- •Сұранысқа әсер ететін факторларды жіктеңіз және оларға мысал келтіріңіз
- •Ұсынысқа әсер ететін факторларды және оларға мысал келтіріңіз
- •Капитал, жинақ, инвестиция, несие түсініктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз
- •Өндіріс факторларының әртүрлі экономикалық бағыттар бойынша ерекшелігін табыңыз
- •34.Өндірістік қатынастар пен өндірістегі капитал айналымының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •35.Жалақы және оның түрлері мен формаларын ажыратыңыз, статисткалық сипаттаңыз
- •36.Факторлық табыстарды ажыратыңыз және де әр нарықтың іс-әрекетін ашып көрсетіңіз
- •37.Бәсеке және оның типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының әрекет ету ерекшелігін ашып көрсетіңіз
- •38.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық сипаты және қр-дағы кәсіпкерлік іс-әрекетінің ерекшелігін көрсетіңіз
- •Кәсіпкердің тұлғалық қасиеттері қандай болатынын айқындаңыз
- •40.Бизнес және кәсіпкерліктің өзара ұқсастығы мен әрекет ету ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •42.Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, және де олардың дамыған ел экономикасында жетекші болуын дәлелдеңіз
- •43.Әлемдік дағдарыс жағдайында отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік іс-шаралы қандай болатынын болжаңыз
- •1.3. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі.
- •44.Жұмыссыздық: мәні, түрлері, пайда болу себептерін ажыртыңыз және қазақстандағы жұмыссыздыққа болжам жасаңыз
- •45.Инфляцияның түрлері, пайда болу көздерін ашыңыз, қазіргі әлемдік және қазақстандық инфляцияның бет алысына болжам беріңіз
- •46.Мемлекеттік реттеу: мақсаттары, әдістері, құралдарының әлем экономикасы мен отандық экономикадағы бағдарларын ашып көрсетіңіз
- •47.Ақша-несие саясаты мен монетарлық саясаттың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз
- •48.Несиенің мәні неде және түрлері бойынша нарықтық экономикада пайдаланылу дәрежесін болжаңыз
- •49.Экономикалық цикл және оның кезеңдерін ажыратыңыз
- •51. Салықтар: мәні, түрлері, салық салу қағидаларының іске асырылуын бағалаңыз
- •52.Экономикалық өсу типтері мен факторлары бойынша халықтың әл-ауқатына ықпалын бағалаңыз
- •53.Макроэкономика түсінігі. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары бойынша даму бағыттарын болжаңыз
- •54.Қр өндірістік салаларының дамуына баға беріңіз
- •55.Қр фирмаларының іс-әрекеттеріне баға беріңіз
- •3.Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады 4.Бәсеке дамуының негізін құрайды. 5.Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады
- •58.Қр экономикасын дамыту үшін шикізаттық негізден арылу проблемасына шешім беріңіз
- •59.Экономиканың динамикалығын және циклдық ауытқулардың қайталнауын дәлелдеңіз
49.Экономикалық цикл және оның кезеңдерін ажыратыңыз
Тұрақсыздық нарықтық экономикаға тән сипаттардың бірі. Оған экономикалық циклды қалыптастыратын өрлеу де, құлдырау да тән. Экономикалық дамудың циклдық заңдылықтарын зерттеу-макроэкономикалық талдаудың құраушы бөлігінің бірі болып табылады. Көптеген зерттеуші экономистер осы рыноктық экономиканың циклдық ауытқуының құпиясы неде деген сұраққа жауап іздеді. Ал, экономикалық цикл дегеніміз –бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмысбастылық және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық циклдың болуының себептері :автономды инвестициялардың таусылуы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мултипликатор әсерінің әлсіреуі және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп – тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың болуы.
Макроэкономикада экономикалық циклдың интегриалды теориясы жоқ, сол себепті түрлі бағыттар мен мектептердің экономистері циклдың болуының себептеріне әртүрлі көзқараспен тоқталады.
К. Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген экономист ғалымдардың бірі болып саналады. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт фазасын бөліп қарастырды. Экономикалық цикл фазалары: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу.
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде АҚШ-ның экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросында жасалған терминалогия бойынша цикл келесідей фазаларды қамтиды: шың немесе бум, рецессия немесе құлдырау, депрессия және жандану. Экономикалық конъюнктураны сипаттау үшін бір қатар экономикалық көрсеткіштер қолданылады (ЖҰӨ, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, жеке табыс, өнеркәсіптік өнімдер көлемі, бағалар деңгейі, т.б.).
Цикл барысында экономикалық параметрлердің өзгеруіне байланысты олар проциклдық, контрциклдық және ациклдық болып бөлінеді. Қазіргі кезде статистиктер мен экономистер экономикалық конъюнктураға толық, нақты болжамдар жасай алмайды, тек оның жалпы тенденциясын ғана анықтай алады. Себебі экономикалық тұрақсыздық пен саяси қақтығыстар кезінде барлық әсер етуші факторларды есепке алу, ұлттық экономикаға халықаралық ортаның ықпалын анықтау қиын және де даму тенденциясын анықтағанның өзінде фазалардың жүру мерзімін нақты атап, экономикалық саясатты сол өзгерістерге қарай бағыттау мүмкін емес.
Қазіргі қоғамдық ғылымда экономикалық циклдардың бірнеше типі белгілі. Олар, әдетте,осы толқындарды зерттеп, ғылымға енуіне негіз болған экономистердің атымен аталады.
1.Китчин циклі
Ұзақтығы 2-4 жыл
Ерекшелігі Қор мөлшері > инфляцияның,жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-ніңауытқуы,тауарлы цикл
2. Жугляр циклі
Ұзақтығы 7-12 жыл
Ерекшелігі Инвестициялық цикл >инфля-цияның,жұмысбастылықтың, ЖҰӨ-нің ауытқуы
3.Кузнец циклі
16-25 жыл
Табыс > иммиграция > үй құрылысы > жиынтық сұраныс >табыс
4. Кондратьев циклі
40-60 жыл
Техникалық прогресс,құрылымдық өзгерістер
5.Форрестор циклі
200 жыл
Энергия және материалдар
6. Тоффлер циклі
1000-2000 жыл
Өркениеттің дамуы
50. Мемлекеттік бюджет: түсінігі және құрылымын көрсетіңіз
Қаржылық қатынастардың жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрады. Бюджет мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қаражаттарының қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару орғандарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайдыЭкономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты болады.
Бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
мемлекеттен жалпы коғамдық өнімнің бір бөлігін окшауландырумен және оны коғамдық қажеттіліктерді қанагаттандыруга пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
құнды жасау және оны тұтыну үдерісін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды түтынуга қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы
қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы козгалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржылық қатынастар материалдық өндірісте де, материалдық емес сферада да тауар-ақшалай қатынастармен тығыз тоқайласып жатады.
. Бюджеттік қор - бұл құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халықка әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару бойынша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түскен коғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігі қозғалысының объективті түрде шарттасылған экономикалық нысаны. Мемлекеттік бюджет тұтас алғанда мемлекет қаржысының функцияларына сәйкес функцияларды - бөлу және бақылау функцияларын қаржылардын ұдайыөндірістік тұжырымдаманың шеңберінде орындайды. Бұл функциялардың іс-әрекеті, мазмұны, мәні мен маңызы бюджеттік қатынастардың қаралған өзіндік айрықшалығымен айқындалды. Сонымен бірге қаржының және мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде: мемлекет қаржысының орналастыру (ресурстарды), қайта бөлу, тұрақтандыру қосалқы функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджеітің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты меха- низмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді.
