
- •1. Жылулық сәуле проблемасы. Планк формуласы.
- •2. Тежеулік рентген сәулесі спектрінің қысқа толқындық шекарасы.
- •3. Рентген сәулесінің заттан шашырауы бойынша Комптон тәжірибесі. Комптон эффектісі.
- •5. Микробөлшектердің толқындық қасиеттерінің тәжірибелік расталуы(Дэвиссон мен Джермер, Томсон, Тартаковский тәжірибелері)
- •6. Резерфорд тәжірибелері. Атомның ядролық моделі.
- •8. Сутегі атомының Бор ұсынған теориясы. Бор теориясының кемшіліктері.
- •12. Спектрлік сызықтардың изотоптық ығысуы.
- •14. Шредингер теңдеуі.Стационарлық күйлер.Квантталу
- •15. Бір өлшемді потенциалдық шұңқырдағы бөлшек.
- •16. Бір электрондық атомдық жүйелер үшін Шредингер теңдеуі және атомның квантталуы
- •17. Бір электронды атомның кванттық сандары және бұлардың физикалық мағынасы.
- •19.Спин-орбиталық әсерлесу. Сутегі атомы энергия деңгейлері мен спектрлік сызықтардың нәзік түзілісі.
- •20. Сілтілік элемент атомының энергия деңгейлері және спектрі. Кванттық ақау.
- •21.Сілтілік элемент атомы энергетикалық деңгейлерінің және спетрлік сызықтарының нәзік түзілісі.
- •23.Ядро спині.Атомның энергия деңгейлерінің және спектрлік сызықтарының аса нәзік түзілісі.
- •2 5. Рентгендік спектрлердің нәзік түзілісі. Жұтылу спектрі.
- •26. Элементтердің периодтық жүйесінің физикалық түсіндірілуі.
- •27. Атомның орбиталық, спиндік және толық магниттік моменттері.
- •28. Қарапайым Зееман эффекті.
- •31. Екі атомды молекуланың айналысы, айналыс спектрі.
- •32.Екі атомды молекуланың тербелісі
- •33. Екi атомды молекуланың тербелiс-айналыс спектрi.
1. Жылулық сәуле проблемасы. Планк формуласы.
Сәуле шығаратын дененің ішкі энергиясы есебінен пайда болатын және осы дененің температурасы мен оптикалық қасиеттеріне тәуелді электромагниттік сәуле жылулық сәуле деп аталады.
Сәуле шығарушы денелермен тепе-теңдікте бола алатын бірден бір сәуле түрі жылулық сәуле болып табылады. Тепе-теңдіктегі сәуле деп аталатын осындай сәуле барлық денелері бірдей температурада болатын адиабаттық тұйық жүйеде орнығады.
Тепе-теңдіктегі күйлер мен процестер термодинамика заңдарына бағынады. Сондықтан жылулық сәуле термодинамиканың принциптерінен келіп шығатын кейбір жалпы заңдылықтарға бағынуға тиіс.
Кез келген дененің сәуле шығарғыштық және сәуле жұтқыштық қабылеттері арасында байланыс бар. Осы байланысты 1859 ж Г.Кирхгоф тепе-теңдіктегі сәуле үшін тағайындап, заң ретінде тұжырымдады: Дененің сәуле шығарғыштық қабілетінің оның сәуле жұтқыштық қабілетіне қатынасы дене табиғатына тәуелді емес, ол барлық денелер үшін жиілік пен температураның әмбебап функциясы болып табылады:
.
(1)
1860
ж. Кирхгоф қара
дене
ұғымын енгізеді. Бұл
дене бетіне түсетін сәулелік энергияны
жиілігі қандай екеніне қарамай және
кез
келген
температура жағдайында толық жұтады.
Осындай дененің жұтқыштық қабілеті
бірге тең:
.
Сонымен,Кирхгоф заңындағы
функциясының
мағынасы түсінікті болды:
ол қара дененің сәуле шығарғыштық
қабілеті.
Қара
дененің сәуле шығарғыштық қабілеті
және
жылулық сәуле энергиясының тепе-теңдіктегі
тығыздығы
арасындағы байланыс мына белгілі
қатынаспен анықталады
,
(2)
– жиілік пен температура функциясы; ол жылулық сәуле энергиясының жиілік бойынша үлестірілуін анықтайды.
1896 ж. Вин қара дененің сәуле шығарғыштық қабілеті үшін айқындалған өрнек ұсынды:
,
(4)
мұндағы
– эмпирикалық тұрақтылар.
Рэлей-Джинс
формуласы.
1900 ж. Рэлей, кейіннен Джинс классикалық
статистикалық физиканың еркіндік
дәрежелер бойынша энергияның теңдей
үлестірілуі жайындағы теореманы
пайдаланып,
функциясы үшін басқа формула ұсынды.
.
(5)
Бұл формуланы 1900 ж. Д.У.Рэлей ұсынған, толығырақ негіздеген Д.Д.Джинс
Қара
дене шығаратын
сәуленің
спектріне жүргізілген зерттеулер мынаны
көрсетті:
Рэлей-Джинс ф
ормуласы
жеткілікті кіші жиіліктер, яғни жеткілікті
үлкен толқын ұзындықтары үшін ғана
спектрді жақсы бейнелейді. Сонымен,
Рэлей-Джинс және Вин формулалары қара
дене шығаратын сәуле спектрінің кіші және үлкен жиіліктер жағынан шеттерін ғана бейнелейді. Бұлар спектрдің ортаңғы бөлігін бейнелеуге тіпті жарамайды.
Планк формуласы. Классикалық физика тұрғысынан Рэлей-Джинс фор-муласының қорытылуы мінсіз. Сондықтан осы формуланың тәжіри-беден алшақтығы классикалық физика көріністеріне қайшы келетін қандай да бір заңдылықтардың болуына нұсқайды.
Эксперимент деректерімен үйлесетін дұрыс f(,Т) функциясын 1900 ж. М.Планк тапты. Бұл үшін оған кез келген жүйе энергиясы үздіксіз өзгере алады деген классикалық физикада қалыптасқан түсініктен бас тартуға тура келді; классикалық физикаға жат жорамал жасады. Планк жорамалына сәйкес осцилляторлар энергияны үздіксіз емес, белгілі жеке үлестер – кванттар түрінде шығарады, ал квант энергиясы сәуле жиілігіне пропорционал болады:
(1)
Пропорциялық
коэффициент
кейіннен Планк тұрақтысы деп аталды.
(2)
Осы
өрнектердіі
Планк
формуласы
деп аталады. Осы
формула 0-ден
-ке
дейінгі барлық жиіліктер аралығында
эксперимент деректерімен дәл келеді;
және
қара дене сәулесінің барлық ерекшеліктерін
түгел бейнелеп береді.