Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mashina_b_lshekter_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
355.58 Кб
Скачать
  1. Тістік дөнгелектердін конструкциясы және материалдары. Ілінуде тістін жұмыс істеу шарттары.

Тісті дөңгелектердің материалдары иілуге беріктігі және сыртқы бетінің қаттылығы жоғары болуы керек. Сондақтан тісті дөңгелектер болаттан жасалса онда оларды қыздырып өңдеу қажет. Болаттан жасалған тісті дөңгелектермен қатар техникада шойын мен пластмассадан жасалған тісті дөңгелектер де қолданылады. Болаттар қаттылығына байланысты жақсартылған және қалыпты қыздырудан өткен , қаттылығы жоғары шынықтырылған, цементтелген, азотталған болып бөлінеді.

Қаттылығы жақсартылған болаттан жасалған тісті дөңгелектерде тіс қызыдырып өңдеуден өткен соң кесіледі.Қыздырудан өткен болаттар үшін алдымен тісті кесіп алып, сонан соң қыздырып өңдеу қажет. Шойындар- мөлшері, габариты үлкен ашық жерде жұмыс істейтін тісті дөңгелектер үшін пайдаланылады. Пластмассалар ішінен дөңгелектер жасауға көбіне текстолит, лингофоль, капрондар пайдаланылады. Олар да негізінен күш аз түсетін шусыз істейтін дәлдігі төмен берілістерде қолданылады.

  1. Тістік дөнгелектердін тістерінін бұзылу түрлері.

Тісті берілістер көбінесе тістің бұзылуынан істен шығады. Ал тістің бұзылуы бірнеше түрге бөлінеді.

Тістің сынуы –өте қауіпті. Себебі, тіс сынғанда оның сынған бөлшектері ілінісу аралығына және подшипниктерге еніп, оларды тез істен шығарады. Тістер көбіне түбінен сынады, себебі сол қимада, 1-ден иілу моменті көп болса, 2-ден кернеу шоғырлануы п.б. Тістің сынуының негізгі себептері: а) тісті дөңгелектерді жасау кезінде және жинағанда кеткен қателіктерден және күш кернеуінің бір жерге орналасуынан сынады; б) тістердің тозуынан олардың көлденең қимасының беріктігі азайып, динамикалық күштердің артуына байланысты сынады.

Айналыс кезінде тісті дөңгелектерді жұмысқа қосқанда сыну қаупі болмас үшін оларды иілуге есептеу керек. Тісті берілістер белгілі қораптың ішінде орналасып, жақсы майланатын болса (майға малынып), онда жабық тісті берілім д.а. ашық тісті беріліс деп, қорабы жоқ, жақсы майланбайтын тісті берілісті айтамыз. Тістер әлсіреген кезде олардың сыртқы қабаты үгіледі. Бұл жағдайда ең алдымен тістің бетінде өте кішкентай жарықша пайда болуы, одан кейін ол жерге май кіріп, оның үлкеюіне себепші болады.

Образивтік тозу. Тістердің образивтік тозуы деп, ілініске қатты кішкене бөлшектер түсіп, тістердің қажалып тозуын айтады. Бұл ластанған жерде жұмыс істейтін ашық және жабық тісті берілістердің істен шығуына себепші болады.Көбіне кен-тау, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында пайдаланылатын механизмдерде кездеседді. Жанасу кернеуі әр түрлі болатындықтан, профилінің тозуы да әр қилы келеді. Тозған тістер үшкірленіп, динамикалық күштерді және пайдасыз дыбыстарды көбейтеді. Бұл тісті әлсіретіп, сынуына әкеп соғады.

Тістесу. Тістерге көп күш түскенде, өте жоғары жылдамдықпен айналғанда дөңгелектердің материалы бірдей болғанда және олар шынықтырылмағанда тістесу жиі кездеседі. Дөңгелектер тістеспеуі үшін тістердің модулін үлкейтіп, сонымен қатар оларды шынықтырып әзірлеу, дәлдік дәрежесін жоғарылатып, арнаулы май қолдану керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]