Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mashina_b_lshekter_ekzamen.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
355.58 Кб
Скачать
  1. Сырғанау подшипниктер. Конструкциясы және материалдар

Подшипниктер біліктер мен осьтердің тірегі ретінде қолданылады және олардың ерікті айналуын қамтамасыз етеді. Подшипниктер радиалды және осьтік күштерді қабылдап, оларды машинаның рамасына, станинасына таратады. Подшипниктер үйкеліс түріне байланысты: сырғанау және тербеліс подшипниктері.

Сырғанау подшипниктері. Бұл подшипниктердің ішкі беті біліктер немес осьтер бетімен жанасады және олардың арасында өзара сырғанау пайда болады.

Қазіргі кезде сырғанау подшипниктерінің машина жасау өндірісінде кеңінен пайдаланылуына байланысты мынадай жағдайларда қолданылады: Білік салмағы ауыр болса,мұндай біліктердің подшипниктеріне көп күш түссе; Біліктерге үлкен соққы немесе айнымалы күштер әсер етсе; Құрастыру жағдайына, алынып-салынуына байланысты; Біліктер бір-бірімен жақын орналасқан жағдайда; Конструкцияның қарапайымдылығына, тез алынып салынуына байланысты.

Подшипниктер корпустан және астардан тұрады. Астарларын антифрикциялық материалдардан жасайды және олардың тозуына байланысты астарлар ауыстырмалы болуы керек. Астардың берік болуы үшін олар болаттан, шойын немесе қола мен антифрикциялық материалдардың құймасынан жасалады.

Астарлардың бетін жабу үшін түрлі материалдар қолданылады. Өте жоғары жылдамдықпен айналатын және өте жоғарғы қысымда жұмыс істейтін бөлшектерде қалайы қосылған баббиттер, қорғасын қосылған қола және кейбір алюминий мен темір қосылған қола қолданылады. Подшипник материалы ретінде шойын, бұдан басқа синтетикалық материалдар, атап айтқанда текстолит,полиамид пластмассалары, металды керамика қолданылады.

  1. Тербеліс подшипниктер. Конструкциясы және материалдар

Подшипниктер біліктер мен осьтердің тірегі ретінде қолданылады және олардың ерікті айналуын қамтамасыз етеді. Подшипниктер радиалды және осьтік күштерді қабылдап, оларды машинаның рамасына, станинасына таратады. Подшипниктер үйкеліс түріне байланысты: сырғанау және тербеліс подшипниктері.

Тербеліс подшипниктерінде білік пен тіректер арасында шариктер немесе роликтер орналастырылады. Сондықтан оларды тербелу үйкелісі п.б.

Көбіне тербеліс подшипниктері тербеліс жолдары бар ішкі және сыртқы сақиналардан, осы сақина жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден және сепаратордан тұрады. Сепаратор домалау бөлшектерін бір-бірінен бөліп бағыттап, олардың дұрыс жұммыс істеуін қамтамасыз етеді. Артықшылығы: сырғанау подшипниктеріне қарағанда көп күтімді қажет етпейді, жұмыс кезінде мұнда үйкеліс бөлшектерінің қызуы шамалы болады, үйкеліс күші моменті мен жүргізу моменті аз, майлау материалы көп жұмсалмайды. Кемшіліктері: жоғары бұрыштық жылдамдықпен үлкен күш әсер еткенде подшипниктердің шыдамдылығы кемиді; соққы және айнымалы күштерді қабылдауы шекті; үлкен күште жұмыс істейтін подшипниктерінің диаметрлерінің үлкен болуы; подшипниктерді аз шығарғанда қымбатқа түседі.

Тербеліс подшипниктері домалау бөлшектерінің санына байланысты : 1,2 және көп қатарлы; Қабылдау күшінің бағытына қарай: радиалды, тіректі, радиалды-тіректі және тіректі-радиалды; Конструкциялық және пайдалану ерекшелігіне қарай : өзігінен орнығатын және өздігінен орнықпайтын болып бөлінеді.

Тербеліс подшипниктерінің шариктары, роликтары, сақиналары көбіне ШХ6, ШХ9, ШХ15 және ШХ15СГ сияқты жоғары көміртекті хромды болаттардан жасалады. Сонымен қатар,оларды жасауда аз көміртекті қоспалы шынықтырылған және цементтелген болаттардан жасайды. Сеператорлары көміртекті жұмсақ болаттан, қоладан, алюминийдің балқымаларынан, пластмассалардан және т.б материалдардан жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]