Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mashina_b_lshekter_ekzamen.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
355.58 Кб
Скачать
  1. Машина бөлшектерінін жұмысқа қабылеттілік критериилері.

Машина бөлшектерінің жұмыс істеу қабілеті және көпке шыдамдылығы олардың беріктігіне, тозуға төзімділігіне, қатаңдығына, ыстыққа және дірілге төзімділігіне байланысты болады. Әр түрлі бөлшектер түрлі жағдайда жұмыс істейді. Мысалы, егер сырғанау подшипниктері тозудан істен шығатын болса, ал бұрандалы болттар көбінесе сынады. Сондықтан сырғанау подшипниктері тозуға төзімді болуы және сол тозу төзімділігіне есептелуі қажет.

Ал бұрандалар берік болуы керек, сондықтан олар беріктікке есептеледі. Кейбір бөлшектерді, айталық біліктерді беріктікке, қатаңдыққа, дірілге, төзімділікке де есептеу қажет.

  1. Конструкторлық құжаттардын өндеу сатыларын сүреттеу.

Салааралық жүйелер мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттар түрінде қалыптасады.

Барлық салааралық стандарттарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. өнімнің сапасын қамтамасыз ететін стандарттар;

  2. басқару және ақпараттық стандарттар;

  3. әлеуметтік саланың стандарттары.

Өнімнің сапасын қамтамасыз ететін стандарттар:

  1. өндірісті техникалық дайындау стандарттары;

  2. өнімнің сапасын оны пайдалану кезінде қамтамасыз ететін стандарттар;

  3. сапа жүйелерінің стандарттары;

  4. өнімнің кейбір қасиеттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарттар;

  5. сертификаттау жүйесінің стандарттары;

  6. аккредиттеу жүйесінің стандарттары.

Машинаның және прибордың бөлшектерін өндіруде оны техникалық дайындаудың негізін конструкторлық және технологиялық дайындау құрайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қосыла отырып, бұлар бөлшекті өндіру және оның сапасын қалыптастыру сатысын құрайды. Осыған байланысты қарастырылып отырған сатыдағы басты мақсат - жоғары техникалық деңгейдегі бұйым жасау, жобалаудың және жаңа техниканы игерудің мерзімі мен еңбек сыйымдылығын азайту болып табылады.

Тиімділігі жоғары өнім шығаруға мына салааралық стандарттар жинағы бағытталған:

-жобалау және өнімді өндіріске енгізу жүйесі;

-конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі;

-технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесі;

-автоматтық түрде жобалау жүйесі.

Аталған стандарттар жинақтарының ішінде техникалық құжаттарды стандарттауға көп көңіл бөлінеді. Стандарттаудың тиімділігі құжаттарды басқа мекемелерге бергенде, оларды қайтадан жасаудың қажет еместігінде, құжаттардың мазмұны оңтайландырылғандықтан құжаттың мәтіні мен сызбасын дайындау және жасау шығыны азаяды, жобалауда үйлестіруді кеңінен қолдануға болады. Мысалы, конструкторлық құжаттардың бірыңғай жинағын қолдана отырып, жобалау жұмысының еңбек сыйымдылығын 25-30% кемітуге болатындығы анықталған.

Өнім сапасын қамтамасыз етудегі автоматты түрде жобалаудың рөлін еуропалық сапа мекемесінің Өнімнің сапасын оны пайдалану кезінде қамтамасыз ететін стандарттар - пайдалану құжаттарына қатысты стандарттар жинағы, пайдалануда басшылыққа алынатын стандарттар, паспорттар, этикеткалар (тауарға жабыстырылатын қағаз), т.б. Сапалы жасалған пайдалану құжаттары техниканы, әсіресе күрделі техниканы, дұрыс пайдаланудың, яғни пайдалану ережелерін бұзбаудың кепілі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]