
- •Сұранысқа әсер ететін факторларды жіктеңіз және оларға мысал келтіріңіз
- •Ұсынысқа әсер ететін факторларды және оларға мысал келтіріңіз
- •Капитал, жинақ, инвестиция, несие түсініктерінің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз
- •Өндіріс факторларының әртүрлі экономикалық бағыттар бойынша ерекшелігін табыңыз
- •34.Өндірістік қатынастар пен өндірістегі капитал айналымының өзара байланысын түсіндіріңіз
- •35.Жалақы және оның түрлері мен формаларын ажыратыңыз, статисткалық сипаттаңыз
- •36.Факторлық табыстарды ажыратыңыз және де әр нарықтың іс-әрекетін ашып көрсетіңіз
- •37.Бәсеке және оның типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке нарығының әрекет ету ерекшелігін ашып көрсетіңіз
- •38.Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық сипаты және қр-дағы кәсіпкерлік іс-әрекетінің ерекшелігін көрсетіңіз
- •Кәсіпкердің тұлғалық қасиеттері қандай болатынын айқындаңыз
- •40.Бизнес және кәсіпкерліктің өзара ұқсастығы мен әрекет ету ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •42.Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік: артықшылықтары мен кемшіліктері, және де олардың дамыған ел экономикасында жетекші болуын дәлелдеңіз
- •43.Әлемдік дағдарыс жағдайында отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік іс-шаралы қандай болатынын болжаңыз
- •1.3. Нарықтық экономикасы бар елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі.
- •44.Жұмыссыздық: мәні, түрлері, пайда болу себептерін ажыртыңыз және қазақстандағы жұмыссыздыққа болжам жасаңыз
- •45.Инфляцияның түрлері, пайда болу көздерін ашыңыз, қазіргі әлемдік және қазақстандық инфляцияның бет алысына болжам беріңіз
- •46.Мемлекеттік реттеу: мақсаттары, әдістері, құралдарының әлем экономикасы мен отандық экономикадағы бағдарларын ашып көрсетіңіз
- •47.Ақша-несие саясаты мен монетарлық саясаттың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңіз
- •48.Несиенің мәні неде және түрлері бойынша нарықтық экономикада пайдаланылу дәрежесін болжаңыз
- •49.Экономикалық цикл және оның кезеңдерін ажыратыңыз
- •51. Салықтар: мәні, түрлері, салық салу қағидаларының іске асырылуын бағалаңыз
- •52.Экономикалық өсу типтері мен факторлары бойынша халықтың әл-ауқатына ықпалын бағалаңыз
- •53.Макроэкономика түсінігі. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары бойынша даму бағыттарын болжаңыз
- •54.Қр өндірістік салаларының дамуына баға беріңіз
- •55.Қр фирмаларының іс-әрекеттеріне баға беріңіз
- •3.Капитал салымына деген қажеттілігі төмен болады 4.Бәсеке дамуының негізін құрайды. 5.Техникамен қайта жабдықтану жылдам түрде жүзеге асады
- •58.Қр экономикасын дамыту үшін шикізаттық негізден арылу проблемасына шешім беріңіз
- •59.Экономиканың динамикалығын және циклдық ауытқулардың қайталнауын дәлелдеңіз
Сұранысқа әсер ететін факторларды жіктеңіз және оларға мысал келтіріңіз
Сұраныс - нарықтық экономиканың аса маңызды санаттарының бірі, нарықта ұсынылған игіліктерге (тауарларға, көрсетілетін қызметтерге) төлем кабілеті бар қажеттіліктерді көрсетеді. Нарықта әрекет ететін сұраныс заңы бойынша — баға неғұрлым жоғары болса, тұтынушылар сатып алуға келісетін игіліктердің көлемі де солғұрлым аз болады және осыған керісінше. Сұраныстың мөлшері халықтың ақшалай табысының денгейіне және өндірушілердің ендіріс құрал-жабдығын сатып алуға бөлетін сомасына, сондай-ақ тұтынушылардың талғамына немесе артықшылықтарына, нарықтағы сатып алушылардың санына, тұтынушылардың ақшалай табысына, сабақтас тауарлар- дың бағасына, тұтынушылардың болашақтағы баға мен табысқа катысты үмітіне байланысты. Сұраныс тауар өндірісінің көлемі мен құрылымын айқындайды, яғни тек тұтыным деп танылған нәрсе ғана өндіріледі. Экономикалық зерттеулерде сұраныс ұсыныспен өзара ықпалдастықта қаралады. Сұраныс мен ұсыным капиталдың неғұрлым тиімді жұмсалу бағыты мен аясын көрсететін бағдар болып табылады. Сұраныс жекелеген игілікке жеке, нарықтық сұраныс, сондай-ак жалпы ел шеңберінде біріктірілген сұраныс ретіндегі жиынтық сұраныс болып бөлінеді. Сұраныстың көлемі мен құрылымы экономикалық, әлеуметтік-саяси, демографиялық, мәдени-тарихи, табиғи-климаттық факторларға байланысты. 1) Тұтынушылардың саны. Табыс деңгейі. Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы. Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар: Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар. Тұтынушының табысы. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі. Тауардың қажеттілігінің деңгейі. Тұтынушының күтуі. Сұраныстың бағаға тәуелділік сұраныстың икемділігі арқылы сипатталынады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті – сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынысы арқылы анықталады. Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді . Егер бағаның өсуіне қарғанда сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді. Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың негізгісі болып баға аталады. Баға мен сұраныс шамасының арасында кері байланыс бар: бағаның көтерілуі сұранысты түсіреді және керісінше.
Ұсынысқа әсер ететін факторларды және оларға мысал келтіріңіз
Ұсыныс - бұл өндірушілердің сату үшін рынокта ұсынатын товарлардың мөлшері. Бағалар неғұрлым жоғары болса, өндірушілер рынокта өнімнің көлемін соғұрлым көп әкелгісі келеді және керісінше. Ұсыныс көлемінің өзгеруі товардың бағасының әсерінен және бағалық емес факторлардың әсерінен болады. Бағалық емес факторлардың ұсынысқа әсерін қарастырайық.1.Ресурстардың бағасы. Олардың түсуі өндіріс шығындарын азайтады және ұсынысты көбейтеді, яғни ұсыныс қисығын оңға жылжытады. Ресурстарға бағаның өсуікерісінше әсер етеді.2.Технология. Оның жетілуі ресурстарға бағаны түсіреді және 1 пунктте көрсетілгендерге әсер етеді3.Салықтар және дотациялар. Салықтың көтерілуі өндіріс шығындарын көбейтеді және ұсынысты азайтады. Қисық солға жылжиды.4.Басқа тауарлардың бағасы. Олар ұсыныс қисығын қалай болса да жылжыта алады. Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді. График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған. Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар: Өндіріс шығындары. Салық мөлшері .Технология. Субсидия. Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші. Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Еd) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі Ed=∆Q/∆P Бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктеріне байланысты. Қорыта айтқанда, уақыт мерзімі өскен сайын ұсыныстың икемділігі жоғарылайды, ал бұл тиімді бағалардың қалыптасауына мүмкіндік береді. Бағаның өзгеруіне байланысты ұсыныстың бейімделу жылдамдығы экономикалы ресурстардың мобилділігіне тәуелді.