Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инв шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.52 Mб
Скачать

34. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің мәнің ашыңыз.

Кез келген инвестициялық жобаны қаржыландыру немесе несиелеу, оның тиімділігін бағалауға үлкен мән береді. Тиімліктің бірнеше түрлері бар, соның бірі экономикалық тиімділік.

Экономикалық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты туындайтын барлық шығындар мен нәтижелерді есепке алатын тиімділік.

Мұны анықтағанда мынадай тиімділіктер ескеріледі:

  • Жобының іске асыруынан туындайтын әлеуметтік нәтижелер, яғни жобаның іске асыру жұмыссыздық мәселесін шешуге ықпалы; жоба бойынша жұмыс жасайтын жұмыскердің денсаулық, тұрмыс жағдайына қатысты сұрақтар дұрыс шешіледі.

  • Жобаны іске асырудың экологиялық тиімділігі.Инв жобалардың мынандай тиімділіктері бар:1.коммерциялық тиімділік дегенміз,яғни инв жобаны іске асйыруға қатысушылар үшін жобалардың іске асуынан туындайтын қаржылық нәтижелермен анықталады.2.Бюджеттік тиімділік- мем бюджет есебінен жүзеге асыратын инв жоба бойынша қаржылық тиімділік.Бұл көрсеткіштер инв жобаның іске асуынан бюджеттен түсетін салықтық жіне де басқа түсімдерге байланысты сипатталады.3.Экономикалық тиімділік жобаны іске асыруыға байланысты туындайтын барлық шығындар мен мен нәтижелерді есепке алатын тиімділік.

35. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін өзін-өзі қаржыландыру әдісін сипаттаңыз.

ҚР-ғы экономикалық жағдай инвестицияны қаржыландыру көздерінің әлі де қажет болуымен сипатталады.

Инвестицияны қаржыландыру көздері болуы экономикалық тұрақтылыққа және оның өсуіне жағдай жасайды. Сондықтан бұл мәселелер инвестициялық қызметте мыңызды орын алады.

Әрбір кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыруға ұмтылады. Себебі, бұл әдістің басқа әдістерге қарағанда артықшылықтары бар:

  • Өзін өзі қаржыландыратын кәсіпорын, бұл оның қаржылық тұрақтылығын білдіреді.

  • Өзін өзі қаржыландыратын кәсіпорын басқаға қарағанда беделі жоғары болады.

  • Өзін өзі қаржыландыратын кәсіпорын банкротқа ұшырау қаупі төмен.

Өзін өзі қаржыландыру әдісі- негізгі қорлар амортизациясы мен таза пайда есебінен қалыптасады.

Амортизациялық аударымдар функциялары:

  • Негізгі қорлар тозған бөлігін бағалайды.

  • Дайын өнім құнына негізгі қорлар шығындарын бөледі.

  • Қардылық ресурс жинақтайды.

Амортизациялық аударымдар келесі факторларға байланысты:

  • Кәсіпорындағы негізгі қордың орташа жылдық құнына;

  • Негізгі қорлар қайта бағалауына;

  • Амортизациялық аударымдар есептеу әдісіне.

36. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бюджеттік әдісін сипаттаңыз

Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері мен әдістері әр түрлі болып келеді. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландырудың келесідей әдістері бар:

  1. Өзін өзі қаржыландыру әдісі

  2. Акционерлеу әдісі

  3. Бюджеттік қаржыландыру әдісі

  4. Несиелеу әдісі

  5. Инвес-қ қаржыландырудың шетелдік әдісі

Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін қаржыландырудың аталған әдістері бойынша ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, ар кәсіпорын өзінің құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі қаржыландыру әдістерін пайдаланады.

Мемлекеттік капитал жұмсалымдары мемлекеттік функционалды атқару процесімен қатар жүреді (экономикалық, әлеуметтік, құқық қорғау, қауіпсіздік). Капитал жұмсалымы арқылы мемлекет халық шаруашылығы кешенінің тиімділігін көтеру жеке салалар мен аймақтарды дамыту және біртұтас экономикалық кеңістікті сақтау бойынша мәселелердішешеді.

Бюджеттік қаржыландыруды пайдаланушылар келесілер:

1. Мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар

2. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

Жоғарыда аталған екі топты мемлекеттік инвестиция алушыларға жатқызамыз. Яғни инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында жобаның қаржылық тұрақтылығына көбінесе мемлекет жауапты болып табылады.

Бюджеттік қаржыландыру әдісі 3 қағидаға сүйеніп жүзеге асырылады:

1 Аз шығын жұмсап, жоғары әлеуметтік экономикалық тиімділікке қол жеткізу

2 Бюджеттік ресурстарды пайдаланудың мақсаттық сипатын қарастыру

3 Белгіленген жоспарды уақытында орындау

Бюджеттен қаржыландыру әдістерін пайдалану кезінде мемлекет қаражаттары жетіспеушілігіне байланысты мемлекет мемлекеттік несие алуы да мүмкін. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін Үкіметтен қарыз алу түрінде жүзеге асырылады. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар», яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.