Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mashina_b_lshekter_ekzamen.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
355.58 Кб
Скачать
  1. Тербеліс подшипниктер. Орнату, майлау және тығыздау.

Тербеліс подшипниктерінің жұмыс істеу қабілеттілігі, беріктігі және шыдамдылығы тек қана оның бөлшектерінің дайындалу сапасы мен материалдарына ғана байланысты емес, сонымен қатар олардың қалай орналасуына да байланысты. Дұрыс қондырылмаған тербеліс подшипниктері тез істен шығады.

Сақиналарын олардың осьтік күштерді қабылдауына мүмкіндік беру үшін білікке және корпусқа бекітеді. Бұл бекітулер динамикалық күштердің әсер етуі кезінде сақиналардың отырғызу беттерін зиянды бұрылыс жасаудан қорғайды. Ішкі сақинасы білікке тесіктер системасы бойынша, ал сыртқы сақинасы корпусқа біліктер системасы бойынша қондырылады.

Егер тербеліс подшипниктері үлкен күште жұмыс істейтін болса, олардың ішкі айналу сақиналарын көбіне біртұтас етіп немесе қатты керіп қондырады. Ал орташа күштерде тығыз етіп немесе керіп қондырады.

Тербеліс подшипниктерін майлау олардың төзімділігін арттырады, домалау денелері сақина және сеператор аралығындағы үйкелісті азайтып, тоттанудан сақтайды және подшипникті қатты қызып кетуден сақтайды.

Майлауға консистентті және сұйық минералды майды пайдаланады. Подшипниктердің қызу температурасы 90-100 градус болса, консистентті жағу майын кеңінен қолданады. Ал сұйық майларды 120-150, кейде одан да жжоғары темп-да пайд-ды. Подшипниктің үйкеліске шығынын азайту және оларды суыту үшін сұйық майымен майлау тиімдірек. Консистентті жағу майларын подшипник корпусы камерасының бос көлемінің 1/3-2/3 бөлігіне салады және ол оқтын-оқтын толтырылып отырады. Тербеліс подшипниктері ластану мен шаңданудан мұқият қорғалғаны дұрыс. Осы мақсатпен подшипник камерасынан май ағып кетпеуін қамтамасыз ету үшін әр түрлі сырттан тығыздау жабдықтарын қолданады. Консистентті жағу майларымен майланатын тербеліс подшипниктері үшін іштен тығыздау тетіктері пайдаланылады. Бұл тетіктер подшипник корпусына май ваннасынан дөңгелектермен шашыратылатын артық майдың түспеуін қамтамасыз етеді. Тығыздағыштардың манжетті, лабиринтті түрлері көбірек қолданылады.

  1. Серпімді муфталар. Синхрондық муфталар.

Серпімді муфталарда екі жарты муфталар серпімді элемент арқылы байланыстырылады. Муфталардың серпімді байланысы: біліктердің осьтік сәйкессіздігін жоюға, күштер периоды өзгергенде пайда болатын тербеліс резонансын жоюға, машина торабында қысқа уақыт ішінде пайда болатын күштердің артық мөлшерін жоюға мүмкіндік береді. Муфталардың жұмыс істеу қабілеті серпімді элементтердің қасиетіне байланысты. Бұлар соққы күштерді жақсы көтереді және жұмыс уақытында тербеліс резонансы болмайды. Тағы бір қасиеті-олардың демпфирлік, энергия сіңіргіштік қасиеті.

Энергия деформация кезіндегі серпімді элементтің сыртқы және материалдық ішкі үйкелістері арқылы тарайды.

Біліктердің тыныштық күйінде немесе айналысында оларды өзара қосу және ажырату үшін синхронды муфталар қолданылады. С.м түрлері: жұдырықша (тісті) муфталар және фрикциялық муфталар. Жұдырықша муфталар 2 жарты муфтадан тұрады, олар бедерше арқылы жұдырықшамен қосылады. Втулка біліктерді центрлеу үшін қолданылады. 1-ші жарты муфта біліктерге қозғалмайтын етіп қосылады, ал 2-ші жарты муфта білікке ось бойымен жылжымалы етіп орнатылады. Жұдырықша муфталар біліктерді дәл центрлеуді қажет етеді. Біліктерді сақина арқылы центрлеуге болады. Жұдырықшаның : үшбұрышты, трапециялы, тік бұрышты, симметриялы емес үш бұрышты және трапециялы профильдері қолданылады. Жұдырықшалы жарты муфталар цементтендірілген болаттардан жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]