Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mashina_b_lshekter_ekzamen.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
355.58 Кб
Скачать
  1. Машиналардын сенімділік критерийлерінін аталуы және анықтауы.

Мәшинелердің сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде мәшинелердің сенімді, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан қазір мәшине бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда.

Бөлшектердің бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылығы және бұзылу қарқыны сенімділіктің негізгі көрсеткіштері болып табылады.

Бөлшектердің бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылығы деп берілген уақыт интервалында немесе берілген істелген жұмыс (наработка) шегінде бұйымның істен шығуының пайда болмау ықтималдылығын айтады.

Егер істелген жұмыс уақытында бірдей бұйымдардың санынан бұйымның істен шығуы себебінен бұйым алынатын болса, онда бұйымның бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылығы

. (14)

Айталық, мысалы, =1000 дана бұйымның ішінен бірдей жағдайда тексеру нәтижесінде 5000 сағ істелген жұмыстан кейін =100 дана бұйым қатардан шығып қалатын болса, онда осы бұйымның бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылығы

.

Күрделі бұйымның бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылығы оның бөлек элементтерінің бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігінің ықтималдылықтарының көбейтіндісіне тең

(2)

(2) – формуладан бұйымның элементтері неғұрлым көп болса, оның сенімділігі соғұрлым аз екенін көреміз.

Бұзылу қарқыны . Бұйымды тексерудің немесе пайдаланудың әр түрлі периодында уақыт бірлігіндегі бұзылу саны әртүрлі. Уақыт бірлігіне келетін бүзылу санын бұзылу қарқыны деп атайды.

Бұзылу қарқыны уақыт немесе жұмыс көрсеткішіне байланысты.Мәшине бөлшектерінің бұзылу қарқыны алғашқы кезде жоғары болады, себебі дайындау кезінде жіберген қателіктер мен ақаулар бірден байқалып, олар тез істен шығады. Одан кейін бұзылу қарқыны бірқалыпты болады. Бөлшектер тозып, төзімділігі нашарлаған уақытта бұзылу қайтадан көбейеді. Одан әрі бұйымды пайдалануды тоқтату керек.

  1. Өнімінін сапасын бақылау

Өнім сапасын басқару өнімнің өміршендігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру және т.б.) жүргізіледі. Өнімді болжау және дайындау сатысында модельдердің жаңа үлгілерін жасау, өнімнің техникалық деңгейін бағалау жұмыстары атқарылады. Өнімнің техникалық деңгейін бағалау үшін оның әлемдік деңгейге сай келетіндігін белгілі бір көрсеткіштермен салыстыруды талап етеді. Өнімді өндірісте игеру және өнімді дайындау кезеңіне байланысты әлемдік деңгейге сай келетін көрсеткіштердің екі категориясы аныкталынады: өндірілетін өнімді дайындау немесе оның техникалык деңгейін бағалау үшін қолданылатын қазіргі әлемдік деңгейі, өнім өндіру немесе перспективаға жоспарлаудың техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын перспективалық әлемдік деңгей. Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау жэне өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының жоғары деңгейіне жету үшін бағытталған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау мен бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жүмыстар жүргізілуі тиіс. Өнімнің айналымы мен өткізу сатысында дайын өнімнің сапасьн тасымалдау, сақтау, сату кезінде стандарттар мен техникалық шарттарға сай болуын барынша сақтап қалу қамтамасыз етілуі қажет. Өнімді сату мен тұтыну кезінде рекламация мен ақауларды талдап, есепке алып өнімге тұтынушылық сұранысты зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуі қажет. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту және оған байланысты жұмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]