
- •Машина бөлшектерінін сыртқы бетінін бұдырмақтылығы. Шектер және отыру.
- •Қазіргі заман машина жасауынын негізгі тенденциялар.
- •Машина бөлшектерінін жұмысқа қабылеттілік критериилері.
- •Конструкторлық құжаттардын өндеу сатыларын сүреттеу.
- •Машинанын сенімділігі, ұзаққа төзуі, үнемділігі неден тәуелді ?
- •Жұмысқа қабылеттілік критерийлері – дірілдеуге, жылуға, коррозияға орнақтығы.
- •Машиналардын сенімділік критерийлерінін аталуы және анықтауы.
- •Өнімінін сапасын бақылау
- •Механикалық берілістер , олардын классификациясы және негізгі түсініктер
- •Тойтарып шегелеу біріктіру. Тойтарып шегелердін және тігістердін түрлері. Тойтарып шегелеу тігістердін есебі
- •Пісіру біріктіру. Түрлері және пісіру тігістердін типтары. Пісіру тігістердін есебі
- •Желімдеу және дәнекерлeу біріктіру. Мақсаты, сипаттамалары, есеп критерийлері
- •Профильдік біріктіру. Қозғалатын және қозғалмайтын. Профильдардын тұрлері. Есептеу.
- •Шплинттік біріктіру. Материалдар. Жасау технологиясы.
- •Буаттық (шпонка) біріктіруінін түрлері. Призматикалық буаттардын жұмысқа қабылеттілігін тексеру.
- •Сегменттік буаттар. Қолдануы, конструкциясы, геометриялық параметрлері, артықшылығы және кемшіліктері.
- •Керіліспен біріктіру. Керіліспен цилиндрлық біріктіру.
- •Бұрандалық біріктіру. Бұрандалар. Есептеу.
- •Болттын, винттын, шпильканын, шайбанын және гайкалық қулыптардын конструкциясы және материалдары
- •Подшипниктердін майлау режимдеры және түрлері.
- •Қос винттін пәк, кұштік қатынастар және өзтоқтату шарттары.
- •Статикалық кұш-салмақ түскенде, болттын, винттын, шпильканын есебі.
- •Ауысатын кұш-салмақ түскенде, болттын, винттын, шпильканын есебі.
- •Сыналық біріктіру
- •Штифттік біріктіру
- •Тістік (шлицтік) біріктіру. Түрлері. Жұмысқа қабылеттілігін критерийлері, есептеу.
- •Қозғалысты берілістердін түрлері
- •Фрикциондық берілістер.
- •Фрикциондық дөнгелектердін конструкциясы, материалдар және есебі
- •Белдікті берілістер. Белдіктердін конструкциясы және материалдары.
- •Шкифтардын конструкциясы және материалдары.
- •Белдікті вариатор
- •Тістік берілістін классификациясы және жұмыс істеу принциптері. Цилидрлық тіктісті берілістін негізгі параметрлері
- •Эвольвенттік іліну. Эвольвенттік тістік берілістін геометриялық есебі.
- •Тістік дөнгелектердін конструкциясы және материалдары. Ілінуде тістін жұмыс істеу шарттары.
- •Тістік дөнгелектердін тістерінін бұзылу түрлері.
- •Шеврондық берілістердін қолдануы, конструкциясы, артықшылығы мен кемшіліктері.
- •Конустық тістік берілістін қолдануы, конструкциясы, артықшылығы мен кемшіліктері.
- •Новиковтын тістік берілісі. Проекттілеу және есеп.
- •Планеталық тістік берілістер.
- •Муфталар. Қатанды муфталар. Компенсияланган өзорнатылу муфталар
- •Толқындық берілістер. Қолдануы, конструкциясы, материалдар, артықшылығы мен кемшіліктері.
- •Бірқатар планеталық механизмын схемасын сүреттеніз. Жинау шарттарын түсіндірініз.
- •Кезкелген көпсателиттік планеталық механизмын схемасын сүреттеніз. Көршілес шарттарын формуласын қортыну.
- •Сынабелдікті берілістін есеп реттілігі және негізгі деректер.
- •Роликті шынжырлық берілістін есебі және жұмысқа қабылеттілігін критерийлері
- •Шынжырлық беріліс. Қолдануы, конструкциясы, параметрлері, артықшылығы және кемшіліктері. Есебінін негізгі критерийлері
- •Фрикциондық берілістердін материалдары. Беріктікке проекттілеу жіне есеп.
- •Құрттардын (червяк) және құрттық дөнгелектердін материалдары және конструкциясы.
- •Құрттық берілістін жұмыс істеу принциптері және жұмысқа қабылеттілігін критерийлері
- •Винт – гайка берілісі. Қолдануы, конструкциясы, параметрлері, артықшылығы және кемшіліктері.
- •Валдар. Шаршауға кедергісіне есеп реттілігі.
- •Біліктер және валдар. Қолдануы, конструкциясы, материалдары, артықшылығы және кемшіліктері.
- •Біліктер және валдар. Беріктікке және тербеліске есептеуі.
- •Сырғанау подшипниктер. Конструкциясы және материалдар
- •Тербеліс подшипниктер. Конструкциясы және материалдар
- •Тербеліс подшипниктер. Орнату, майлау және тығыздау.
- •Серпімді муфталар. Синхрондық муфталар.
- •Фрикциондық (асинхрондық) муфталар. Өздігінен қозғалатын муфталар
- •Листтық рессоралар. Материалдар. Жасау әдістері және есеп.
- •Созылу және ығысу пружиналар. Материалдары. Термоөндеу. Есеп.
- •Фасондық, тарелкалық, және көптамырлы пружиналар. Материалдары. Қолдану саласы.
Машинанын сенімділігі, ұзаққа төзуі, үнемділігі неден тәуелді ?
Мәшинелердің сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Мәшинелердің сенімді, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Бұзылу қарқыны уақыт немесе жұмыс көрсеткішіне байланысты.Мәшине бөлшектерінің бұзылу қарқыны алғашқы кезде жоғары болады, себебі дайындау кезінде жіберген қателіктер мен ақаулар бірден байқалып, олар тез істен шығады. Одан кейін бұзылу қарқыны бірқалыпты болады. Бөлшектер тозып, төзімділігі нашарлаған уақытта бұзылу қайтадан көбейеді. Одан әрі бұйымды пайдалануды тоқтату керек.
Жұмысқа қабылеттілік критерийлері – дірілдеуге, жылуға, коррозияға орнақтығы.
Дірілге төзімділік деп, бөлшектердің зиянды тербеліссіз, өздеріне тән тербеліс режимдерінде жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Мәшине бөлшектерін діріл төзімділігіне есептеу іс жүзінде зиянды тербелістің немесе резонанс құбылысының пайда болу шарттарын есептеуге әкеп соғады. Бізге белгілі резонанс құбылысы меншікті тербеліс пен еріксіз тербелістердің жиілігі бірдей болғанда пайда болады. Осыны алдын ала ескеріп, айнымалы бөлшектерін сол жағдайларда жұмыс істемейтіндей етіп жасау, дірілге төзімділікке есептеу болып саналады.
Жылуға төзімділік. Мәшине бөлшектеріне шамадан тыс күш түсіргенде, олар тез істен шығып қалады, оның себебі:
Материалдардың беріктігі төмендейді, металдардың температурасы 300…400
С-қа жеткенде олардың беріктігі төмендеп, өздігінен «жылжу» пайда болады, былайша айтқанда, пішінін өзгерте бастайды.
Жоғары температурада май өзінің майлау қасиетінен айырылады. Айталық, автотрактор майы температурасы 120 С-қа жетпей-ақ бұзылады, тек
арнаулы май (авиацияға арналған) 300…400 С –қа дейін майлау қабілеттілігін сақтап қалуы мүмкін, ал одан жоғары температурада үйкеліс күшінің кенеттен артуынан ол да майлау қабілеттілігінен айырылып, бөлшектердің бірімен-бірі жабысып қалу қаупі туады.
Ыстықтың әсерінен бөлшектер арасындағы саңылау азаяды, дәлдік кемиді және басқа ұнамсыз жағдайлар пайда болады.
Тозуға төзімділік.Тозған бөлшектер көбінесе төмендегі бұзылу жағдайларына әкеп соғады:
Тозу нәтижесінде бөлшектердің беріктігі төмендейді және динамикалық күштердің шамасы артады. Бұл жағдай бөлшектердің сынуына әкеп соғады.
Приборлардың, өлшеу аспаптарының және станоктар бөлшектерінің тозуы, олардың дәлдігін кемітіп, қолдануға жарамсыз етеді. Қазіргі уақытта тозудың көптеген түрі анықталды. Тозу мәшине бөлшектерінің жанасу бетіне сырттан енген қаттылығы жоғары абразивтер түсуден, тотығудан, металдардың бірімен-бірі қабысып қалудан және қажудан пайда болады.
Мәшинелердің пайдалы әсер коэффиценті азайып, шу көбейеді. Мәшине бөлшектерінің тозуға төзімділігін арттыру үшін оларға мынадай жағдайлар жасалуы қажет:
1. Бөлшектердің үйкелісетін жерлерін үнемі майлап, үйкеліс коэффициетін азайту үшін антифрикциялық материалдар қолдану қажет.
2. Қыздырып және химиялық әдістермен өңдеу арқылы тозуға төзімділігін арттыруға болады. Мысалы, көміртегімен қандыру, хромдау, азоттау және т.б. өңдеу арқылы болаттардың беріктігін, тозуға төзімділігін бірнеше есе арттыруға болады.
3. Тез тозатын бөлшектерді ауыстырмалы немесе жылжымалы етіп жасаған жөн. Мысалы, сырғанау подшипнигінің астарын ауыспалы етіп жасау немесе конусты подшипниктердің сыртқы сақинасын жылжымалы етіп жасау тозудан пайда болатын санылауды болдырмауға мүмкіндік туғызады.
Бірімен-бірі жанасатын бөлшектердің материалдарын дұрыс таңдау жөн: а) тісті дөңгелектерді мейлінше қаттылығы жоғары етіп жасаған дұрыс. Шыныққан болаттан жасалған тісті дөңгелектер салмағы жағынан жақсартылған болаттан жасалған тісті дөңгелектерден үш есе кем және олардың жұмыс істеу мерзімі жоғары. Шыныққан болаттардың қаттылығы абразив бөлшектерінің қаттылығынан жоғары болған жөн; ә)үйкелісте болатын мәшине бөлшектерінің бірін қаттылығы жоғары материалдан (мысалы, шыныққан болат), ал екіншісін үйкеліс коэффициенті кем, тозуға төзімді материалдан (қола, жез, баббит жасаған жөн; б) тек қана тат басып үгіліп тозудан жыл сайын мемлекет 10 млн. тоннадай металл жоғалтады, олардың құны бірнеше миллиард теңгеге жетеді.
Бөлшектерді тат басудан қорғау үшін әр түрлі түсті материалдармен, полимерлер мен шыны материалдарымен жабу әдісі қолданылады. Сондай-ақ, жаңа материалдарды, атап айтқанда, өзекті арқаулы материалдар, металды керамикалық, графитті материалдар және пластмассаларды кеңінен қолдану қажет.