- •Асқазаннан қан кету, этиологиясы, клиникалық белгілері. Асқазаннан қан кеткенде жедел жәрдем көрсету.
- •Жиі себептері
- •Аз кездесетін себептер
- •Сирек себептер
- •Қан аралас құсық, мелена
- •Ауруханаға жатқызу және алғашқы көмек
- •Қан аралас нәжіс
- •Ауруханаға жатқызу көрсеткіші
- •Гипергликемиялық кома, себептері, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.
- •Негізгі әрекет ететін факторлар:
- •Өт шаншуы (өт тас ауруы)
- •Алғашқы жәрдем
- •Наркотикалық емес анальгетиктер
- •Комбинирленген спазмоанальгетик
- •Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы, естен тану мен және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.
- •Талудың ауруханаға дейінгі сатысында келесі варианттарын ажыратамыз:
- •Вазовагальды талу (жай талу)
- •Диагностикалық маңызы:
- •Тырысумен байқалатын талу
- •Симптоматикалық талу
- •Дроп шабуыл
- •Аритмиялық талу
- •Коллапс
- •Ауруханаға көрсеткіш
- •Этил спритімен улану Жіктемесі
Талудың ауруханаға дейінгі сатысында келесі варианттарын ажыратамыз:
Вазвагальды талу
Тырысумен (судорожный) байқалатын талу
Симптоматикалық талу
Дроп шабуыл
Аритмиялық талу
Талу кезінде парасимпатикалық белгілер, терінің бозаруы, АҚҚ төмендеуі. Негізгі белгісі терлеу. Гипогликемия кезінде тырысулар және гипогликемиялық кома дамиды.
Вазовагальды талу (жай талу)
Вазовагальды синкопе жағдайына әрекет ететін факторлар қатты қорқу, үрейлену, мазасыздық, қанды көргенде қорқу, жайсыз хабарлар, жағдайлар, науқас қайғылы жағдайдың куәгері болса, стоматологиялық ем шаралардан қорқу және кезекте тұру, бұдан басқа медициналық емдік манипуляциялардан қорқу. Вазодеппресивті талу жиі әртүрлі емдеу кезінде ауырсынудан кейін пайда болады. Вазодеппресивті талу дамуына ұзақ уақыт вертикальды қалыпта болу, кезекте тұру, ыстық немесе қапырық бөлмеде болғанда, қатты шаршау, дұрыс ұйықтамау ішімдік ішу, қалтырау әрекет етеді.
Патогенезі
Вазовагальды талу кезінде ең алдымен симпатика белсенділеніп, депонирленген қан мөлшері ұлғаяды. Жеткіліксіз қанға толы сол жақ қарыншаның жиырылуы артып, қарыншалық механорецепторларды және кезеген нервтің афферентті талшықтарын белсендіріп, осыдан симпатикалық эфферентті тонус белсенділеніп, парасимпатикалық эфферентті тонус жоғарылайды. Нәтижесінде вазодилятация және брадикардия, индуцирлеуші артериалды гипотензия және синкопе жағдайы дамиды.
Клиникалық көрінісі: науқас естен тану кезінде қозғалыссыз, тырысу байқалмайды, терісі бозғылт, суық тер басқан. Жүрек қан тамыр жүйесін тексергенде брадикардия, кейде экстрасистолия, систолалық артериялық қан қысымы төмендейді (кейбір науқастарда 70 тен – 50 мм.сын. бағ). Бірақта науқасты горизантальды қалыпта жатқызссақ АҚҚ тез көтерілуіне әрекет етеді. Талу бірнеше секунд немесе минутқа созылуы мүмкін.
Диагностикалық маңызы:
Әрекет етуші факторлардың жиынтығы;
АҚҚ төмендеуі және естен тану кезінде брадикардия байқалады;
Талуға алып келетін жағдай;
Постсинкопе жағдайында терінің жылылығы және ылғалдығы;
Эпилепсияға қатысты анамнездік мәліметтердің және тырусулардың болмауы;
Кардиологиялық және соматикалық аурулардың байқалмауы.
Шұғыл көмек
Науқасты Тренделенбург жағдайында жатқызу, қысып тұрған киімдерінен босату, таза ауамен қамтамасыз ету, мұрнына нашатыр спиртін иіскету, бетіне мздай су шашу. Тері астына 10% 1 мл кофеин немесе 2 мл кордиамин, адреномиметик мезатон 1 мл 1% ерітіндісін, 0,1 % 0,5 мл адреналин ерітіндісін т/астына енгізу керек.
Есте сақтау керек 0,2 % 1 мл ноадреналин к/тамырдан енгізу керек, себебі тері астына енгізгенде жұмсақ тіндердің некрозына алып келеді. Жай талу кезінде ауруханаға жатқызылмайды.
Тырысумен байқалатын талу
Талудың бұл түрінде кеңінен жайылған немесе парциалды тоникалық тырысулармен сипатталады. Кейде оларға біртекті клоникалық дірілдеулер, қарашықтың кеңеюі, нистагм байқалады. Сирек жағдайда сілекей ағуы, еріксіз зәр шығаруы немесе дефакация байқалады. Ессіз күй кейде бірнеше минутқа созылады. Талудан кейін жалпы әлсіздік, құсу, іш аймағында жағымсыз сезім сақталады. Ауыр талу ұстамаларын эпилепсиялық талулардан ажырату керек. Талудан кейін сирек жағдайда ұйқышылдық байқалады, эпилепсиядан айырмашылығы амнезия дамымайды.
Шұғыл көмек жай талу кезінде және басқа тырысу кезіндегі көмекке ұқсас.
