Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekonom teoriya wpor 30-60.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
424.45 Кб
Скачать

58.Қр экономикасын дамыту үшін шикізаттық негізден арылу проблемасына шешім беріңіз

Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгі бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң 10-шы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.        Бағдарлама Қазақстанның 2015 жылға дейiнгі кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру, сөйтiп осы арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан бас тарту жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.        Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдар ұстанған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiру мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. 

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей Қазақстандағы инновациялық өнімінің құрылымы жыл сайын өзгеріске ұшырауда. Осылайша, 2003 жылдан (15%) 2010 жылға (90%) дейін жаңа немесе елеулі технологиялық өзгерістерге түскен өнімдердің ұдайы өсу үрдісін байқауға болады. Бұл инновациялық дамуға бағыт алған Қазақстандық экономиканы оң жағынан сипаттайды. Ал жетілдіруге ұшыраған өнімдер үлесі біртіндеп төмендеп келе жатыр, 2003 жылы олардың үлесі 72% құраса, 2010 жылы 12% -ды құрады. Өзге инновациялық өнімдердің үлесі басқа инновациялық өнім түрлеріне қарағанда бір қалыпты деңгейде, бұнда елеулі өзгерістер байқалмайды.       Дүниежүзiлiк экономиканың жаhандану аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегі салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы жаhандану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. Проблемаларды шешу және Бағдарлама шеңберiнде алға қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн Даму Банкiнiң қызметiн жандандырумен қатар Қазақстанның инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру корпорациясы сияқты арнайы даму институттарын құру, Инновация қорын нығайту көзделiп отыр.  Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндiрiстердi құруға және олардың жұмыс iстеп тұрғандарын дамытуға және келелi салаларды кешендi талдау, олардың ең маңызды элементтерiн анықтау негiзiнде ғылыми және ғылыми-зерттеу әзiрленiмдерi мен зерттеулерге қолдау көрсетуге инвестициялау саясатын жүргiзетiн болады.        Бағдарлама елде ғылымды және инновациялық қызметтi көтермелеуге бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрі дамыту және фискалдық, бiлiм беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберiнде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.        Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерi мен тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегі жекелеген ұсыныстарды негiздеу үшiн Бағдарламаның тиiстi бөлiмдерiнде импорт алмастыратын және экспортқа бағдар ұстанған саясатты iске асыру жөнiндегi шет елдердiң тәжiрибесi, оның iшiнде экспорттық саясаттың әрқилы түрлерi мен кезеңдерi, сондай-ақ әлемдiк рыноктарда бәсекелестiк артықшылыққа қол жеткiзуге мүмкiндiк беретiн факторлар келтiрiлген.        Жалпы алғанда Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде 2015 жылға қарай ел экономикасы сервистiк-технологиялық дамуға өтуге дайын болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]