
- •3.Күшті әсер ететін улы заттардың улылық сипатына қарай жіктелуі.
- •Уланумен күрес:
- •Уланумен күрес:
- •Билет-12.1.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
- •2. Зиянды заттардың жалпы сипаттамалары.
- •3. Бейбітшілік және соғыс кезінде елді-мекенді инженерлік қорғау.
- •Карапайым улгидеги панаханалар (кп)
- •Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:
- •Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:
- •Билет-22.1. Тіршілік қауіпсіздігі түсінігі. Негізгі терминдері мен түсініктері.
Карапайым улгидеги панаханалар (кп)
Панахана мен РКО жетпеген, сондай-ак уакыт ен каражат болмаган жагдайда енбекке жарамды букил халык карапайым панахана-куыстарды (ашык жане жабык) салады.
Карапайым панахана жагдайда панахана мен РКО сиякты халыкты корганыс гимараттар мен камтамасыздандыруда аралык кезен болып табылады.
Олар халыкты ядролык жарылыстан соккы толкынынан, жарык саулесинен жане откиш радиациядан коргайды, шыгын ашык жермен салыстырганда 1,5 есеге азаяды. Сауле тию ыктималды 2,3 есеге азаяды.
Егер куысты жапса, онда жарык саулесимен толык коргануга болады, соккы толкыннан коргану 2,5-3 есеге, откиш радиациядан коргану 200-300 есеге артады. Куыстарды жабу, сонымен катар, киимге радиоактивти заттардын жугуынан, сондай-ак кираган гимараттардын сыныктарынан закымданудан коргайды.
Билет-14.1)Күшүті әсер ететін улы заттардан түзілген ошақтар сипаттамасы./ Бірқатар шаруашылық обьектілерінде күшті әсер ететін улы заттарды өндіру, пайдалану, сақтау және тасу жүзеге асырылады.Бұл – химиялық мұнай өңдеу мекемелері және соларға еншілес басқа да салалар, сондай ақ тоңазытқыш қондырғылары, су құбырлары және тазарту құрылыстары бар , хлро, және т.б. пайдаланатын кәсіпорындар.
Қарсыластың осындай обьектіге жасаған ядролық немесе қарапайым соққылары нәтижесінде табиғат апаттары немесе өндірістегі апаттар кезінде күшті әсер ететін улы заттардың төгілуі және онымен жергілікті жердің улануы, зақымдану мүмкін.
КӘУЗ – бұл белгілі бір мөлшерде адамдарға , жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зақымдағыштық әсер ете алатын химиялық құрамалар.6 млн-нан астам химиялық құрамалар белгілі,оның ішінен бірнеше жүздеген КӘУЗ бізді қоршап тұр.
КӘУЗ уыттығы жағынан төмендегіше жіктеледі:
1 класты – өте қауіпті ;
2 класты – жоғары қауіпті;
3 класты – орташа қауіпті;
4 класты – аз қауіпті.
Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі негізгі іс-шаралар
1.Химиялық қаруға қарсы қорғаныс іс- шараларын жүргізу.
2. Мейлінше тығыз уақытта алғашқы жәрдем көрсету.
3.Ошақ сыртына көшіру.
4. Тұрақты КӘУЗ – бен зақымданғандарды санитарлық өңдеу.
5.Ошаққа алғашқы дәрігерлік көмекті жақындату және арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру.
Алғашқы жәрдемді жеке құрам осы обьектінің құтқару құрылымымен өзара бірлесе қимылдай отырып көрсетеді. КӘУЗ ошағын медициналық барлауды жеке қорғаныш құралдарымен жабдықталған жедел медициналық жәрдем бригадалары жүзеге асырады.Көшіру көліктің барлық түрлерімен жасалады.Көлікті желге тік бағытта немесе қарама –қарсы бағытта шығу керек.Заттарға қол тигізуге , отыруға, жүгіруге,тамақ ішуге , темекі шегуге, қорғаныш құралдарын шешуге болмайды.
Жұмыс қолданылған УЗ типін ескере отырып ұйымдастырылады және жүргізіледі,бұл кезде төмендегі ережелер басшылыққа алынады:
-химиялық зақым ошағында жұмыс тыныс алу органдары мен терінің жамылғыш қабаттарын қорғаудың жеке құралдарымен жүргізілуі тиіс;
-барлық зақымдаушыларды УЗ – дың одан әрі әсер етуінен қорғау керек,нашар киілген газтұмылдырықты жөндеу немесе қосалқыларын кию;
-ең алдымен көмек балаларға, аяғы ауыр әйелдерге ,газтұмылдырығы жоқтарға және аралас зақымданғандарға көрсетіледі;
-УЗ- зақымданғандарда жарақат болған кезде алғашқы мед. Жәрдем,ең алдымен УЗ әсеріне қарсы жүргізілуі тиіс,тек содан кейін жарақат бойынша жәрдем көрсетіледі;
-химиялық зақым ошағындағы СД жұмысы оның командирі жетекшілігімен жүргізіледі;
-химиялық зақым аудандарында қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтау керек.
Санитарлық жасақ құрамында жасақ командирі,байланысшы,әрқайсысы төрт адамнан құралған жасақшы санитар қыздар звенолары болады.
Емдеу мекемелері зақымдалушылар мен науқастарды қабылдайды,тиісті ауруханаларға таратады,белгілі бағытта мед көмек көрсетіп,өте ауыр зақымданған адамдардыгоспитальға жатқызуды қамтамасыз етеді. Осы ауруханаларға жалпы білім беретін мектептер мен кәсіптік- техникалық білім беретін училиищелердің арнаулы программасы бойынша даярланған санитар қыздар кіші медицина қызметкерлері ретінде жұмысқа тартылады.Олардың негізгі міндеті - зақымдалушыларды күту және медбике мен дәрігердің басшылығымен қарапайым емдеу процедураларын орындау. УЗ зақымдалушының өмірін сақтап қалу үшін ерекше дәрі – дәрмек - антидот қолданылады.УЗ мен зақымданғаг адамға алғашқы дәрігерлік көмек шараларын өте қысқа метзім ішінде жүргізу керек.
Егер зақымданған адам тікелей УЗ қолданған аумақта болса,бетке түскен уландырғыш заттың тамшыларын алдымен жеке адамға арналған химиялық зақымдаудан сақтайтын пакеттегі сұйықтықпен тазарта сүртіп тек содан кейін ғана оған газтұмылдырық кигізу керек.
2)Бейбітшілік уакытта төтенше жағдайларды жою жұмыстары/ Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:- «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап).Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).3)Шаруашылық нысандардын тұрақтылығы./ Шаруашылық нысандардын жұмыс істеу тұрақтылығы ретінде оның төтенше жағдайлардағы жоспарланғанған көлемдегі және номенклатурадағы қнімдерді шығаруға тікелей материалдық құндылықты шығармайтын нысандар қз міндеттерін мақсатқа сәйкес орындалуы авария жағдайында қысқа мерзімде өндірісті қалпына келтіруге қабілеттілігі түсініледі.Төтенше жағдайларға шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығына мына факторлар жатады:жұмысшылармен қызметшілерді зілзала , авария, сондай – ақ осы заманғы зақымдау құралдарының бастапқы және қайталана факторларының ықпалынан сақтау сенімділігі нысанының инженерлік техникалык кешенің белгілі бір деңгейдеп осы ықпалға қарсы тұру қабілеті , нысанды өндіріс үшін барлық қажетті өніммен( отын ,шикізат электрэенргиясы т.б) ; жабдықтау жүйесінің сенімділігі ; технология;өндіріспен АҚ басқару тұрақтылығы мен үзіліссіздігі; нысанды және өзге шұғыл , сондай –ақ бұзылған өндірісті қалпына келтіру жұмыстарына даярлау.
Билет-15.1.Қауіпті жүктер және олардын жіктелуі. Барлық заттармен материалдар оларды тасымалдау үлгісін қабылдау мезетінен бастап алушыға тапсырылғанға дейін жүкктер деп аталады . Ақ-ға бар болған жүктердің бүкіл номенклатураға жуығы тасмалданады. Жүктің түріне қатысты ҚҚ-ны, тиеу-түсіру машиналар немесе механизмдерді (ТТМ) тасымалдауында қолданылатын үлгісі, сондай-ақ тасымалдау технологиясы да байланысты болады.
Қауіптіжүктердітасымадауарнайынормативтікқұжаттарменреттеледі.Жүктіңсалмағы мен үлкен мөлшері үлкен салмақтағы жүктерге деген қатынасын анықтайды.Көлік ыдысының түрлері және оның бағыты.Жіберушітасымалдаушығажүктістандарттардыңталаптарынасәйкесыдысындаберуіміндетті. Бұл өнімнің тасымалдаудағы максималды сақталуын және автокөліктің көлемін тиімді қолдануын қамтамасыз етеді.Ел мекеннің көлік қозғалғыштығы Жолаушыларды тасымалдаумен көліктің көп түрлері шұғылданады, бірақолардың жолаушылар тасымалдау көлемдерін орындаудағы үлес салмағы бірдей емес. Жетекші орынды автокөлік алады. Жолаушыларды тасымалдауды зерттеу мен талдауда екі негізгі түсінікті қолданады: жолаушылар ағымдары және жолаушылар айналымы. Жолаушылар ағымы деп, қарастырылатын уақыт аралығында нақты бір бағытта жүретін жолаушылар санын айтады. Жолаушылар айналымы деп, жолаушыларды тасымалдау бойынша орындалған немесе орындалуға жоспарланған көлік жұмысын айтады (жолаушылар км)
2) Дезактивацияға сипаттама беріңіз.Дезактивация — бұл әр түрлі объектілердің сыртқы беттік қабаттарын (су, құрылыс, техникалық өндіріс, ас-су, қару-жарық, әскери техника) әр түрлі заттар көмегімен радиоактивті заттардан тазарту болып табылады. Радиационды-қауіпті объектілердің, өндіріс орындарының, территорияның негізгі ластану көзіне жататындар: - қайта өңдеуге дайындалған, әр түрлі изотоптардың ерітінділері; - ұнтақ тәрізді радиоактиаті зат; - сұйық радиоактивті қалдық және т.б. Радиационды-қауіпті объектілерде ластану келесілердің салдарынан болуы мүмкін: - ядролық энергетикалық құрудың қызмет көрсетуінің бұзылуы; - реактордың 1-3 контурындағы сынама суды таңдау кезінде; - ЖРО жинау кезінде; - реактор құрылғыларын жөндеу кезінде және т.б.
Дезактивацияның техникалық сипаттамасы Радиоактивті заттармен ластанған әр түрлі беттердідезактивациялау үшін дезактивацияның стационарлы және ауыспалы құралдары қолданылады Оларға дезактивацияның атом электростанциясының, зерттейтін ядролық реакторды төмендететін типті стационарлы түрлері жатады. Олар керек кезінде дезактивациялайтын ерітінділер мен булы эжекционды шашыратқыш көмегімен өндіріс орнының ішкі жағын жуатын радиационды қауіпті өндіріс орнына жалғасқан трубалар. Дезактивацияның ауыспалы түріне жататындар: 1. Техника мен орынды дезактивациялайтын автономді құрал комплектісі (ДКВ); 2. ранцелі корабельді дезактивациялық аспап (РКДП). ДКВ автономды аспабы ДКВ аспабы резервуар мен сифоннан тұрады. Аспаптың сыртқы қабатында екі ауалық штурец және сақтандырғыш клапан аспап резервуарындағы қысымды 5,5кгс/см-ге жеткізбей ұстап тұрады. Ранцелік корабелді дезактивационды аспап (РКДА) РКДА мыналардан тұрады: резервуар, ауалық баллон, редуктор, шланг, сақтандырғыш клапан,щеткалы брандспойта: РКДА және ДКВ аспабының жұмыс істеу принциптері бірдей Әр түрлі радиациялық ластану кезінде қолданылатын дезактивациялайтын заттар Сыртқы қабатты дезактивауиялай үшін мыналар қолданылады: - СФ-2 (СФ-2У) дезактивациялайтын ұнтағының ерітіндісі; - «Эра», «Дон», «Новость» және т.б. жуғыш құралдарының ерітіндісі. СФ-3 препараты — натрий және сульфанол гексаметан ерітіндісінен дайындалған бір реет пайдаланылатын ұсақ дисперсті крем немесе қою-сары түсті ұнтақ, препараттың 1% судағы ерітіндісі дезактивация немесе дегазация үшін қолданылады. N 3 ерітіндісі — ОП-10 немесе ОП-7 жуғыш құралының 0,5%ы және құрамында 2%ингибирленген тұз қышқылы бар су ерітіндісінен тұрады. Қыс кезінде оған хлорлы кальций немесе хлорлы магний қосып қатып қалмау үшін антифриз ретінде қолданады. Дезактивирлеуші ерітінділер ішінде негізінен кеңінен қолданылатыны 1%-дық СФ-3 сулы ерітіндісі. жабу.Дезактивацияны жасау сол аймақтағы қатты (жасанды) асфальт, бетон, қиыршық тас, т.б. жабындылардың болуымен сипатталады. Ғимараттар мен құрылғыларды дезактивациялау радиоактивті заттарды сумен, дезактивациялаушы ерітінділермен шаю, радиоактивті заттарды щеткамен түсіріп, және де радиоактивті заттарды вакуумдік тазалау жолымен жүргізіледі. Кей жағдайда, ғимарат ішіндегі радиация деңгейі шекті деңгейден асып кетсе, ол жағдайларда ішкі қабаттарды да дезактивациялайды.Дезактивация кезінде жағдайға және объектінің орналасқан жеріне байланысты әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Қатты қабықты жабындысы бар учаскелерде радиоактивті заттардыүлкен қысымда өрт сөндіргіш және су шашатын машиналардың көмегімен жасайды. Қатты жабындысы жоқ жерлерде топырақтың беткі қабатын қырып алып тастау,жаңа топырақ төсеу, алаңға өсімдік егу сияқты жұмыстар арқылы жасайды.Дезактивацияны үстіден астыға қарай жасайды, еден ең соңғы кезекте жасалынады. 3) ҚР төтенше жағдайлар минстрлігінің негізгі міндеттері.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің негiзгi мiндеттерi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы (бұдан әрi - Азаматтық қорғаныс), Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау, салааралық үйлестiру, өрт және өнеркәсiп қауіпсiздігі саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау, мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оның одан әрi дамуын қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу мен сөндiрудi ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады. Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) және ведомстволары: Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитеті және Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi бар. 2. Министрлiк өз қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан тҮседі. Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетін Қазақстан Республикасының аумағында міндетті Күші бар шешiмдер шығарады. 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметi бекiтедi. 6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22. 7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі" мемлекеттiк мекемесi. 8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады. 9. Министрліктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрлiкке кәсiпкерлік субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға тҮсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Билет-16.2.Радиациялық барлау құралдары.Радиациялық барлау құралдарына ДП-5В,ИМД-21 және т.б. жатады.Радиоактивті жарақаттың дәрежесін және сәулелену күшін анықтау үшін ДП -5 құралын қолданады.Өлшеу бірлігі мР/ч (адам, техника, киім).ИМД - 21С доза қуатын өлшеуiш, 80 КэВтен 2, 6 МэВқа дейiн энергетикалық ауқымда экспозициялық мөлшер гамма-сәулелену қуаттың өлшеуi үшiн арналған.ИМД - 21С доза қуатын өлшеуiш, тұрақты және жылжымалы объектiлерге қоюы үшiн арналған. / 3.Дегазация — газдан тазарту, зақымдалған объектілердегі улағыш заттарды жою. Тұрақты улағыш заттармен уланған жерлерді, қорғаныс бекіністерін, соғыс техникасын, азық-түлікті, ауыз суды, т.б. зиянсыздандыру. Дегазацияны жүргізу тәсілдерінін ең тиімдісі — химиялық тәсіл: дегазациялық заттармен окшауландыру (зиянды қасиеттерін жою), дегазациялаушы ерітінділер бүрку, тұрақты улағыш заттарды ерітінділермен жуу, суға кайнату, уланған жер қабаттарын зиянсыздандыру, уланған заттарды кыздыру (балқыту), уланған жерге жанғыш материалдарды жағу. Қару-жарақтар мен әскери техника толық дегазацияланады. Әскери бөлімдерде Дегазациялық жүмыстарға Дегазациялық су сепкіш машиналар, гидропульттер, аспаптар және әр түрлі дегазациялаушы заттар қолданылады. Ерітінділер ретінде және қару-жарак пен әскери техникадағы улагыш заттарды жууға бензин, керосин, спирт, т.б. сұйық заттар қолданылады. Дегазациялық заттар белгілі бір жерді, әскери техниканы, көлік құралдарын дегазациялауға немесе техникалық тәсілмен жердің, қардыд уланған қабаттарын ысыруға пайдаланылады. Бұл жүмыстарға автотараткыш станциялар, аспалы дегазациялық аспаптар және жол машиналары (грейдерлер, бульдозерлер, қар тазалағыштар, су себетін машиналар, скреперлер т.б.) колданылады.
Көлемі аз дегазациялық жүмыстарды жаяу әскерлер көбінесе механикалық тәсілмен жүргізеді. Дегазациялаушы заттарға хлорлы әк, кальций гипохлоритінің тұздары, сілті, т.б. жатады. Дегазациялық заттарды дайындауға керекті Jfel дегазациялық еріткіш — 1 пайыздық дихлорамин ерітіндісі немесе 5 пайыздық гексахлормеламиннің дихлорэтанды ерітіндісі. Бұл еріткіштер ипритті, азотты ипритгі, люзшті зиянсыздандыруға және кару-жарақ пен әскери техникалардағы бактерияларды дегазациялау мен дезинфекциялауға колданылады. N2 дегазациялық еріткіштер жүйке жүйесін салдықка ұшырататын улағыш заттарды зиянсыздандырады. Қарсыластың химиялық және бактериологиялық шабуылынан кейінгі зардапты жәю үшін сол жерді дегазациялайды және дезинфекциялайды. Дегазациялық жүмыстарды жүргізуге бөлімдер мен бөлімшелердің адам құрамы пайдаланылады.
Билет-17.1.Зақымдану ошағындағы құтқару және жедел апатты қайта қалпына келтіру жұмыстарының мақсаттары мен бағыттары.Зардап шеккендерге берілетін көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған іс-әрекеттердің тиімділігінде.