- •Сұранысқа әсер ететін факторларды жіктеңіз және оларға мысал келтіріңіз
- •Ұсынысқа әсер ететін факторларды және оларға мысал келтіріңіз
- •Капитал, жинақ, инвестиция, несие түсініктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз
- •Өндіріс факторларының әртүрлі экономикалық бағыттар бойынша ерекшелігін табыңыз
- •34.Өндірістік қатынастар пен өндірістегі капитал айналымының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •35.Жалақы және оның түрлері мен формаларын ажыратыңыз, статисткалық сипаттаңыз
- •36.Факторлық табыстарды ажыратыңыз және де әр нарықтың іс-әрекетін ашып көрсетіңіз
- •37.Бәсеке және оның типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының әрекет ету ерекшелігін ашып көрсетіңіз
- •38.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық сипаты және қр-дағы кәсіпкерлік іс-әрекетінің ерекшелігін көрсетіңіз
- •Кәсіпкердің тұлғалық қасиеттері қандай болатынын айқындаңыз
- •40.Бизнес және кәсіпкерліктің өзара ұқсастығы мен әрекет ету ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •42.Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, және де олардың дамыған ел экономикасында жетекші болуын дәлелдеңіз
- •43.Әлемдік дағдарыс жағдайында отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік іс-шаралы қандай болатынын болжаңыз
- •1.3. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі.
- •44.Жұмыссыздық: мәні, түрлері, пайда болу себептерін ажыртыңыз және қазақстандағы жұмыссыздыққа болжам жасаңыз
- •45.Инфляцияның түрлері, пайда болу көздерін ашыңыз, қазіргі әлемдік және қазақстандық инфляцияның бет алысына болжам беріңіз
- •46.Мемлекеттік реттеу: мақсаттары, әдістері, құралдарының әлем экономикасы мен отандық экономикадағы бағдарларын ашып көрсетіңіз
- •47.Ақша-несие саясаты мен монетарлық саясаттың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз
- •48.Несиенің мәні неде және түрлері бойынша нарықтық экономикада пайдаланылу дәрежесін болжаңыз
- •49.Экономикалық цикл және оның кезеңдерін ажыратыңыз
- •51. Салықтар: мәні, түрлері, салық салу қағидаларының іске асырылуын бағалаңыз
- •52.Экономикалық өсу типтері мен факторлары бойынша халықтың әл-ауқатына ықпалын бағалаңыз
- •53.Макроэкономика түсінігі. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары бойынша даму бағыттарын болжаңыз
- •54.Қр өндірістік салаларының дамуына баға беріңіз
- •55.Қр фирмаларының іс-әрекеттеріне баға беріңіз
- •3.Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады 4.Бәсеке дамуының негізін құрайды. 5.Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады
- •58.Қр экономикасын дамыту үшін шикізаттық негізден арылу проблемасына шешім беріңіз
- •59.Экономиканың динамикалығын және циклдық ауытқулардың қайталнауын дәлелдеңіз
Капитал, жинақ, инвестиция, несие түсініктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз
Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді. Капитал қорлануының факторлары: -қосымша құнның нормасы; -қызмет атқаратын капитал мөлшері -еңбек өнімділігінің артуы; -қосымша құн бөлігінің қорлануы немесе тұтыну арасындағы пропорция; Осы аталған факторлардың барлығы да бір мезгілде жүзеге асады. Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша құрылымы өзгереді. Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады: капиталдың шоғырлануы, капиталдың орталықтануы. Капиталдың орталықтануы бұл қосымша құн есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың оталықтану дегеніміз капиталың бірігу жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте барлық капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады. Капиталдың орталықтануының бір түрі акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлануы мен орталықтануы өндщірітің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барыгша өнідіріс құрал жабдықтарын, жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыру. Практикада қорлану күрделі қаржыны тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен қайта жабдықтауға, мәдениет тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. Инвестиция немістің investition деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капиал мөлерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделоі қаржыға қарағанда ең мағына береді. Инвестицияның қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік табыстарынан оның барлық шығындарын алып тастау жатады. Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру керек. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.Ал, Несие— нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады: қайта бөлу; -айналыс шығындарын үнемдеу; -айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру; -капиталдың шоғырлануын жеделдету; ғылыми-техникалық прогресті жеделдету. Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінін, көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарыктық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Өндіріс факторларының әртүрлі экономикалық бағыттар бойынша ерекшелігін табыңыз
Өндіріс факторлары: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс.Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар – жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді Жұмыс күші – адамның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды. Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады. Жер, еңбек және капитал жеке нысанда немесе жекелеген түрде ештеңе де жасай алмайды. Осы өндіріс факторларын пайдалануда өзіне жауапкершілік жүктейтін және тәуекелге бел буатын, сондай – ақ ол ресурстарды қалай пайдалану жөнінде шешім қабылдайтын тұлға кәсіпкер деп анылады. Фирма жұмысын ұйымдастыруда дұрыс шешім қабылдау үшін оның кәсіпкерлік қабілеттері болуы керек-өндірістің 4-факторы. Өндірістің үздіксіз қайталанып отыруы – ұдайы өндіріс деп аталады.Оның өзі екіге бөлінеді:Жай ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің өзгеріссіз мөлшерде қайталанып отыруы
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Ұдайы өндіріс процессі кезінде капитал тоқтаусыз қозғалыста болады, және мына схема бойынша айналыс жасайды: өндіріс заттарын сатып алу-- өндіріс процессі ---- өндірілген товарларды өткізу. Бұл айналыс қайта-қайта қайталанып капитал айналысын құрайды. Ұдайы өндіріс процесінде әлемдік шаруашылықтың дамуымен, өндіріс құралдары мен тұтыну заттарының артық бөлігі соған бағытталатын, экономикалық ресурстар сарқылып алынатын сыртқы орта (халықаралық сауда) үлкен рөл атқарады. Экономиканы басқару жүйесі (өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттік аппарат) өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну арасындағы өзара байланысты және келісімді жүзеге асырады. Ұдайы өндіріс процесінде: өндірістің материалдық-заттық факторларын ұдайы өндіру, жұмыс күшінің ұдайы өндірісі және өндірістік қатынастар (экономикалық) ұдайы өндірісі сияқты әлеуметтік экономикалық аспектілер үлкен маңызға ие. Қоғамдық капиталдың бұл үш жағы оның тұтастай ұдайы өндірісін қамтамасыз етеді. Олардың ең болмағанда бірінде ұдайы өндіріс болмаса — тұтастай түрде ол жоқ деген сөз. Ұдайы өндіріс жай (қарапайым) және кеңейтілген вариантта (формаларда) жүзеге асырылуы мүмкін. Жай (қарапайым) ұдайы өндіріс сол көлем мен санды бұрынғы өндірісті қалпына келтіру. Бұл, яғни қоғам барлық жаңадан өндірілген өнімді (қосымша) тұтынуға жұмсайды. Мұндай қарапайым ұдайы өндіріс кейбір азиялық, латынамерикалық және африкалық елдерде басым, ал ықшамды ұдайы өндіріс қайта құрудың алғашқы кезеңіндегі ТМД елдері үшін тән болып саналады. Кеңейтілген ұдайы өндіріс — тұрақты түрде ауқымы өсіп отыратын, материалдық игіліктер мен қызметкердің өндірістегі белгілі-бір пропорциясы сақталып отыратын, яғни қоғамдық өнім бөліктері: өндіріс құралдары мен жұмыс күші, сондай-ақ өндіріс құралдары өндірісі мен тұтыну заттары арасындағы тепе-теңдік сақталатын, өндіріс процесі. Демек, қоғамдық ұдайы өндіріс екі бөлім: К.Маркс бойынша төмендегіше білдіруге болатын өндіріс құралдары ұдайы өндірісі мен тұтыну заттары ұдайы өндірісінен тұрады: І. w = c + v + m; ІІ. w = c + v + m. Мұнда: І және ІІ қоғамдық ұдайы өндіріс бөлімдері; w — І және П жиынтық қоғамдық өнім; с — өндіріс құралдары (тұрақты капитал); v — жұмыс күші және өзгермелі капитал; m — қосымша өнім құны.
