
- •Инвестиция ұғымы және оның экономикалық мәні
- •Инвестициялық жіктелінуі және түрлері
- •3.Капитал жұмсалымы және оның инвестиция жүйесіндегі орны.
- •4.Инвестициялық қызмет түсінігі
- •5 .Қазақстанның инвестициялық қызметінің заңнамалық қамтамасыз етілуі.
- •Қазақстан Республикасындағы инвестициялық климат және оның факторлары
- •Мемлекеттің инвестициялық саясаты және оның мақсаты мен міндеттері
- •Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
- •Инвестициялық қызметті қаржыландыру жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Инвестициялық жоба түсінігі және оның түрлері
- •Инвестициялық жобаның өмірлік циклы және кезеңдері
- •12.Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
- •13.Инвестициялық жобаның технико-экономикалық қамтамасыз етілуі
- •15 Жобалық талдаудың түрлері
- •16 Жобалық талдаудың қағидалары
- •17 Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары
- •18. Инвестициялық жобалаудың негізгі ережелері
- •Инвестициялық жоба тәуекелдері ұғымы және мәні
- •Қаржылық инвестициялар ұғымы
- •21.Қаржылық инвестициялар портфелінің қалыптасуы
- •22.Инвестициялық жобаларды әлеуметтік талдау.
- •23Тікелей шетел инвестициялары, олардың ролі және тарту мақсаттары
- •25. Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау.
- •26. Жобаларды қаржыландыру сызбасы.
- •27.Тікелей инвестицияның артықшылықтары мен кемшіліктері
- •28.Бизнес-планды жасау және оны құрастырудың кезектігі.
- •29.Инвестиция тартудың заңдық базасы.
- •30. Инвестицияны қаржыландыру көздері
- •31.Инвестицияның экономикалық мазмұны және рөлін сипаттаңыз
- •32.Инвестицияның субъектілері мен объектілерін анықтаңыз
- •1.Масштабы бойынша:
- •34. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің мәнің ашыңыз.
- •35. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін өзін-өзі қаржыландыру әдісін сипаттаңыз.
- •36. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін бюджеттік әдісін сипаттаңыз
- •37. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін несиелеу әдісін сипаттаңыз
- •38.Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін акционерлеу әдісін сипаттаңыз.
- •39. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін шетелдік әдісін сипаттаңыз.
- •40. Қазақстан Даму Банкінің қызметі және инвестициялық жобаларды несиелеу ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •41. Инвестициялық жоба тәуекелдерін бағалаудың сандық және сапалық талдау ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •42. Халықаралық инвестициялаудың ерекшелігін сипаттаңыз
- •45. Инвестициялық жоба тәуекелдерін сактандыруды бағалау
- •46. Қазақстан Республикасының даму институттарына сипаттама
- •47.Әлемдік тәжірибеде инвестициялық жоба тиімділігінің көрсеткіштерін cипаттаңыз
- •48.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі таза ағымдық құнға сипаттама беріңіз
- •49.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі ішкі пайда нормасына сипаттама беріңіз
- •50.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі инвестицияның табыстылық индексіне сипаттама беріңіз
- •51.Инвестициялық жоба тиімділік көрсеткіштеріндегі инвестициялау мерзіміне сипаттама беріңіз
- •52. Инвестициялық портфельдің табыстылығы мен тәуекелдігі
- •53. Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялық қызметі және қағидаларын сипаттаңыз
- •54.Қазақстанның инновациялық қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз
- •55.Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының инвестициялық қызметін сипаттаңыз.
- •56.Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясының қызметі
- •57. Едб халық пен шаруашылық субъектілерін, инвест жобаларды несиелеуін сипаттаңыз
- •58. Инвестициялық жобаларды институционалдық талдаудың мәнін анықтаңыз
- •59. Инвест жобаларды әлеуметтік талдаудың мәнін анықтаңыз
- •60.Инвестициялық жобаларды қаржылық талдаудың мәнін анықта
- •61.Инвестициялық жобалардың бюджеттік тиімділігі мәнін анықтаңыз
- •62.Инвестициялық жобалардың коммерциялық(қаржылық) тиімділіг мәнін анықтаңыз.
- •64. Инвестициялық жобаларды экологиялық талдаудың мәнін ашыңыз.
- •65. Инвестициялық жобаларды экономикалық талдаудың мәнін ашыңыз.
- •Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметінің қазіргі таңдағы ерекшеліктері
- •Инвестициялық пай қорының инвестициялық қызметін жетілдіру жолдары
- •68.Жобалық несиелеуді ұйымдастыру және несие алушының несие қабылеттілігі
- •69.Инвестициялық жобалау кезеңінде ақша ағынын модельдеудің мәні
- •71.Инвестицияның макроэкономикадағы рөлі мен маңызы
- •74. Инновациялық даму үрдісінде бағалы қағаздар нарығының мәселелері.
- •75. Қазақстанның инвестициялық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі
- •76. Қазақстанның инновациялық даму үрдісіндегі инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары
- •Инновациялық кәсіпорынның бағалы қағаздар портфелінің қалыптасуы.
- •Портфельдік инвестициялау инвестициялық қаржыландырудың ерекше әдісі ретіндегі мәселелері
- •Халықаралық инвестициялауды дамытудағы халықаралық қаржы институттарының рөлі
- •Қазақстан ипотекалық компаниясы және оның даму перспективалары
- •Қр да мемлекеттің әлеуметтік экономикалық даму бағдарламасына сәйкес инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
- •86. Бағалы қағаздар нарығындағы Қазақстанның зейнетақы қорының инвестициялық қызметі: мәселелері және даму болашағы
- •87. Бағалы қағаздар нарығындағы жеке инвестициялау: дамытудың қазіргі жағдайы және болашағы
- •88. Қазақстан экономикасының нақты секторына шетел инвестицияларын тарту мәселелері
- •90. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудағы ақшалай қаражаттарды дисконттау ерекшеліктері
25. Инвестициялық жобаларды экономикалық талдау.
Нарықтық мәмілелерде көрініс табатын экономикалық айналымдарды және ақшалай емес құндылықтарды жобаның артықшылықты көрсеткіштеріне баға бере отырып, инвестициялық жобалардың нәтижесінде жалпы қоғамға әкелетін тиімділікті анықтау болып табылады. Жалпы экономикалық талдау жобаның мемлекеттік байлығын ұлғайтуға әсер етуін бағалаудан тұрады. Мысалы «Заман» деп аталатын компания кез-келген бір тауарды мынандай шарттармен өндірсін: компанияға шикізатты арзан бағамен мемлекеттік ұйым сатсын; импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын; кәсіпорын өзінің жұмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін; нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады. Мемлекеттің осындай жобаны іске асырудан табатын пайдасын мынадай нұсқалармен салыстыра отырып анықтау қажет: компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату, жұмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу; ұқсас тауарларды шетелден сатып алу. Осылайша, экономикалық талдау процесіңде бұл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек болып табылады. Егер жобаның қаржылық үлесі белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі, экономикалық тиімділігін талдау қалыптасқан. Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынадай түрге ие: 1. қаржылық талдаудың қорытындысын ұсыну; 2. экономикалық талдау тұрғысынан шығындар мен табыстың жаңа жіктелуін жасау; 3.қаржылық мәндерді экономикалық мәндерге ауыстыру (олар сыртқы және ішкі нарық бағасы мен шығындардың үйлеспеуіне байланысты; 4.ресурстарды қолдану және өнімдер алу үшін басқа мүмкіндіктердің құнын бағалау; 5. ішкі төлемдер бойынша барлық есептеулерді шығарып тастау (өйткені олар мемлекеттің жалпы байлығын өзгертпейді); 6.жыл сайынғы экономикалық құралдар ағымын инвестицияның бастапқы көлемімен салыстыру (бұл нәтиже болады).
26. Жобаларды қаржыландыру сызбасы.
1.ҚР Үкіметі мен жеке меншік компаниялар басқа қаржы институттарымен бірлесіп акционерлік қоғам түріндегі жобалық компания құрады. ҚР заңнамасында жобалық компанияның тиімді қызметі үшін белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған болуға тиіс мысалы салықтық жеңілдіктер тағы басқа. 2. Жобалық компания қажетті жабдықты және т.б жеткізу үшін құрылыс пен жөндеу жұмыстары бойынша тендер өткізеді. Жобалық компания тиісті келісімшарттар мен шарттар жасасады. 3. Жобалық компания шетелдік банктер арасында қаржылық кеңесші және бүкіл жобаны қаржыландыруды ұйымдастырушыға тендер жариялайды, бұл ретте біздің еліміздің тарапынан Қазақстан Даму Банкі шығады. Жобалық компания жобаны қаржыландыру үшін қарыз алуды ұйымдастыруға мандат береді. 4. Жобалық компания жоба бойынша құрылыс біткеннен кейін қызмет көрсетуге түрлі әлеуетті тұтынушылармен шарттар жасасады. Жобалық компания көрсетілген қызметтен түскен түсімдер шоғырландырылатын және міндеттемелерге қызмет көрсетілетін арнайы шоттар ашады. 5. Шетелдік Банктер ҚДБ-мен бірлесіп қарыз алуды: қамтамасыз етілген еурооблигацияларды, кредиттік желілерді, бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асырады. Жобалық компанияның шотына құрылыс пен жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарға төлеуге және жабдық және т.б тартылған қаражаттар түседі. 6. Нысан пайдалануға берілгеннен кейін арнайы шотқа, тартылған қаражатқа қызмет көрсетуге жіберілетін қаражаттар қызметтері тұтынушылардан түседі.