- •Сұранысқа әсер ететін факторларды жіктеңіз және оларға мысал келтіріңіз
- •Ұсынысқа әсер ететін факторларды және оларға мысал келтіріңіз
- •Капитал, жинақ, инвестиция, несие түсініктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз
- •Өндіріс факторларының әртүрлі экономикалық бағыттар бойынша ерекшелігін табыңыз
- •34.Өндірістік қатынастар пен өндірістегі капитал айналымының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •35.Жалақы және оның түрлері мен формаларын ажыратыңыз, статисткалық сипаттаңыз
- •36.Факторлық табыстарды ажыратыңыз және де әр нарықтың іс-әрекетін ашып көрсетіңіз
- •37.Бәсеке және оның типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының әрекет ету ерекшелігін ашып көрсетіңіз
- •38.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық сипаты және қр-дағы кәсіпкерлік іс-әрекетінің ерекшелігін көрсетіңіз
- •Кәсіпкердің тұлғалық қасиеттері қандай болатынын айқындаңыз
- •40.Бизнес және кәсіпкерліктің өзара ұқсастығы мен әрекет ету ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •42.Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, және де олардың дамыған ел экономикасында жетекші болуын дәлелдеңіз
- •43.Әлемдік дағдарыс жағдайында отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік іс-шаралы қандай болатынын болжаңыз
- •1.3. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі.
- •44.Жұмыссыздық: мәні, түрлері, пайда болу себептерін ажыртыңыз және қазақстандағы жұмыссыздыққа болжам жасаңыз
- •45.Инфляцияның түрлері, пайда болу көздерін ашыңыз, қазіргі әлемдік және қазақстандық инфляцияның бет алысына болжам беріңіз
- •46.Мемлекеттік реттеу: мақсаттары, әдістері, құралдарының әлем экономикасы мен отандық экономикадағы бағдарларын ашып көрсетіңіз
- •47.Ақша-несие саясаты мен монетарлық саясаттың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз
- •48.Несиенің мәні неде және түрлері бойынша нарықтық экономикада пайдаланылу дәрежесін болжаңыз
- •49.Экономикалық цикл және оның кезеңдерін ажыратыңыз
- •51. Салықтар: мәні, түрлері, салық салу қағидаларының іске асырылуын бағалаңыз
- •52.Экономикалық өсу типтері мен факторлары бойынша халықтың әл-ауқатына ықпалын бағалаңыз
- •53.Макроэкономика түсінігі. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары бойынша даму бағыттарын болжаңыз
- •54.Қр өндірістік салаларының дамуына баға беріңіз
- •55.Қр фирмаларының іс-әрекеттеріне баға беріңіз
- •3.Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады 4.Бәсеке дамуының негізін құрайды. 5.Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады
- •58.Қр экономикасын дамыту үшін шикізаттық негізден арылу проблемасына шешім беріңіз
- •59.Экономиканың динамикалығын және циклдық ауытқулардың қайталнауын дәлелдеңіз
59.Экономиканың динамикалығын және циклдық ауытқулардың қайталнауын дәлелдеңіз
Нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның «экономикалық динамикасы» тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің құбылуы және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде «экономикалық тепе-теңдікті» қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа шығаратын екі үрдісті қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.Алайда нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады — табыс толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде көрсетілгендей, «сұраным ұсыным болып табылады», теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне артады. Осыдан барып өте маңызды тұжырым жасауға болады: жиынтық сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі жинақталған инвестиция мен несиеленген инвестиция теңдігін талап етеді
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей: 1.Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды. 2.Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі. 3.Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді. 4.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де. Тоқырау фазасының сипаттамасы:1.Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады. 2.Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады. 3.Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады. Жандану фазасының сипаттамасы: 1.Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді. 2.Инвестициялар өседі. 3.Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі. 4.Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды. 5.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі. Өрлеу фазасының сипаттамасы: 1.Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады. 2.Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады. 3.Тауарлардың бағасы өседі. 4.Қарыз капиталының ұсынысы өседі. 5.Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды.. К.Марк берген индустриялық қоғамның макро экономикасы мен ұдайы өндіріске жасаған талдауы болды. ”Капиталистік ұдайы өндіріс циклі” маркстік талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану, өркендеу - сатылары (фаза) циклдер болып саналады. Дағдарыс жиынтық сұраныс - тауар ұсыныстарының артып кетуін сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды қалыпты өткізудің күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның төмен түсуі; тауарға ұсыныстың азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс соңында сұраныс пен ұсыныс “күшпен” тепе – теңдікке келтіріледі және ұдайы өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді.Тоқырау (депрессия) - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар жасалатын экономиканың өтпелі жай -күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға мен еңбекақы ең төменгі деңгейде болады; өндіріс шығындары да сондай төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып (сақталып), екіншісінде инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады;өндірістік капиталдың негізгі бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану өндіріс ауқымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға) өтуге әсерін тигізеді.Көтерілу деңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылықтың жоғары мен сипаттайды, өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың артық шамадан тыс қанығумен, тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем қабілеті бар ұсыныс пен бетпе - бет келеді, соның нәтижесінде тағы да дағдарыс пайда болады.
60.ҚР болған дағдарыстардың әлемдік ықпалын бағалаңыз
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:
Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Мемлекеттік басқару дағдарысы- мемлекеттік басқару құрылымының тұрақсыздануымен, саяси институттардың ықпалының теңгермелуімен, саяси қақтығыстардың ұшығуымен, көпшіліктің белсенділігінің артуымен сипатталатын қоғамның саяси жүйесінің өркендеуі мен қызмет көрсетуінің ерекше өзгерген түрі. Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың негізгі белгілері болып мыналар табылады. - саяси және әлеуметтік қақтығыстардың ұшығуы, оның ашық саяси сипат алуы немесе талап пен сұраныс билік құрылысының саяси бағытын, басқарудың стратегиясы мен әдістерін өзгертуге бағытталады. - Қақтығыстардың өсуін мемлекеттік биліктің басқара алмауы, саяси-экономикалық процесстер мен дәстүрлі әдістердің қатынастарын реттеу мемлекеттің ішкі және сыртқы саясат “зигзаг” түрінде көрінеді. - Басқарудың құрылымдық-функционалдық жүйесінің және саяси билік институттарының теңестірілмеуі, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынастың үзілуі, мемлекеттік биліктің легитимділігінің жойылуы, қоғамның саяси қауіпті және ұшыққан күйі. Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың барлық белгілері кезеңдермен дамиды. Бірінші, бастапқы кезең: қоғамдық өмірдің әр аумағында көптеген жанжалдар ошағынаң пайда болуымен сипатталады. Солқылдақ плюралистикалық жүйеде тоқырау күштер мен көзқарастардың жаңа арақатынасын көрсетеді, олардың шешімі саяси дамудың жаңа көздері болып табылады.Бұл жағдайда жанжалдар тұрақтандыру, түзету рөлін атқарады. Қатаң көпшілік- саяси жүйеде жанжалдар тұрақсыздық, бұлғаңдату рөлін атқара отырып саяси күйзелісті тереңдетеді. Екінші, мемлекеттік билік кезеңі: қоғамдық институттардың қызметі механизмінің ыдырауы, құрылымның сәйкес келмеуі, әлеуметтік- экономикалық жағдайдың түрлері мен әдістерінің өзгертілуін сипаттайтын және қоғамдағы төтенше жағдайдың келісімі арқылы шешіледі. Үшінші, дағдарыстың өсуі мен ұшығу кезеңі: тұрақтанған саяси құрылымның ыдырауы, энтропияға бастайтын мемлекеттік билік жүйесі, яғни ыдырау, мемлекеттік биліктің құнсыздануы, билік органдарының негізгі сапасын жоғалтуы- қоғамдық процестері басқаруға ықпал етеді. Бұл жағдайда басқарудың жалпы жүйелілігін қарастырамыз. Әрине, бұл кезеңдерді бөліп қарау салыстырмалы және шартты сипат алады.Іс жүзінде барлығы әлде қайда күрделірек. Көрсетілген кезеңдер арасында “қытай қабырғасы” жоқ .Өмір өзені “тоғызыншы валюталарды” тудыратын толқындардың қайда және қашан жиналатынын байқауға мүмкіндік бермейді.
«Біз – болашағымызды болжап отырған елміз» , - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, болашақты болжау өте ауыр, бірақ біздің еліміз соңғы 20 жылда көптеген экономикалық өмір циклын бастан кешті. Осы экономикалық өрлеу кезінде дағдарыс та орын алды. Әрбір елге уақыт өте келе күшті әсер ететін экономикалық құбылыс – дағдарыс. Дағдарыс қоғамда тек шағын және орта келеңсіздік емес, тіпті, әлеуметтік – экономикалық сілкіністерге , инвесторлар, кәсіпкерлер мен халық арасында апатты жағдайларға да алып келеді.
Дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасы шеңберiнде Үкiметтен тiкелей 20 млрд. доллар көлемiнде қаражат бөлiндi. Елдің экономикасындағы дағдарыстың дамуына қарсы Үкімет уақытылы тиіміді шаралар қабылдады. Бюджет арқылы мемлекет қордағы ақшаны құйды, экономикаға құйылған ақшаның сомасы ЖІӨ – нің 15% - ын қамтыды. Үкіметтің шешіміне сәйкес, ақша экономиканың барлық бағыттарына жіберіліп отырды.
Дағдарысты еңсеру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі дағдарысқа қарсы бағдарлама және оны іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралардың жеке жоспарын әзірледі.
Көрсетілген жоспарға сәйкес жаңа жұмыс орындары құрылуда, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілген жұмыссыздардың және халықтың нысаналы топтарының өзге де өкілдерінің саны артуда. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру және жастар практикасын ұйымдастыру бағдарламаларын кеңейту, бос орындар жәрмеңкесін өткізу және т.б. жөнінде шаралар қабылдануда.
Дағдарысқа қарсы бағдарламаның алғашқы бағыты - қаржы секторын тұрақтандыру үшін жоғарыдағы ірі төрт банкке 476 млрд. тенге бөлінсе, оның бір бөлігі банктердің қарапайым акцияларын сатып алуға, келесі бір бөлігі экономиканы несиелеуге бағытталды. Мұндай шаралар АҚШ – та , Ұлыбритания , Жапония және басқа елдерде де қолданылады.
Сол 2008- 2009 жылдадағы дағдарыс уақытында өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,6% - ға қысқарды, өңдеуші өнеркәсіп көлемі 11,8 % - ға төмендеп, өте күшті дағдарыс әсер еткен кәсіпорындар қатарына жатқызылды. Статистика бойынша, ЖІӨ – нің 2,2% - ға төмендегенін көрсетеді
Былтырғы 2012 жылдың 27 қаңтарында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халқына жолдауында дағдарыстың екінші толқыны туралы мәселе қаралды. Президент «Үкімет сценарийлер, қадам – қадам бойынша нақ жазылған жоспар жөнінен шешімге келуі қажет», - деп атап өтті. «Еліміздегі және әлемдегі істердің жай - күйіне мониторниг жүргізіліп алдын алатын шаралар қабылдануы тиіс» , - деп Нұрсұлтан Назарбаев ел Үкіметінің дағдарыстан өту тәжірибесі барлығын, соның арқасында алдағы қиындықтардан өтуге мүмкіндік барына сенім білдірді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталатын 2012 жылғы Жолдауында дағдарыстың екінші толқынымен қарсы күресуге қажетті макроэкономикалық шарттарды қамтамасыз етуді жалғастыру, экономиканың өсуін сақтап қалу керек, сыртқы жағдайлар біздің сауда әріптестерімізде валюталарының девальвациясына түрткі болуы мүмкін екендігін анықтап айтты.
2013 жылдың 23-24 мамыр аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен алғаш рет БҰҰ үшін Бүкіләлемдік Дағдарысқа қарсы жоспарды қалыптастыруға шақыратын, демократиялық қағидаларға негізделген және барлық мемлекеттердің қызығушылықтарын есепке алатын Дағдарысқа қарсы Бүкіләлемдік конференция (ДҚБК) өтпек. ДҚБК әлемдік қаржы жүйесінің мәселелерін талқылайтын болады.
