Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция материалдары (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
253.24 Кб
Скачать

6. Қоғамның саяси өмірі

Саясат түсінігі. Қоғам өмірі сан қырлы болып келеді. Адам түрлі қарым-қатынаста болады, олардың тілегі, қажеттілігі және қызығушылығы әр алуан болып келеді. Мұндай мүдделерді қалай үйлестіруге болады? Қоғамда бейбітшілік, келісім, тұрақтылық болу үшін не істеу керек? Қандай ұйымдар мен мекемелер адамның мүддесін қолдай алады? Қоғамды кім және қалай басқарады? Осы сұрақтардың барлығына да «саясат» түсінігі жауап береді. Саясаттың көптеген анықтамалары бар.

  • Аристотель: саясат – «ортақ игілік» пен «бақытты өмір» сүруді мақсат еткен қауымның өркениетті пішіні.

  • Неміс ғалымы М. Вебер: саясат «билікке араласуға ұмтылу немесе билікті бөлісуге ықпал етуді білдіреді».

  • В.И.Ленин: саясат – таптар арасындағы күрес, саясат – «экономиканың шоғырланған көрінісі.

Саясаттың не екенін түсіну үшін саясаттың мынадай белгілерін айқындайық:

1 Билік саласындағы қарым-қатынас саясат болып табылады. Саясат арқылы мемлекет қызметінің негізгі бағыттары мен бөлінулері, ұйымдары реттеліп отырады.

2 Саясат таптардың, топтардың, жеке тұлғалардың, элитаның әрқилы мүдделерін қолдайтын қоғамдық өмірдің ұйымдастыру әдісі, мағынасы.

3 Саясат қоғамды басқару ісі бойынша элита мен лидерлердің қызметі. Осыған орай, қоғамдық биліктің институттары – Парламент, Президент, Үкімет және т.б. мемлекеттік ұйымдар қолданылады. Сонымен саясат билік саласындағы қызмет деп саналады. Алайда, саясат билік үшін күрес пен билікке әсер ету үшін күрес болып табылады. Сондықтан да, өркениетті, бейбіт, құқықтық жолмен жүзеге асыру үшін аталған қызмет аса маңызды. Мұны орындау үшін белгілі бір әдіс-тәсілдер қолданылады. Бұған сайлаулар, референдумдар, БАҚ арқылы арнаулар, жиналыстар, демонстрациялар мен пикеттер жатады. Бұл әрекеттер елдегі заңды, басқа азаматтардың бостандығы мен құқығын бұзбау үшін маңызды екенін ескерген жөн. Заңдар адамдардың саясат саласындағы қарым-қатынасын реттейді. Мысалы, Қазақстанда «Саяси партиялар туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Сайлау туралы», «Референдум туралы», «Бейбіт жиындарды, митингілерді, пикет пен демонстрацияларды өткізу және ұйымдастыру туралы» және т.б. заңдар бар.

Қоғам өміріндегі саясаттың рөлі. Қоғам адамдар арасындағы қарым-қатынастан тұрады. Саясат біздің өмірімізді тәрбиелі, қызықты, жарқын етеді. Әрбір адам өзінің құқығы мен бостандығы сақталатын, заң бұзушылықтардың орын алмауын, ертеңгі күнге деген сеніммен қарайтын елде өмір сүргісі келеді. Еліміздің азаматтары әр түрлі ұйымдар мен бірлестіктерді құрады. Саяси мүдделерді жүзеге асыру үшін саяси партиялар құрылады. Әрбір азаматтың саяси өмірге араласуы елінің болашағына ықпал етуге мүмкіндік береді.

Саяси жүйе және оның қызметі. Саяси жүйе адамдардың саяси мүддесін, ұмтылысын және тілегін жүзеге асыратын әр түрлі институттар жиынтығынан тұратын саяси жүйе болып табылады. Бұдан басқа анықтама келтіруге болады. Саяси жүйе – қоғамдағы биліктің қызметі және қалыптасу механизмі (Д. Истн – американдық социолог).

Саяси жүйе төрт элементтен тұрады.

1 Саяси ұйымдар – мемлекет, мемлекеттік ұйымдар және саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар.

2 Саяси нормалар – заңдарда және басқа саяси құжаттарда (партия жарлықтарында) аталған мінез-құлық немесе талап ету ережелері. Бұған партияның саяси идеалдарын, мақсаты мен міндеттерін жатқызуға болады.

3 Саяси сана – саясатқа қатысты көзқарас, сезім, идея, уайым, эмоция, көңіл-күй.

4 Саяси қызмет демонстрация, шерулер, акция, жиналыс түрінде болады. Мемлекеттік ұйымдардың қызметін ерекше атап өтелік. Бұл қызмет әрқашан саяси сипат алады. Бұған саяси қызмет әдісін алып қарастыруға болады. Саяси мәдениет – азаматтардың саяси білімін және саяси қатысу деңгейін білдіретін ұғым. Бүгінде Қазақстанда азаматтардың саясатқа деген қызығушылық деңгейі жоғары, оппозициялық партия, оппозициялық БАҚ жұмыс істеуде. Бұл билікпен өркениетті күресті жүргізу үшін қажет болып саналады.

Саяси жүйе түрлі қызмет атқарады. Осы қызметтерді атап өтейік:

  • қоғамның даму жолдарын, мақсаттары және міндеттерін анықтау;

  • қабылданған мақсаттар мен бағдарламалардың орындалуына қатысты қоғамның қызметін ұйымдастыру;

  • саяси әлеуметтендіру (қоғам мүшелерін саяси қызметке тарту);

  • саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысуға және қызметке тарту;

  • саяси құрылымның тұрақтылығы, ішкі және сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • заңдар мен ережелердің орындалуын бақылау; саяси нормаларды бұзғандардың іс-әрекетіне тосқауыл қою;

  • қоғамдағы, топтадағы адамдардың мінез-құлқына қатысты ережелері мен заңдарды әзірлеу;

  • мемлекет пен әлеуметтік қауымдастықтың түрлі мүдделерін үйлестіру;

  • материалдық және рухани құндылықтарды бөлу.

Билік туралы түсінік. Билік – адамдардың сана еркіне, басқалардың мінез-құлқына әсер етуі нәтижесінде болатын қарым-қатынас. Билік – сендіру және мәжбүрлеу әдістерімен жүзеге асады. Билік элементтерін атап өтелік: билік субъектілері, билік нысаналары, билік қорлары, олардың арасындағы қарым-қатынас, билікті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін немесе кедергі болатын жағдайлар. Билікке бағынудың сарындары әртүрлі болуы мүмкін. Бұл билік мақсаттарындағы қызығушылық; билік қажеттілігіне сенімділік; билік етушінің беделі; бағынбаудың салдарынан болатын қорқыныш; бағынышты болуға деген әдет және т.б.

Билікті оқып-үйренуде «мемлекет билігі» және «саяси билік» түсініктері тепе-теңдікте болады деген қорытындыға келеміз. Саяси билік – жалпыұлттық немесе жалпымемлекеттік міндеттерден тұратын қоғам мен азамат сипатын бақылайтын қабілеттілік.

Саси биліктің негізгі (белгілері) мінездемелері:

1. Жоғары билік – биліктің барлық түрлері мен барлық адамдары үшін саяси биліктің шешімі міндетті.

  2. Жалпыға ортақ – саяси билік құқық негізінде барлық адамдардың атынан жүзеге асырылады.

3. Күш қолдануды заңдастыру – Атазаңда және заңдарда бекітілуі.

4. Дербес орталықтандыру – саяси билік тек бір шешім қабылдау орталығы болады. Екіжақты биліктің болуы мүмкін, бірақ бұл ұзаққа бармайды.

5. Биліктің ауқымды әркетте қолданылатын құралдары болады.

Саяси билік саяси басқарудың субъектісін жүзеге асырады. Бұл мемлекеттік билік ұйымдары, саяси партиялар және ұйымдар, лидерлер, саяси элита.

Билік тиімді әрекет етуде қорларды, яғни қоғамға әсер ету және алға қойған мақсаттарға жету құралдарын пайдаланады. Олар экономикалық, әлеуметтік, мәдени-ақпараттық қорлар, күш құрылымдары болып бөлінеді.

Халық биліктің қайнар көзі. Саясаттың мән-жайын түсіну үшін тұрғындар, халық, қоғам сияқты сияқты түсініктерден жақсы хабардар болуы керек. Тұрғындар – осы немесе басқа мекенде өмір сүретін халықтың жиынтығы. Қоғам – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың жүйесі. Халық тілі, мәдениеті, мекені, діні, тарихи оқиғасы және т.б. жиынтықтары жағынан айырмашылығы бар белгілі бір топтағы адамдар болып саналады. Сондай-ақ, халық ортақ мүдделері мен ортақ мәселелерін біріктіретін адамдар жиынтығы. Халық саяси сауатты болған жағдайда ғана халық болып танылатындығын атап өтеміз. Бостандық идеясы аясына біріккен, құқықтары мен мүдделерін белсенді түрде ұсына және қорғай алатын болады

Халық өз лидеріне баға бере алады, биліктің кемшілігіне және жетістігіне назар аудара алады. Билік халықтан шығады. Сол себепті халық биліктің қайнар көзі болып табылады.

Халық заңның қабылдануына, талқылануына және құрылуына белсенді түрде қатысуға тиісті. Сонда бұл заңдар халық арқылы әділетті қабылданар еді. Халық қалаулылары болған депутаттар қоғам таныан жүзеге асырады. Осыған орай, біздің мемлекеттің дамп, біздің бақытты өмір сүріп, заңбұзушылықтар болмай, заңдар орындалуы үшін халық саяси сауатты болуы қажет.

Халық және көпшілік. Испан философы Ортеги-и-Гасеттің пікірінше, көпшілік адамдардың ерекше артықшылығы жоқ көпшілігін айтады. Көпшілік дәм, қызығушылық, өмір сүру салты және т.б. сияқты кейбір ортақ ерекшеліктерге ие. Көпшілік жеке адамның пікірі болып есептелмейтін, бірақ қоғамдық пікірін білідір деп аталатын өзіндік пікірді білдіреді. қандай да бір оқиғаларға байланысты көпшілік жиналған жерге тобыр кездейсоқ жиналуы мүмкін. Бірақ кейбір саяси шараларды (митингілер, шерулер және т.б.) өткізу үшін алдын-ала ұйымдастырып, өткізуге болады.

Тобыр туралы түсінік халық туралы түсінікке жақын болғанымен, бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Басқарушы саналы болғаннан гөрі ызалы, қызу қанды адамдардың ұйымдаспаған, кездейсоқ жиналуынан пайда болатын тобырлық сана. Сезім және эмоцияға беріліп ақылға бой алдырмастан, тобырлық сана басымдықта болатын тобырды кездейсоқ ұйымдаспаған адамдардың шоғырлануы деп санайды. Тобыр тек қиратып, бұзатын бұқара, олардың психикасын әлеуметтік институттар мен ережелерді бұзуға оңай пайдалануға болады.

Сондықтан, саясаткерлер тобырдың пікірін ескеріп, қабылдаған шешімдерін жүзеге асыруға мүдделі болса, қоғамға аса қауіпті. Әрине, көреген көсемдер тобырдың көңіл-күйін ескере отырып, қоғамның шынайы келбетін танытады. Бірақ тобыр әп-сәтте құрылғанымен, тез арада тарайды. Тобырдың саяси мәдениеті неғұрлым төмен болған сайын қауіпті әрі бұл қатерді ескерусіз қалдыруға болмайды.

Охлос – тобыр. Охлократия – тобырлардың билігі.

Тарихтың нағыз субъектісі ретінде тобыр не бұқара емес халық танылады.

Демократия. Демократия түсінігі және белгілері. Демократия – (еж.-грек. демос – халық, кратос – билік) - халық билігі. Басқаша айтқанда, жариялылық бұл ұжымдық шешім қабылдау әдісі негізіне жататын саяси режим. Осыған орай, қатысушылар саяси үдеріске шынайы әрекет ете алады.

Демократия белгілері:

Демократияның екі моделі болады:.

  • тікелей демократия – азаматтар өздерінің құқығын тікелей саяси шешімдерді қабылдауда жалпы келісім (консенсус) жетістіктері немесе азшылықтың көпшілікке бағынуы процедуралары есебінен жүзеге асырады.

  • өкілдік демократия – азаматтар да құқықтарын өздерінің сайлаған депуттары арқылы және басқа қызметтік тұлғалардың жекеменшік құқығы бөлігіне сол жерлдерге сапар шегу жолымен жүзеге асырылады. Осыған орай, таңдап алынған жетекшілер азаматтар алдында өздерінің әрекеттеріне жауап береді.

Демократия тарихи нысаны. Демократия - көпшіліктің бір-бірінің бостандығы мен құқығын сыйлайтын білімді, тәрбиелі билік. Ең бірініші жариялылық Ежелгі Афинада пайда болды. Афина жариялылығы жариялылықтың классикалық нысаны ретінде қабылданған.

Тарихтан мысал келтірелік.

! «Сіздер, барлық афиналықтар, мемлекеттік құрылымның тирания, олигархия и демократия деп аталатын үш типі болатынын жақсы білесіздер. Алғашқы екеуі мемлекеттің басшылары басқарса, үшіншісін заңды орнатқандар басқарады. Заңдардың орындалуы – жариялылықтың сақталуы. Осыны ескере отырып, заңға қарама-қайшы ұсыныстарды өткізгісі келетіндерді жек көрулерің керек» (Оратор Демосфен).

! «Біздің мемлекеттік құрылым өзгелердің тәртібін қайталамауы тиіс; біз асылында, бірелердің жолынан жүргеннен гөрі басқаларға үлгі болып табыламыз. Біздің жариялылықтың құрылымы азшылықтың емес көпшіліктің мүддесімен басқарылатынын атайды. Заң бойынша барлығының бірдей құқығы бірдей, қоғамдық жұмыстарда осы немес басқа партиялардың қолдауы емес, адамның қабілеті шешеді. Күйеуінің кедейліктен мүмкіндігінің жоқтықтығынан мемлекетке пайда әкеле алмайды деген түсіні мүлде болған емес... Біз сұлулықты рухтың әлсіздігінен мұңаймайтын кішіпейілдікпен, білімбілікпен үйлесімді болатынын жақсы көреміз. Қайсарлылықты өз ісімізді жаңадан бастағалы жатқанда санамыздан өткізіп, ойластыру арқылы үйлестіреміз. Кей жағ жағдайларда ғана көптеген адамдарға тек санасыздық қана қайсарлық береді, олардың мұндай ойлары сәтсіздікке әкеліп соғады. Біз байлық пен мансаптың артында дәулеттілік немесе атақ-даңқ саяси қызметтің құралы деп санаймыз. Ал кедейлікке қатысты біздің кемсітуіміз тек адамның өзі кедейліктен арылу үшін әрекеттенбейді деген ойды тудырады» (Периклдің сөздерінен).

Осы айтылған сөздерді талқылаңдар. Осы анықтамалықтардан жариялылықтың қандай белгілерін атап айтар едіңдер?

Қазақ халқының мемлекетінің тарихына назар аударайық. Көшпенді мемлекетте де демократия болды.

Демократияның мынадай ерекшеліктерін атап көрсетейік.

  • Хандарды барлық төре руларының өкілдерінің арасынан – шыңғыстық-сұлтандар сайланды. Тек Шыңғысханның «ақсүйектер» тұқымдары ғана сұлтан болды. Осыған орай, сөз жоқ, сайлаушылар алдында беделге ие болған тек сұлтан ғана хан бола алатын еді. Хан тағына үміткер өзінің мемлекетті басқара алатын қабілетін дәлеледеу тиіс болатын.

  • Қазақ даласында билер үлкен беделге ие болған. Шыққан тегінде ешбір талассыз бедел жинаған билерді ешкім сайлап немесе тағайындаған жоқ, Ел арасында би хан болған жоқ. Бірақ, әлеуметтік жекетұлғалық рейтінгісі бойынша ол үнемі осы ортаның үкімет басқаруынан жоғары болып отырды. Халық арасында: «Ханда қырық кiсiнiн ақылы бар, биде қырық кiсiнiн ары, бiлiмi бар» деген ескіліктің нақыл сөзі осы кезге дейін қолданылады.

  • Көшпенді халықтардың өмірі бостандық пен теңдіктің жоғары дәрежесімен ерекшеленеді. Қоғамның әрбір мүшесі тең құқылы болды, ел арасында жеке пікір білдіру құқығы ерекше құрмет болып саналды. Қасым хан мен Есім ханның ежелгі заңында: “Бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ” деген сөзі бостандықтың ережесін қалыптастырған.

  • Ұжымдық қоғамда қоғамдық пікір білдіру мемлекеттік мәжбүрлеуден де күштірек болған. Қоғам мүшелері ар, ұят, абырой сиқты қасиеттердің негізіндегі ішкі тухани мәдениеттің күшін қамтыған үрдіс пен салт-дәстүрлерді сақтай білген. Ар-ұят өмірден де жоғары қойылған.

Жариялылықтың іргелі принциптери (ұстанымдары).

Принциптер (ұстанымдар)басты идеялар, талаптар, негіздер.

Осы принциптерді атап көрсетейік.

Конституционализм. Заңды үдеріс белгілі бір параметр аясында жүріп отыру керек. Бұл параметрлер Атазаңда қарастырылған.

Жариялылық сайлаулары – барлық кәмелетке толған азаматтардың дауыс беруге қатысу мүмкіндігі. Бұл жерде әрбір азаматтың дацусы маңызды, заң әрбір адамды дауыс беру кезіндегі құқық бұзушылықтың әсер етуінен қорғайды. Ашық және адал жинаған дауыстардың саны болады.

Заңдардың шығарылуы. Азаматтар тікелей не жанама түрде заң шығару үдерісіне өз үлесін қосады. Заңнамалық ұйымдар халық алдында жауапты болатынын және талаптардың есебінің ескеру қажеттігін назарға алған.

Сот ұйымдарының тәуелсіздігі – сот заң және сот алдында барлығы тең, ашық түрде жүзеге асырылуындағы жариялылықтың адам құқығын қорғау нысаны болып табылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі. Жариялылықтың жағдайында халық сыбайлас жемқорлықтың, әділетсіз заңбұзушылықтың, нәтижесіз болғанда немесе мемлекеттік ұйымдардың заңнан тыс әрекет етуі орын алған жағдайында баспасөзге әшкерелеу құралы ретінде сүйенеді. Бірде бір мемлекетте баспасөз бостандығы болмаса, бостандықтың болуы екіталай.

Белсенді топтардың рөлі. Үкіметтік емес ұйымдар азаматтардың мүддесін айқындауда және оларға назар аударуда тиімді көмек көрсетеді.

Ақпарат алудағы қоғамның құқығы. Азаматтар өздерінің төлеген салығының қайда жұмсалып жатқанын және сайлаған адамдардың заңды немесе тиімді заңның қабылдануында өз міндеттерін қалай атқарып жатқанын білуге құқылы.

Азшылықтың құқығын қорғау. Қоғам азшылық топтардың мүддесін қорғайды.

Демократия күштері. Жариялылық әртүрлі күщтерді дамытады. Біріншіден, тек мемлекет билігі күші. Мемлекет өкілдерінің жоғары жариялылылықтың мәдениетін меңгеруі аса маңызды. Екінші күші – жариялылыққа мұқтаж болып отыр. Сондықтан да халық саяси сауатты болуы тиіс.

Саяси режим. Саяси режим – қоғамдағы саяси бостандықтың көрсеткіші мен жеке тұлғаның құқықтық ережесінің жағдайының көмегімен жүзеге асырылатын мемлекеттік билік. Саяси режим сол не басқа мемлекеттің өмір сүру қызметінде үлкен маңызы болып отыр. Саяси режимдердің өзгеруі мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының күрт өзгеруіне әкеліп соғады. Саяси режим белгілі бір уақытта жариялылықтың даму нысаны мен деңгейін, мемлекеттегі саяси жағдайын көрсетеді.

Демократияға қарсы режимдер. Тоталитаризм и авторитаризм. Демократияға қарсы режимнің тираникалық, деспотикалық, фашистік, тоталитарлық және авторитарлық деп аталатын бірнеше түрлері бар.

Демократияға қарсы режимнің өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар: бір ғана саяси партияға бағынышты болу; бір ғана ресми идеологияның болуы; әдеттегідей жекеменшіктің бір нысанын бағынышты ету; саяси қандай да болмасын құқық және бостандықты жою немесе азайту мәліметі; қоғамдық топтардың, касталық және басқа да белгілері бойынша қоғамның сирек орналасуы; қоғамдың топтардың төмен экономикалық деңгейі; мәжбүрлеу және жазалау шараларына екпіндік ету; сыртқы саясатқа қысастық көрсету және т.б.

Тоталитаризм – жариялылыққа қарсы режимнің өте күңгірт тұстары бар. Мұнда қоғамға мемлекет тарапынан қатаң бақылауды жүзеге асыру, демократиялық партиялар мен ұйымдардың қызметіне тыйым салыну, адам құқығы мен бостандығын таптау, сөз бостандығының болдырмау, дамушы күштерге қарсы зұлмат өткізу жүзеге асырылады. Тоталитарлық билік халықтың бақылауынан тыс болады. Тоталитаризм үлгісі – ХХ ғ. 30 ж. Германиядағы фашистік Германияның саяси режимі.

Авторитаризм – бір адамның немесе ұйымның қолындағы биліктің белгілі бір шектеліп, шоғырландырылуын сипаттайтын режим типі.

Авторитаризм тоталитарлық режимнен айтарлықтай айырмашылығы болады:

маңызды дәрежедегі бостандықтың шектелуінің расталған сипаты бар, жекеменшік емес, саяси құқықтар пен бостандықтар шектеледі;

  • режимнің тірек болу идеология немесе саяси партияда емес, әскекрде, дәстүрлі дінде болады;

  • авторитаризм азаматтық қоғамды жою мақсатын және сананы жаулау сипатын болдырмайды. Бұл режимнің ауқымы кең, жаңалықты жақсы қабылдайды, дәстүрлі құрылымды сақтауға бағытталған;

  • авторитаризм басқаруда басшылықтың командалық әдісіне және мемлекеттік биліктің қатаң түрде орталықтануына тірек болады.

Ең бастысы авторитаризм қоғамында қоғамның үстінен бақылау жасау жан-жақты бағыт беру болып табылмайды. Бұл оның тоталитаризмнен айқындалуы болып табылады.

Билікті сайлау. Демократияның ең басты белгілерінің бірі сайлау болып табылады. Сайлау – билікке келудің бірден-бір жарқын тәсілі. Барлық өркениетті мемлекеттерде көп жағдайда билікке қол жеткізудің жалғыз заңды тәсілі. Сайлаулар тек саясатта ғана емес, сонымен қатар, басқаруды қажет ететін салаларда қолданылады. Адамзаттың тарихында сайлаулар ежелгі заманнан бері келе жатқаны белгілі. Тіпті алғашқы қауымдық қоғамда да тайпалардың көсемдері мен ру басыларын сайлаған.

Сайлауға қатысу әрбір адамның өзінің ерікті жұмысы болып табылады. Онымен қоса сайлауға қатысу кез-келген адамның азаматтық борышы болып табылады. Кез-келген мемлекет сайлауларда азаматтардың көпшілігінің мейлінше түгел қатысуына әрекет етеді. Сайлауға қатысу – азаматтардың немқұрайды бақылаушысы болмай, өз мемлекеті үшін шын жанашыр бола алатындығының көрсеткіші. Немқұрайдылық және сырт қалу қоғамда күңгірт құбылыстардың пайда болуына жол ашып береді. Сайлаушылардың сайлауға келмеуі «абсентеизм» деп аталады.

* Тарихтан дәлел келтірелік .

Сайлаулар өне бойы әділетті болған жоқ. Ежелгі замандарда және орта ғасырларда көптеген шектеулер болды. Сонымен, сайлауларға тек қана аристократтар ғана қатысып, қарапайым кедей халық, әйелдер, құлдар шеттетілді.

Қазіргі кезеңде сайлау заңында барлық азаматтар сайлауға жіберіледі, бірақ жас шамасына қарай мүліктік, білім, жынысына қарай және т.б. шектеулер енгізілген.

Сайлау бостандығы. Сайлаудың ашықтығы. Азаматтық саяси қатысу. Сайлаушылар. Мемлекеттік саясатқа азаматтардың әсер етуі. Сайлаудың қаржыландырылуы.

Сайлау бостандығы дегеніміз әрбір азаматтың сайлауға қатысуға, сондай-ақ олардың көзқарасынан шынайы және әділетті күресте сайлаушы болу мүмкіндіктеріне ие болуды білдіреді. Сайлаулар ашық түрде өтеді. Бұл дегеніңіз, әрбір адам сайлауға қатысады, дауыс санағы ашық түрде өтеді, сайлаудың барлық нәтижелері жарияланады. Сайлауда әрбір адам дауысының маңызы бар. Кез-келген адам өзінің шынайы нағыз өмірін келешекке әсер ету арқылы өзгерте алады. Болашақ әрбір адамның қолымен жасалатын сайлау арқылы анықталады. Қандай адамды сайлау керектігін шешу үшін болып жатқан оқиғалардан, іс-әрекеттерден басқа саяси партиялардың және олардың лидерлері қызметін жеке бастың мүддесін ойлайтын жағдайлардан хабардар, саяси сауатты болу керек. Сайлауларға қатысуға құқығы бар азаматтарды сайлаушылар деп атаймыз. Барлық азаматтар сайлаушылар болып табылмайды. Сайлаушыларға қойылатын белгілі бір талаптар бар. Азаматтар 18 жасқа толғаннан кейін қатыса алады. Сайлауларда соттың шешімімен сотталып, жазасын өтеп жатқан тұлғаларға қатысуға болмайды. Әрбір сайлаушы кімді сайлайтынын өздері таңдайды. Дауыс құқығының берілуі ретінде басқа тұлғалардың орнына дауыс беруіне тыйым салынады. Сайлаулар мемлекеттің, жеке тұлғалардың есебінен қаржыландырады. Бұл үміткердің жеке қаражаты, саяси партияның қаражаты, қоғамдық бірлестіктердің қаражаты, ерікті түрде азаматтардың демеушілік қаражаты және Республика ұйымдарынан алынған қаражаты болуы мүмкін.

Тапсырма. Азаматтар мемлекеттік саясатқа қалай әсер ете алады, ойланып көрелік.

Қоғамдық ұйымдар. Саяси партиялар. Билік партиялары және оппозициялық партиялар. Оппозициялар және оның қызметі. Қоғамдық ұйымдар мен басқа қоғамдық бірлестіктердің қоғамның саяси өміріндегі рөлі.

Азаматтар қажеттіліктерін қанағаттандырып және өз мүдделерін білдіру үшін әртүрлі қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестіктер еріктілік негізінде құрылады. Қоғамға мұндай ұйымдардың көп болуы пайдалы. Осындай ұйымдар арқылы адам өзінің құқығын көрсете алады. Қоғамдық ұйымдардың одақтар, қорлар, бірлестіктер және т.б. осындай түрлері болады.

БАҚ беттерінен мәліметтер келтірелік. Республикада қазіргі уақытта бірқатар 2500-ден астам үкіметтік емес ұйымдар, 2700 діни бірлестіктер, 30 конфессия өкілеттігі қызмет етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Қазақстан ТМД елдері арасында саяси және әлеуметтік-экономикалық рефомалар өткізу бойынша алдыңғы қатарда келеді. Қазақстанда қоғамның полиэтникалық тұрақтылығының жаңа формуласы болып табылатын барлық этностардың мүддесі келісім нәтижесінің тұрақтылығы ретінде жүзеге асырылған.

Азаматтардың саяси мүддесін білдіру үшін саяси партиялар пайда болды. Қазақстанда саяси партияның тіркеліп, жұмыс атқаруы үшін кем дегенде 50 000 мүшелері болуы керек. Бұл дегеніңіз партия қоғам арқылы қолдау тауып, саясатқа шынайы түрде әсер ете алады деген сөз.

Бүгінде Қазақстанда әртүрлі саяси партиялар жұмыс істейді:

Жариялылық қоғамда оппозиция болады.

Оппозиция (лат. Oppositio «қарама-қайшы тұру, қарсылық білдіру») саясаттағы басқарып отырған партияға қарсы шығу немесе көпшіліктің қолдауы арқылы айтылатын пікір.

Оппозиция саяси жүйенің кәдімгі жағдайда қалыптастыру үшін қажет. Оппозиция бар жерде билікті жеке басына асыру болмайды. Оппозиция үкіметке БАҚ арқылы сын айтады. Оппозиция өзінің қызметінде қаншама алуантүрлі әдістер мен қадамдарды қолданады: қарсылық білдіру жолымен митингілер, шерулер, пикеттер, ұйымдастыру, ереуіл және т.б. Барлық әрекеттердің күш қолдануды болдырмайтын Атазаң және заңдары аясында болуы тиіс екендігін есте сақтау аса маңызды.

Мысал келтірелік. Ұлыбританияда және бірқатар ірі оппозициялық партиялардың лидері бұрынғы колонияларда (яғни, парламент сайлауларында екінші орын алған партияларда) минстр деңгейінде корольдік шағымдану алатын, өйткені ол қоғам және мемлекет қызметінде маңызды болып саналған. «Ұлы Мәртебелінің оппозициясы» деп аталған бұл партия олардың оппозициялық бағдарламаларын жасай отырып, бағыттарын айқындауда үкіметтік шараларды сынға алып, бақылаған кезде «қараңғы кабинет», «минстрлер» деген жаңа сөздерді өмірге әкеліп, қалыптастырады. Билікке партияның келуі жағдайында, әдеттегідей олар үкiметтегi тиiстi орындарға автоматты түрде орналастырылады.

Мемлекет және оның нысаны.

Мемлекет туралы түсінік. Белгілі бір мекенге әрекет ететін саяси билік мемлекет деп аталады. Мемлекет заңбұзушылықтар орын алған жағдайда тәртіпке бағындыру үшін заңдар шығарады. Мемлекеттің ең басты міндеті азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, қоғамда тәртіп орнату, қоғамды басқару болып табылады. Мемлекеттің өзіне тән сипаттық белгілері бар. Мұндай белгілер мемлекетті биліктің басқа түрлерінен айырмашылығын байқатады.

Мемлекет белгілері:

Тапсырма. Егеменді мемлекет ретінде Қазақстанға қатысты белгілерін кеңінен түсіндір.

Айталық, қазіргі заман демократиялық мемлекет қоғамның әлеуметтік қажеттілігіне салықтарды жұмсауға ұмтылады. Сондықтан ҚР Атазаңы бабында адам үшін ең басты құндылықтары олардың өмірі, құқығы және бостандығы болып табылатындықтан Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекіткен. Осылайша біздің мемлекет қоғамның барлық әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету міндеттері бірінші кезекте тұратынын алға тартады.

Мемлекет нысаны. Мемлекетті басқару нысаны. Монархия. Республика. Мемлекет нысаны – басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және саяси тәртібі нысанының жиынтығы. Мемлекет нысаны мынадай сұрақтарға жауап береді: Жоғары билік қалай құрылған? Биліктің көзі кімдер болып табылады? Кім және кімнің алдында жауап береді? Мемлекеттің мекендейтін жері қанша бөлімнен тұрады? Мемлекет қандай әдіс қолданады? Мемлекет азаматының қандай құқығы мен бостандығы бар?

Басқару нысаны – жоғары және жергілікті ұйымдар мен тұрғындардың өзара әрекеттестігі, сондай-ақ басқару нысаны қоғам алдында мемлекеттік ұйымдардың жауапкершілік дәрежесі мен мемлекет ұйымдарының қалыптасуына тұрғындардың қатысу дәрежесін сипаттайтын мемлекеттің жоғары ұйымдарының тәртібі.

Басқарудың екі негізгі нысаны бар:

  1. Монархия. Басқарудың мұндай нысаны жоғары билікті заң бойынша бірауыздан мұрагерлікке қалдыруды жүзеге асырады. Сондай-ақ, монарх қоғам алдында заң жүзінде жауап береді. Жер бетінде алғаш рет басқарудың нысаны жағынан абсолютті монархия болды. Монархияның екі түрі бар:

а) шектеусіз монархия (абсолютті). Монарх мемлекеттің жалғыз ең жоғарғы ұйымы. Заң шығару, атқару және сот билігі монархтың қол астында болады. Қазіргі уақытта осындай басқарудың пішіні Сауд Арабиясында және Біріккен Араб Әмірлігінде бар.

б) шектелген немесе конституциялық монархия. Бұл жерде мемлекеттік билік монарх пен басқа ұйымдар арасында парламент және сот болып бөлінеді.

Кейбір мемлекеттерде монарх зайырлы жүйемен басқарылып қана қоймай, сондай-ақ мемлекетті діни басқару жүйесі бар. Мұндай монархтар теократиялық деп аталады (Сауд Арабиясы).

Теократия (тео – құдай, кратос – басқару деген ежелгі грек сөзі).

2. Республика. Бұл жерде жоғары мемлекеттік билік халықтың сайлауымен белгілі бір уақытқа сайланады. Осыған орай, сайлау ұйымдары сайлаушылардың алдында жауапты. Республика парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді.

Парламенттік республикада парламент жоғарғы рөл атқарады. Парламент тек заң шығарушы ғана емес, үкіметтің бақылаушы ұйымы. Мемлекет басшысы заң бойынша парламентпен немесе арнайы парламенттік ұжыммен сайланады. Мемлекет басшысы – президент үкіметтің басшысы болып саналмайды. Мұндай республикада үкімет парламентте көп дауыс жинаған өздеріне қарасты партиядан ұсынылған депутаттар қатарынан парламенттік жолмен қалыптасады. Үкімет парламент алдында өзінің қызметі туралы ұжымдық жауап беріп отырады және парламентте партия басым дауыс жинаған уақыттың аралығында билікте қалады. Үкімет басшысы (премьер-минстр, минстрлер кеңесінің төрағасы, канцлер) заң бойынша президент тағайындайды. Ол жоғары атқару билікті жүзеге асырылатын және парламент алдында өз қызметі үшін жауап беретін, өзі басқарып отырған үкіметті қалыптастырады. Парламенттің ең басты қызметі заң шығару қызметі және атқарушы билікті бақылау болып табылады. Парламент қомақты қаржылай басқаруға өкілеттігін жүргізеді. Өйткені, мемлекеттік бюджетті қабылдайды және қарайды, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамытудың болашағын айқындайды, ішкі және сыртқы, қорғаныс саясатының негізгі мәселелерін шешеді. Мысалы, Германия, Индия, Италия, Венгрия сияқты елдердің саясатына араласады.

Президенттік республикада Президент мемлекеттің ең басты ұйымы болып табылады. Америка Құрама Штаттары классикалық президенттік республика болып табылады. АҚШ конституциясында заң шығарушы билік парламентке, атқарушы президентке, сот жоғары сотқа бағынатыны анық айтылған. АҚШ Президенті халықтың жанама дауыс беру жолымен (сайлаумен) сайлаушылар ұжымы арқылы сайланады. Бұл ұстаным биліктің бөліну ұстанымы деп аталады.

Президенттік басқару нысаны көптеген мемлекеттерде өзіндік ерекшелігі бар. Францияда президент жалпылай дауыс жинау арқылы сайланады. Басым дауыс жинап сайланған адам кандидат болып саналады. Қазақстанда да президентті сайлау тәртібі осындай жолға қойылған. ҚР Президенті ҚР азаматтарымен бес жылға сайланады. Айталық, әлемнің көптеген мемлекеттерінде президенттік республика болып табылады.

Президенттік республикада атқарушы билік мықты болып келеді.

ҚР Атазаңының 40-бабы.

1. Қазақстан Республикасының Президенті жоғары мемлекет басшысы болып табылады. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын негізгі бағыттарын айқындайтын және Қазақстанды мемлекет ішінде және халықаралық қатынаста көрсете алатын жоғары қызметтік тұлға.

2. Республика Президенті – мемлекеттік билік пен халық бірлігінің, Атазаңның мызғымас күшінің, адам және азаматтың бостандығы мен құқығының кепілі мен символы.

3. Республика Президенті халық алдында билік ұйымдарының жауаптылығын, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.

Осы бапты талқылаңдар. ҚР Президентінің өкілеттілігін белгілеп қойыңдар. Қоғамның тұрақтылығының дамуын нығайтудағы Президенттің рөлін кеңінен түсіндіріңдер. БАҚ мәліметтерін пайдаланыңдар.

Қазіргі заманауи қоғамда басқару нысаны арасында ұстанымды айырмашылықтар болмайды. Оларды жалпы мақсаттары пен міндеттері жақындастырады.

Мемлекеттік құрылымның нысаны: унитарлы және федеративті мемлекет. Қазақстан – унитарлы мемлекет. Конфедерация

Мемлекеттік құрылым нысаны биліктің мекендік ұйымдарының ерекшеліктері. Аталған пішін мемлекет қатынасын оның құрамының біртұтас құрамдас бөлігі ретінде кеңейтеді. Барлық мемлекет өзінің мемлекеттік құрылымы жағынан қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Унитарлы (біртұтас) мемлекет. Қарапайым мемлекет деп аталады. Әкімдік-мекендік бірліктерінде мемлекеттік білім берудің статусы, егемендік құқығын иелік етпейтін біртұтас орталықтандырылған мемлекет. (Қазақстан). Униралы мемлекетте біртұтас жоғары ұйымдар жүйесі, бірегей заңдар жүйесі, бірегей соттық жүйесі, бірегей азаматтық және бірарналық салық жүйесі болады.

Күрделі мемлекет. Мұндай мемлекет екі бөлімнен тұрады. Бұл бөлімдер өзін өзі басқарудың осындай немесе басқадай дәрежесі қамтылады. Күрделі мемлекетке империялар, конфедерациялар, федерациялар жатады.

Империялар – құрамдас бөліктері жоғары билікке бағынышты болып келетін қанаушылықты құрушы күрделі мемлекет. Империяда колониялар болады. Империя мәжбүрлеу әдісі негізінде құрылады. Негізгі орталықта барлық байлықтар колониядан орталыққа шығарылып дамып отырады. Мысалы, тарихта Рим империясы, Британ империясы, ресей империясыжәне т.б. болғаны белгілі.

Федерация – бір бөлігі шектеулі егемендікке иелік ететін күрделі одақтық мемлекет. Мұнда децентрализация ұстанымы әрекет етеді. Бұл орталық билік пен федерация субъектілер билігінің болатынын білдіреді. Федерация субъектісінде көптеген федерация субъектілері мәселелерін өз бетінше шешетін үлкен өкілеттіліктерге ие. Федерацияда жоғары федералды және федералды заңнамалық ұйым қатарында федерацияның заңнамалық субъектілері және жоғары ұйымдар бар.

Федерацияны қалыптастыру ерекшеліктері бойынша төмендегідей болып бөліненді:

  • мекендік

  • ұлттық

  • аралас

Аумақтық федерация. Мұнда федерация субъектілері аумақ бойынша бөлінеді (АҚШ, Германия)

Ұлттық федерациялар ұлттық белгілері бойынша құрылады (бұрынғы Кеңестер Социалистік Республикалар Одағы (КСРО); Чехославакия, Югославия).

Аралас федерацияда мемлекеттің қалыптасуы осы екі белгілері бойынша жүргізіліп келеді. (Ресей Федерациясы).

Мысалы, Америка құрама штаттары (АҚШ) 51 штаттардан, Ресей Федарециясы 83 федерация субъектілерінен (республикадан, округтен, өлкеден және т.б.), Германия 16 федерация субъектілерінең (жерлерден) тұрады.

Конфедерация – танымал тарихи кезеңнің аясында белгілі бір мақсатқа жету үшін пайда болған уақытша егеменді мемлекеттер одағы. Мақсаттары әртүрлі, әскери, экономикалық, саяси болып келуі мүмкін. Мысалы, қазіргі уақытта АҚШ азаматтық соғыс кезеңінде 1776-1787 жж., ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы) бар.

Конфедерация болып қалыптасқан егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынас субъектілері жеке азаматтық, билік ұйымдары жүйесі, басқару және әділеттіліктер алуды жалғастырып болып қала береді. Конфедерация уақытша одақта болатын сол мемлекеттердің азаматтығын сақтайды. Мемлекет біртұтас одақтың болған уақытында ақшалай жүйе, біртұтас кедендік ереже, мемлекетаралық несие саясаты туралы келісімге тұра алады. Конфедерация мемлекеттері азаматтарының еркін келіп кетуіне, яғни визалық тәртіп болмайды. Заң бойынша конфедеративті мемлекеттер ұзақ өмір сүре алмай күйрейді не болмаса конфедерацияға айналады.

Қазақстанунитарлы мемлекет. Географиядан білітініміздей, бізідің мемлекет көлемі жағынан дүние жүзінде тоғызыншы орынды иемденеді. Қазақстан Республикасы 14 облыстан, республикалық маңызы бар үш қаладан тұрады. Облыстар әкімдік-мекендік бірлігі болып табылады. Президенттің тағайындауымен болған әкім жеке аймақты басқарады. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Қазақстан Парламентінде Сенат және Мәжіліс болып аталатын екі палата қызмет атқарады. Парламент заңды қарау және қабылдаумен айналысады. Үкімет – заңды орындаумен айналысатын басты орган. Соттар әділеттілікті жүзеге асырады. Елімізде жұмыс істеп келе жатқан Атазаң 30 тамызда 1995 жылы қабылданды.

Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет.

Егемендік туралы түсінік. Бүгінде дүниежүзі картасында 200-ден астам мемлекет бар. Әрбір мемлекет өзінің үрдісімен, салт-дәстүрімен, тілімен, заңымен ерекшеленеді. Барлық мемлекетте әртүрлі халық пен ұлт өкілдері тұрады. Қалай дегенмен әлем хаалықтарын біріктіретін ортақ нәрсе бар. Бұл бостандыққа ұмтылу, өзінің тәуелсіз және егеменді мемлекетін құруға ұмтылу. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан мемлекеті патшалық Ресейге, кейіннен КСРО-ға тәуелді болды. 1991 жылы КСРО-ның құлаған кезі тарихтан ерекше орын алған оқиға болды. Бұл – Қазақстанның тәуелсіз және егеменді мемлекет болуы еді. Егемендікті қалай түсінуге болады? Егемендікті немен қамтамасыз етуге болады? Бұл сұрақтар мемлекетіміздің әрбір азаматын толғандыруы тиіс.

  • Мемлекеттік егемендік туралы түсінікті XVI ғ. француз саясаткері, ғалымы Жан Боден алғаш кіргізген болатын.

  • Егемендік (фр. souveraineté  – жоғары билік, бағынбаушылық, құдайшылық) – Жоғарғы биліктің қандай да бір ішкі күшінен тәуелсіз, бостандықта болуы.

Егемендіктің екі бастауы – жоғарғы мемлекеттің және тәуелсіздігі бір-бірімен астасып жатыр. Басқаша айтқанда егемендік тұтаста мемлекеттің тәуелсіздігі мен құқығын білдіреді. Нақ осы егемендік арқылы мемлекеттің саяси-құқықтық дербес басқаруы қамтамасыз етіледі. Егемендік дегеніміз жоғары билік халықтың арқасында қалыптасуын білдіреді. Халық биліктің көзі, халық билікті сайлайды. Билік осыған сәйкес халық алдында жауап береді.

Егемендік тек ішкі және сыртқы қол сұғуларынан пайда болған халықтың тәуелсіздік пен бостандыққа деген құқығы болып қана қоймай әрі биліктің қоғамды басқару құқығын білдіреді. Басқаша айтқанда, бұйрық береді, емін-еркін шешім шығарады, жоғары биліктің барлық қызметін жүзеге асырады. Егемендікті кез-келген азамат қорғауы тиіс. Мұны кәсіби тұрғыда атқаруға міндетті арнайы ұйымдар бар. Бұл қарулы күштер, арнайы тағайындалған ұйымдар.

Қазіргі уақытта егемендіктің халықтық доктринасы әлемдік қауымдастықпен қолдау тапқан. Бұл идея адам құқығының жалпы декларациясының 21-бабында заңда айтылғандай, мерзімді және тіркелмеген сайлауларда халық бостандығы үкімет билігінің негізі болып, тең және жалпы сайлау құқығында еркін дауыс береді деп бекітілген. Сондай-ақ, егемендік халықтың доктринасы халық құқығының табиғи байлықтарының қатарынан өз көрінісін тапты.

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Демократиялық мемлекет –әрбір азамат өзіндік пікірін ашық түрде білдіріп мерзімімен өткізетін сайлаулар өтететін мемлекетті айтамыз. Біздік елімізде өз уақытымен Парламент, Президент сайлауы өткізіліп тұрады. Халықтың көпшілігінің пікірі бәрінен де маңызды болып табылады. Мемлекеттік ұйымдардың барлық әс-әрекеті жариялылық пен ашық түрде өтеді. Әрбір ҚР азаматы мемлекеттік ұйымдарға баруына құқылы. Кез-келген азамат адам құқығы бұзылған жағдайда сотқа шағымдануына болады.

Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет болып табылады. Бұл дегеніңіз біздің елімізде дін мемлекеттен оқшауланған. Діни негізде саяси партиялар құруға рұқсат етілмейді. Қазақстанда бірде бір дін міндетті деп саналмайды. Егер де ҚР заңдарына қарама-қайшы келмесе әртүрлі пішіндегі діннің өмір сүруіне рұқсат етіледі. Зайырлы мемлекет дегеніміз әрбір адам дінді өз қалауы бойынша таңдауына ерікті. Алайда, діни жиындардың өткізілуі мемлекеттің заң тәртібін бұзбауы тиіс.

2011 жылдың 11 қазанындағы «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР заңына назар салайық. Заң бойынша барлық діни дәстүр, іс-әреттері арнайы ғимаратта және оқшауланған мекенде өтуі тиіс. Мемлекеттік ұйымдарда, басқа әскерлер мен әскери қалыптасуларының, сот және құқық қорғаушы ұйымдарының қоғамдық қауіпсіздікті сақтаумен қамтамасыз ететін мекемелермен байланысты ұйымдарда, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғау; білім беру, рухани (діни) білім беру ұйымдарын есептемегенде қорғаныс күштерінің мекендері мен ғимараттарында діни рәсідер, салтанатты жиындар және жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет болып бекітілген. Айталық, «бекітеді» деген сөз ҚР құқықтық мемлекеттің қалыптасуының бастапқы кезеңінде тұрғанын білдіреді. Мемлекет туралы түсінік барлық азаматтар, мекемелер, мемлекеттік ұйымдар және құзіретті тұлғалар заң алдында жауапты және бірдей заңды орындауға мінддетті. Осыған орай, адамның құқығы мен бостандығы ең басты құндылықтар болып табылады.

Қазақстан әлеуметтік мемлекет ретінде барлық облыстарда, әсіресе өндіріс пен бөлу саласында әлеуметтік әділеттіктің орнауын жағдай жасайды. Мемлекет жақсы жетістікке жету үшін әлеуметтік шиеленістерді болдырмауға тырысады, егер мұндай жағдай орын алса мәселені заң негізінде шешуге тырысады. Қазақстан саясаты әлеуметтік мемлекет ретінде адам өмірінің қажеттілігін және мүддесін қанағаттандыруға бағытталған. ҚР –да жұмыссыздықты жою үшін әлеуметтік қорғау, еңбекке қабілетсіз адамдарды, зейнеткерлерді және т.б. әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелері жұмыс істейді.

Қазақстан демократиялық мемлекет ретінде дамуы. Біздің мемлекет күшті қарқынмен дамып келеді. Астана қаласы ТМД елдері арасында ең әдемі қала ретінде танылған. Астанада әлемдік діндер съезі тұрақты өтіп тұрады. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етті. Президент Н.Назарбаев Қазақстан үшін ең бастысы – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық екенін атап айтты. Бүгінде Қазақстанда 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Барлық ұлт пен ұлыс өкілдері өздерінің пікірін білдіру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблеядан 9 депутат сайланады. Бұл біздің көпұлтты елімізде ұлтаралық шиеленіс туып кетпес үшін аса маңызды болып отыр.

Қазақстанда мемлекеттік өмірдің көптеген маңызды мәселелері демократиялық жолмен шешіледі. Қазақстанда идеологиялық және саяси көптүрлілік қабылданған, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірлесуіне, мемлекеттік ұйым мекемелерінде саяси партиялардың құрылуына жол берілмейді. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер жұмысына немесе қоғамдық бірлестіктердің мемлекет жұмысына заңсыз араласуына тыйым салынады.

Қазақстанда мемлекеттік және жекеменшік меншік тең тұрғыда қорғалған әрі қабылданған. Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, орыс тілі қазақ тілімен тең дәрежеде ресми түрде қолданылады. Қазақстандық мемлекет халықаралық құқық нормалары мен ұстанымдарын құрметтейді, қызметтестік мен мемлекет араларында ізгі ниеттестік қатынас саясатын жүргізеді. Қазақстан қорғаныс күшін қолдануды алғаш болып бас тартып отыр. Біздің мемлекет – бейбітсүйгіш мемлекет.

Саяси элита – қолдарында саяси биліктің біршама ауқымын иелік ететін салыстырмалы шағын әлеуметтік топ. Бұл билік қоғамның әртүрлі топтарының саяси құрылымындағы мүддесінің көрініс табуын қамтамасыз ету үшін қажетті.

Саяси элитаның сипаттық кескінін атап көрсетуге болады:

  • Мейлінше шағын өзіндік әлеуметтік топ.

  • Жоғары әлеуметтік статус.

  • Мемлекеттік және ақпараттық биліктің айтарлықтай көлемі

  • Билікті жүзеге асыруға тікелей қатысу

  • Ұйымдастырушылық қабілет пен талант

Саяси элита төмендеуге қарсы кепілдік бере ала ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Ең басты кепілдік демократия болып табылады. Олардың қатарына кең жариялылық, сөз бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдарында монополияның болмауы, альтернативті баспасөз ұйымдарының қатысуы, радио, телевизия кіреді. Сондай-ақ, саяси плюрализмге еркін бәсекеге қабілеттілік, саяси элитаның бәсекелестігі. Элита саяси үдерістің демократиялық процедурасын, заңдылығын қатаң сақтауы тиіс. Саяси элитаға көп нәрсе байланысты болып келеді. Саяси злита саяси идеологияны (бағдарламаны, доктринаны, атазаңды, заңды) істеп шығарады. Сондай-ақ, аппарат ұйымының кадрлік тағайындауларды, саяси лидерлерді ұсынады.

Элитаның мәні болмысы (ғалымдардың анықтамылығында)

  • Қоғамның азшылық тобымен ұйымдастырылған, билікке бағытталған адамдардың саяси қатынаста анағұрлым белсенді болуы. (Москва қ.)

  • Қоғамда адамдар жоғары орындарға өздерінің биологиялық және генетикалық тегінің арқасында келген. (Р. Уильямс)

  • Қоғамда адамдар жоғары қызметке осындай әлеуметтік өрлеудің әсер етуінің арқасында жеткен. (М. Дюпре)

  • Қоғамда айтарлықтай бедел, мәртебе жинаған адам. (Г. Лассузл)

Осы айтылған ойларды талқыла. Мұнда саяси элитаның қандай белгілері анық байқалады?

Саяси лидер – саяси күштерді байланыстыруды және біріктіруді жүзеге асыратын мемлекет басшысы. Ол мемлекеттік қызметтің бағытын және қоғамдық-саяси институтар мен саяси қозғалыстарды анықтайды. Қазақстанда саяси лидер болып қабылданған Прензидент Н.Назарбаев болып тадылады. ҚР Президентінің ұсынысы бойынша астана Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді.

Саяси мәдениет. Саяси сауаттылық. Саяси мәдениетбұл адам мен қоғамның саяси сипатына тікелей әсер ететін бағыт пен бағдар, саяси құндылықтар. Саяси мәдениетті саяси іс-әрекетке, әрбір саяси жүйеге тән көрініс табатын айрықша бағыт-бағдар типі. Әрбір мемлекетте саяси мәдениеттің өз деңгейі бар.

Мысалы, қазақтың дәстүрлі қоғамында саяси мәдениет жоғары деңгейде болды. Өзіндік пікір білдіремін деген әрбір азаматқа осындай мүмкіндік берілді. «Дат» сөзін еске талайық. Бұл «сөзді, мені тыңдауды талап етемін» деген сөз. «Дат» деп айтқан адамға өзіндік пікірін білдіруге міндетті түрде құқық берілген. Англияда Гайд саябағы бар. Бұл саябақта әрбір адам тіпті оның өзіндік пікірі ресми саясатқа қарама-қарсы келсе де ойын ашық айта алады. Гайд саябағы өзіңнің кез-келген ойларыңды ашық айтып, қалдыратын орындардың біріне айналды.

Саяси сауаттылық – қоғамның саяси өміріне саналы түрде қатысуына рұқсат етілетін, жеке тұлғаның адами және азаматтық сапасы, саяси қызметтің дағдылары мен қырлары, қоғамтанулық білімінің деңгейі. Әрбір азамат саяси өмірге белсенді түрде қатысуы және өз мемлкетінің отансүйгіш азаматы болуыц тиіс. Болашақта біздің мемлекетіміздің қалай дамитыны тек өзіміздің қолымызда.

Қоғамның саяси өміріндегі БАҚ-тың рөлі. Бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі газеттер, журналдар, теле және радиобағдарламар, кинодеректі, басқа да бұқаралық ақпарат көпшілік таралымдарының мерзімді түрлерін қамтиды. Сондай-ақ, БАҚ-қа интернет те кіреді.

Қызықты мәліметтер. Қазақстанда 2010-2011 ж. 1202 газет пен 483 журналды, 124 телеарналар мен 15 жаңалықтар агенттігін қосқанда 1824 БАҚ қызмет атқарды. БАҚ-тың 85 пайызы мемлекетке тиесілі емес. 159 БАҚ қоғамдық ассоциацияның, 11 басылым саяси партиялар мен қозғалыстардың және 10 діни ұйымдардың меншігінде. Газет пен журналдар басылып шығады, телевизия және радиобағдарламалар елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың тілінде таратылады. БАҚ негізгі тілдерден басқа (қазақ және орыс тілі), украин, поляк, неміс, корей, ұйғыр, түрік, дұнған және басқа тілдерде шығарылады. БАҚ этникалық азшылық мемлекеттен қаржылай көмек көрсетіледі.

БАҚ қоғамның жағдайы мен дамуына салмақты әсер етуін жүзеге асырады. Айталық, олар қоғамға прогресті дамытуға немесе тежеуге әрекет ете алады. БАҚ қоғамның, әртүрлі әлеуметтік топтардың, жеке тұлғалардың мүддесін қорғайды. Аталмыш қызметтің маңызды қоғамдық-саяси нәтижелері бар. Көпшілікке арналған ақпараттың сипатында әлеуметтік әрекеттердің бағыты мен нақтылықтың қатынасын анықтайды. БАҚ нәтижесінде ақпарат берумен, жаңалықтарды хабарлаумен шектелмей, белгілі бір идеяларды, көзқарастарды, оқуларды насихаттап, саяси бағдарламалар мен әлеуметтік басқаруларға қатысады.

БАҚ адамды белгілі бір қадам, әрекет жасауға итермелейді. Демократиялық, құқықтық мемлекетте әрбір азаматтың ел ішінде және дүниежүзінде болып жатқан барлық жайлардан хабардар болып отыруына құқығы бар. Қазіргі жағдайдағы БАҚ демократиялық жүйенің парламент, атқарушы билік ұйымдары, тәуелсіз сот сияқты қосымша қызметі болып табылады. Осы тұрғыдан БАҚ-ты төртінші билік деп атайды.

БАҚ-тың өзіне тән айрықша сипаты бар. БАҚ заң шығарушы, атқарушы және соттық билікке ұқсамайды. БАҚ-тың бір ерекшелігі – бұл ең алдымен көзге көрінбейтін билік екендігінде. Оның құзырында заңнамалық, атқарушы, құқық қорғаушы және басқа да әлеуметтік ұйымдардың заңдары болмайды. БАҚ-тың қызметіне бұйрық беру, міндеттеу, жаза қолдану, жауапқа тарту кірмейді. Олардың ең басты құралы –, құбылысты, оқиғаны, қадамды, жекелей тұлғалардың, адам топтарының, партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, үкіметтің және т. б. сипатын құптайтын немесе сынайтын белгілі бір ақпараты бар сөз, дауыс, көрініс, хабарлама, соттау, бағалау.

Қоғамдық пікірдің қалыптасуы. Бүгінде БАҚ қоғамдық пікір қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қоғамдық пікір бұқаралық сананың пішіні. Бұл жерде әртүрлі топтағы адамдардың оқиғаға, шынайы өмір үдерістері мен олардың мүддесі мен қажеттілігін тілге тиек ететін қатынас (жабық немесе нақтылық) туындауы. Қоғамдық пікір көпшілікке айтылады және саяси жүйеде қоғамның қызмет етуіне әсер етеді. Жариялылық және ашығын айту қоғамдық өмірдің өткір поблемаларының қоғамдық-саяси қатынасының дамуына айтарлықтай әсер етеді. Осыдан шығатын қорытынды қоғамдық пікір айрықша әлеуметтік институт болып отырғанына көз жеткіземіз. Осыған орай, қоғамдық пікір адам топтарын белгілі бір мәселе бойынша толғандыратын көптеген жеке пікірлердің жиынтығы болып табылады.