
- •1. Адам туралы түсінік: ежелгі мифтер, дін, ғылым және ойшылдар
- •2. Қоғам туралы түсінік
- •1. Қазақстандық қоғам. Қоғам және табиғат
- •3. Қоғамның әлеуметтік нормалары
- •4. Адам және экономика
- •6. Қоғамның саяси өмірі
- •Қоғамның мәдени саласы
- •Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам түсінігі
- •Жағдаяттарды талқылаңдар
- •Қазақстан республикасының конституциясы
- •1995 Жылғы қр Конституциясының негізгі ұстанымдары.
- •Жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен бостандықтары
- •Қр өкімет органдарының жалпы сипаттамасы
- •Құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері
- •Заңды жауаптылықтың түсінігі мен түрлері
3. Қоғамның әлеуметтік нормалары
Қоғамдық қарым-қатынасты реттейтін әлеуметтік нормалардың түрі мен түсінігі
Адамзат қоғамының пайда бола бастағаннан бері адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін белгілі бір тәртіп орнату мақсатында қажеттілік пайда болды. Әрбір адамның өз мүдделері мен қажеттілігі бар. Осындай мүдделер мен қажеттіліктерден пайда болған үйлесімділікті көрсету үшін ортақ ереже туындады. Бұл ережелер әлеуметтік нормалар деп аталады. Мұндай жәйттер қоғамда тұрақтылықты, тәртіпті және белгілі бір теңдікті орнату үшін қажетті болды. Әлеуметтік нормалар адамдардың қарым-қатынасының көмегімен қоғамда пайда болып, өздерінің идеалдарына қолдау көрсетті. Адам осыған ұқсас ортада қалыптасады. Тек қана қарым-қатынастар үдерісінде біздер жекелей және қайталанбас жеке тұлға болып, басқа адамдарды, өзімізді өзіміз, бүкіл әлемді, өз мүмкіндіктерімізді танып, мінез-құлықтың кескін-келбетін аша түсеміз.
Әлеуметтік нормалар қоғам үшін жан-жақты маңызы бар. Әлеуметтік нормалардың мынадай түрлерін атап өтейік.
Салт-дәстүр, үрдіс, салтанатты жиындар
моральдық нормалар
құқықтық нормалар
діни нормалар
этикалық нормалар
Өмір, денсаулық, байлық және қауіпсіздік сияқты ең басты құндылықтар қоғам үшін ең маңызды әлеуметтік нормалар болып табылады. Олар қоғамды бірлікпен қамтамасыз етуде тұрақтылықты, тыныштықты сақтай білу керек.
Әлеуметтік нормалар уақыт өте өзгереді. Ерте дәуірдегі негізгі нормалар салт-дәстүр, салтанатты жиындар, үдерістер болды. Бүгінгі күні мораль, құқық нормалары, этикалық нормалар басты нормалар болып табылады. Әлеуметтік нормалар әр уақыт өзінің уақытына сәйкес келеді.
Қазіргі заманауи әлемде және өмірде ұялы телефондар кеңінен қолданылады. Адамдардың көбісі мұнымен кез-келген жерде қалаған уақытта пайдалана беруіне болады деп санайды. Ресторандарда, көшеде, аэропортта, жұмыста, жиындарда телефонды пайдаланады. Ойлап қараңдаршы, ұялы телефонды қолданудың қабылданған жалпылама ережелерінің жақсы жағы қарастырылады ма? Сұраққа жауап бер. Ұялы телефон бұл байланыс құралы ма әлде басқа нәрсе ме? Қоғамдық орында ұялы телефонды қолданудың ережелерін қарастырыңдар.
Мораль, дін, салт-дәстүр, үрдіс, құқық және олардың әрекет ету ортасы
Бүкіл дүниежүзі халықтарының үрдісі мен салт-дәстүрлері бар. Осы дәстүрлер негізінде олардың әдептері, ұлттық ерекшеліктері халық өмірінің жиынтығы көрініс тапты.
Үрдіс – ұрпақтан ұрпаққа және қоғамдық пікірдің күшімен берілген адамдардың қоғамдық қарым-қатынастарының ұстанымдары мен көптеген жинақталған нормаларының тарихи айқындалуы. Көптеген үрдістердің ежелден шығу тарихы қазіргі заман үрдісінде де бар. Мысалы, Олимпиадалық ойындардың, әлем чемпионатының әртүрлі спорттық мерекелердің және т.б. салтанатты ашылуы. Үрдістер ұлттық немесе діни маңызға ие. Үрдістер әрекетінің ортасы кеңінен тараған. Үрдіс салт-дәстүрмен тығыз байланысты. Салт-дәстүрді үрдіспен салыстырғанда нақтылау болып келеді.
Салт-дәстүрлер – ұрпақтан ұрпаққа ауызша формада қоғамдық пікірдің күшімен берілетін сипаттау ережелері. Салт-дәстүрлер мыңдаған жылдар бойы әрбір халықтың өз салт-дәстүрлері, салт-дәстүрлер түрі әртүрлі факторларға байланысты қалыптасып келеді. Көптеген әлем елдеріндегідей Қазақстанда да салт-дәстүрдің ең маңызды жағы – үлкендерге құрмет көрсету. Осы салт-дәстүрде көрсетілгендей, балаларды жастайынан үлкендерге кішіпейіл, ұстамды және мейірімді болуды үйретіп, олармен дөрекі сөйлесуге тыйым салынып және олардың ақылын тыңдауға үйретеді.
Мысалы, қазақ халқында көшпенділік өмір салтына енген салт-дәстүрлердің бірі қонақжайлылық болды. Бұл дегеніңіз үйге келген қонаққа ерекше көрсетілетін. Қазақ даласында қонақжайлылық дәстүрінің бұзылуына ешбір жол берілмейтін. Егер де бұл салт-дәстүрлер бұзылса, онда үй егесі «ат-тон» дейтін тон және айыппұл түрінде төлейтін болған. Қазіргі заманда қонақжайлылықтың сақталуы жөнінде өз көзқарасыңды білдір. Қазіргі заманда бұрынғы салт-дәстүрдің толық сақталуы мүмкін бе?
«Бата беру» сияқты салт-дәстүрдің үлкен маңызы бар. Әрбір адам ата-аналарынан, басқа да үлкен ағайындарынан және құрметті адамдардан «Бата» алуға ұмтылу керек. Әрине, кез-келген ата-ана өз баласына ақ батасын береді, бірақ бұл жерде ұзақ өмір сүрген құрметті адамдардың алғысына бөленуі туралы айтылуда. Үлкен жетістікке жеткен және құрметке ие болған адамдарды ата-бабаларының «батасын» алған деп айтады.
Дін – құдайдың пайда болуы сеніміне негізінделген идеялары, таныстырулары, ережелері, нормалары. Мұндай нормалар діннің қайнар көзінде айтылады. Мұндай нормамен өзінің іс-әрекетіне сенетін адам жетекшілік етеді. Бүгінгі таңда әлемде ең басты мынадай христиандық, ислам, буддизм діндері бар. Барлық діндердің талаптары бірдей. Бұл жақыныңды жақсы көру, өз ата-анаңды құрметтеу, құдайдың бар екеніне сену, жамандық істемеу, заңды бұзбау.
Мораль (латынша moralis сөзі әдепке қатысты айтылады) – Адамдарды ұғындыруға негізделген жақсылық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, адалдық пен абыройсыздық туралы көзқарасын, мінез-құлқын реттейтін нормалар мен ұстанымдар жүйесі. Мораль – қоғамдық қарым-қатынастың ең сенімді және мықты реттеушісі. Мораль балалық шақтан беріледі. Мораль нормаларын бізге әртүрлі жағдайда өздерін қалай ұстауы керетігін еске салады. Егер мораль нормалары бұзылып жатса, онда құқықтық нормалар да бұзылады. Құқық мораль негізінде тұрақталған. Құқық адамгершілікке жат және әділетсіз, қарама-қайшы бола алмайды.
Мысал келтірелік, моральдық нормалар сияқты салт-дәстүрмен бірге әрекеттеседі. Қазақ халқында «ақырзаман» деген түсінік бар. Бірақ, бұл астрономиялық ақыр заман. Алайда бұны астрономиялық ақыр заман деуге келмес. Ақырзаман – табиғаттың заңдары жойылып өмірдің тоқтап қалуы. Ақырзаман – бұл ананың өмірге әкелуге жоспарламаған баласын қоқыс жәшігіне тастауы. Зұлымдыққа әбден малынғандар мешіттерді талқандаса, ал Ұлы Жаратушыға қызмет көрсететіндер өзгелерді күнәсі үшін ақыл айтқан болып, ауыр күнә жасаудан жиіркенбейді. Ата-аналарына деген немқұрайдылықтың өзі де ақырзаман. біз туған-туыстарымызды сыйламай, құрметтемей, араласпай, қарамай кетсек және олар үшін жанымыз ауырмаса сол кезде «ақырзаман» басталады.
Құқық – заңда көрсетілгендей, жалпыға міндетті нормалар жүйесі. Құқық мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Құқықтың көмегімен қоғамда тәртіп орнатылады. Құқық мемлекеттік органдардың құрылымын, олардың қалыптасу тәсілін, адамдардың міндеттері мен құқықығын анықтайды. Құқықтық нормалар білім алу, денсаулық сақтау, отбасын құру және нығайту үшін жағдай жасайды. Құқық адамдарға құқық және бостандық беру, кешірім беру, міндеттерді орнату, жазаға тарту, мәжбүрлеу жолдарымен әрекет етеді.
МОРАЛЬ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ РЕТТЕУШІСІ
Мораль түсінігі. Мораль қоғамда ерекше орын алады. Мораль адам қасиеттерін бейнелейді, оның мінезін, мінез-құлқын, басқа адамдармен қарым-қатынастарын анықтайды. Мораль қоғамдық сананың бір бөлігі ретінде көрінеді. Мораль дегеніміз – адам өз қызметінде басшылыққа алатын ұстанымдардың жиынтығы. Мораль дұрыс пен бұрысты, жақсылық пен жамандық өлшемдерін белгілейді. Мораль «жақсы», «жаман», «мейірбандық», «жақсылық», «жамандық», «әдемілік», «адамгершілік», «әділдік», «парасаттылық» және т.б. сияқты түсініктерді түсіндіреді.
Мораль адамды тәрбиелейді, адам санасына әсер етеді және жағымсыз қылықтарға жол бермеуге бағытталған.
Мораль туралы ғылым этика деп аталады. Этика моральдың пайда болу мәселелерін, оның нормаларын қолдану тетігін және мәнін зерделейді, бұл нормаларды түсіндіреді, адам қылықтарын өнегелілік тұрғысынан бағалау өлшемдерін анықтайды.
Мораль (лат. «moralis» – «өнегелі») – адамдардың қоғам мен басқа адамдарға қатысты мінез-құлық ұстанымдары мен нормаларының жиынтығы.
Өнегелілік – адамның жақсылық, әділеттілік, борыш, абырой және т.б. сияқты мұраттарға негізделген ішкі (рухани) қасиеттері. Мораль мінез-құлық ережелерінің жиынтығы ретінде қоғамның пайда болуымен бірге пайда болды. Қоғамның өзгеруімен моральдық нормалар да өзгереді. Таптар пайда болуымен мораль таптық сипатқа ие бола бастады, таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделерін, қоғам қажеттіліктерін білдіре бастады. Қоғамда әртүрлі моральдық қондырмалардың қатар өмір сүруі мүмкін екендігін атап көрсетеміз. Моральды адамдардың өздері қандай да бір іс-қылықтарды мақұлдау немесе жазғыру арқылы жасайды.
Мысал. Заманауи батыс отбасында балалар кәмелетке толғаннан кейін үйлерінен кетіп, дербес өмір сүре бастайды. Қазақстанда керісінше, отбасы дәстүрлі түрде бір-бірімен тығыз байланысқан үш ұрпақтың өкілдерінен құралады. Оның үстіне бұл байланыс отбасы бір үйде тұрған кезде де, атасы мен әжесі балалары мен немерелерінен алыста тұрса да орын алады. Бұл жерден біз әртүрлі моральдық қағидаларды байқаймыз. Адамда моральдық нормалар оның дүниеге көзқарасына сәйкес қалыптасады және оның негізін құрайды. Моральдық нормалар өнерден де, көркем шығармалардан да көрінеді.
Моральдық қондырмалар қоғамдық пікір арқылы насихатталады. Қоғамдық пікір адамгершілікке жат іс-әрекеттерді қатаң сынға ұшыратады. «Ойларыңда да, істеріңде де қуанышпен өмір сүр, сонда өзіңді бақыттымын деп сезінетін боласың», «Адамның бақыты да, бақытсыздығы да оның өзіне байланысты, кейде ол өз өмірін тамұққа айналдырады» – дейді халық даналығы.
Бүкіл дүние жүзіне белгілі билеуші тағдырына өкпесі жоқ, ең жоғары марапаттар мен атақтарға ие болған және өзінің соңғы күндерін Әулие Елена аралында өткізген француз императоры Наполеон өкіне отырып былай деген екен: «Менің өмірімде тіпті алты бақытты күн де болмаған екен». Ал зағип, оның үстіне керең болып туған Э.Келлер жазу мен оқуға үйренді, университетті бітірді және басқалардың білім алуына көмектесті. Ол: «Өз өміріме ризамын» – деді. Француздың ұлы философы Монтень бұл турасында былай деді: «Адам бақытсыздықтарға ол адам болғандықтан емес, өзінің өмірін қалай бағалауына қарай ұшырайды».
Мораль – қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі. Мораль қоғам өмірінің барлық салаларындағы ең әртүрлі – еңбек, тұрмыстық, саяси, ғылыми, отбасылық қатынастарды реттейді, адамның мінез-құлық, іс-әрекет, өзара қатынас стилін, дүние танымын белгілейді.
Моральдың екі: жеке және ұжымдық жағы бар. Бір жағынан әрбір адам, бәрінен бұрын өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Екінші жағынан адам қоғамның, ұжымның, отбасының, топтың қажеттіліктері мен мүдделерін есепке алуы қажет. Жеке және қоғамдық мүддені қалай үйлестіру керек? Тек «Өз көйлегім өз денеме жақын» ұстанымымен өмір сүруге бола ма екен? Немесе ұжымшылдықтың «Біреуі барлығы, барлығы біреуі үшін!» ұстанымын басшылыққа алу қажет пе?
Әрбір адам бұл сұрақтарға өзінше жауап береді және өз өмірінің ұстанымдарын анықтайды. Алайда, әрбір адам өзінің қоғамда, ұжымда өмір сүретінін, өз қабілеттіліктері мен мүдделерін тек адамдардың ортасында ғана іске асыра алатынын есте ұстауы тиіс. Сондықтан да моральдық нормалар қоғам да, әрбір адам да бақытты өмір сүруі үшін қажет. Ұжымшылдық ұстанымы ХХ ғасыр басталғанға дейін қазақ халқы өмірінің басты ұстанымы болды. Өкінішке орай, бүгінгі күні жекешілдік ұстанымы және оның ең шеткергі формасы – эгоизм кең тарады. Әсіресе, бұл жастар ортасына тән. «Бір күнмен өмір сүр», «Өмірден бәрін алу керек» ұстанымы кең таралды.
Тапсырма: Бұл ұстанымдарды талқылаңдар. Өз пікірлеріңді білдіріңдер.
Бүгінгі күні мемлекет пен қоғам жастардың өнегелілік тәрбиесіне көп көңіл бөлуде. Бұл біздің елдің болашағы үшін қажет деп есептейміз.
Моральдың маңызы, моральдың мәні және моральдың негізгі талаптары. Мораль адамның өнегелілік мінез-құлқы мен өзіндік санасын реттейді, адамдар арасындағы өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды. Мораль адамдардың қылықтары арқылы білдіріледі және бұл қылықтарға баға береді. Моральдың басты ұстанымы – адам өнегелі, адамгершілікті, әдепті қылық көрсетуі тиіс. Өнегелілік пен парасаттылық негізі балалық жылдардан бастап қаланады және отбасындағы тәрбиеге, достарымен өзара қатынастарға, мектептегі оқыту мен тәрбиелеуге байланысты болады.
Моральдың негізгі функциялары. Мораль реттеушілік, танымдық және тәрбиелік функцияны жүзеге асырады. Моральдың басты функциясы – реттеушілік функция. Мораль адамдардың өзара қатынастар ережелерін белгілейді. Бұл ретте мораль қарама-қарсы категориялардың, түсініктердің, құбылыстардың, қылықтардың арасындағы шекараларды анықтайды. Жақсы дегеніміз не және жаман дегеніміз не? Нақты жағдаятта қандай қылық көрсету керек? Адамдармен қарым-қатынасты қалай жолға қою керек? Мораль осы сұрақтардың бәріне жауап беруге тырысады. Реттеу құралдарына нормаларды, мұраттарды, ұстанымдарды, дәстүрлерді, салттарды, өсиеттерді, қоғамдық пікірді, құндылықтарды, беделдерді және басқаларын жатқызуға болады.
Моральдың бағалаушылық (танымдық) функциясы. Өнегелілік нормалары мен моральдық түсініктер тұрғысынан алып қарағанда бағалау нысаны адамдардың қылықтары, олардың ниеттері, уәждері, жеке қасиеттері қолданыстағы құқық, мемлекет саясаты және басқалар болып табылады. Адам өз өмірінің өрісіне енетін нәрсенің барлығына үнемі баға беріп отырады. Мораль арқылы адам жақсылық заңдарын, жақсылық пен жамандық диалектикасын, дүниедегі жақсылық пен жамандық көріністерінің әртүрлі формаларын таниды. Мораль ішкі дүниені тану арқылы адамды дұрыс таңдау жасауға және дұрыс қылықтар көрсетуге үйретеді.
Өкінішке орай, заманауи қоғамда бүгінгі күні қоғамдық пікірді жоққа шығару, жауапкершіліктен қашқақтау ниеті, парасатсыздық, заңдарды бұзушылық, өнегелілік нормалар мен ұстанымдарды бұзушылық сияқты жағымсыз құбылыстар тарай бастады. Мұндай адамдардың мінез-құлқы қоғамдық қатаң айыптауға ұшырайды. Қоғам бұзушыны шынайы жолға қоюға тырысады. Қоғамдық мораль мен нормаларды сақтайтын адамдар қоғамда үлкен құрметке ие болады.
Тәрбиелік функция. Моральдың мақсаты – өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, өнегелі, рухани жағынан дамыған тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлға ерікті және жауапкершілікті болады.
Моральдың негізгі категориялары. Моральдық категориялар – бұл адамдар арасындағы өзара қатынастар ережелерін анықтайтын бағалаушы түсініктер. Моральдық категориялар көп. Негізгі категориялар – жақсылық, жамандық, борыш, абырой, ұят, жауапкершілік, қадір-қасиет және басқалар. Категориялар сапалық қасиетті білдіреді, олар жағымды (жақсы қасиет) және жағымсыз (жаман қасиет) болуы мүмкін.
Жақсылық пен жамандық – моральдың негізгі категориялары. Жақсылық – жағымды қасиет, жамандық – жағымсыз қасиет. Бұл түсініктердің көмегімен адамның барлық әрекеттері «жақсы» немесе «жаман» бағаларын алады. Жақсылық пен жамандық – әрқашанда бірге болады. Әрбір адамның өз өмірінде: жақсылық немесе жамандық жасауды таңдаудың алдында болатын кездері аз болмайды. Адам өмірінің мәні осында. Жақсылық пен жамандықтың күресі шексіз. Бүкіл көркем әдебиет жақсылық пен жамандықтың күресін бейнелейді. Жақсылық пен жамандық – бір-біріне қарама-қарсы, бірақ сонымен бірге олар табиғи ажырамас күйде болады.
Адамдардың көпшілігі жақсылық жағында болады, оның жеңісін тілейді. Мұның себебі, дүниенің пайда болуының өзі – жақсылық екендігінде сияқты. Алайда жамандықты жеңу оңай емес. Жамандық әрқашанда өте күшті және әртүрлі құралдарға: алдауға, жалғандыққа, қулыққа, сатқындыққа ие болған. Жамандық жасырын әрекет етеді. Жақсылықтың жеңісі – сананың, моральдың, өнегеліліктің, соңғы есепте адамның өз жеңісі. Жақсылық ешқандай сыйақы талап етпейді, ол шын жүректен және кең пейілділікпен істеледі.
Жамандық адам санасында туады және оның еркімен іске асырылады. Бүгінгі күні дүниеде көптеген жамандық жинақталды. Қазіргі дүниеде соғыстар, лаңкестік актілер, қылмыстар, агрессиялар, адамдар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы жаласушылық, құлдық сияқты қауіпті құбылыстар тарала бастады. Бұған қалай қарсы тұру керек? Әрбір адам не істей алады? Бір мәнді жауап беру қиын. Тек мораль мен өнегелілік қана жамандыққа қарсы тұра алады және адамдар арасындағы өзара қатынастардың ең қажетті реттеушілері бола алады деп ойлаймыз. Жақсылық үшін күресу қажет, жақсылық жасап, оны адал орындайтын адамдарға көмектесу керек.
Моральдық борыш және моральдық жауапкершілік. Моральдық борыш – бұл қоғамның адам алдына қоятын талаптары. Бұл талаптар қоғамның тарихи даму үдерісінде өзгеріске ұшырайды. Моральдық борыш – бұл адамның басқа тұлғалардың, отбасының, ұжымның, топтың, ұйымның алдындағы міндеті. Адамның моральдық бейнесі моральдық борышты қалыптастырады. Моральдық борыш – бұл тек қана сыртқы міндет қана емес, адамның табиғи қажеттігі.
Өмірде моральдық борыш пен адамның жеке ниеттері әрқашанда сәйкес келе бермейді. Кейде адам өзі мүлдем қаламаған қандай бір нәрсені істеуге мәжбүр болады. Адамның моральдық борышын орындауы бірінші кезекте қоғам үшін қажет. Адам қоғам алдында жауапты. Адам қоғаммен әртүрлі мән-жайлармен байланысқан. Бұл азаматтық борыш, армиялық борыш, жолдастық борыш, отбасы, ата-аналар алдындағы борыш. Әсіресе Отан алдында шынайы орындалған борыш жоғары бағаланады. Жүректің қалауымен, басқа тараптан қысым жасаусыз орындалған борыш жоғары өнегелі борыш болып есептеледі. Моральдық жауапкершілік – өз қылықтары мен іс-әрекеттері, сондай-ақ олардың салдарлары үшін жауап беру міндеті. Бұл ретте адам бұл қылықтардың ережелерге қайшы келетінін, қоғам мен жеке тұлғаға зиян келтіретінін, қоғамдық айыптауға ұшырайтынын сезінуі тиіс.
Ар-ұждан – моральдың негізгі ретінде. Ар-ұждан жеке тұлғаның моральдық өзін-өзі бақылау қабілетінің жоғары формасын білдіретін этикалық категория. Уәж бен борыштан айырмашылығы – ар-ұждан адамның қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіну негізінде жасалған іс-әрекеттерге өзіндік баға беруді қамтитындығында. Ар-ұждан адамды өзін қоғамда құрметке ие болуға лайық болу үшін ұмтылуды міндеттейді. Ар-ұждан адамды қоғамға қызмет етуге міндеттейді және адамда қоғаммен тәрбиеленеді. Ар-ұждан дегеніміз – өзін-өзі тәрбиелеудің ішкі қозғалтқышы және қоршаған өмір шындығымен өзара қатынастарды ұйымдастырушы. Нақ осы ар-ұждан адамға өз қылықтарын шынайы бағалауға, қылығының әдепті не әдепсіз болғандығын бағалауға мүмкіндік береді.
Ар-ұждан – бұл адамның өз қылықтары турасындағы эмоциялары, күйзелістері. Әдетте өнегесіз қылық жасаған адам туралы: «Онда ар-ұждан деген жоқ» делінеді. Және де бұл дұрыс. Әрбір адам ар-ұжданды болуға ұмтылуға тиіс. Адамда ар-ұжданды тәрбиелеу дүниеге келген сәттен басталады. Нақ осы ар-ұждан адамды адам етеді.
Абырой – индивидтің адалдық, әділдік, шыншылдық, ізгілік, қадір-қасиет сияқты қасиеттерін бағалауға байланысты кешенді этикалық және әлеуметтік түсінік. Абырой сонымен бірге адал есім, ізгі, кір шалмаған бедел ретінде түсініледі. Абырой бастапқыдан адамға тән. Абырой – адамның құрметтеу мен мақтануға лайық моральдық қасиеттері; соған сәйкес ұстанымдар деуге болады.
Абырой – қоғамда жеке тұлғаны құрметтеу көрсеткіші және оның қоғам алдындағы міндеттемелері.
Абырой түсінігі қадір-қасиет түсінігіне өте жақын. Қадір-қасиет – бұл жеке тұлғаның адамның өзіне және қоғамның индивидке көзқарасын бейнелейтін құндылықтар туралы түсінік. Әркімде де қадір-қасиет бар. Қадір-қасиет адамға дүниеге келгенінен бастап тиісті болады. Абырой мен қадір-қасиет заңдармен қорғалады. Жеке тұлғаның абыройы мен ар-ұжданы бұзылған кезде заңдық жауапкершіліктің басталуы мүмкін. Бұл ҚР Конституциясы мен кодекстерінде бекітілген.
Адамның қоғамдық жағдайын оның ар-ұжданы анықтайды, алайда әрбір адамның ар-ұжданы мен оны қорғау мүмкіндіктері оның өзіне байланысты болады.
Ар-ұждан заңы, ар-ұждан кодексі сияқты түсініктер бар. Бұл – адам немесе адамдар тобы міндеті, бұлжымайтын және жеке (топтық) абырой мен парасаттылық сезімін сақтайды деп есептейтін жеке немесе топтық мінез-құлық ережелерінің кешені әскери адамдардың, дәрігерлердің және т.б. ресми беделін, атағын мундирдің, ақ халаттың ар-ұжданы және т.б. деп атайды.
Эгоизм (лат. ego – мен) – адамның қоғам мен айналасындағылардың мүдделерімен санаспастан, өз мінез-құлқында тек өз мүдделерін ғана басшылыққа алуын білдіретін өмірлік ұстаным. Қазіргі уақытта эгоизм жағымсыз қасиет ретінде бағаланады. Дегенмен де феодализм дәуірінде эгоизм әрбір индивидтің бақытқа ұмтылу құқығын негіздеуде оңды рөл атқарды.
Эгоизмді екі жағынан алып қарастыруға болады. Бір жағынан, эгоизм адам белсенділігінің әмбебап өлшемі ретінде көрінеді. Адам өзінің жеке игілігіне бола кез келген қылыққа – алдауға, сатқындыққа, жала жабуға барады. Бірақ, екінші жағынан, ол өз өмірін, өз мүдделерін жанын сала қорғайды, өзін жеке тұлға ретінде көрсетеді, өз абыройын жоғары бағалайды, өзіне-өзі қамқорлық жасай біледі, өзінің дамуы үшін барлық жағдайларды жасайды. Эгоист өз мүмкіндіктерін жақсы біледі және өз қабілеттіліктерін дамытады, өзінің материалдық жағдайын жақсартуға ұмтылады, нақты іс-әрекеттерімен жағдайға, лауазымдарға, атақтарға қол жеткізеді. Бұл – мораль нормаларын бұзушылық емес, керісінше, мұндай мінез-құлық адамның өмірлік белсенділігін көрсетеді. Алайда эгоистерге сараңдық, қызғаныш, ашкөздік тән екендігін ұмытуға болмайды. Мұндай адамдар іштей өзінің «менін» айналасындағыларға қарама-қарсы қояды, олардың есебінен өзінің жеке проблемаларын шешуге тырысады.
Альтруизм (фран. altruism, лат. alter – басқа, бөтен) – өнегелілік ұстанымы, оған сәйкес адам басқаларға риясыз қызмет етеді, басқа адамдардың игілігі үшін жеке мүдделерін құрбан етуге дайын тұрады. Альтруизм бәрінен бұрын өз проблемалары туралы ойламастан басқаларға қамқорлық жасайды. Альтруисте адамды сүюшілік қасиеттер мол.
Альтруизм – эгоизмге тура қарама-қарсы түсінік. Альтруистердің девизі: «Алдымен қоғам игілігі үшін еңбектену, содан кейін ғана өзіңе қамқорлық жасау». Өмірде альтруистер аз кездеспейді. Мұндай адам, әдетте абыройға толы, айналасындағыларға тек қана жақсылық ниеттерімен қарайды, әрқашанда көмек көрсетуге дайын тұрады.
Альтруистке қамқоршылық, ашық жүзділік, қайырымдылық пен тілектестік тән.
Моральдық мұрат (идеал – грек. идея – түр, бейне, ұғым, түсінік) – жоғары моральдық үлгі қызметін атқарушы мүмкін моральдық қасиеттердің меңгерген жеке тұлға бейнесімен білдірілетін өнегелілік кемелге келушілік туралы ұғым. Моральдық мұрат топтық әлеуметтік-экономикалық жағдайын бейнелейді және оның өнегелілік өлшемі мен қоғамдық мұратына сәйкес келеді.
Әрбір адамның санасында ол ұмтылатын, соған ұқсауға тырысатын қандай да бір кемеліне келген бейне болады. Моральдық мұрат индивид ұқсас болғысы келетін өмірдегі жеке тұлға бейнесі түрінде ұсынылуы да мүмкін. Кейде мұрат әдеби кейіпкер немесе өнер туындысында келтірілген бейне болады. Моральдық мұрат еліктеуге тырысатын жеке тұлғаның жағымды бейнесін жасайды. Адам санасындағы мұрат бейнесі әділдікті, тазалықты, өзін жоғары құндылықтарға бола құрбан етуді ұстанатын жеке тұлғаны туындатады. Адам өз мұратына жетуге ұмтылады. Қоғам да өз дамуында белгілі бір мұратты ұстанады. Мұрат адамға белгілі бір мақсаттарға, жақсы қылықтарға қол жеткізуге қозғау салады.
Қоғамның өзгеруімен адамның моральдық мұраттары да алмасады. Мысалға, ортағасырлық әйел мұратын заманауи әйел мұратымен салыстыруға болмайды. қазіргі заманда адамның қасиеттері басқаша бағаланады. Әрбір қоғамдағы құндылықтар өлшемі де әртүрлі. Осылайша, әрбір адам өзінің мінез-құлқында ар-ұждан, абырой, қадір-қасиет сияқты терең сезімдерге негізделген моральдық нормаларды басшылыққа алуы тиіс. Кез келген қоғамда, өмірде, еңбекте, тұрмыста, отбасында, топаралық, халықаралық қатынастарда мораль адамның санасы мен дүниеге көзқарасын қалыптастырады және реттейді. Мораль адамзатқа тән және адамдардың өзара қатынастарына күш береді.
ДІН, ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАР, ДӘСТҮРЛЕР, ҚҰҚЫҚ
Салт-дәстүрлер қоғамдық қарым-қатынастардың реттеушісі ретінде. Ұлт және халық ерекшеліктерін сақтаудағы салт-дәстүрлердің маңызы
Бұған дейін айтылғандай, салт-дәстүр – қоғамдық пікірдің жүзеге асқан және ұрпақтан ұрпаққа ауызша түрде берілетін сипатының алғашқы ережесі. Бірте-бірте салт-дәстүрлер қалыпты әдетке айналуда. Салт-дәстүрлерді сақтай отырып, біз қалыпты жағдайға айналдыру дұрыс па, қажет пе, орынды ма, осы жағын ойлай бермейміз. Салт-дәстүрлерді өмірге әкелетін халық пен қоғам болып табылады. Салт-дәстүрлер қоғамның мүддесі мен мұқтаж болуынан туындайды. Мысалы, отқа табынатын салт-дәстүрлер пайда боды. От табиғи апат болғандықтан бүкіл әлем халқы тәуетіп, одан қорықты.
Салт-дәстүрлерді балалық шақтан анасының сүтімен бойына сіңіреді. Әрбір халықтың салт-дәстүрлері әртүрлі болады. Мекендеген ортаның әртүрлі жағдайына, ұлттық айырмашылықтарына байланысты болып келеді. Салт-дәстүрлер мен үрдістер бір-бірімен тығыз байланысты.
Салт-дәстүрлер қоғамдық қарым-қатынаспен астасып жатпаса олар бірте-бірте жойылады да, жаңадан салт-дәстүрлер пайда болады.
Қазақ халқында ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейінгі салт-дәстүрлер қоғамдық қарым-қатынастардың ең басты реттеушісі болды. Қазақ қоғамының саяси құрылымының өзгерісінен кейін жаңа кеңестер мемлекетінің пайда болуынан қалың мал, құн төлеу сияқты көптеген салт-дәстүрлер жойылды.
Дін және оның қоғамдық қарым-қатынастарды реттеудегі рөлі. Діннің қазіргі заман адамын рухани жағынан байытудағы рөлі.
Религия – Құдайдың бар екеніне сендіруге негізделген норма, ереже, ұсыным, идея. Бұл нормалар діни еңбектерде айтылады. Мұндай нормаларды өзінің табиғи болмысында дінге сенетін адам ғана басқара алады. Бүгінде әлем бойынша ең басты христиан, ислам, буддизм діндері өмір сүреді.
Ислам – миллиардқа жуық адам сыйынатын ең жас бүкіләлемдік дін. Бұл дін VII ғасырдың ортасында пайда болды. Мұхамед пайғамбардың туылған жылы Мекккеден тастап Мәдинаға көшкен 622 жыл деп саналуда. Құран мұсылмандардың ең қасиетті кітабы. Құранда жазылған өсиеттің бакрлығы мұсылмандар үшін заң болып табылады. Құранды ешкім де өзгерте алмайды. Мұсылман дінін қатты ұстанған мұсылман мемлекеттерінде Құран пән ретінде енгізіліп оқытылады. Құран барлық жоғары оқу орындарында оқытылады, президенттер, куәгерлер, соттар осы Құранмен ант етеді. Құранның негізінде неке қиылады.
Төменде келтірілген Құранның ережелерін оқып, талқылаңдар:
«Алла аспанда, жерде болып жатқан құпияны және анық нәрселердің барлығын біледі».
«Алла әділетсіз болғандарды жақсы біледі! Оның құпия кілті – бәрін де тек өзі ғана білуі».
«Алла біздің үстімізден қорғаушы үмбеттерін жіберіп отырады. (әрбір адамның мейірімді және зұлым істері мен ойын жазып отыратын үмбеттерін)
Құран бойынша Алла тек адамдардың қандай қадам жасағаны, не ойлағаны туралы біліп қана қоймай, оның алдында барлығы да жауап беретін болады.
Әрбір мұсылман орындауға тиіс негізгі парыздарды атап өтейік.
Алладан басқа құдай жоқ, оның елшісі – Мұхамед!
Бес мезгіл намаз
Ораза – бір ай ауыз бекіту. Ораза тұтудан 12 жасқа дейінгі балалар, аурулар, екіқабат әйелдер босатылады.
Зекет – пітір садақа беру
Хажылыққа бару – Мұхамед пайғамбарымыздың жерленген жері Мекке және Мәдинәға барып қажылық саяхат жасау.
Алькоголды өнімдерді ішуге тыйым салу.
Христиандық– б.э.1 мыңжылдығында пайда болған дін.
Библия – христиан дінінің қасиетті кітабы. Библия – Слово Божиенің қасиетті жазбаларының жиынтығы. Библия Ветхий және Новый Завет деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Ветхий Завет Христово рождествоға дейін жазылса, ал Новый Завет Христово рождествоның бірінші жүз жылдығы ішінде жазылған. Уақыттың өлшем бірілігі дүниежүзінде Иисус Христің туылған күнінен бастап жүргізіледі.
Құдай дегеніміз махаббат. Махаббат – Иисус Христ ілімінің болмысы.
«Господь Құдайыңды өзіңнің шын жүрегіңмен, өзіңнің барлық жандүниеңмен және бар ақыл-ойыңмен сүй». «Өзіңнің жақын адамыңды өзіңді өзің сүйгеніңдей сүй» деген осы екі негізгі сыйыну құдайдың заңы болып бекітілген.
ҚҰҚЫҚ – ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ҚҰРАЛ
Мемлекеттің жазылған заңдарымен қорғалып отырған қоғамдағы жалпылама құқық тәртібі орнатылады. Құқық «әділеттілік» және «ақиқат» түсінігімен тығыз байланысты. Құқықтың алғашқы ескерткіштері осы «ақиқат» сөзімен, яғни әділеттікті қорғау құралы ретінде аталған. Мысалы, “Русская правда”, “Варварские правды” және т.б.
Әділеттік ұғымына қандай түсінік беруге болады? Әділеттік – қоғамға зиян келтірмей адам игілігіне қызмет ету. Жалпылама анықтамада айтылғандай, әділеттілік әрбір сіңірген еңбектің сауабы, әділеттілік теңдік пен ізгілік. Атап айтар болсақ, құқық адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, адамдардың болмыстық сипатын бағалайды.
Әділеттіліктің идеясы қазақтың әдеттегі құқығында жарқын көрініс табады. Мұндағы әділеттіліктің идеясы бірінші орында әділеттіліктің туын көтерген билер болған. Билер – қазақ даласындағы ең данагөй, шыншыл, сатылмайтын адамдар болды. Олар кез-келген дауда тура сөйлеп, айтыс-тартысты шешіп, үлкен беделге ие болды. «Тұра биде тұған жоқ, тұғанды биде иман жоқ» – «сот-билерінде өзінің не өзгенің пайдасына құмартушылық жоқ» деген қазақтың көп айтылатын мақалында әділеттіліктің мағынасы тереңінен әрі дәл айтылған. Мұндай анттың бұзылуы әділеттіліктің күйреуіне әкеліп соғады. Құқық адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін адам болмысын бағалайды. Ішкі идеясы мен сезімінде, ойларында тек қана құқық әсер ете алады, бірақ реттей ала алмайды.
Құқық – қоғамдық қарым-қатынатарды реттейтін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін және ресми пішінде бекітілген жалпыға міндетті нормалар жүйесі. Заңгерлер құқықты осылай түсінеді.
Құқық жазбаша түрде белгілі бір дерек көздеріне сүйеніп айтылады.
Осындай дерек көздерін қарайық.
Құқықтық әдет-ғұрып
Соттық үлгі іс немесе соттық прецедент
Нормативті құқықтық акт
Құқықтық әдет-ғұрып – құқықтың ең алғашқы және ежелгі нысаны. Бұл әдеттер міндетті тәртіппен мемлекет белгілеген, мемлекеттің күшімен қамтамасыз ете отырып атқарылады. Құқықтық салт-дәстүр қазақ құқығында құқықтың ең басты көзі болды. Осындай құқықтық салт-дәстүрлер мынадай “Касым ханның қасқа жолы”, “Қасым ханның жарқын жолы», “Есім ханның ескі жолы”, “Есім ханның ежелгі жолы», және “Жеті жарғы” дерек көздерінде айтылған.
Қазақстандық ғалымдар «Жеті жарғы» заң жинақтары кәсіби тұрғыдан, сондай-ақ пішіні және мазмұны жағынан орындалуы басқа мемлекеттерде, оның ішінде еуропалықтарды қоса алғанда құқықтық актілерінің сапасы ешбір кем түспейді.
Жеті жарғыда қазақ халқының барлық саласын реттейтін құқықтық салт-дәстүрлері қамтылған. Мұнда шынайы адам құқығының өмірдегі құқығы ретінде көрініс тапқан, сондай-ақ, бостандыққа, сөз бостандығына, неке, жер мүліктік құқығы бекітілген мәліметтер табылған. Еліміздің тарихындағы ең ауыр күндерінің бірі – қаптаған жоңғар қалмақтары шабуыл жасаған кезеңінде халықтың күшін біріктіріп жауға тойтарыс беру үшін «Жеті жарғы» қабылданды. «Жеті жарғының» мақсаты – жоңғар шапқыншылығына қарсы күресу үшін барша қазақтарды біріктіру еді. Рулардың арасына іріткі салғандарға, өздерінің басшыларына, билеріне қарсы шыққандарға мал ұрлағандарға, әсіресе жылқы малын әдейілеп ұрлаған қара халықтың ауыр кедейшілікте болғанына қарамастан қатаң жаза қолдануды күшейтті [1].
Құқықтық салт-дәстүрлерді бұзғаны үшін жазаланды. Билер жазалаудың түрі мен өлшемін белгілеп отырды.
Мысалы, жазалау шараларының мынадай түрлерін қолданды:
айып;
құн – адам өлтіргенге құн төлеу (ежелгі заманда қаза болған ер азамат өмірінің толық құны 1000 қой немесе 200 жылқы болды, ал әйел өліміне аталған құнның жартысы төленетін);
абыройсыздықты жазалау. Мұндай жаза өз ата-анасының тілін алмаған ересек балаларға қолданған. Тауке заңында біреудің сыртынан өсектеп жамандауға үйреткен немесе өзінің әкесі мен анасына қол көтерген баланы қара сиырға бетін құйрығына қаратып, теріс мінгізіп, қамшымен сабап ауылды бір айналдырып шыққан.
әулеттен аластатылу.
Соттық прецендент – басқа соттардың осыған ұқсас істердің шешілуінде үлгі көрсетіп, көшбасшы бола білген сәтті әрі әділетті сот шешімдері. Соттық прецедент бүгінде Англияда, АҚШ, Индия және тағы басқа мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Қазақ қоғамында соттық прецедент билердің шығарған сот шешімдері түрінде көрініс тапқан.
Қазақ халқының құқығы мен мемлекеті тарихынан мысал келтірелік.
Сонымен, Төле би белгілі бір іске қатысты шешім шығару үшін заңсыз әрекетке барғандарға шара қолдануды тағайындады. Ел арасында қылмыс жасауға үгіттеген адамды кінәлі деп санаған жоқ. Алайда ежелгі дәуірде қарапайым құқықта қылмысқа итермелеген және оны орындаған адамды бірдей соттаған. Мұндай шешім тарихта «Ұр деп айтқан жазықты емес, ұрған жазықты» деген мақал түрінде бүгінге дейін айтылып келеді. Төле би адамның өзі жасаған қылмысына өзі жауап беруі тиіс деген қорытынды шығарған. Алқа билер сотының болмысы әділ болғанын дәлелдейді. [1, с. 184].
Нормативті құқықтық актілер – бұл мемлекеттің қабылдаған ресми құжаты. Олардың қатарына Атазаң, заң, кодекс, жарлық, қаулы және басқа да құжаттар жатады. Ең маңызды заң актісі Атазаң болып табылады. Атазаң және заңдар сабақта жекелей оқытылады.