Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
инв шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.52 Mб
Скачать

27.Тікелей инвестицияның артықшылықтары мен кемшіліктері

Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді. Тікелей инвестициялар қазіргі таңда көптеген елдердің ұлттық эконмикасына өз әсерін тигізбей қоймайды. Тікелей шетел инвестицияларының көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Тікелей инвестицияларының артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Тікелей инвестициялардың жағымды әсерін бірнеше аспектіге бөліп қарастыруға болады:1-шіден, тікелей шетел инвестициялары тұрақты қаржыландыру көзі болып табылады. Шетел инвестицияларының тұрақты ағыны біздің еліміздің экономикасына үздіксіз капиталдың келіп түсуін қамтамасыз етеді, ол дегеніміз өндірістік қабілеттің өсуі сонымен қатар капиталдың қорлануына әсер етеді. 2-шіден, басқа елге капиталды инвестициялау жаңа технологияларды енгізумен, басқару қабілетімен бөлісуді, біліктілікпен алмасуды қамтамасыз етеді. Технологиялық қабілеттілікті көтеру өз кезегінде білікті мамандардың болуын талап етеді. Осылайша, шетел инвестициялары жоғары білікті жұмыс күшіне сұранысты арттырады, халықтың тұрмыс деңгейін көтереді, өткені инвестициялаушы өнеркәсіптер, шетелдері жергілікті фирмалармен салыстырғанда жоғары көлемдегі жалақы төлейді. Шетел капиталын инвестициялау инвестиция қабылдаушы елдің бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Өйткені,жоғарыда айтып өткенімдей, инвестиция ағыны өндірістік қабілетті көтереді. Сондай ақ инвестициялар өндірілген өнімнің сапасын көтереді, ол оның бәсекеге қабілеттілігін көтереді, оны халықаралық деңгейге шығарады, яғни сыртқы байланыстарды кеңейтеді. Осыншама артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де жоқ емес. Жоғарыда айтқанымдай, шетел инвестициялары жоғары білікті маман кадрларға сұранысты арттырады, өйткені олар көбірек жалақы төлейді деп, бірақ соған сәйкес жоғары бәсекелестік болғандықтан отандық фирмалардың табыстары азая түседі. Шетел инвестициялары кезеңдік өнімдерді өндіруге ынталандырады, өйткені сол өнімге сұраныс қалыптасады. Отандық фирмалар қосымша өндірістік күшті қалыптастыруы қажет, өйткені шетел инвесторларының тарапынан сұраныс болмағанда олар бұл өнімдерді өндірмес еді. Келесі кемшілігі ретінде, үлкен бәсекелестік нәтижесінде отандық фирмалар шетел компанияларымен қатар дамуға, өсуге, әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндіктері болмайды. Сонымен қатар, шетел инвестицияларының еліміздің импорт пен экспортына тигізер әсерін айта кеткен жөн. Шетел капиталның келіп түсуінен біздің еліміздің отандық өнімдерінің экспорты мен импортының деңгейі төмендеуі мүмкін, өйткені сапасы жағынан артық болып келетін шетел инвесторларының өнімі отаныө һнімге қарағанда тиімдірек болып келеді. Тікелей инвестициялардың артықшылықтары мен кемшіліктері жалпы алғанда инвестиция қабылдайтын елдің жүргізіп отырған ұлттық саясатына, шетел инвестицияларының формаларына, ұлттық компаниялардың бәсекеқабілеттілігіне байланысты болып келеді. Қазақстанда тәуелсіздік жылдары ел экономикасына тартылған жалпы тікелей шетелдік инвестицияның (ТШИ) 50 пайызға жуығы соңғы 4 жылдың үлесіне тиесілі. Әлемдік тікелей шетелдік инвестициялар түсімінің теріс серпініне қарамастан, елімізде оның тұрақтылығы сақталып келе жатыр. Мәселен әлемде қаржы дағдарысынан кейінгі жылдары ТШИ түсімі азайып, инвестициялар деңгейі әлі дағдарысқа дейінгі деңгейге жете алмауда. Ал Қазақстанда былтыр ол рекордтық көрсеткішке жетіп, 22,5 млрд. долларды құрады. Атап айтқанда 1993-2012 жылдары ел экономикасына тартылған ТШИ-дің жалпы көлемі 171,2 млрд. доллар болса, оның 81,6 млрд. доллары 2009-2012 жылдардың үлесіне тиіп отыр.