- •Сұранысқа әсер ететін факторларды жіктеңіз және оларға мысал келтіріңіз
- •Ұсынысқа әсер ететін факторларды және оларға мысал келтіріңіз
- •Капитал, жинақ, инвестиция, несие түсініктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз
- •Өндіріс факторларының әртүрлі экономикалық бағыттар бойынша ерекшелігін табыңыз
- •34.Өндірістік қатынастар пен өндірістегі капитал айналымының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •35.Жалақы және оның түрлері мен формаларын ажыратыңыз, статисткалық сипаттаңыз
- •36.Факторлық табыстарды ажыратыңыз және де әр нарықтың іс-әрекетін ашып көрсетіңіз
- •37.Бәсеке және оның типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының әрекет ету ерекшелігін ашып көрсетіңіз
- •38.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық сипаты және қр-дағы кәсіпкерлік іс-әрекетінің ерекшелігін көрсетіңіз
- •Кәсіпкердің тұлғалық қасиеттері қандай болатынын айқындаңыз
- •40.Бизнес және кәсіпкерліктің өзара ұқсастығы мен әрекет ету ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •42.Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, және де олардың дамыған ел экономикасында жетекші болуын дәлелдеңіз
- •43.Әлемдік дағдарыс жағдайында отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік іс-шаралы қандай болатынын болжаңыз
- •1.3. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі.
- •44.Жұмыссыздық: мәні, түрлері, пайда болу себептерін ажыртыңыз және қазақстандағы жұмыссыздыққа болжам жасаңыз
- •45.Инфляцияның түрлері, пайда болу көздерін ашыңыз, қазіргі әлемдік және қазақстандық инфляцияның бет алысына болжам беріңіз
- •46.Мемлекеттік реттеу: мақсаттары, әдістері, құралдарының әлем экономикасы мен отандық экономикадағы бағдарларын ашып көрсетіңіз
- •47.Ақша-несие саясаты мен монетарлық саясаттың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз
- •48.Несиенің мәні неде және түрлері бойынша нарықтық экономикада пайдаланылу дәрежесін болжаңыз
- •49.Экономикалық цикл және оның кезеңдерін ажыратыңыз
- •51. Салықтар: мәні, түрлері, салық салу қағидаларының іске асырылуын бағалаңыз
- •52.Экономикалық өсу типтері мен факторлары бойынша халықтың әл-ауқатына ықпалын бағалаңыз
- •53.Макроэкономика түсінігі. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары бойынша даму бағыттарын болжаңыз
- •54.Қр өндірістік салаларының дамуына баға беріңіз
- •55.Қр фирмаларының іс-әрекеттеріне баға беріңіз
- •3.Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады 4.Бәсеке дамуының негізін құрайды. 5.Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады
- •58.Қр экономикасын дамыту үшін шикізаттық негізден арылу проблемасына шешім беріңіз
- •59.Экономиканың динамикалығын және циклдық ауытқулардың қайталнауын дәлелдеңіз
34.Өндірістік қатынастар пен өндірістегі капитал айналымының өзара байланысын түсіндіріңіз
Өндіргіш күштер - бұл адам өзінің өндірісіне және тұтынуына бей-імдеп қызмет етуге жұмылдырған күштер. Ал адамсыз өндірістің және тұтынудың болуы мүмкін емес.Сондықтан өндіру және тұтыну үшін қол-данылатын табиғат күштері, адамның өндіргіш күштер болып табылады.Олардың ішінен алдымен өндіріс құралдарын және жұмысшы күшін бөліп атап айту қажет.Өндіріс процесінде экономикалық немесе өндірістік қатынастар қалыптасады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар тұрақты динамикада бола-ды, адамдар өздерінің өндіргіш күштерін өзгертіп отырады, өздеріне жаңа технологияларды, жаңа материалды және т.б. қызмет еттіреді. Технологиялық қатынасатар әр түрлі замандардың ерекшелігін көрсетеді. Технологиялық заттар формасын немесе қызметтер түрін алатын, ғылыми-техникалық білімдерді жасаумен, қолданумен және оларға материалдық бейне берумен байланысты технологиялық қатынастардың жиынты-ғы, өндірістің технологиясын құрады.. Игіліктерді дайындауға қатынасатын факторларды анықтап білу маңызды мәселе болып табы-лады. Экономикалық теорияда өндірістің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші әсер ететін ерекше маңызды элемент, немесе объекті, өндіріс факторлары деп атайды. Өнім өндіруде пайдаланылатын осындай факторлар өте көп болды. Және әр жекелеген өнімді өндіруге икемделген өзіндік факторлар болады.Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.Тұтыну тауарла-рын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиын-тығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қар-жылық, ақпараттық және т.б. Қазіргі кезде экономикалық теорияда төрт өндірістік факторлар көрсетіледі: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
Айналымды жүзеге асыратын - өндірістік капитал болып табылады (К.Маркс оны өнеркәсіп капиталы деп атады). Өздерінің натуралды - заттай құндарын көшірy тәсіліне байланысты қолданылған өндірістік капитал екі топқа - негізгі және айналмалы капиталға бөлінеді.Негізгі капиталға - өндіріс үйлері, ғимараттар, жабдықтар және т.б. жатады. Олар бірнеше өндірістік циклдерде пайдаланылады және өз құндарын өнімге бөлшектеп ауыстырады.Айналмалы капиталға шикізаттар, материалдар, жұмыс күші жатады. Олар бip өндірістік цикл кезеңінде пайдаланылады және өз құндарын өнімге толық түгелімен ауыстырады.Қызмет ету мерзімінде негізгі капиталдың өз құнын жасалған тауарлардың құнына ауыстыру процесін және оның шоғырланып, амортизациялық (өтелім) қорға айналуын - амортизация (өтелім) деп атайды.Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтарының құнын белінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеуі қажет. Көпшілік елдерде амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.Амортизациялық қор - негізгі қорларды жай және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты: экономикалық табиғаты екі түрлі, яғни тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесіне және оларды кеңейте отырып, кебейту процесіне біp мезгілде қызмет көрсетеді. Өндірістің негізгі қорлары - өндірістік процеске тікелей қатысатын және дайын өнімге өзінің бағасын біртіндеп көшіретін материалдық құнды заттар жиынтығы. Физикалық тозу - еңбек өндірісі құралдарының біртіндеп өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолдануы арқасында тозуы, тозу механикалық, металды зат болу және тозу деп металдың тозуы, майысуы және ғимараттардың қирауын айтады.Материалдық тозу деп - құнның екі себепке өзгеруіне қарай, яғни:1) ұқсас, бірақ арзан еңбек құралдарын жасауға, 2) өнімділігі жоғары, бірак бағалары бірдей еңбек құралдарын жасап шығаруға байланысты жаңартылуды айтады.Табиғи және материалдық тозуды есептеу үшін амортизация нормасының маңызы зор. Амортизация нормасы - деп амортизацияға ұсталған жылдық соманың негізгі өндірістік капиталдың жылдқң орташа құнына қатынасын айтады, ол пайызбен анықталады. Ол бірнеше жылдан кейін негізгі капиталдың құны өтелетіндігін көрсетеді
