
- •3.Күшті әсер ететін улы заттардың улылық сипатына қарай жіктелуі.
- •Уланумен күрес:
- •Уланумен күрес:
- •Билет-12.1.Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар.
- •2. Зиянды заттардың жалпы сипаттамалары.
- •3. Бейбітшілік және соғыс кезінде елді-мекенді инженерлік қорғау.
- •Карапайым улгидеги панаханалар (кп)
- •Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:
- •Қалпына келтіру жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер жатады:
- •Билет-22.1. Тіршілік қауіпсіздігі түсінігі. Негізгі терминдері мен түсініктері.
Уланумен күрес:
1. Асқазанды шаю- ағзадан шығару
2. Уға қарсы дәрілік зат беру (противоядие)
3. Ішті айдатқыш препарат беру
4. Активтелген көміртегі беру, карболен беру.
5. Спецификалық терапия (улы заттың түрлерін тоқтату, улы әсерін азайту)
6. Симптоматикалық терапия (ағзаның зақымдалу функциясын қорғау, сақтау.
/ Ағза – зиянды зат- қоршаған орта- өзара әрекет- токсиндік әсер- заттың мөлшері.
Токсиндік әсер мынаға байланысты: адамның жасы, адамның жынысы, ағзаға ену жолы, адамның сезімталдығы,зиянды заттардың ағзаға ену жолы, заттың ағзадан шығу долы, ағзада таралу жолы, метеорологиялық жағдайлар , заттың мөлшері, заттың физикалық қасиеті, токсинділігі, ену ұзақтылығы, өзара әрекеттесу қабілеті./ Аздаған мөлшерде зиянды әсер көрсететін заттар улар деп аталады-зиянды заттар.
Химиялық қосылыстардың практикада пайдалануына қарай жіктелуі:
- Өнеркәсіп улары
- Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар.
- Дәрілік заттар
- Тұрмыстық химикаттар (тағам қоспалары, тазартқыш заттар, косметика, т.б.)
- Биологиялық жануар текті және өсімдіктекті улар (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар, насикомдардағы)
- Әскери улағыш заттар.
Зиянды зартардың ағзаға әсер ету сипаты бойынша жіктелуі:
1. Жалпы улы әсерлі (тұтас ағзаны немесе жеке жүйені уландыру)
2. Тітіркендіргіш (тыныс алу жолы, көздің кілегейлі қабықшасын, тері жабынын)
3. Сенсибилиздеуші (күшеіткіш) (аллерген ретінде әсер ететін)
4. Мутагенді ( генетикалық кодты бұзатын, тұқым қуалау ақпаратын өзгентетін)
5. Концерогенді (қатерлі ісіктерді тудыратын)
6. Репрадуктивті функцияға әсер етуші
7. Адам әсерін үйреніп кететін зиянды заттар, бейімделу тудырғыш зиянды заттар.
Улы газдар, булар, тұмандар, аэрозольдер-тыныс алу жолы
Аэрозольдер-тағам арқылы, тері арқылы.
Тыныс алу жолы- қан айналымы.
1. кәсіби аурулар- қан айналымы
2. улану –жалпы және жергілікті.
Ағзада зиянды заттардың жиналатын орндары:
1. Кілеткадан тыс сұйықтықта (14 л /70 лг салмаққа шаққанда)
2. Кілетка ішілік сұйықтық (28 л)
3. Май ұлпасы
Ағзаға түскен зиянды заттардың биотрансформацияға және метоболизмге ұшырау. Зиянды әсер күшейеді немесе әлсірейді (жойылады)
Зиянды заттарды қауіптілігі бойынша кластарға бөлу:
І. Аса қауіпті.ІІ. Қауіпті жағдай.ІІІ. Қауіпті шамалы.ІҮ. Қауіпті аз.
Билет-11.1.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.Төтенше жағдай дегеніміз – табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай./ Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші нысандарға ңұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;/ Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар; / Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады. / Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар./ Жер сілкінісі — бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жаратылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпулерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісі қашан, қайда, қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері – дәл емес./Сел – тау өзенінің өз арналарынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бұзылуынан болатын қуатты ағын. Сел ұзақ нөсердің салдарынан, мұз бен қардың жылдам еруінен, моренді, мұзды өзендердің бұзылуынан, жер сілкінісінен, адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болады. Тасқындардың басқа түріне қарағанда сел әдеттегідей үздіксіз емес, жекеленген толқындар мен 10 м/с және одан көп жылдамдықпен қозғалады./Қар көшкіні – бұл қар массасының тау беткейі бойынша төмен қарай жылдам лықсуы./ Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық — ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-шань, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын –шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Сирек қайталанатын көшкіннің көлемі 1 млн. текше метрге, қозғалысының ең үлкен жылдамдығы 100 метр секундке дейін жетеді. Барлық көшкіндердің 50% жуығы жазыққа дейін жетіп, халық пен шаруашылық объектілеріне тікелей қауіп төндіреді. Көшкіннің кедергіге көрсететін қысымы 1 шаршы метр үшін бірнеше жүз тоннаға жетуі мүмкін./ Опырмалар – ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының тмөен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекеленген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы./ Қар басу – табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады./ Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар./ Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның исі болмайды.Суықта қатпайды. Суда баяу ериді, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.Ашық жатқан су көздерін, өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдаушы күшін жоймайды. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күндері бір жерде -12 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды .Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке дейін сақталады.Бұл да теріге өтіп және тыныс алу орындарын улайды. Организмге сіңгеннен кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді./ Иприт – теріні күйдіріп,іріңдетіп улағыш заттарға жатады. Ол сарымсақтың исі бар сарғыш немес қара қошқыл түсті сұйық. Органикалық ерігіштерде жақсы ериді. Ол адам терісіне сіңу арқылы улайды. Бұл жағдайда адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.Адам тыныс жүйесі арқылы уланғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, тұншығып өледі. Синильдік қышқыл. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез арада бұға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. / Фозген – бұл тұншықтырғыш улы заттарға жатады. Ол түссіз газ түрінде болады және ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген көптің исі бар. Адамды буланған күйінде тыныс алу органдары арқылы уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін өзінің уландыру күшін сақтайды. /2.Инженерлік қорғаныс ғимараттар құрылысының салыну уақытына, сыйымдылығына қарай жіктелуі.АК ИТЖ жобалау нормалары талаптарын ескере отырып калаларды жоспарлау мен салу елді мекендердің закымдалуын, халық шығынын азайтуга және қысқа мерзімде КНжЕ жүргізу қабілеттілігін жүргізуге ықпал ететин маңызды шаралар болып табылады. Жаңа қалалар онда 200-250 мың тұрғындарды ескере отырып жобаланып салынады./ Қала аумағы әрқайсысы 250 га бөлінген жекелеген оқшау тұрғын алқаптарына (телім, оран, ықшам аудан) бөлінеді. Олардың арасындағы өрттен қорғау бөліктері 100 м аспауға тиіс. / Улкен көшелер (даңғылдар) 2 бағытта қаланың орталық бөлігінен сыртқы аймаққа шығуды қамтамасыз етуі тиіс. /Ішкі қалалық көлікті жерді сыртқы көлікпен, т/ж станциясымен өзен вокзалымен, әуежаймен, автовокзалмен сенімді және ыңғайлы байланыста болуға тиіс. / Қаланың 1 км2 алаңында өзеннің жалпы ағынына орай 3000 м3 көлемдегі су алабы болуға тиіс. Осындай суат бір шақырым бойындағы өрт сөндіруді қамсыздандырады. / Жаңа көпірлер барлығының бір жарылыс пен кұруын болдырмай-тындай қашықтықта салынуы тиіс. в) Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға / АК ИТЖ жаңа шаруашылық объектері және коммуналдық-энергетика жүйесін, ғимарат пен құрылыс салу кезінде экономикалык тұрғыдан аса қажетті және тиімді.
Өндірістік ғимараттарды салу мен жобалау кезінде жанбайтын немесе баяу тұтанатын материалдан жасалынған жеңіл қоршау құр-ғыларын пайдалану ұсынылады.
Бұған пайдалану шарттарымен жол берілген жағдайда шатыр немесе женіл жамылғы астындағы ашық алаңдағы технологиялық қондырғыны орналастырған жөн.
Азық-түлік және азық-түлік шикі заты коймалар үшін тұрақ-жайды таңдау кезде сүрлен үлгісіндегі және резервуармен жабылған ғимараттарға артықшылық беріледі, ғимарат бөлмелерінде есік және терезе ойықтары саны шағын болуға тиіс.
Ғимарат пен кұрылысты жобалау мен салу кезінде оларды радио-активті шаңнан, УЗ жане бактериологиялық қорғау бойынша шаралар жүргізуі тиіс.
г) Сумен жабдықтау бойынша
Категорияланған қалалар мен объектілердің сумен жабдықтау
жүйесін қайта жобалауды оларда екі және одан артық сукөзі орна- ластырылуы қажет, оның бірі жабық үлгіде (жерасты) болуы тиіс;
екі тәуелсіз көзден сумен қамсыздандыру мүмкін емес жағдай-
да бір су көзінен жабдыктауға рұқсат етіледі, бұл жағдайда оған екі басты ғимарат орналастырылуға тиіс, ал оның бірі ықтимал қирау аймағынан алысырак жерде болған жөн;
сумен жабдықтаудың орталық жүйесінде суберу су қысымы
мұнараларына жетпей берілуге тиіс;
таза су көздері ауаның шаңнан тазалайтын желдеткішпен,
қымтағыш люктермен және жылжымалы ыдысқа су беру үшін икем-делгіштермен жабдықталуға тиіс;
өрт гидранттары, су құбырының жылжымалы нүктелерін
ажыратуға арналған қозғалтқыштар мүмкіндігінше ғимарат пен бөлме қираған кезде субаспаған аумақта орналастырылғаны жөн.
д) Газбен жабдықтау жүйесіне
Қалалар мен шаруашылық объектеріне 2 және одан әрі дербес
газкұбырлары арқылы газ беру екі және одан артық газ тарату стан- циялары арқылы жүргізілуі тиіс, олар қаланың жобалық құрылыс аумағынан тысқары мүмкіндігінше әртүрлі жағынан болуы тиіс.
Газ тарату станциялары мен нүктелер ажаратқыш автомат кон-дырғылары бар жер асты айналмалы газқұбырымен жабдықталуға тиіс. Айдағыш және компрессорлық станциялар ықтимал күшті қираулар және апатты су басу аймағынан аулағырак орналастырылуы тиіс.
Жер үсті төсемі жағдайында газқұбырларын магистралдық жол-дарына ықтимал күшті қирау аймағындағы мүмкін бүліншілік аумағынан тыс жерлерде төсеуге, терең (жерасты) ұнғымасын жасауға жол беріледі; ашық төсемге күрделі жер бедерінен өткен уакытта болмашы қирау аумағында рұксат етіледі.
Газ құбырларында құбыр жарылған кезде газдың шығуы автоматты тоқтататын кран мен қашықтық басқару нүктесі бар, тығын арматурасын орнатқан дұрыс.
е) Энергожабдықтау жүйесіне
Осы заманғы өндіріс барысында энергия көзісіз мүмкін емес. Сондықтан энергия жабдықтау желілері мен тұрақтарында АҚ ИТЖ мынаны қарасытарды:
Электрмен жабдықтау объектер жүйесінің тұрақтылығын бір-бірінен ықтимал қирау аумағынан екі радиустық қашыктыкта орналасқан бірнеше көздерге қосу жолқымен арттыру.
Категорияланған қалаларда канализация жүйесінің объектерінде соғыс жағдайының өзінде тоқтауға жол берілмейтин болса, энергиямен жабдықтау, өзге энергия тұтынушыларын қуаттандыру кезінде ажы- ратылмайтын негізгі желілері бойынша жүргізілуі тиіс.
220 квт және одан да жоғары электржүйесі және біріктірілген энергияжүйесінің жүйе аралық байланыстар қосалқы станциясында және ЕЖБ жүйесінде қажетті желі ыктимал қирау аумағынан тыс қосалқы станциялары откізілуге және тұрғызылуы тиіс.
Айдағыш насос станцияларын электрмен жабдықтау ықтимал қирау аумағынан тыс немесе жеке дербес көздерінен тыс шекте орналаскан қосалқы станциялардан жүргізілуі тиіс./ 3.Жарақаттану барысындағы қан кету және қан кетуді тоқтату әдістері.
Қан кету дегеніміз — зақымданған кан тамырынан канның қүйылуы (шығуы) цан кету деп аталады. Зақым-данған тамыр сипатына сөйкес (142-сурет): артериялык, веналык, капиллярлык жөне паренхиматозды қан кету деп бөлінеді. Артериядан қан кету ірі артерияньщ зақымдануы кезінде пайда болады. Ол жарадан ал қызыл түсті канның шапшып ағуымен сипатталады. Ірі артериялардың (сан, иық) зақымдануы зардап шегуші өміріне кауіп төндіреді. Венадан цан кету ірі вена тамырларының зақымдануы кезінде болады. Жарадан кою қызыл түсті қан үздіксіз жайлап ағады. Кейбір веналардың (мысалы, мойын) жаралануы кезінде олардьщ ішіне ауа кетіп қалса, зардап шегушінің өліміне өкеп соғатын ауа эмболиясы дамиды. Капиллярдан цан кету ұсақ қан тамырларының жара-лануы салдарынан пайда болады, оның ерекшелігі — жаранын жоғарғы бетінен кан ағады. Паренхиматозды органдардыц (бауыр, көк бауыр) зақымдануы кезінде байқалады жөне ол көбіне аралас болып келеді. Қан ағу (құйылу) органга байланысты кан кету: сыртқы (кан терінің жарасы мен шырышты қабыкшасы арқылы сыртқа ағады) жөне іттткі (қан тіндерге, орган немесе ішкі қуыстарға кұйылады) болып бөлінеді. Кейде олар кеуде немесе іш куысы жарапанған кезде аралас болуы мүмкін. Байқалу уакытына сөйкес қан кету: алғашқы (жаралан-ғаннан кейін бірден кан кету) жөне екіншілей (зақым-данғаннан соң бірнеше уақыттан кейін) болып бөлінеді. Капиллярлар мен кішкене тамырлардан кеткен қан таяу арада зақымданған тамыр маңында, егер қанның ұю дөрежесі төмен болмаса (сөуле ауруы — гемофилия), қанның қоюлануы нөтижесінде өзі тоқтауы мүмкін (канқатпа— қанның ұюы нөтижесінде). Қан кеп кеткен жағдайда қолма-кол өрекет жасалады.
Артериядан, венадан және капиллярдан қан кетуді тоқтату тәсілдері мен құралдары Қан тоқтату — уакытша жөне түпкілікті деп бөлінеді. Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі төсілдер бойынша жүргізіледі: 1.дененің зақымданған белігін кеудеге қатысты алғанда — көтеріңкі калыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш салғаннан кейін жастық оралған киім кою);
2.кішігірім кан кету кезінде қысып тұратын таңғыш көмегімен закымданған жерде қан ағып жатқан тамырды басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартканнан кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);
3.аяк-қолды мейлінше шүғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе тізе буьшын бүгу немесе жазу аяк-қол жарасына қатты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, қолды аркаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру). Дененің өр тұсындағы артерияны саусакпен басу қан кетіп жаткан тамырды тікелей жара аумағында емес, одан жоғары жерде (зақымданған артерияның орталық бөлігі) басуға негізделеді. Бұл төсіл артериядан катты қан кеткенде колданылады. Тамырды басу оны жакын жатқан сүйекті саусакпен кысьш, саңылауды жабу мүмкін болатын тері қабатына жакын жатқан жерде жасалады. Өрбір ірі артерия үтттін белгілі бір анатомиясыз нүктелер болады: 1.иык алды жарасы кезінде — артерияны иықтың ішкі жағынан басады;
2.балтырдан қан кеткенде - тізе асты артериясын басады (бас бармақпен тізе буынын алдыңғы жағын ұстап, ал қалған саусақпен тізе асты шүңкырындағы артерияны тауып, сүйекке басады); 3.сан жараланғанда — сан артериясының шап астындағы жоғарғы жағын жүдырықпен басады;
4.бастағы жарадан қан кеткенде — жара жактағы самай артериясын басады (артерия құлақтың жанынан өтеді, оны тамыр соғысы арқылы анықтайды);
5.беттен кан кеткенде — жақ артериясьш басады (ол мойыннан бет пішіндеріне қарай жүреді жөне жақтың төменгі шеті арқылы оның бұрыпіы мен иек арасында иіледі);
6.мойындағы жара кезінде — жара жақтағы жөне одан төмен ұйкы артериясын басады (трахея жайында);
7.иық үстіндегі, иык буынына жакын немесе колтык айналасьшдағы жара кезінде -бүғана асты артериясын бұғана астындағы шұңкырға (бірінпгі қабырғаға) басады, кейін аяқ- қолға бұрау немесе жгут салады.