
- •Асқазаннан қан кету, этиологиясы, клиникалық белгілері. Асқазаннан қан кеткенде жедел жәрдем көрсету.
- •Жиі себептері
- •Аз кездесетін себептер
- •Сирек себептер
- •Қан аралас құсық, мелена
- •Ауруханаға жатқызу және алғашқы көмек
- •Қан аралас нәжіс
- •Ауруханаға жатқызу көрсеткіші
- •Гипергликемиялық кома, себептері, клиникалық белгілері, жедел жәрдем көрсету.
- •Негізгі әрекет ететін факторлар:
- •Өт шаншуы (өт тас ауруы)
- •Алғашқы жәрдем
- •Наркотикалық емес анальгетиктер
- •Комбинирленген спазмоанальгетик
- •Жедел қан тамыр жеткіліксіздігі, себептері, клиникасы, естен тану мен және коллапстың клиникасы, жедел жәрдем көрсету.
- •Талудың ауруханаға дейінгі сатысында келесі варианттарын ажыратамыз:
- •Вазовагальды талу (жай талу)
- •Диагностикалық маңызы:
- •Тырысумен байқалатын талу
- •Симптоматикалық талу
- •Дроп шабуыл
- •Аритмиялық талу
- •Коллапс
- •Ауруханаға көрсеткіш
- •Этил спритімен улану Жіктемесі
Асқазаннан қан кету, этиологиясы, клиникалық белгілері. Асқазаннан қан кеткенде жедел жәрдем көрсету.
Қан кету дегеніміз қан тамырларынан қанның шығуы. Қан кету көбінесе механикалық жарақаттар (жарақаттану), қан тамырлар қабырғаларының ақаулықтары (ісіктердің ыдырап, қабынуы кезіндегі аррозивті қан кету), тамыр қабырғалары өткізгіштігінің бұзылысы диапедезді қан кетуге (авитаминоз, сепсис, интоксикация) байланысты болады. Іштен қан кету пайда болады әртүрлі (қан қақыру арқылы, кофе тұнбасы тәрізді құсық, тік ішектен шығатын бөлінділер) жатады. Асқазан ішек жолдарынан қан кету 70 себептерге байланысты болады.
Этиологиялық себептері бойынша қан қақыру себептері:
Жиі себептері
Асқазан және он екі елі ішек ойық жара аурулары;
Асқазанның жедел ойық жарасы және эрозиясы;
Мэллори Вейс синдромы;
Геморрой тік ішек аурулары, анальды жарылулар;
Колоректальды ісік;
Ойық жаралық колит;
Анықталмаған себептер.
Аз кездесетін себептер
Өңеш және асқазан, тік ішек веналарының варикозды кеңеюі;
Эзофагит;
Дуоденит;
Өңеш және асқазан ісігі;
Ишемиялық колит;
Крон ауруы;
Дивертикулярлы ауру;
Ангиодисплазия;
Сирек себептер
Тұқым қуалаушы телеангиоэктазия;
Гемостаз ақауы;
Панкреатит;
Портальды гипертензия кезіндегі гастропатия;
Жіңішке ішек ауруы (дивертикула, лимфома, Капоши саркомасы).
Жедел ойық жара аурулары, соматикалық аурулары бар науқастарда, эндогенді улануда, ауыр жарақат және операциядан кейін, кейбір қайғылы жағдайларға байланысты болған ауруларда пайда болады: шок немесе коллапс, пневмония, гипоксия, бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі, ауыр инфекциялық және неврологиялық асқынулар, қан ұюының бұзылысы және т.б.
Қан аралас құсық, мелена
Қан аралас құсық (гематезис) қан кету көзі Трейтц байламынан жоғары болса (өңеш, асқазан, он екі елі ішек) пайда болады. Асқазандағы тұш қышқылымен араласуынан кейін түсі кофе тұнбасына ұқсайды. Бірақ та көп мөлшерде қан кеткенде және тұз қышқылымен араласпаса құсық түсі ашық қызыл немесе көкшіл сұр қызыл болады. Құсық түсіне қарап, қан қай аймақтан кетіп жатқанын анықтау мүмкін емес.
Мелена (қара май тәрізді нәжіс) қан компонентерінің ішек микрофлорасымен қосылуынан пайда болады. Мелена кезінде нәжіс қара май тәрізді жабысқақ өңделмеген болып келеді. Меленаны құрамында темір, висмут дәрілерін, қара жидек, ежевика қабылдағаннан кейін пайда болатын нәжіс түсінен ажырата білу керек. Асқазан ішек жолдарынан қан кеткенде міндетті түрде ректальды зерттеу жүргізілуі керек, оны дәрігер хирург жүргізуі керек. Нәжіс құрамында қан түйіршіктерінің кездесуі асқазан жолдарының жоғары бөліктерінің жедел қан кетулеріне тән емес. Нәжістегі ашық қызыл түсті қан асқазан жолдарының жоғары бөліктерінен көп мөлшерде қан кетіп, перистальтикасы артқан жағдайда алғашқы 8 сағат аралығында нәжістен қан кету байқалады. Қан аралас құсық жиі өңештен, асқазан және он екі елі ішектен қан кеткенде байқалатын белгі. Профузды қан кету кезінде асқазанның кеңеюі рефлекторлы түрде құсуды шақырады. Бұл кезде қанның түсі өзгеріссіз алқызыл болады. Асқазан жолдарына түсіп, тұз қышқылымен араласқаннан кейін қанның түсі өзгереді. Құсық бұл кезде кофе тұнбасы тәрізді болады. Асқазан кеңеймеген болса қан аралас құсық та болмайды.
Қан аралас құсықтың жиі себептері: асқазан және он екі елі ішек ойық жаралары болып табылады. Асқазанның кілегей қабатының жыртылуы (Мэллори Вейс синдромы) оның күюі, өңештің кеңеюі, геморрагиялық гастрит, асқазан ісігі кезінде қан аралас құсық және қан кетулер сирек байқалады. Қан аралас құсық бауыр жарақатында (гемобилия) өт жолдары арқылы қан түсу, қан жүйесінің аурулары және басқа ауруларында да байқалады.
Алғаш анықталатын белгілері: талу жағдайлары, тахикардия, Мэллори Вейс синдромы кезінде асқазаннан қан кету үшін, бірнеше рет қан аралассыз құсудан кейін ғана қан аралас құсу байқалады. Науқастан міндетті түрде құсудан бұрын жеген тағамдарын (вино, варенье) сұрау керек. Құсу және мелена, нәжісте жаңа қан ағулар пайда болып қансырау, жасы 60 жоғары, анамнезінде кардиологиялық аурулары бар науқастар, стероидтты емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау қайталап қан кетуіне және өлімге алып келетін себеп болуы мүмкін. Науқас жағдайының ауырлығы жедел қан аздық белгісіне байланысты (әлсіздік, бас айналу, кілегей және шырышты қабаттарының бозаруы) және гемодинамика көрсеткіштеріне, тамыр соғысының жиілігіне, толықтығына АҚҚ төмендеуіне қарап анықталады.