Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Mashina_b_lshekter_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
355.58 Кб
Скачать
  1. Машина бөлшектерінін сыртқы бетінін бұдырмақтылығы. Шектер және отыру.

Машина бөлшектері, яғни тетіктері деп біртұтас жасалған, бұзбайынша ажыратуға келмейтін машина бөлшектерін айтамыз.Мысалы, біліктер, тісті дөңгелектер, подшипниктер, т.б.

Машина детальдары өзінің аяққы пішіні мен қалпына келгенше әр түрлі өңдеуден өтеді. Деталь бетінің тазалығы олардың соңғы рет қандай станокте өңделгеніне байланысты болады да, беттік тегістігіне қарай оны анықтайтын бет-бедерінің шамасына байланысты анықталады. Бет-бедерінің шамасы белгілі қашықтықта өлшенеді, ол қашықтық негізгі қашықтық болып алынады. Бет тегістігі және бедерлер шамасы, олардың өлшемдері ГОСТ 2789-73 бойынша шектелген және негізгі қашықтықта өлшенеді.

Ra-бет бедерінің орташа арифметикалық ауытқуы.

Rz-бет кедір-бұдырларының оң нүктесі арқылы анықталған шама.

Rmax-бет кедір-бұдырларының ең үлкен шамасы.

S-бет бедерлерінің төбесі арқылы өлшенген орташа қадам.

Sm-орта сызық бойынша алынған қадам.

tp-бет бедерлерінің салыстырмалы ширек ұзындығы база ретінде алынған ұзындыққа l-ге байланысты процентпен көрсетеді: 10, 15, 20, 25, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90. Бет бедерлерінің орта сызығы база ретінде алынып, соған байланысты Ra, Rz және Sm, tp мына формулалармен анықталады:

Ra = ; Rz= .

Rz – өлшемі бет бедерлерінің ең жоғары 5 төбешігі мен 5 ойпаң нүктелері арқылы өлшенуі керек. Немесе орта сызық түзу болған жағдайда

Rz =

ГОСТ 2789-73 бойынша, егер бет бедерлерінің өлшемі 6-12 класқа сай келсе онда Ra өлшемі көрсетіледі, ал егер 1-5ке және 13 пен 14 класқа сәйкес болса Rz өлшемі көрсетіледі. Мысалы 0,63 және Rz 20.

Детальдардың өзара ауысымдылығы деп машинада ешқандай қосымша өңдеусіз, техникалық талаптарға сай өз қызметін атқаратын бөлшектердің өз орындарын алуын айтамыз. Машина бөлшектерінің өзара ауысымдылығының арқасында біз машинаны жобалауды, бөлшектерді жоғары өндірістік әдіспен өңдеуді қамтамасыз етуді, құрастыруды жеңілдету мен тездетуді арттырады, машина бөлшектерін жөндеу мен алмастыруды жылдамдатады.

Машина бөлшектерінің өзара ауысымдылығы допуск, отырғызумен қамтамасыз етіледі.Шектер және отырғызудың стандартты жүйесі машина бөлшектерін пайдалу отырғызу, жақсы жұмыс істеуін, машина бөлшектерін дайындаудағы үнемділікті мөлшерлеуге мүмкіндік береді, яғни машина бөлшектерін жаңа әдіспен өңдеудің нақтылығын, арзандылығын қамтамасыз етеді.

Жоғары және төменгі (аз не көп) шекті өлшемдер арасындағы айырмашылықты допуск д.а.Шекті және номинальді өлшемдердің аз не көп айырмашылығы жоғары немесе төменгі ауытқу д.а. Жоғарғы және төменгі шектің ауытқу аумағы допуск аумағы д.а.

  1. Қазіргі заман машина жасауынын негізгі тенденциялар.

Қазіргі машина жасаудың негізгі тенденциялары: мәшинелердің қуатын арттыру және жылдамдығын арттыру, жүрістің бірқалыптылығы, автоматтандыру, ұзақ істен шықпай, бұзылмай жұмыс істеу (сенімділік және шыдамдылық, төзімділік (долговечность)), күтіп баптағанда ыңғайлы және қауіпсіз болу, пайдаланған кезде үнемді (экономичность) болу, мәшинелердің салмағы жеңіл және оларды жасау мен конструкциясын құруы арзан болу.

Мәшиненің қуатын арттырғанда, оның өнімділігі артады. Жылдамдығы жоғары мәшинелер, жылдамдығы төмен мәшинелерге қарағанда өнімділігі жоғары және габариттері шағын келеді.Мәшиненің жүрісі неғұрлым бірқалыпты болса, оның сапасы соғұрлым жоғары келеді.

Мәшине жұмысын автоматтандыру мәшине жұмысының сапасын және өнімділігін арттырады. Мәшинені күтіп баптауға адамның қатысын кемітеді.

Мәшиненің сенімділігі мен шыдамдылығы, төзімділігі ең алдымен оның бөлшектерінің және тораптарының беріктігіне байланысты, ал бұл бөлшектері мен тораптарының беріктігі – оларға сәйкес материалды таңдап алумен және уақытынан бұрын сынудың пайда болуын, шектен тыс үлкен деформацияларды және бетінің бұзылуын болдырмайтын олардың пішіндері мен өлшемдерін анықтаумен қамтамасыз етіледі. Мәшиненің сенімділігі және шыдамдылығы, төзімділігі сонымен қатар, оның жүрісінің бірқалыптылығына, бөлшектері мен тораптарының дайындау және жинау дәлдігіне, күтіп баптау сапасына және бірқатар басқа фактілерге байланысты.

Мәшинені пайдаланған кездегі оның үнемді болуы үшін мәшиненің конструкциясы осы мәшине қозғалысының заңдарына сәйкес болуы керек,бөлшектері мен тораптарының материалына және мұқият орындалуына, монтаждаудың дұрыстығына, мәшинені дұрыс күтіп баптауына байланысты.

Мәшинедегі зиянды кедергілерді азайту және, осының салдары болып табылатын оның пайдалы әсер коэффициентін өсіру, сонымен қатар мәшиненің бөлшектері мен тораптарының жұмыс істеу мерзімін жоғарылату - мәшинелерге қойылатын маңызды талаптардың бірі болып табылады.

Мәшиненің пайдалы әсер коэффициентін өсіру үшін оның кинематикалық жұбын тиімді таңдап алу, ең жаңа берілістер түрін пайдалану; үйкелетін бөлшектердің пішінін, материалын, өңделуін және қондырылуын тиімді таңдап алу; майлау әдісін және майлау материалдарын тиімді таңдап алу керек.

Мәшине күтіп баптағанда қарапайым болуы және жиі, күрделі жөндеуді қажет етпеуі тиіс. Кез келген мәшине қауіпсіздік техникасы талаптарын толықтай қанағаттандыруы тиіс. Бұл үшін мәшиненің лезде тоқтау мүмкіндігін қарастыру керек; айналмалы, жылжымалы бөлшектерді жабық етіп жасаған жөн; сақтандырғыш құрылғыларды қарастыру керек.

Жаңа мәшинелерді дайындағанда және конструкцияларын құрған кезде экономикалық көрсеткіштер әрқашанда бірінші орындардың бірінде тұруы тиіс. Мәшиненің құны оның бөлшектерінің материалына, өңдеуіне және дайындауына кеткен шығындармен анықталады.

Бөлшектерді стандарттағанда мәшинелердің сапасы жоғарылайды және құны түседі. Мәшине бөлшектері өзара ауыстырымды болуы тиіс. Себебі, пайдалану кезінде, тетіктерді құрастырғанда көп уақыт алатын қол жұмыстары жеңілдетіледі. Сондай-ақ, өндірісті жаппай алмастыруға (кооперация) және автоматтандыруға жол ашады. Жұмысшылардың еңбек жағдайын жеңілдету – бұл да мәшинелерге қойылатын басты талаптардың бірі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]