Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инв шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.52 Mб
Скачать

30. Инвестицияны қаржыландыру көздері

Біздің республикамыздағы экономикалық жағдай инвестицияны қаржыландыру көздерінің әлі де қажет болуымен сипатталады.Инвестицияны қаржыландыру көздерінің болуы оны экономикалық тұрақтылыққа және оның әрі қарай өсуіне жағдай жасайды.Сондықтан бұл мәселелер инвестициялық қызметте маңызды орын алады.Жалпы инвестицияны қаржыландыру жүйесі 2қаржылық элементтерден тұрады:қаржыландыру көздері және инвестицияны қаржыландыру әдістері.

Инвестицияны қаржыландыру көздері өздеріне тән белгілеріне байланысты, яғни меншік қатынастарына байланысты және меншік иелерінің деңгейіне байланысты жіктеледі.

Меншік қатынастарына қарай:

  • меншікті қаражат көздері есебінен қаржыландыру –өзін-өзі қаржыландыру әдісі,сондай-ақ амортизациялық аударымдар;

  • тартылған қаражаттар есебінен қаржыландыру – жарғылық капиталға қосқан жарналар және акция және облигацияларды сатудан түскен түсімдер;

  • заемдық қаражаттар есебінен қаржыландыру – барлық банктік несиелер , қаржылық институттардың берген несиелері , коммерциялық несиелер;

Меншік иелерінің деңгейіне байланысты:

  • мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен қаржыландыру, яғни қайтарылатын жағдайда мемлекеттік несие беру,ал қайтарылмаған жағдайда мемлекеттік оссигнованиялар беру(дотация ,субсидия ,субвенция)

  • әр түрлі әлеуметтік қорлардың қаражаттар есебінен қаржыландыру;

  • щаруашылық жүргізіші субьектілердің есебінен қаржыландыру;

  • шетелдік инвесторлардың есебінен қаржыландыру;

31.Инвестицияның экономикалық мазмұны және рөлін сипаттаңыз

«Инвестиция» сөзі латын тілінен қазақ тіліне аударғанда «қаражат салу , жұмсау»деген мағынаны білдіреді.

Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өту кезіңде пайда болған жаңа термин болып табылады.Олай болу себебі,бір орталықтан жоспарлау кезіңде капитал жұмсалымы деген ұғым пайдаланылды.

Инвестиция ұғымы капитал жұмсалымына қарағанда кең мағыналы . Жоспарлы экономика тұсында капитал жұмсалымы деп негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне жұмсалынатын, оның ішінде оларды жөндеу шығындары қамтитын барлық шығындар түсіндірілген.

Ал, «инвестици» ұғымына келсек, бұл ұғымға түрлі экономистер түрлі анықтама берген . Мысалы, Райзберг , Лозлвский және Стародубцеваның жазған инвестициялық сөздігінде : «Инвестиция – пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде әр түрлі саланың кәсіпорындарына ,кәсіпкерлік жобаларға , экономикалық- әлеуметтік бағдарламаларға , инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді»-делінген.

Сонымен қатар Лапусты және Никольскийдің жалпы басқаруымен дайындалған сөздігінде : «Инвестиция – табыс алу және әлеуметтік теңдікке қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік обьектісіне және басқа да құндылықтар түрлерін жұмсалынған ақшалай қаражаттар ,мақсатты банк салымдар ,пайлар,акциялар және өзге де бағалы қағаздар , технологиялар ,машиналар ,жабдықтар, лицензиялар,несиелер,басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар және интеллектуалдық құндылықтар»-деп анықтама берген.

Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.

Ал , ҚР –ң «Инвестиция туралы » Заңында «инвестиция дегеніміз- инвестициялық қызметті жүзеге асырумен табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың барлығы делінген».Қазіргі уақытта «инвестиция» термині әртүрлі мағынада қолданылады,солардың бірнешеуіне тоқталайық:

Инвестиция –табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынатын мүлік.

Инвестиция - экономикалық жүйеде қызмет ететін капитал көлемінің ,яғни адамдармен құрастырылған өндіріс құралдарының ұсынылған мөлшерінің ұлғаюы.Инвестиция – ол өнеркәсіптің ,құрылыстың, ауылшаруашылықтың және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындар жиынтығы.

Инвестиция – бұл жаңа технологияларды , материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірістің ұлғаюына жіне жаңаруына жұмсалатын шығындар.

Инвестиция- капитал салу және күрделі қаржы болып табылады.