Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OBZh_emtikhan_bilety_zhauaptary_2013_doc.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
183.4 Кб
Скачать

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;

  • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;

  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;

  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;

  • оларды шығару;

  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;

  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;

  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;

  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:

  • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;

  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;

  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;

  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;

  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;

  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға  барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық жағдайды, қорғану құрылыстары мен орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады.

Жұмыс жүріп жатқан жерде арнайы аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап орау жабдықтары болуы тиіс.

Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды бар.

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш пен құралдарды зардап шеккендерге алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.

2. Химиялық барлау құралдарына ВПХР, ПХР, ХУЗ, мөлшерін анықтау мүмкіншілігі бар индикаторлық түтікшелер, аспалы газталдағыштар (АГП-1), дозиметрлік бақылау құралдар ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24 және т.б. жатады.

3.Вулкан – бұл лақтырудан пайда болған заттан жиналған жеке тау. Дүние жүзіне 200 миллионға жуық халық вулкан болуы ықтимал аумақта тұрады. Вулкан атқылауы жердің астындағы тұрақты түрде активті процестер жүріп жатқанынан болады. Жер қыртысы және оның бетінде магманың қозғалысына байланысты құбылыс вулканизм деп аталады.

Магма (грек тілінде – қою мазь) – жердің терең ортасында пайда болатын силикаттық құрамы басым еріген масса магма лава түрінде атқылайды. Лаваның магмадан айырмашылығы газдың болмауы. Ол газ атқылау кезінде ұшып кетеді. Магма ошағы жер қыртысының терең 50-70 км жерінде орналасқан.

Вулкандар – атқылау болып жатқан, ұйықтаған және сөнген болып бөлінеді.

Ұйықтаған вулкандарға өз формасын сақтаған және оның астында жер сілкіністері аздаған күшпен болып жатқан, сонымен қатар оның атқылаған-дығы туралы ешқандай мәлімет жоқ вулкандар жатады.

Сөнген вулкан – бұл ешқандай вулкандық активтілігі жоқ вулкандар.

Вулканның атқылауы қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Атқылау продуктілері (газ, сұйық, қатты күйдегі) 1-5 км биіктікке дейін лақтырылады

Билет-18.1.Азаматтық Қорғаныс (АҚ)— мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б.Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны ҚазақстанРеспубликасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіп басшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады

3.Сел (арабша сайль — жойқын тасқын) — таулы аудандарда мұздықтардың, қардың мөлшерден артық еруінен, нөсерлі жауын-шашындардан, жер сілкінуден, тау өзендерінің арнасынан асып тасуынан пайда болатын табиғаттың жойқын құбылысы.

*Тас аралас саз-балшықтардың таудан төмен ағыла қүлауымен сипатталатын, кенеттен басталып, барынша қарқынды өтетін мейлінше залалды құбылыс; әдетте нөсер жауындар әсерінен, кейде тау шатқалдарындағы қардың не мұздықтың жаппай еруінен туындап, шағын өзенше аңғарлары мен жылғалар бойын қуалай құлайды.

*Сел тасқыны құрамына қарай саз-балшықты, тастыбалшықты және сулы-тасты селдер болып үш түрге бөлінеді.

*Сел жолындағы борпылдақ шөгінділерді шайып, қатты тау жыныстарын бұзып, ағаштарды түбірімен қопарып, салмағы ондаған тонналық үйтастарды ағызып әкетеді

Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады.

Қар көшкіні

*Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін. Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда – қазан-мамыр. Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті. Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуезқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% -на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады. Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкінінің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тік беткейлер аса қауіпті болмағанмен, қар көшкінінің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады. Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.

Билет-19.1.Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары/ Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).

Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:

Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).

Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.

Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.

Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР   2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

2.Аммиак, адам организміне әсер етуі және қорғану шаралары.Аммиак – иісі күшті түссіз газ. Ауадан 1,7% есе жеңіл. Сұйық аммиак мұздатқыш қондырғыларында кең қолданылады. Тыныс алу мүшелеріне қауіпті. Қатты жөтел пайда болады, көзді ашытады, қан тамырының соғуы бұзылады. Қорғану шаралары: жертөлеге қашу; противогаз кию; терезелерді жауып, жылыту құралдарды ажырату. Залалданған аймақтан желдің бағытына перпендикуляр бағытта шығу керек; төгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет (жертөле). Аммиактың 10% ерітіндісі нашатыр спирті д.а.

Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке корғаныс құралын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты қымтаңыз:

1)есік пен терезені жақсылып қымтаңыз;

2)ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз. Егер дабыл сізді кошеде келе жатқан кезде берілсе, ықтимал зақымдану аумағанан шығып, желге қарсы жүріңіз. Тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс органдарын аммиактан, метилхлоридтен және винилхлоридтен және басқа улы заттардан 30-100 минут бойы қорғайгын противогаз кию керек. Аммиак сумен жақсы жайылады (суланған мақта-дәкі таңғышы көмектеседі). Егер противогаз жоқ болса, тыныс алу органдарын қорғау үшін сумен немесе лимон (бор) қышқылының 5% (аммиак тегілген кезде) ертіндісімен шайылған кез келген матаны пайдалану керек. Улы зат төгілген орынға аммиак суын, әк тұнбасын, кальциленген соданың ертіндісін немесе 60-80% және одан артық концентрациядағы каустикті құяды, (шамамен 2 л. ертіндіге 1кг хлор) суды немесе ертіндіні ыдырату үшін су шашыратқыш, өрт машиналарын, жылжымалы автожанармай стансаларын, сондай-ақ химиялық қауіпті обьектідегі гидрант немесе арнайы жүйе қолданылады. Егер газ тәріздес аммиак төгілсе, онда су шашыратқыш, өрт машиналарының, жылжымалы автожанармай стансаларының сондай-ақ химиялық қауіпті обьектідегі гидранттың көмегімен буды жүту үшін суды шашыратады. Сақтанудың жолдарының бірі болып, мақта-мата таңғыштарын пайдалану болады. Оларды дайындау жолдар ол үшін 50-100 см көлеміндегі дәке кесіндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты қалыңдығы 20-30 см (15-20 см) 1-2 см мата кабатын жаяды. Дәке кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Дәкенің үшын екі байлау жүбы шығатындай етіп қияды. Таңғыш ауыз бен мүрынға қойылады. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жорға жағының қүлақ үсті арқылы желкеде болатындай етіп байлайды. Таңғыш пен беттің арасындағы саңылауларды мақтамен тығыздайды. / 3.Қар көшкіні/Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін. Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылуына байланысты, қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, ал биік тауда – қазан-мамыр. Тауда болған кез-келген адам қысқы кезеңдегі таудағы қауіптерді, сақтандыру шараларын білуге міндетті. Жай адамдар көшкіндерге қыстың суық мезгілінде тауда болса тап болуы мүмкін. Ал альпенистер мен тауға шығуды әдет қылған туристер бұған жыл бойы әзір болуға тиіс. Тау әуезқойларымен болатын барлық бақытсыз оқиғалардың 25% -на жуығы көшкіннің еншісінде. Ол әдетте бағыт пен қозғалыс уақытын дұрыс таңдай алмаудан, көшкін қауіпі бар беткейлерден ебдейсіз өтуден, көшкіннің пайда болу табиғаты туралы білмеуден, тәртіп бұзудан болады. Тауда болған кезде қоршаған ортаға мұқият қарап, кездескен жабайы хайуанаттардың мінезін зерделеген жөн (тау ешкілері қар көшкінінің ықтимал лықсуын алдын ала сезіп қауіпті аймақтан кетеді), сондай-ақ беткейдегі қардың төзімділігін қолда бар қауіпсіз әдістермен тексеру қажет. 15 градустан тік беткейлер аса қауіпті болмағанмен, қар көшкінінің одан да жазығырақ беткейлерде лықсу оқиғалары белгілі. Беткей тік болған сайын көшкіннің лықсу ықтималдылығы арта түседі, алайда 50 градустан тігірек беткейлер қауіпті емес, өйткені қар жамылғысы жинақталмайды, қар жауған сайын шағын бөліктермен сырғып түсіп отырады. Жағдай сәтті аяқталса, зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі және ол қауіпсіз жерге апарылды.

Билет-20.1. Қазақстан республикасындағы сейсмикалық жағдай.Қазақстан сейсмологтары жер сілкінісіне дайындықта аса маңызды мәселелердің шешілмей отырғаны туралы алаңдаушылық білдірсе, экологтар беті аулақ, ондай жағдай бола қалса, соңының неге ұшырататыны туралы сақтандыруда. Өйткені, қалада жануардан берілетін аса қауіпті инфекция диагностикасының малдәрігерлік зертханасы орналасқан. Бұдан басқа да экологиялық қауіпсіздік, экологиялық ортаны жақсарту үшін қаланың бас жоспарына сәйкес қаладан көшіруге ұсынылған көптеген өндіріс нысандары бар. Мұнымен қоса жақын таулы алқаптарында көшкін қаупіне алып келетін құрылыстар белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, экологтардың айтуынша, Үлкен Алматы өзені, Медеу ауданындағы, Ақсай, Түрген шатқалдарындағы құрылыстар алда-жалда жер сілкінісі бола қалса, қосымша апатты жағдайлардың: сел мен көшкіннің қоса жүруіне алып келуі мүмкін екендігіне қатты алаңдаушылық білдірсе, оғана өте сергек қарамайынша болмайды. Қазақ «жұт – жеті ағайынды», деп бекерге айтпаса, қазіргі уақытта басқа елдердің тәжірибесі сабақ болса керек. Осыған байланысты Жапониядағы жадайды тағы да алға тартуға тура келеді. Сақ сол жапондардың өзі жер сілкінісімен қатар цунамидің, атом электр стансасының апаты болуы мүмкін екенін ойлап па еді? Осыған орай «Алматы қаласындағы азаматтық қорғанысты дамытудың перспективалары мен туындап отырған проблемалары турасында хабарлау қажет деп санаймын!» – деп, сенатор алматылық ретінде өзінің және барша алматылықтардың жанайқайын білдіргендей болған-ды.

Айтар болсақ, Алматыда құрылыс нысандарын сейсмикалық нығайту мәселесі талай рет көтеріліп келгенмен, айтылған жерінде ескерусіз қалып жүр. Сенат депутаты да сауалында Алматыда екі жүзден астам мектеп, аурухана мен емхана сейсмокүшейтуге зәру екенін атап көрсетті. Атап айтқанда, қаладағы №5, 6, 15, 47, 52, 55, 57, 64, 68, 82 және 111-орта мектептерді жер сілкінісіне төтеп берердей етіп нығайтудың құжаттары толық дайын. Енді осы мәселені шешу үшін оларға жалпы көлемі 5,5 млрд. теңге қаржы керек. Сондай-ақ, қаладағы 4 емхана мен 1 аурухананың да сейсмикалық күшейтуге қажетті құжаттарының толық пакеті әзір, ол үшін қажетті қаржы – 1,2 млрд. теңге.

Екіншіден, сейсмикалық бақылау торабын жаңғырту бағытындағы ұсыныстар да әлі күнге іске асырылмай отыр. Жер сілкінісінің қысқа мерзімді болжамдарының тиімді әдістемесі әлі әзірленбесе, «сейсмикалық шағын аудандау картасы» жасалмаған. Үшіншіден, өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мүлдем қанағаттанғысыз. Қаладағы өртке қарсы деполардың барлығы да күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Қосымша 11 депо салмаса болмайды.

Қарап отырсақ, Алматы болмаса, басқа өңірлерде жер сілкінісі болуы ықтимал деп қауіптенудің реті жоқ, дегенді айта алмаймыз. Айтар болсақ, сейсмология иституты жылына Қазақстан бойынша 7 мыңнан астам жер сілкінісін тіркесе, екібалдық жер сілкінісі өте жиі кездеседі екен. Қалай болғанда да, мұндай жағдай сақтанбаса болмайтындығын көрсетеді. Олай болса, алдымен, сейсмикалық картаның қажет екені даусыз. Сейсмикалық кар¬таның негізгі қызметі – сейсмикалық қауіпті аймақтарды айқындау. Ал елімізде жер сілкінісінің үдеу күші болатын жерлерді зерттеп жасалған карталар бар ма? Қазақстан бойынша оншақты жыл бұрын кеңестік әдіс-тәсілмен жасалған мұндай карта, қазіргі күні еурстандартқа сай келмей отыр. Салынып жатқан құрылыстар сейсмикалық тұрғыдан тиісті талаптарға жауап бермейді, деп кінә тағамыз. Проблема – талаптың орындалмай отырғанында ғана емес, орындалмау себебінде. Қолданыстағы карта қазіргі құрылыс жұмыстарының қоятын талабына жарамай қалды. Сондықтан жаңа картаны тезірек жасап, құрылыс жұмыстарын осындай сенімді картамен жүргізбесе болмайтынын сейсмолог ғалымдар атап айтуда.

Тағы бір маңызды мәселе – стратегиялық нысандарды бақылау, яғни гидротехникалық нысандар, мұнай-газ құбырлары, ЖЭС сияқты ны¬сандардың сейсмоқауіпсіздігін қадағалау. Негізінде, мұндай жұмыстар еліміздегі барлық ірі кәсіпорындарда, стратегиялық маңызы бар нысандарда, мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен су электр стансаларында жүргізіліп, тексерілуі керек. Және әр нысанның аймағын бақылайтын сейсмологиялық стансалар болуы тиіс. Бірақ бұл мәселе біздің елде шешілмеген. Сейсмология институты елдегі жабдықтардың өте ескіргенін айтады. Бүгінгі күні осыдан барып ғалымдардың жер асты дүмпулерінің 60-70 пайызға дейінгісін ғана дәлдікпен айтуы мүмкін.

Қазақстанның да осы қуат көзі туралы әңгімені көбірек қозғай бастағаны белгілі. Бізде әзірге атом стансасы жоқ. Бірақ зерттеу ядролық қондырғылар бар. Сонымен, өткен жылы Қазақстан мен Жапония атом энергетикасы өндірісін дамытуға бағытталған бірлескен кәсіпорын құратын болып, «Қазатомпром» мен «Сумимото корпорейшн» компаниялары екіжақты келісімге қол қойған-ды. Одан Жапониядағы жағдайдан кейін де Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылары атом энергиясынан біржола бас тарпайтындықтарын білдіріп, «2020 жылдарға қарай бәрін қосқанда 24 мың МВт шамасында жоспарлап отырмыз. 300 МВт-тан екі блок болса, бұл 600 МВт болады. Бұл — әрине, айтарлықтай үлкен көрсеткіш емес, бар болғаны 5 пайыз ғана. Әйтсе де 2030 жылдарға қарай атом саласының үлесін 20 пайыздық деңгейге жеткіземіз», – дей тұра, 2020 жылдарға қарай Қазақстанда атом электр стансасы құрылатынын, болашақта елде осы саладағы өнеркәсіп үлесін арттыруға барынша күш салынатынын айтып қалғаны бар.

Әйтсе де әзірге бел шешіп, іске кіріспей отырмыз. Осы ретте биылғы маусым айында өткен атом энергиясын бейбіт қолдану жөніндегі жапон-қазақстандық семинар барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің атом энергиясы комитетінің басшысы Тимур Жантикин: «Қазақстандағы АЭС-тің даму перспективалары күңгірт. АЭС құрылысы жөнінде шешімдер әлі қабылданбады. Жасалған бір ғана нәрсе, бұл – техникалық-экономикалық негіздеме және қоршаған ортаға АЭС ықпалы бойынша қоғамдық тыңдаулар жүргізілуі», – дей тұра, бұл арзан және қауіпсіз энергия көзі болғандықтан, Еуропа елдері – Швеция, Швейцария және басқалары, АҚШ АЭС-тен бас тартпайтындығын, Ақтауда АЭС құрылысының шешім қабылданған кезде салынатындығын білдірген-ді.

Елімізде бір құрылымды құрып, одан оны тарату, қайтадан құру әдеті бар емес пе. Бәзбіреулер осындай сапарылыстың болғанына мүдделі. Содан да болар, атом энергетикасын дамыту туралы сөз айтылар, айтылмастан, салаға қатысы бар ғалымдар мен мамандардың арасында агенттік құрыла қалса, бір пұшпағынан ұстаймын ба, деп дәмеленсін, басқадай бір ойы болсын, бірқатар мамандар Қазақстанда атом энергетикасын және өнеркәсібін дамыту мақсатында арнайы агенттік құру керектігін көтеріп шыға келген-ді. Осы агенттіктік құруды қолдаушылармен қатар оған қарсылар да аз болмады. Мысалы, химия ғылымының докторы, профессор Хакім Суербаев: «Атом энергетикасын және атом өнер¬кәсібін дамы¬тудың бірден-бір жолы агенттік құру¬да ғана емес. Меніңше, Қазақстанда отырып алып, өзімізді Жапониямен салыс¬тырудың еш реті жоқ. Бұл жерде осы саланы дамытуға қатысты ресурс көздері, аумақтық ерекшелік, климаттық ерекше¬лік жағдайы ескерілуі керек. Нақ қазір Қазақстанда атом энергетикасын дамыту үшін агенттік құрудың қажеттігі жоқ» деп бұл саланы дамытудың бұлтартпас алғышарттарын атап көрсеткен-ді.

Билет-21.2.Тіршілік қауіпсіздігі мәселесінің бүгінгі күндегі өзектілігі./ 1.Нормативтік-құқықтық құжаттардың және халықты оқыту бағдарламаларының жетілдіру, қажетті әдістемелік нұсқаулықтар мен нұсқауларды әзірлеу;/ 2.Заманауи әдістер мен оқыту технологияларды енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру; / 3.Еліміздің жалпы білім беру оқу орындарында «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша оқушыларды оқыту міндеттілігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен жұмысты жалғастыру; / 4.Бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы өрт жұмыстары, төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында ақпараттарды тарату бойынша жұмыстарды белсендіру, веб-сайттқа, Министрліктің аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың баспасөз басылымдарға материалдарды дайындау және орналастыру;/ 5. Халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдармен, Қазақстанның білім және ғылым құрылымдарымен төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласында басшы құрамды және мамандарды дайындау, халықты оқыту сұрақтары бойынша тәжірибе алмасу.

3.Дауыл, торнадо дегеніміз не?Дауыл — теңізде күшті толқындар көтеретін, құрлықта бірталай апаттарға себеп болатын өте күшті жел (жылдамдығы >20 м/с). Әдетте, дауыл қарқынды циклондардың өтуімен тығыз байланыста дамидыДауылды жел — күшті, кенеттен соғатын, жылдамдығы 20—30 м/с-ке жететін, кейде найзағай мен нөсер қатар жүретін жел. Орта ендіктердегі циклондарды суық ауа шебінің өтуі барысында және өте күшті ауа конвекциясы кезінде байқалады./1.Сіз дауылдың жақындағаның біліп сезсеңіз, онда есік пен терезелерді қатты жабу керек. Әйнектерге пластырьларды жабыстыру керек./ 2.Шамдарды дайындап қойыңыз (электричестваны сөндіру мүмкін)./ 3.Электротехникалар мен сыртқы телеантеннаны сөндіру керек./ 4.Жел алып кететін заттарды далада қалдырмау керек./ 5.Егер дауыл болатының білсеңіз, теңіз жағасынан, өзендерден алыс ұсталу керек. Себебі, сіздерді су тасқынымен алып кетуі мүмкін./ 6.Жер үйдің үлкен және мықты жағына баруыңыз керек, одан да жақсы подвалға бару керек./ 7.Егер сізді ашық жерде дауыл алып кетсе, онда тұйық жерге жорғалап, тығылу керек. Бірақ, құлап жатқан ағаштардан, бұтақтардан сақтаныңыз./ Кейбір жағдайларда дауыл тынышталады, бірақ сіз оған ұсталынып қалмаңыз және дауылдан тығылып жатқан жерден шықпаңыз, себебі дауыл басталып кетуі мүмкін./ Торнадо — диаметрі 75 м, ала жел жылдамдығы 64-177 км/сағ болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын, ауа ұрасы. Антарктикадан басқа барлық құрлықтарда кездескенімен басым бөлігі АҚШ-та орын Алады. АҚШ-тың шығыс жартысында, әсіресе Миссисипидің орта ағысында көбінесе көктем мен жаз айларында жиі болып тұратын көлемі кіші, бірақ әжептәуір күші бар дауыл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]