Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапиядаы шыл жадайлар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
54.47 Кб
Скачать

Ауруханаға жатқызу және алғашқы көмек

Асқазан және ішек жолдарынан қан кеткенде тез арада хирургиялық бөлімшеге жеткізіледі.

Негізгі үштік қатаң түрде сақталуы тиіс:

Мұз басу

Аштық

Тыныштық

Тыныс алу жолдарын тазалау қажет, қажет жағдайда алмалы тіс протездері болса алып тастау керек. Науқасты горизантальды жағдайда тасымалдау керек. Су берілмейді. Науқастың іш аймағына мұзды мұйық қойылады. Науқасқа 5% 100 мл аминокапрон қышқылы к/т тамшылатып, 10% 10 мл кальций хлорид к/т, 1% 2-4 мл викасол б/етке немесе к/т енгіземіз. Систолалық АҚҚ 80 сын. бағ. төмендесе коллоидтты ерітінділер (полиглюкин, стабизол, рефортан к/т) қан жоғалту деңгейіне байланысты 400 мл ден 1200 мл енгіземіз. АҚҚ 60 сын.бағ. төмендейтін болса к/т сұйықтық енгізуден бастау керек және тек орталық гемодинамика көрсеткіші тұрақталғанда ғана науқасты тасымалдау керек.

Қан аралас нәжіс

Тік ішекте қан пайда болу тоқ ішектен қан кету белгісі болып табылады. Тік ішек саңылауына жақын болса соғұрлым қан жоғалту кезінде түсі өзгереді. Соқыр ішек, өрлемелі, көлденең, жиек ішектерден қан кету кезінде қара қызғылт немесе қызыл қоңыр түсті, ал төмен өрлеуші және сигма ішектерінен қан кеткенде ашық қызыл немесе таңқурай, шиетәрізді, асқазан және он екі елі ішектен қан кеткенде түсі мелена тәрізді болады. Ішектен қан кету іш өтуімен бірге келсе, нәжіс түсі ашық қызыл түсті болады. Тік ішектен қан кеткенде, қан нәжіс үстінде анықталады. Көп қан жоғалту кезінде, нәжіссіз таза қан кету байқалады. Бұл тік ішек ампуласында қан жиналып, үлкен дәретке барған кезде ішкі геморрой түйіндерінен қан ағып сыртқа шығады.

Ректальды қан ағу кезінде міндетті түрде саусақпен тексеру керек, себебі қансыраған ісікті немесе басқа қан кету көзін анықтау үшін.

Шұғыл көмек

Гемостатикалық терапия 12,5% дицинон 2-4 мл к/т, көп қан кеткенде 5% 100 мл аминокапрон қышқылы к/т енгіземіз. Егерде гипотензия байқалса 30- 60 минут аралығында 500 млполиглюкин немесе стабизол ерітіндісін енгізу керек. Реополиглюкин қанның реологиялық қасиетін жоғарылатады, сондықтанда қансырау кезінде енгізуге болмайды. 1% 1-2 мл викасол ерітіндісінің гемостатикалық әсері 12- 18 сағаттан кейін басталады. Кальций хлорид және аскорбин қышқылы профилактикалық мақсатта тағайындалады.

Ауруханаға жатқызу көрсеткіші

Көп мөлшерде қан кету болса тез арада ауруханаға жатқызылады. Аз мөлшерде қан кету жағдайында амбулаторлы емдейді. Егерде ісіктік қансырау болса онкологиялық ауруханаға жатқызылады.

Гипогликемиялық кома, себептері, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.

Гипогликемия организмдегі қанттың деңгейінің күрт төмендеуінен (2,8 ммоль/л және одан да төмен) сипатталатын синдром.

  1. Инсулин және пероральды гипокликемиялық дәрілерді (сульфанилмочевина, бигуанид) ретсіз қолдануы;

  2. Инсулин қабылдағаннан кейін уақытылы тамақтанбау немесе құрамында көмірсутегі жеткіліксіз тағамды қабылдағанда пайда болады;

  3. Қант диабетімен ауыратын науқастардың инсулинге сезімталдығы артқан кезде (диабеттік нефропатия, ішімдік ішу, бүйрек үсті без қызметінің төмендеуі, бауырдың инсулинді белсендіретін қызметінің төмендеуі);

  4. Қант диабетінің ерте сатысындағы байқалатын компенсаторлы гиперинсулинизм;

  5. Интенсивті физикалық күштеме;

  6. Инсулинотерапиямен бірге салицилат, бета адреноблокаторларды қабылдау және пероральды қант деңгейін төмендететін дәрілік заттармен емделу.

Гипоглиемиялық команы тудыратын негізгі себеп бас миының көмір сутегінің жеткіліксіздігінен қызметінің нашарлауы болып табылады. Инсулин қабылдайтын науқастарда гипогликемия жағдайы гипергликемияға қарағанда жиірек болып тұрады. Бірінші кезекте гипогликемия салдарынан мидың қыртысты қабаттары, содан мишық, соңынан сопақша ми қызметі бұзылады. Гипогликемия симпатоадренал жүйені іске қосып, қанға көп мөлшерде катехоламиндерді лақтырады да вегетативті симптоматиканы қоздырады. Қанда глюкоза құрамының компенсаторлы ұлғаюына қандағы контроинсулиярлық соматотропин, глюкагон, кортизолгормондарының әрекеттесуінен пайда болады. Ұзаққа созылған гипогликемия және ми гипоксиясы бас миының қызметін ғана өзгертіп қоймайды, оның морфологиялық өзгерісіне яғни ми ісінуіне және некрозына алып келеді. Гипогликемиялық кома дамуына бүйрек, бауыр, жүрек жеткіліксіздігі, ауыр дене қызметі және ішімдік ішу алып келеді мүмкін.

Клиникалық көріністері. Гипогликемиялық жағдай қатты ашығу сезімінен, қол саусақтарының дірілдеуінен, вегетативтік көріністерден басталады (тершеңдік, әлсіздік, бас ауруы, ашуланшақтық, қорқу). Егер осы бастапқы белгілерді тез сіңірілетін көмір сутегілер (қант, бал, ақ нан, тәтті тағамдар) беруінен қойдырылмаса, онда бүкіл дене дірілі, қатты терлеу, қозғалысты тежеу белгілері басталады (бет перде тәрізді бет әлпет, қозғалыстарының икемсіз тежелуі). Науқас қатты қозып, психомоторлық реакциялар дамиды, көз алдында елестеулер пайда болады. Көмек көрсетілмеген шақта бұлшық еттер құрысып, қозу өрши түседі. Құсу және патологиялық Бабинский симптомы, т.б. терең кома белгілері анықталады. Науқастың терісі ылғалданып, беті бозарады, бұлшық еттерінің күші төмендейді, рефлекстер жоғарылап, дененің құрысып, тартылуы және дірілі байқалады. Артериялық қысым төмендеп, көздің қарашығы үлкейеді, психикалық құбылыстар, сандырақтау пайда болады. Қандағы қант құрамы төмен болған жағдайда, зәрде ацетон анықталмайды. Көбіне гликемия 3,9 ммоль/л болып төмендегенде көріністері басталып, оның деңгейі 2,2 – 1,9 ммоль/л жеткенде ғана комаға айналады.

Шұғыл көмек: к/тамырдан тез арада глюкоза 40% 60- 80 мл. Науқастың жалпы жағдайы 5-10 минутта қалпына келеді.