіруге бағытталған, нормаларды құруға әсерін тигізеді. Осыған байланысты отандық банктегі тәжірибеде несие операцияларының, инвестициялық қызмет жобасын несиелеу деп аталатын, жаңа түрін пайдалану тиімді болар еді. Жобаны несиелеу (ЖН) экономиканың нақты секторының жобаларындағы инвестицияларды ұйымдастырудың жаңа және кең таралған нышандары болып есептеледі.
Несиелеу әдістерінің 2-формасы бар:
коммерциялық несие
банк несиесі .
Коммерциялық несие — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді. Несиенің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі несиелік келісімдер негізінде шешімін табады. Банк несиені несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Қазақстанда несиенің мынадай түрлері пайдаланылады:
ұлттық банк несиелері – аукциондық, ломбардтық, бюджеттік несиелер;
екінші деңгейдегі банктер несиелері – меншікті айналым қаражатының жетіспеушілігін уақытша толтыруға, күрделі салымдарды қаржыландыруға, тұтыну мақсатына арналған несиелер; импорттық, ипотекалық, консорциалдық, банкаралық несилер. Қазақстан Ұлттық банкінде несие сапасына қарай стандарттық, бейстандарттық, қанағаттанғысыз, күмәнді және зиян келтіруші несие деп бөлінеді
38.Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін акционерлеу әдісін сипаттаңыз.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудың бірнеше әдістері бар:өзін-өзі қаржыландыдыру әдісі,акционерлеу әдісі,шетелдік әдіс,бюджеттік және несиелік әдістер.Акционерлеу әдісі нарықтық экономикада,оның ішінде кәсіпорын үшін инвестиция тартудың ең тиімді әдісі болып табылады.Акционерлеу әдісі дегеніміз-заңды тұлғалардың қаржылық ұйымдар мен әр түрлі салалардағы мен кәсіпорындардың АҚ формасында құрылып,оларды қаржыландыруға қажетті қаражаттарды акцияларды сату негізінде қаражттардың тартылуын айтамыз.
ҚР-да барлық коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары және басқа да қаржылық ұйымдар,сондай-ақ әр түрлі салалардағы мем-к кәсіпорындар АҚ ретінде құрыла алады.
Акционерлеу әдісінің өзіне тән ерекшеліктері бар:
1.дивиденд көлемі АҚ-ң қызметіне тікелей тәуелді болады;
2.акционерлеу әдісі арқылы инвесторлар ірі жобаларды қаржыландыруға қаражат жұмсайды;
3.акционерлеу әдісі кезінде кәсіпорын-ң басты мақсаты пайда табу және оны жүзеге асыру болып табылады.
ҚР-да АҚ қызметінің негізгі реттеуші заңы АҚ-р туралы ҚР-ң 2003ж 13 мамырдағы қабылданған заңы болып табылады.
Осы заңға сәйкес акцияларының бақылау пакеті мем-ке тиесілі ұлттық экономиканың негізін құрайтын стратегиялық маңызды салаларда құрылатын АҚ ұлттық компания болып табылады.
Іс жүзінде әрбір ұлттық компания өз саласында жүйе құраушы болып табылады.Елімізде ұлттық компаняилардың тізбесі келесідей болып табылады:
«ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы АҚ»,»Электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы АҚ»,«Азық-түлік келісісшарт корпорациясы АҚ»,
«Қазатомөнеркәсіп ұлттық компаниясы АҚ»,«Қазпошта АҚ»,«Ұлттық ақпараттық технологиялар»,«Қазақстан теміржолы АҚ»,«Қазақтелеком АҚ»,
«Астана халықаралық әуежайы»,«Қазақпарат агенттігі ұлттық компаниясы»,
«Қазақстан инжениринг ұлттық компаниясы»,«Қазғарыш ұлттық компаниясы».